Жедел медициналық жәрдем көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына арналған аккредиттеу стандарттары a бөлімі: басшылық


D БӨЛІМІ: «ПАЦИЕНТТІ ЕМДЕУ ЖӘНЕ ОНЫҢ КҮТІМІ»



жүктеу 0,64 Mb.
бет3/4
Дата29.01.2018
өлшемі0,64 Mb.
#8056
1   2   3   4

D БӨЛІМІ: «ПАЦИЕНТТІ ЕМДЕУ ЖӘНЕ ОНЫҢ КҮТІМІ»



14.0. ПАЦИЕНТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОТБАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
Медициналық ұйым пациент және оның отбасының құқықтарын қорғауда арнайы саясатты іске асырады.

14.1

Пациент және оның отбасының құқықтары және міндеттемелері туралы ақпарат қызметтік бөлмелерде мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылған және пациенттердің мынадай құқықтарын қамтиды:
1) адамгершілік пен сыйластық қарым-қатынас;
2) қысымнан, басынудан және тәни зорлықтан бостандығы;
3) жеке өмірге араласпау;
4) ақпараттың құпиялылығы және дербестігі;
5) күзет және қауіпсіздік;
6) толық ақпарат алу;
7) ақпараттандырылған шешім қабылдау;
8) шағым/өтініш беру.

14.2

Медициналық ұйымда мынадай ресімдер бар:
1) пациенттің және отбасының құқықтары бойынша персоналды оқыту;
2) пациенттер және олардың отбасыларына құқықтары мен міндеттері туралы хабар беру;
3) пациенттердің құқықтары бұзылуын шұғыл түрде және тиімді тексеру және шешу.

14.3

Медициналық ұйым пациент туралы ақпараттың құпиялылығын мынадай жолдармен қамтамасыз етеді:
1) ақпараттың құпиялылығын сақтау жауапкершілігі туралы персоналға ақпарат беру;
2) пациент туралы ақпаратқа қолжетімділікті тек уәкілетті тұлғаларға немесе заңды негізделген сұратулар бойынша қамтамасыз ету;
3) пациенттер туралы жеке ақпараттарды олардың отбасыларына немесе басқа ұйымдарға хабарлауға пациенттердің келісімін алу;
4) пациенттерге бөгде адамдармен араласу үшін мүмкіндік туғызу;
5) пациенттердің медициналық кеңес пен қызметтерін алудың құпиялылығын қамтамасыз ету;
6) кез келген медициналық араласуды осы араласуға қажет тұлғалардың қатысуымен, пациенттің келісімімен және олардың тілектерін ескере отырып орындау;

14.4

Медициналық ұйым пациенттердің құндылықтары мен нанымдарын мынадай жолдармен анықтайды және сыйлайды:
1) персоналды әр түрлі мәдениет және дінге сенуге оқыту;
2) пациенттің құндылықтары мен жеке нанымдарын, дінге сенуін ескере отырып, күтім жасау және емдеу.

Пациенттің ақпараттанған келісімі

14.5

Персонал пациенттің ақпараттанған келісімін алу бойынша құжатталған саясатты және рәсімдерді орындайды, олар мыналарды қамтиды:
1) шұғыл жағдайға байланысты және пациент үшін жоғарғы қаупі бар ұзақ емдеу рәсімдерді және жеке манипуляцияларды жүргізу үшін келісім алу;
2) заңнамаға сәйкес келісім беруге және келісімді алу қажеттігіне пациенттің қабілетін анықтау;
3) пациенттің келісімін көрсетуге уәкілеттеуге болатын тұлғаны белгілеу;
4) өмірге қауіпті проблемасы бар және емдеу немесе тасымалдаудан бас тартушы пациенттерге қарым-қатынас;
5) ақпараттанған шешімдерді құжаттау және оларды кім қабылдады.

14.6

Пациенттерге және олардың отбасыларына қолжетімді нысанда тиісті ақпарат беріледі:
1) пациенттердің денсаулығы туралы;
2) ұсынылынып отырған анализдер, емдеу және тасымалдау туралы;
3) жоғарғы қауіппен байланысты кез келген емдеу немесе рәсімдердің қауіптері мен артықшылықтары туралы;
4) сәйкестіктер туралы.

14.7

Ақпарат берілгеннен кейін, заңнама талаптарына сәйкес пациенттің қолымен белгіленген келісімін алу қажет:
1) талдау, емдеу және тасымалдау үшін алғашқы байланыс кезінде;
2) жоғары қауіп немесе жанама әсерге байланысты арнайы және бөлек рәсімдер үшін;
3) клиникалық тексеруге, медициналық препараттарды немесе медициналық технологияларды тестілеуге жазбаша түрде оның қатысуына, осындай рәсімдерге арналған ақпараттандырылған келісім.

14.8

Персонал күрделі мерзімдері бар пациенттің белгілі жағдайларында қарым-қатынас жөніндегі саясат пен ресімдерді басшылыққа алады және олар мыналарды қамтиды:
1) реанимациялық шараларын қашан бастау және аяқтау керек;
2) пациенттер реанимациядан (көзі тірісінде) немесе тіршілікті қамтамасыз ететін аппараттан бас тартады;
3) қайтыс болған пациенттермен жұмыс істеу;
4) тіршілік белгісі жоқ әлеуетті ағзалық донорларды тасымалдау (уәкілетті органның саясатына сәйкес)
5) ағзалық немесе басқа тіндердің донорлығы бойынша пациент және оның отбасының таңдауын қолдау.

Пациенттің шағым беру тәртібі

14.9

Ұйымда пациенттер және олардың отбасыларынан олардың құқықтарының бұзылуына қатысты шағым беру тәртібі бар, осыған байланысты медициналық ұйым:
1) пациенттер және олардың отбасыларына, ұйымға, пациенттердің құқықтарын қорғау ұйымына немесе сотқа қалай шағым беру туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді;
2) толтыруды қажет ететін шағым бланкінің көмегімен бұл рәсімді жеңілдетеді және еркін немесе ауызша түрде шағым қабылдайды;
3) шағым алуға ұйым уәкілеттеген кез келген тұлғаға шағымды тапсыруға мүмкіндік береді.

14.10

Шағым бойынша шешімді (әділ және уақтылы) жинау, басымдау, тексерудің құжатталған тәртібі бар және ол мыналарды қамтиды:
1) жазбаша растау (егер шағым бойынша пациент және оның отбасының қанағаттануына шаралар қабылданбаған болса);
2) шағымды тексеру, тартылған қызметкерлерге сұрау жүргізу;
3) негізделген шағым бойынша шешім шығару;
4) егер шағым негізді болса қажетті шаралар туралы шешім шығару;
5) пациент және оның отбасына тексеру барысы туралы белгілі уақыт аралығында ақпарат беру;
6) шағым берушіге және басқа да қатысқан тұлғаларға нәтиже туралы ақпарат беру.

14.11

Барлық шағымдар тізіліміне енгізіледі, шағымдармен жұмыс істеу тәртібі мен нәтижелері қадағаланады және қабылданған шаралар нәтижелері сапаны арттыру жүйесіне енгізіледі.

Пациенттердің пікірлері

14.12

Ұйым пациенттер және олардың отбасыларының қызметтерге қанағаттану деңгейін үнемі бағалап отырады, атап айтқанда:
1) пациенттермен кері байланыс үшін пошта және электрондық мекенжай бойынша ақпарат ұсынады;
2) жазбаша түрде, телефон арқылы немесе пациенттердің өзінен алынған ескертулерді, тілектер мен алғыстарды жазбаша түрде тіркейді;
3) көрсетілген қызмет пен персонал жұмысы, ақы төлеу жүйесі сияқты аспектілерді ескере отырып пациенттердің қанағаттануын анықтау үшін сауалнама жүргізеді;
4) сапаны арттыру үшін пайдаланылатын мәліметтер мен тенденцияларды талдайды және анықтайды..

15.0. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК, ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ЖОСПАРЛАУ
Пациенттің талаптары дер кезінде қанағаттандырылады, және бағалау мен емдеуді жоспарлау және пациенттің күтімін қамтитын тиімді емдеуге жатқызу ұсынылады.

15.1

Медициналық ұйым қызметінің халық үшін қолжетімділігі мына жолдармен іске асырылады:
1) анықтамалық қызметтерге толық байланыстық ақпарат беру;
2) халыққа, тиісті қызметтерге және басқа медициналық ұйымдарға шұғылдық санатына сәйкес жедел медициналық көмек алу тәртібі туралы ақпарат беру;
3) жұртшылық және БАҚ сұранымдарына құлақ асу үдерістерін белгілеу;
4) апаттық қызметтермен тығыз байланыс орнату.

15.2

Алғашқы байланыс кезінде:
1) ұйым көрсететін қызмет пациенттің жағдайына лайық екенін анықтау үшін сауалнама жүргізіледі;
2) тиісті құлақ асу шарасы, шақыру басымдығы, қажетті клиникалық персонал, қажет кезде тасымалдау әдісі анықталады;
3) қажетті ресурстар жазылған нұсқаулықтарға, нұсқауларға және құлақ асу деңгейін және оқиғаның күрделілігі деңгейін анықтауға арналған ережелерге сәйкес бөлінеді.

15.3

Триаж рәсімі (сұрыптау) немесе шақыру орнын қарауды медициналық персонал қажет кезде бекітілген тестілерді пайдалана отырып жүзеге асырады, олар мыналарды қамтиды:
1) тәни қарау және ауру сырқаттамасын жинау;
2) пациенттің тәни, эмоциялық және психикалық жағдайын бағалау;
3) пациентке кезеңмен күтім жасайтын тұлғаларға қолжетімді болу үшін шақыру орнында немесе пациентті тасымалдау кезінде пациенттің шақыру картасына қарау және бағалау нәтижелерін құжаттау.

15.4

Қарау нәтижелері мыналар үшін пайдаланылады:
1) оқиғаның шұғылдығы/күрделілігіне сәйкес емдеуді бастау;
2) таңдаулы жағдайлар мен күтім және емдеу жасайтын орынды таңдау, мысалы, күйік, босану, хирургиялық бөлімшесі;
3) қақтығыс орнында қосымша ресурстар қажеттігін бағалау және сұрату жасау;
4) тиісті денсаулық сақтау ұйымына тасымалдау үшін пациентті дайындау;
5) ұйым хаттамаларына сәйкес тасымалдау және емдеу үшін көрсеткіштердің қолжетімділігіне жасалынған пациенттің бағалауы.

15.5

Емдеу және тасымалдау мыналарға сәйкес жоспарланады:
1) жүргізілген тексерудің негізінде пациент жағдайын бағалау және шұғылдығына сәйкес;
2) ғылыми дәлелдердің негізіндегі клиникалық нұсқаулықтар мен хаттамаларға сәйкес;
3) қажет кезде, пациент және оның отбасын қатыстыру, олардың тілегі мен таңдауын назарға алу.

15.6

Пациенттер емдеу және тасымалдау кезіндегі жағдайларына сәйкес интервалдарда қайта тексеруден өтеді:
1) емдеуге және ауруды жеңілдету үшін олардың реакциясын анықтау үшін;
2) үздіксіз емдеуді жоспарлау үшін;
3) қайта бағалау нәтижелері пациенттің картасында құжатталады.

16.0. КҮТІМ ЖӘНЕ ЕМДЕУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҮЗДІКСІЗДІГІ
Уақтылы және қауіпсіз күтім және емдеу, қызметтерді беру немесе олардың тоқтатылуы пациенттің күтімі мен емдеудің хаттамасына/алгоритміне сәйкес жүзеге асырылады.

16.1

Тасымалдау, күтім және емдеу күтімі жоспары және клиникалық басшылықтар мен стандарттарға сәйкес ескеріле отырып, жүзеге асырылады:
1) пациенттің күтімі мен емдеу үдерісіне тартылған барлық тұлғалар емдеу және күтім жоспарымен танысқан;
2) қызметтер уақтылы және келісілген мерзімділікпен көрсетіледі;
3) тиісті әдістер мен жабдық пайдаланылады.

16.2

Білікті тұлғалар:
1) әрбір емдеу кезеңінде пациентті емдеу және оның күтімінің барлық үдерісіне жауап береді;
2) жауапты қызметкерлер ретінде өздерін танытады;
3) пациенттің шақыру картасындағы емдеу және күтімінің барлық үдерісін құжаттайды.

16.3

Пациенттерге күтім және жоғары қауіппен байланысты қызмет көрсету кезінде персонал мынадай саясат пен ресімдерді басшылыққа алады:
1) жағдайы ауыр пациенттерге күтім жасау;
2) реанимациялық құралдарды қолдану;
3) тіршілікті қамтамасыз ету аппараттарына қосылған немесе ес-түссіз жатқан пациенттердің күтімі;
4) инфекциялық аурулары бар және иммунитеті төмен пациенттердің күтімі;
5) механикалық ұстап тұру құралдарын пайдалану және осындай құралдарды пайдаланушы пациенттердің күтімі;
6) пациенттердің осал санаттарының (қарт адамдардың, мүгедектер мен балалардың) күтімі.

16.4

Бір қалыпты немесе терең седация және жансыздандыруды білікті және оқудан өткен клиникалық персонал қажет кезде орындайды:
1) тиісті бақылау жабдығын пайдаланып;
2) тіршілік қызметі белгілерінің мониторингі:
жүрек соғу жиілігі мен ритмі және пульсоксиметрия;
демалыс жиілігі мен өкпені желдету дұрыстығы;
артериялық қысым;
3) мониторинг нәтижелерін құжаттау.

16.5

Инвазиялық ресімдерді жүргізу кезінде:
1) пациенттің психологиялық жағдайына рәсім жүргізу кезінде және одан кейін бірден үздіксіз мониторинг жүргізіледі;
2) бұл рәсімдер және оларды алып келген тұлғалар, сондай-ақ алынған нәтижелер пациенттің шақыру картасында белгіленеді.

16.6

Дәрілік препараттарды енгізу:
1) әрбір пациент үшін жеке тағайындалады;
2) дәрілік заттың аты, мөлшері мен енгізу тәсілі, оның ішінде әрбір мөлшерді енгізу белгіленеді;
3) дәрілік заттың пациентке ықпал етуіне мониторинг жүргізіледі;
4) жанама әсерлер пациентті шақыру картасында белгіленеді және уақытында белгілі үдеріс пайдаланылып жауапты тұлғалардың назарына жеткізіледі.

16.7

Пациенттің емдеу және күтімі жоспарында көрсетілген мақсаттар мен күтілетін нәтижелерге қол жеткізуде оның прогресі:
1) пациент және оның отбасымен келісілген түрде мониторинг жүргізіледі;
2) бағалаудың сандық және сапалық әдістері пайдаланылып өлшенеді;
3) пациенттің картасында құжатталады.

16.8

Күтім жоспары қайта бағалау нәтижелеріне және мыналармен бірге күтілетін нәтижелерге қол жеткізу прогресіне сәйкес қайта қаралады:
1) пациенттің жағдайына сәйкес шұғылдық санаты жаңартылады;
2) қажет кезде мақсаттар мен күтілетін нәтижелер, сызба және емдеу мерзімдері қайта қаралады.

Қызмет көрсетуді аяқтау

16.9

Пациенттерді үйден медициналық ұйымға ауыстыруға арналған құжатталған үдерісті ұйымдар арасында немесе белгілі жағдайларда персонал орындайды, және:
1) пациенттің үздіксіз емдеу және күтім алу қажеттілігіне негізделген;
2) жауапкершілікті басқа медициналық ұйымға немесе жағдайларға өткізуді қарастырады;
3) ауыстыру орындылығы критерийін қамтиды;
4) ауыстыру кезінде жауапты тұлғаны белгілейді;
5) пациент жағдайына мониторинг жүргізуге лайықты білікті маманды қамтиды;
6) ауыстыру мүмкін еместігін анықтайды.

16.10

Үздіксіз күтім пациентті медициналық қызметті көрсетушіге жеткізу/тасымалдау кезінде мыналардың көмегімен іске асырылады:
1) пациент туралы барлық ақпаратты және растаушы құжаттаманы қабылдаушы денсаулық сақтау ұйымына ұсыну;
2) өлім алдында жатқан пациенттердің келуі немесе оларды тапсыру туралы денсаулық сақтау ұйымына уақытында хабарлау;
3) шақыру картасына жолдама парағымен бекітілген медицина персоналының пациент туралы ауызша ақпараты қабылдайтын медициналық ұйымға беріледі, бұл ақпарат мыналарды қамтиды:
емдеуге жатқызу себебі;
пациент туралы жеке ақпарат;
белгілер мен симптомдар;
сырқат анамнезі және аллергиялық анамнез;
организм жағдайын бақылау және оның негізгі көрсеткіштері/жазбалары;
қолданылған дәрілік препараттар мен емдеу, және олардың нәтижелері;
ауыстыру кезіндегі пациенттің жағдайы.

16.11

Пациентті басқа денсаулық сақтау ұйымына тапсыру кезінде жедел көмек бригадасы жіберген ұйымнан клиникалық резюмені немесе медициналық құжаттамадан көшірмені алып келеді, ол:
1) пациентпен бірге беріледі және
2) онда пациент туралы ақпарат:
пациенттің жағдайы;
өткізілген рәсімдер және араласулар;
пациентке үздіксіз күтімнің қажеттілігі көрсетіледі.

16.12

Персонал өлім алдында жатқан пациенттердің қажеттіліктерін мынадай жолдармен қанағаттандырады:
1) ауырсыну және симптомдарды азайтуға көмектесу;
2) сыйлау және жанашырлық көмек көрсету;
3) пациенттің күтімі үдерісіне тартылған басқа мамандар және денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп жұмыс істеу;
4) пациенттің шешімдеріне сыйластық көзқарас;
5) олардың рухани және мәдени талаптарын назарға алу;
6) реанимация бойынша қызметтерді тоқтатуға және тіршілікті ұстап тұру бойынша емдеуді тоқтатуға қатысты ұйымның саясатын түсіну;
7) пациенттер және олардың отбасыларына қолдау көрсетуді қамтамасыз ету.

16.13

Ұйым қақтығыс болған жерде немесе жедел көмек машинасында тасымалдау кезде қайтыс болған пациентпен жұмыс істеудің белгілі хаттамасын әзірлейді және енгізеді, онда мыналар туралы жазылған:
1) пациентті қайтыс болды деп тануға кімнің құқығы бар;
2) қайтыс болған пациентті тасымалдауға болады ма.

16.14

Пациентті емдеу немесе тасымалдау немесе пациентті емдеу мен тасымалдаудың көрсетімі жоқ кезде шешімдер мынадай негіздерде қабылданады:
1) ұйымдастыру және персоналды оқыту критерийлері негізінде;
2) пациент іс-әрекетке қабілетті және өзіне күтім қажеттігін түсінетінін растау;
3) пациенттің тәни және клиникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізінде.

16.15

Пациенттерді медициналық мекемелер арасында тасымалдау кезіндегі жағымсыз құбылыстардың коэффициенті:
1) белгіленген уақыт мерзімінде бағаланады;
2) ықтимал әрекеттер үшін талданады;
3) қолжетімді және аккредиттік тексеру кезінде ұсынылады.

16.16

Реанимациялық іс-шаралар жүргізу кезіндегі қателердің коэффициенті:
1) белгіленген уақыт мерзімінде бағаланады;
2) ықтимал әрекеттер үшін талданады;
3) қолжетімді және аккредиттік тексеру кезінде ұсынылады.

16.17

Анестезия немесе седацияға байланысты қателердің коэффициенті:
1) белгіленген уақыт мерзімінде бағаланады;
2) ықтимал әрекеттер үшін талданады;
3) қолжетімді және аккредиттік тексеру кезінде ұсынылады.

17.0. ПАЦИЕНТ ШАҚЫРУЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТАЛАРЫ
Пациент шақыруының медициналық картасында қауіпсіз және үздіксіз емдеу мен күтімді қамтамасыз ету жөніндегі нақты, анық және жан-жақты мәліметтер жазылған.

17.1

Персонал пациентер туралы медициналық жазбаларды басқарудың құжатталған процесін орындайды:
1) пациенттерге идентификаторды қосқанда мәліметті жазу;
2) тек жалпыға белгілі символдар мен қысқартуларды пайдалану;
3) медициналық жазбалардағы ақпаратты іздеуді жеңілдету мақсатында стандартталған форматты сақтау;
4) медициналық картаның ең төменгі мазмұнын анықтау;
5) медициналық қызметкерлердің медициналық құжаттарды уақтылы толтыруы;
6) пациенттің медициналық құжаттарын сақтау, қорғау, қалпына келтіру және мұрағаттау.

17.2

Әрбір пациентке бірыңғай біріктірілген медициналық карта ашылған, оған хронологиялық тәртіппен толтырылған барлық ақпарат енгізілген, оның арқасында мыналарды қосқанда тиімді коммуникация және емдеу мен күтімнің үздіксіздігін іске асыруға болады:
1) емдеу, емдеу және тасымалдамау көрсетімдері жоқ кезде шақыру орнында қалдыру;
2) пациенттің тәни және клиникалық жағдайын суреттеу;
3) пациенттің дұрыс шешім қабылдау қабілетін анықтау;
4) жүргізілген емдеу;
5) кейінгі бақылау қажеттігі;
6) кейінгі бақылау нұсқаларына қоса жедел көмек бригадасымен қайта байланысқа шығу;
7) емдеу немесе емдемеуді аяқтау себептері.

17.3

Пациенттің шақыру медициналық картасындағы өзгерістер мен басқа жазбаларды тек ұйым уәкілеттеген тұлғалар толтырады:
1) түсінікті етіп;
2) қағазда немесе электрондық түрде;
3) дұрыс және белгілі аббревиатураларды пайдаланып, деректердің негізінде;
4) күні көрсетілген және уақтылы;
5) аты мен лауазымы көрсетіліп қол қойылған;
6) тиісті оқиғалардың уақытын қамтиды.

17.4

Шақыру картасында аллергиялық сырқатнама, дәрілік заттарға жағымсыз реакциялар, радиоактивтік қауіп және жұқтыру қаупі сияқты пациенттің жағымсыз жағдайлары туралы персоналды ескертуші жазбалар бар.

17.5

Пациенттің шақыру картасында (2-қосымша) диагностика және емдеу хаттамасына/алгоритміне сәйкес мыналарды қосқанда пациенттің емдеу және күтімі жоспарын іске асыру туралы куәлік болуы тиіс:
1) бақылау және мониторингтің нәтижелері;
2) араласу егжей-тегжейлілігі және нәтижелері;
3) берілген ақпарат және алынған келісім;
4) пациент денсаулығындағы кез келген өзгерістер;
5) емдеу және күтімге реакциялар;
6) кез келген әлеуетті қауіпті оқиғалар, қақтығыстар немесе жағымсыз оқиғалар, мысалы, дәрілік препараттардың жанама әсерлері.

17.6

Пациенттің медициналық шақыру картасында медициналық қызметтер туралы ақпараттың көшірмелері сақталуы тиіс:
1) пациенттерді жіберу және тасымалдағаннан кейін басқа медициналық ұйымдардан алыну;
2) пациентке қызмет көрсетуді аяқтау бойынша.

17.7

Медициналық картаны үнемі тексеріп отыру жоспарлы түрде толық, анық және уақтылы толтыру мақсатында жүргізіледі.

17.8

Пациенттердің медициналық құжаттамаларына байланысты қателер коэффициенті:
1) белгіленген уақыт мерзімінде бағаланады;
2) ықтимал әрекеттер үшін талданады;
3) қолжетімді және аккредиттік тексеру кезінде ұсынылады.

17.9

Жүргізілген аудиттердің коэффициенті (ішкі аудит қызметі):
1) белгіленген уақыт мерзімінде бағаланады;
2) ықтимал әрекеттер үшін талданады;
3) қолжетімді және аккредиттік тексеру кезінде ұсынылады.

17.10

Пациентті идентификациялау коэффициенті:
1) белгіленген уақыт мерзімінде бағаланады;
2) ықтимал әрекеттер үшін талданады;
3) қолжетімді және аккредиттік тексеру кезінде ұсынылады.

18.0. ПАЦИЕНТТІ ЕМДЕУ ЖӘНЕ КҮТІМ САПАСЫ
Ұйым клиникалық үдерістерді және пациенттің күтіміне байланысты үдерістердің сапасын үнемі қадағалайды, бағалайды және жақсартады.

18.1

Барлық емдеу-профилактикалық іс-шаралар бойынша стандарттық ресімдер, клиникалық нұсқаулықтар, хаттамалар және алгоритмдер бар, олар:
1) ғылыми зерттеулер және дәлелдердің негізінде әзірленеді;
2) медициналық ұйымның басшысы бекітеді;
3) ресімдерді орындау бойынша персоналды оқыту және аттестаттау жүргізу үшін пайдаланылады (кем дегенде жылына бір рет);
4) тағайындалған персонал орындайды.

18.2

Жақсарту үшін пайдаланылатын клиникалық сапа, сондай-ақ нәтижелер мыналарды пайдалану жолымен тексеріледі:
1) стандарттарға, стратегиялар және ресімдерге сәйкестігін бағалау үшін науқастың медициналық карталарына сараптама жүргізу кестесі;
2) нормативтік актілерге сәйкес міндетті сараптамаға жатқызылатын оқиғаларды талдау.

18.3

Пациентке медициналық қызметтерді ұсыну қадағаланады, нәтижелері келесі аспектілерді жақсарту үшін пайдаланылады:
1) шақыруға құлақ асу уақыты;
2) жедел көмек көлігінің құлақ асу уақыты;
3) пациентті бағалау;
4) инвазиялық рәсімдер;
5) анестезияны, седативтік құралдарды және жоғарғы қауіппен байланысты басқа үдерістерді пайдалану;
6) қан алмастырушыларды енгізу;
7) пациенттің медициналық шақыру картасының болуы, мазмұны және пайдалану;
8) инфекциялық тексеру, бақылау және есептілік;
9) дәрілік препараттарды тағайындау қателіктері, дәрілердің жағымсыз әсерлері, бір пациенттен бір күн ішінде қайта қоңырау түсуі, бұл шақыруға дер кезінде құлақ аспауы және дұрыс емдемеуді көрсетеді.

18.4

Дәрілік препараттарды тағайындау кезінде қателерді табу және дәрілік заттарды пайдалану кезінде жағымсыз оқиғалар туралы ақпарат беру процесі енгізілді:
1) ақпарат белгіленген рәсімге сәйкес уақтылы хабарланады;
2) алынған мәліметтердің талдауы дәрілік препараттарды тағайындау және пайдалану кезінде қателер деңгейін төмендету мақсатында пайдаланылады.

18.5

Медициналық ұйымда пациенттерді емдеу үшін дәрілік препараттарды пайдалану тиімділігін тексеру және мониторинг жүргізу мақсатында формулярлық комиссия құрылады.

18.6

Негізгі клиникалық процестер бойынша тиімділік және күту уақыты, қайта шақыру проценті, дәрілік препараттарды тағайындау қателіктері, инфекция деңгейлері сияқты пациенттің күтімі процесінің индикаторлары:
1) үздіксіз негізде анықталады;
2) келісілген жиілікпен өлшенеді;
3) тиісті комитеттерге, сондай-ақ менеджерлер мен персоналға хабарланады;
4) мүмкін болатын жерлерде олар уақыттың өтуімен және осындай қызметтер арасында бастапқы мәліметтермен салыстырылады;
5) сондай-ақ сапаны арттыру үшін пайдаланылады.

18.7

Дәрілік препараттарды қабылдау кезіндегі қателердің коэффициенті (дұрыс емес дәрі, дұрыс емес мөлшер, дұрыс емес енгізу):
1) белгіленген уақыт мерзімінде бағаланады;
2) ықтимал әрекеттер үшін талданады;
3) қолжетімді және аккредиттік тексеру кезінде ұсынылады.


жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау