Жеңіл атлетика



жүктеу 1,47 Mb.
Pdf просмотр
бет80/109
Дата08.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#30221
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   109
Abdrahmanov (1)

 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


110 
 
ІҤ БӚЛІМ.ҤЙРЕТУ ӘДІСІНІҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯСЫ 
МЕН ӘДІСТЕМЕСІ 
 
Ҥйрету педагогикалық ҥдеріс ретінде  
 
Үйрету  әдісі  әлемдегі  барлық  тірі  жанға  қажет.  Бұл  жүйе  
қарапайым  жандар  үшін  ӛздігінен  пайда  болады,  жануарлар 
ӛмірінде  біраз  қиындыққа  ұшырайды,  ал  адам  ӛмірінде  біраз 
қалыпқа  келіп  барып  іске  асады.  Ӛмір  сүру  тәжірибесін 
қалыптастыру және  белгілі бір жетістікке жетуге дейінгі аралық 
үйрену процесі болып табылады. 
Дене  тәрбиесінің  басты  бӛлігінің  бірі  бола  тұра,  үйрету 
барысында  екі жарқын сәт айқындалады: ұстаздың үйрету жолы 
және  үйренушінің  оқу-танымдық  талабы.  Үйрету  жүйесінің 
маңызы - оқытушы мен оқушының бір-бірімен тіл табыса білуі,  
қабылдай және іске асыра білуі, икемділігі. 
Дене 
тәрбиесінің 
айналасында 
қимыл-қозғалысты 
жеткілікті түрде іске асыру үйретудің ядросы болып табылады. 
Үйрету  формасын  келесі  түрлерге  бӛлуге  болады:  ӛзіндік, 
бақылаушы, ӛзіндік-бақылаушы. 
Үйретудің  ӛзіндік  формасында  қажетті  қимыл-қозғалысты 
ӛзіүйреніп,талдау жасап, жүзеге асырады. Бұл форма қарапайым 
қимылдарды үйреткенде кездеседі. 
Бақылаушыда  оқытушыақыл-кеңес  беруші  ретінде  рӛл 
атқарады.  Қажетті  қимылдарды  оқушыға  үйретіп,  түсіндіреді. 
Ал, бұл форма кез-келген жаттығуды үйренгенде оңайға түседі. 
Ӛзіндік-бақылаушы  формасы  оқытушы  оқушыны  үйретеді, 
оқушы  ӛз  іс-әрекетін  бағалайды,  ал  оқытушы  қателерін 
жӛндейді. Бұл форма техниканы жүзеге асырғанда қолданылады. 
Сондай-ақ үйрету формаларын байланыстырып типтеуге де 
болады: 
-  оқытушы – оқушы – мүмкін болатын сабақ (оқушы  кез-
келген қимылды жасауға мүмкіндігі бар немесе жоқ), қарапайым 
қимылдарды үйрету; 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


111 
 
-  оқытушы    -  оқушы  –  оқытушы  –  кері  байланыс  арқылы 
бақылап  үйрету  (оқытушы  үйретеді  –  оқушы  қабылдайды  – 
оқытушы қортындылайды),  қиынға түсетін қимылдарды үйрету; 
-  оқытушы  –  оқушы  –  оқушы  –  оқытушы  –  бақылап 
үйретуші  екі  еселі  байланыспен  (оқытушы  үйретеді  –  оқушы 
қабылдайды  –  оқушы  қорытындылайды  және  түзетеді  - 
оқытушы  қорытындылайды),  қиын  қимылдарды  бекіту  және 
үйрету; 
-  оқытушы  –  оқушы  –  басқа  оқушы  –  оқытушы  – 
бақылаушы үйрету (оқытушы бір оқушыны үйретеді – ол оқушы 
басқа оқушыны үйретеді  – оқытушы  екінші оқушының сабағын 
қадағалайды).  Бұл  оқыту  формасы  техниканы  бекіту  және  іске 
асыру үшін қолданылады. 
Оқыту жүйесі контакттың үш түрін қарастырады: 
1) бригадалық-топтық  (2-3  оқытушы  25-30  оқушыны 
үйретеді); 
2) индивидуалды-топтық  (1  оқытушы  10-15  оқушыны 
үйретеді); 
3) индивидуалды-индивидуалдық 
(1 
оқытушы 
1-3 
оқушыныүйретеді). 
Оқытушы  мен  оқушы  арасындағы  қарым-қатынас үш  блок 
бойынша ӛтеді: 
«түсіндіру»  -  жаңа  материалды  үйрету  уақытында  ескі 
материалмен байланыстыру; 
«түзету»  -  үйрету  барысында    материалда  қателіктер 
табылса, оны оқытушы шектейді және түсіндіреді; 
«тапсырма»  -  үйренушіні  ӛзіндік  жұмысқа  қосады,  оны 
ісжүзінде бекітеді. 
Оқытушы  –  жүргізуші,  басқарушы  элемент  жүйесі, 
«оқытушы  -  оқушы»,  оқушы  –  тыңдаушы,  бұл  жүйенің 
басқарушы  элементі.  Оптималды  нәтиже  шығару  үшін 
басқарудың  тәсілдері,  принциптері  мен  әдістері  қабылдаудың 
принциптері  әдістері  мен  тәсілдеріне  сәйкес  келуі  керек.  Әрбір 
байланыс  үшін  ӛзінің  басқару  жүйесі  мен  қарым-қатынас 
тактикасы болады.  
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


112 
 
Тактиканың    ӛзгеруі  кӛбінесе  оқушыға  байланысты:  егер 
оқушы  ӛзгерсе  (мысалы,  оның  физикалық  және  психикалық 
дәрежесі  жоғарылаған  жағдайда),  осындай  кезде  оқушымен 
қарым-қатынас  тактикасы  да  ӛзгереді.  Үйрету  жүйесі  бойынша 
«оқушы»  ұғымын  барлығы  үшін  ортақ  түсінік  ретінде  
қарастыруға  болмайды  (ӛкінішке  орай,  үйрету  барысында 
оқытушылар  кӛбінесе  ортаңғы  халдегі  оқушыны  бақылайды).   
Оқушыға  әрқашанда  оның  физикалық,  психикалық  және 
ептілігін ескере отырып,жеке тұлға ретінде қарау керек. 
Үйрету  барысында    оқытушының  алдына  мынадай 
міндеттер қойылады: 
1.  Әрбір 
оқушының 
психологиялық 
ерекшеліктерін 
анықтай білу. 
2.  Жаңа  материалды  психологиялық  тұрғыда  дұрыстап 
жеткізе білу. 
3.  Әрбір  үйренушінің  психологиялық  жағдайын  ескере 
отырып, оқушының қателігін жӛндей білу. 
4.  Тапсырмаларды  үйренушілердің  түйсігіне  жететіндей 
түсіндіре білу және қатесіз орындауын қадағалау. 
5.  Олардың 
әрқайсысының  психологиялық  жағдайын 
ескере отырып, қарам-қатынас барысында дұрыс тактика таңдай 
білу. 
Үйрету  процесінде  бірінші  жоспарға  оқытушының 
біліктілігі  емес,  оқушының  қабілеттілігі  маңызды  рӛл 
атқаратынын есте сақтау қажет. 

жүктеу 1,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   109




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау