«Жасуша биологиясы» ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені



бет4/4
Дата18.12.2017
өлшемі1 Mb.
#4782
1   2   3   4

Бақылау сұрактары:

1. Ген информация қайда сақталады ?

2. Митоза қандай кезендер болады?

3.Мутациялардың қандай түрлері болады?



Әдебиеттер: 1-10 ( негізгі), 11, 12,15,20,22 ( косымша )
11 дәріс тақырыбы – Өсімдіктер жасушаларының жалпы құрылысы
Жалпы сұрақтары: Пластидтер. Көпіршіктер. Косындылар. Өсімдіктер жасушаларының қабығы. Химиялық кұрамы.
Өсімдіктер жасушасының ең негізгі ерекшелігі мықты торша қабаты- қабықтан тұрады және ол плазмалық мембрананы қоршап, қорғап жатады. Бұл қабат өсімдіктер жасушасына механикалық біріктік береді. Ең алғаш микроскоптың комегімен қалың жасуша қабатын Р.Гук тапта да, оны жасуша деп атады. Жасуша қабығы целлюлоза және пектинен тұрады. Қөп ткандерде жасуша күрделі және жоғары дифференцианалды құрылымда болады. Кейбіреуінде біріншілік, екіншілік, үшіншілік қабықтар болады. Бұл үш қабық бір-бірінен микрофибрилдердің орналасуыны бойынша және химиялық құрамы бойынша ажыратылады.

Біріншлік және еіншілік қабықтар негізінде полисахаридтердің целлюлозасынын тұрады. Біріншілік қабықта басқа да лигнин және суберин, ал жасуша эпидермисында кутин берік жоғары қатар түзеді де, жасушаны судың құргап кетуінен сақтайды. Саңырауқұлактар мен дрожжылардың жасуша қабаты хитиннан турады. Кейбір ткандерде үшіншілік қабық болады, ол екіншілік тканің ішеі құрамына кіреді және спецификалық құрылымнан, химиялық заттардан тұрады да боялу реакциясы жүреді. Бұл қабық негізінен целлюлозадан, ксиланадан тұрады.

Плазмадесма цитоплазмамен жатасып жатады, бірақ бір-біріне қосылмайды. Электронды микроскоппен қарағанда плазмодесманың ішінде бір жасуша екіншісіне еніп жатады да жұка плазмалық жарғақсасы болады. Осы плазмадесма арқылы вакуоль немесе вакуольдік жүенің цистерналары байланысады. Бүндай байланыс жасуша аралық заттардың циркуляциясын қамтамасыз етеді.Протопласт белокты-липоидтық мембранадан тұрады. Ядро протопластың орталық бөлігінде орналасады және диаметрі 300 А0 болатын доңгелек саңылыулар жинақталған қабықшамен қоршалған. Ядро ішкі құрылысы- ядрошық қабықшасы жөқ.

Вакуольді жүйе жасушаның дифференциалану уақытында цитоплазмамен өте тығыз байланыста болады. Бұл процесс вакуольге сұйықтың толуына комектесуі мүмкін. Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларында Гольджи аппараты цитоплазмада әр түрлі болады. Оны диктиосома немесе гольджисома деп атайды. Диктиосома доға тәрізді пластина пішінді, митохондиряның мөлшеріндей немесе одан да кішірек келген жұқа болады. Олар аяқ жағында кенейген, толтырылған көпіршік тәрізді цистернаның манайында көптеген копіршіктер орналасады, олар диктиосоманың әрекеттерінің өнімдіреді. Диктиосома цитоплазманың бойында ретсіз, шашыранқы орналасқан.

Өсімдіктер жасушасындағы митохондрийлер жануарлар жасушасындағы сияқты болып келеді. Ең манызды мәселе митохонрийлер мен хлоропластардың арасында туады.

Пластидтер- өсімдік жасушасы протопластың органоиды. Бұларда көмірсутектердің алғашқы және екінші синтезі жүреді. Осы процесс өсімдіктің зат алмасуы үшін қажет.Пластидтердің түсі бойынша үш негізгі түрі бар: түссіз лейкопластар, жасыл түске бояған хлоропластар, жасыл емес хромопластар.Лейкопластар- түссіз пластидтер, олар өсімдіктердің боялмаған бөліктерінде болады. Лейкопластардың көбірек тараған түрі- аминопластар. Оларда моно және дисахаридтерден екінші реттік крахмал түзу синтезі жүреді. Жасыл пластидтер- хлоропластар фотосинтездегі көмірсутектердің жарық энергиясың қатусуымен алғашқы синтезінің органоиды болып табылады. Бұл пластидтер тек жарықта пропластидтерден, не басқа дифинетифті пластид түрлерінен дамиды. Сары қызыл хромопластар протопластидтерде немесе лейкопластарда каротиноидтардың жинақталуы нәтижесінде қалыптасады.

Қосындаларды пайда болуына қарай 3 топқа бөлуге болады: 1) пластидтердің (крахмал, май, пигмент) қызметінің нәтижесінде пайда болғандар, 2) вакуольдер жүйесіне жатқызылғандар (алейрондық тұқымдар, тұздардың кристалдары), 3) цитоплазмадағы диктиосомалар(майлар, эфир майлары) қызмет нәтижесінде пайда болғандар.

Бақылау сұрактары:

1. Пластидтер дегеніміз не?

2. Хлоропластардың қандай түрлері болады?

3. Вакуольді шырының құрамына не кіреді?

4. Өсімдік жасушаның қабығының құрлысың сипатаныз.

Әдебиеттер: 1-10 ( негізгі), 11, 12,15,20 ( косымша )
12 дәріс тақырыбы Нуклеин кышкылдары

Жалпы сұрақтары: Нуклеин кышкылдардың кұрлысы ДНК және РНК түрлері
Нуклеин қышқылдарының проблемасымен 1868жылы Ф.Мишер шүғылданан болатын. Ол ірің клеткаларынан алынған ядро бөлшегін зерттеп, күрамына көміртегі, азот, фосфор кіретін бүрын бергісіз органикалық косылыс түрін ашты. Оны нуклеин деп атады.

Нуклеин қышқылдарын жасушада ДНҚ, РНҚ түзеді. РНҚ 3 түрі болады: ең ірі РНҚ молекуласы рибосомалы деп аталады да, рибосома құрамына кіреді. Біраз РНҚ ұсақ молекуласы – хабаршы РНҚ деп аталады, оған ДНҚ белокты синтездеу хабары жазылады. Ең кіші РНҚ молекуласы тасымалдаушы РНҚ деп аталады№ Себебі ол қажет амин қышқылдарын рибосомаға тасымалдайды. Негізгі ДНҚ массасы жасушаның ядросында, ал цитоплазмалық ДНҚ – митохондрияларда, пластидтерде болады. РНҚ ядро ядрошығында, жасуша цитоплазмасында (рибосомаларда, полирибосомаларда, хабаршы және тасымалдаушы РНҚ-да орналасады), кейбір тұрақты қосындылар рибосомаларында, мысалы, митохондрийлер мен хлоропластарда кездеседі.

ДНК үзын макромолекула, оның негізгі күрылыс мүшелері дезоксирибонуклеотид болы табылады. Нуклеотид үш құрылымды элменттен органикалық : қосылыстан, көмірсутегінен және фосфор қышкылынан құралған. Органкалық қосылыстар бірнешеу: адение,тимин,гуанин және итозин. ДНК молекуласы ширатылған қос тізекті спираль тәрізді иірлген. Әр тізбектің нуклеопротеидтерінің бір бірімен кезектесіп жалғасқан көмірсүттегімен фосфаттардың қатары осы спиральдың қанқасы болып табылады. Шиыршықтың ішкі кеністігінде бір тізбектің азоттық негіздері екінші тізбекке сәйкес негіздермен сутегілік байланыстар күрап, бір бірімен берік үстап түрады.

РНҚ 3 түрі болады: ең ірі РНҚ молекуласы рибосомалы деп аталады да, рибосома құрамына кіреді. Біраз РНҚ ұсақ молекуласы – ақпараттық РНҚ деп аталады, оған ДНҚ белокты синтездеу хабары жазылады. Ең кіші РНҚ молекуласы тасымалдаушы РНҚ деп аталады. Себебі ол қажет амин қышқылдарын рибосомаға тасымалдайды. Негізгі ДНҚ массасы жасушаның ядросында, ал цитоплазмалық ДНҚ – митохондрияларда, пластидтерде болады. РНҚ ядро ядрошығында, жасуша цитоплазмасында (рибосомаларда, полирибосомаларда, хабаршы және тасымалдаушы РНҚ-да орналасады), кейбір тұрақты қосындылар рибосомаларында, мысалы, митохондрийлер мен хлоропластарда кездеседі.

Эукариоттық клеткалардың ядроларында РНК-ның төртінші түрі -гетерогенді ядролық РНК болады (гя РНК) . РНК- да ДНК тәрізді нуклеотидтерден түратын күрделі молекула, РНК ның көлемі кішілеу, молекулалық массасы аздау және бір тізбектен турады. Нуклеотидтері де төрт (А,Г,Ц,У) түрлі болады. Бірақ азоттық негіздердегі айырмаылығы тиминің орнына урацил орналасады. иРНК жіпесі цитоплазмасынағы рибосомаларда орнаасады. Тірі клеткада 200-300 амин қышқылының қүрылатын белоктың бір молекуласы 1-2 минуттта синтезіне кірісе бастайды.. Рибосомалар и РНК -ның жіп тәрізді молекуласының сол жақ ұшынан кіріп, белок синтезіне Рибосомалар и РНК -ны бойлай бір үштіктен үзіле- үзіле қадамдап жылжиды. иРНК- да жазылған белок күрылымды туралы хабардың аркасында амин қышкылдарынаң белок молекуласы синтезделінеді. Бүл процесі трансляция деп атайды. иРНК ның әрбір үш негізден қүралған үйлемесі (кодон деп аталатын) бір амин қышқылы қалдығын анықтайды. тРНК молекуласы арнаулы амин қышқылы қалдықтарың иРНК- ның белгілі учаскесіне тасымадайды.

Бақылау сұрактары:

1. РНК кызметі неде ?

2. РНК ның түрлерің ата

3. Нуклеин қышқылдарының физико және химиялық құрамына не кіреді



Әдебиеттер: 1-10 ( негізгі), 11, 12,15,20 ( косымша )

13 дәріс тақырыбыБелок биосинтезі



Жалпы сұрақтары: Трансляция. Ген коды
Белоктар- биологиялық макромолекулардың негізгі кластарының бірі. Клетканың күрылымын және пішінін белоктар анықтайды; сонымен қатар, молекулалық тану және катализдік құрал қызметін атқарады.

Белок синтезінің барысында олардың көпсанды гидрофобты бүйірлік топтары белок глобуласының ішіне жиылуға тырысады,себебі судан құтылуына мүмкіндік туады. Сол кезде барлық полярлық топтар белок молекуласының үстіне жиылады, онда бұл түзілімдер сумен және басқа полярлық топтармен арақатынас жасай алады. Пептидтік топтар өздеріде жеткілікті полярлы, сондықтан сутектік байланысты бір-бірмен және полярлық бүйірлік топтармен құруға тырысады. Осындай жолмен белок глобуласының ішіндегі, түгелге жуық полярлық топтардың жұптасуы жүреді.

Амин қышқылдарының барлық жеке арақатынасының нітижесі, көптеген белок молекулалары өздеріне тән конформацияға спонтанды түрде келе береді: әдетте қомақты глобулалық, бірақ ішінара фибриллярлық созылған пішінде де болады. Белоктың кіші молекулалармен және басқада молекулалардың үстіңгі қабаттарымен байланысу ерекшелігі әртүрлі адамдардың осы күрделі беткі қабатта орналасуына және химиялық қасиеттеріне байланысты. Химиялық тұрғыдан белоктар- белгілі молекулалардың ішіндегі ең күрделілері.

Тізбектің бір-біріне ұқсас жиылу тәсілі әртүрлі белоктарда үнемі қайталанып отырады. Полипептидтік тізбектердің амин қышқылдарының бірізділігінде олардың түйінделуіне қажетті ақпарат болса да, ол ақпараттың қалай оқылатыны әлі белгісіз, сондықтан белоктың кеңістіктегі болашақ құрылымын бірізділік бойынша дәл болжайтын мүмкіндік жоқ. Сондықтан, белоктың табиғи конформациясын белок кристалдарын анықтайтын өте күрделі рентгенқұрылымдық талдау әдісінің көмегімен ғана табады. Бұл әдісті қолдану арқылы осы күнге дейін 200-ден артық белок талданған.

Белок синтезі - өте күрделі процесс. Белок синтезінің негізінде жатқан молекулалық процестер өте күрдлі. Олардың көпшілігі жазылып суреттелгенмен толық мазмұнын, айталық транскрипция, репарация және ДНҚ- нің репликациясы тәрізді түсіндіру әзір мүмкін емес. Мысалы, белок синтезінде РНҚ молекулаларының кез келген бір класы емес, үш класы (иРНҚ, тРНҚ және рРНҚ) қатысады, бірақ неге бұлай болатыны айқын түсінікті емес. Сондықтан белок синтеззінің егжей-тегжей негізінен, әліде белгілі бір теорияда жалпыланбаған жалаң факты ретінде қабылдауымыз керек.

Белок синтезінің механизмін, шын түсінгенде, тіршіліктің пайда болуымен байланысты бұдан ертеректегі уақиғалрға да көз жүгірткен болар едік. Шешуші рольді мұнда РНҚ- ның химиялық құрылымы мен полипептидтер синтезінің арақатынасы жөніндегі мәселе атқарады.



Бақылау сұрактары:

Вопросы:


1.Белок биосинтезі қалай жүреді?

2.Ген код дегеніміз не?

3.Ген коды ерешеліктері?

Әдебиеттер: 1-10 ( негізгі), 11, 12,15,20 ( косымша )
14 дәріс тақырыбы Жасушаның дифференциациясы,өсуі,қартаюы. Некробиоз

Жалпы сұрақтары: Жасушаның дифференциациясы,өсуыі,жанаруы,қартаюы.Жасушалардың қайта қалпына келуі. Некробиоз

Дифференциация дегеніміз – жалпыға ортақ қасиеттің специализациаяланған жалқы қасиетке айналуы. Жасушалық дифференциция төқтаусыз организмнің бүкіл өмір бойында жүреді. Бірақ ең биік интенсивтілікке бұл процес эмбрионалбдық кезеңде жетеді. Дифференциация процестеріне күрделену және жоғарыланған дәрежесіне аужуы тән. Бұған гистогинез бен органагинез жатады. Дифференциация нәтежесінде жасуша белгілі бір функциаларды орындауға бейімделіп, келесі бір функциаларды орындау мүмкімдігің жоғалтады. Көп жағдайларда дифференциация уақытша және қайтымды , кейбір жағдайларда тұрақты және қайтымсыз болады.

Өсуші жасуша популяция. Бұл жағдайда әрбір жасуша организм мен ұзақтылып бірдей болады, ал жаңа жасушалар тек ұлпаның өсуің қамтамасыз ету үшін бөліну арқылы пайда болады. Өсуші жасушалық популяцияға мысал ретінде асқазан асты және қалқанша бездерді, бүйректі, сілекей бездерін айтуға болады.

Жанарушы жасуша популяция. Бүндай популяцияда көп түзілген жаңа жасушалар соншама жасушалардың өлуімен теңестірліп отырады бұндай жанарушы плпуляцияға мысалы ретінде эритроциттті алға болады.

Жасушаның қартаюы және өлуі.

Алғашқы дифференциалданған кезеңінен және дифференциалдану кезеңінен кейін көпшілік жасмушалар қартаю фазасына өтіп, ол жасушалар өлуімен аяқталады.

Қартаю кезіңде жасушалар түрлі морфологиялық және физико-химиалық өзгерістер болады. Осындай өзгерістердің бірі – бүл «қажу» менесе «шаршау» пигментің жинақтауы. Ол жүйке жасушаларында, миокард ұпаларында көп байқалады. Қартаю кезінде ядро түсі қоюлана бастайды. Бұл процесс – пикноз деп аталады. Ол жасушаның өлуімен аяқталады. Жасушаның қартаюы соңында катабиозға және жасушаның өлуыне әкеп соғады.

Некробиоз- организм тіршілігін жойғаннан соң клеткалардың активті , яғни клеткалар бүлінгеннен, біраз уақыт өткененнен кейін барып тіршілік әрекетінің білінуі. Некроздың бұзылуы клетканың жеке жерінде немесе комплексінде , бүкіл организмді немесе жекеленген мүшесіне таралу мүмкін. Некроздың тууына әртүлі фактор болады: механикалық, физикалық, температура, химиялық тағы басқа. Некроздың инфекциялы және инвазиялық түрлері бар.Морфологиялық жағынаң уш түрі бар. Құрғақ, дымқыл, гангренді. Құрғақ некроз белок жасушаларының коагуляция және денатурация, клетка аралық заттар және плазманың сұйықтық шығаруыаң пайда болады. Дымқыл некроз өлі тканнің балкуы және суы бай мүшелерінде кездеседі.



Бақылау сұрактары:

1. Жасуша дифференциациалануы дегеңіміз не?

2. Жасушаның өсуі және жанаруы қалай жүреді?

3. Жасуша өлгенде организмде қандай өзгерістер жүреді?

4. Что таке кекроз

Әдебиеттер: 1-10 ( негізгі), 11, 12,15,20 ( косымша )

Вопросы:


1.Как протекает биосинтез белка?

2.Что такое генетический код?

3. Каким свойствам обладает генетический код?

Литература: 1-10 (основная); 11,12,15,20,22 (дополнительная)
15 дәріс тақырыбы – Жасуша паталогиясы

Жалпы сұрақтары: Қатерлі ісік жасушаларының құрылысындағы ерекшеліктері
Аурудың туындауына әртүрлі биологиялық, физиқалық, механиқалық және т.б. әсерлер себеп болады. Олар негізгі немесе қосалқы, арнайы және арнайы болмаған, тікелей немесе жанама, сыртқы және ішкі болып болінеді. Денсаулыққа зиянды өндірістік заттар кәсіпке байланысты ауруларды қоздырады. Қатерлі ісік жасушаларының пайда болуына организмнің иммунды жүйесінің орны ерекше. Қатерлі ісіктердін клиникалық көріністері, оның нәтижесі осы иммунды жүйе қызметіне тікелей байланысты.

Қан жүйесінің ісіктері екі топка бөлінеді: 1) қан жасаушы тканьнің жүйелі ісіктері- немесе лейкоздар, 2) қан жасаушы тканьнің аймақтық ісіктері немесе қатерлі лимфомалар.

Лейкоздар деп қан жасаушы клеткалардың жүйелі және үдеммелі өсіп кетіімен сипатталатын ісіктерді түсінеді.

Лейкозды бірінші рет ашқан неміс ғалымы Р.Вирхов (1845) қаның түріне қарап «ақ қан» ауруы ат берген болатын. Екі жылдан кейін ол «лейкемия» деген терминді ұсынды. Бірақ лейкоздардың алейкемиялық, яғни қанда лейкоциттер санының көбеймейтін түрі де бар, сондықтан біздің ғасырымыздың 20- жылдарыңда «лейкоз»- яғни қан жасаушы тканьнің жүйелі гиперплазиясы деген гемобластозқабылданды. 1908 жылы Элерман және Банг тауқтар лейкозын вирус қоздыратынын дәлелдеген. Одан кейын тышкан, кұстар, теніз шошкасы, ит лейкоздарын да вирустар тдыратыны аныкталды.

Көптеген зерттеулер иондаушы радиацияның лейкоз пайда болуындағы ролін көрсетіп отыр. Мысалы, атомдық жарылысты басынан кешірген Хиросима мен Нагасаки түрғындарының арасында басқа жапондықтарға қарағанда лейкоз 11-18 есе жиі ұшрайтыны анықталған. Семейднгі ядролық полигон айналасындағы тұрғындар арасында лейкоздар мен лимфосаркомалар санының Қазақстанының басқа аймактарымен салыстырғанда бірнеше рет көбейгені анық болып отыр. Рентгенологтар басқа дәрігерлерге қарағанда лейкозбен 8 рет жиі ауыратыны белгілі.

Көптеген химиялық канцерогендер(бензипирен, холантрен және т.б.) ісіктермен қатар лейкозды да шақыра алады. Лейкоздардың пайда болуына гендер мутациясының манызы зор. Жоғарыда айтылған әселер нәтижесінде қан жасаушы тканьдердің арасында қалыпты құрылысы өзгерген жасушалар пайда болады. Ісіқ, әрине организмнің иммунды жүйесі әлсіреген ғана дами алады бәрі де бүтіндей жойылып отырады. Лейкоз бергілі бір жерде, бір жасушаның көбеюі салдаранан басталады да, кейын бүкіл организмге тарап жүйелі ісікке айналады. Қазіргі кезде лейкозға тән ісік жасушалары әулеті (клоны) екені анықталды.

Лейкозды жасушалардын сипатын есепке ала отырып екі топқа бөледі: 1) тіті лейкоздар, 2) созымалы лейкоздар. Жіті лейкоздар жіті жұқпалы аурулар тәрізді өтіп, сырқаттың ыстығының өте жоғары болуымен, некрозды баспа, гингивит, геморрагиялық диатез дамуымен сипатталады. Жіті лейкоздар жалпы лейкоздардың 2% қамтиды. Балаларда лейкоздардың ішінде ең көп кездесетіні жіті лимфобласты лейкоз.

Созылмалы лейкоздар бірнеше жылдар бойы моноклонды, жетілген (қатерсіз) ісік түрінде дамиды. Созылмалы лейкоздар:1) миелоциттерден, 2) лимфоциттерден және 3) моноциттерден туындайтын лейкоздар деп үш топқа бөлінеді. Ісік жасушалары бір жерде немесе таралып өсе алады.

Көпклеткалы организмдерде көптеген түрлі себептердің салдарынан клеткалардың қызметінің бүзылуына әкеліп соғатын клеткалалар тобының өзгерісі немесе закымдануы жүреді. Түрлі клеткаларға сыртқы зақымдаушы факторлардың физикалық және химиялық, мысалы температураның, сәулелі энергияның қысымның және бсқалардың әсері біршама толық зртелген. Зақымданған кезде оның түрлі бояғыштарды байланысратын қабілеті өзгереді. Зақымдалған клеткаларда гликолиздік процестердің үдеуі, АТФ мөлшеріңің кемді, протеолиздік белсенділігінің артуы тән.

Бақылау сұрактары:

1. Қатерлі ісік жасушалырының пайда болуына не әсер етеді?

2. Лейкоздардын қандай түрлері болады?

3. Организмде қандай өзгерістер жүреді ісік пайда болғанда?



Әдебиеттер: 1-4 ( негізгі), 11, 18,23 ( косымша )

8.3. Тәжіребелік сабақтар

1 тақырып: Микротехникамен танысу. Гистологиялық препаратттарды дайындаудың негізгі әдістермен танысу (2 сағат)

Мақсаты: Гистологиялық препараттарды дайындаудың негізгі әдістерімен танысу, оны өңдеудің басты кезеңдерін біліп, олардың әрқайсысының мәнін түсіну. Микротехникада қолданылатын аспап – құралдармен, бояғыштармен танысу. Гистологиялық препараттарға қойылатын талаптарды меңгеру.

1 тапсырма. Гистологиялық препараттың анықтамасын біліп алып, оған қойылатын талаптарды меңгеріп, дәптерге оны дайындаудың мына өңдеулер өткізу жолдарын жазып алу керек:

Жас объект

Бекіту Сүйекті немесе тісті кальцийсіздендіру

Мұздату микротоммен кесінділерді әзірлеу

Ағын суда жуу

Күштілігі өсе түсетін спирттерде сусыздандыру

Парафинде немесе целлоидинде қатыру

Микротомда (жұқа кесінді дайындайтын техника) кесінділер әзірлеу

Кесінділерді парафиннен немесе целоидиннен тазарту

Кесінділерді бояу

Кесінділерді сақтау үшін бальзамға немесе басқа ортаға салу



2 тапсырма. Кесіндіні парафиннен тазарту және гематоксилин–эозин әдісімен бояу:

  1. Ксилол I...........................................................................5 минут

  2. Ксилол II..........................................................................5 минут

  3. 96 градустегі спирт.........................................................1 – 2 минут

  4. 70 градустегі спирт.........................................................1 – 2 минут

  5. Тазартылған су................................................................1 – 2 минут

  6. Гематоксилин..................................................................1 – 2 минут

  7. Тазартылған су................................................................шаю

  8. Ағынды сумен жуу.........................................................5 минут

  9. Эозин................................................................................1 – 2 минут

  10. 70 градустегі спирт.........................................................1 минут

  11. 96 градустегу спирт........................................................1 минут

  12. Карбол – ксилол..............................................................1 минут

  13. Ксилол.............................................................................1 минут

  14. Бальзам (уақытша болса – глицерин)...........................

  15. Жабынды шыны

3 тапсырма. Кесіндіні парафиннен тазарту және Ван – Гизон әдісімен бояу:

  1. Ксилол I...........................................................................5 минут

  2. Ксилол II..........................................................................5 минут

  3. 96 градустегі спирт.........................................................2 минут

  4. 70 градустегі спирт.........................................................2 минут

  5. Тазартылған су................................................................2 минут

  6. Гематоксилин Вейгерта..................................................5 минут

  7. 2 рет ағынды (бояуы кеткенше) суда жуу.....................

  8. Пикрофуксин...................................................................5 минут

  9. Тазартылған су..................................................10 секунд, жылдам шаю

  10. 70 градустегі спирт.........................................................30 секунд

  11. 96 градустегу спирт............................................2 рет 30 секундтан

  12. Карбол – ксилол..................................................1 минут, жарықтану

  13. Ксилол.............................................................................1 минут

  14. Бальзам (уақытша болса – глицерин)...........................

  15. Жабынды шыны

Бақылау сұрақтары:

  1. Гистологиялық препарат дегенiмiз не?

  2. Гистологиялық препаратты бекiтудiң мақсаты неде?

  3. Бекiту ретiнде ненi жиi қолданады?

  4. Гистологиялық материалды қатыру тәсiлдерiн ата.

  5. Микротом дегенiмiз не, ол не үшiн пайданылады?

  6. Гистологиялық препарат қандай талаптарға сай болуы керек?

  7. Қандай микротехникалық әдiстермен препараттың тазалығына және айқындығына (контрастылығы) жетуге болады?

  8. Қандай құрылымдарды оксифильдi, базофильдi және аргирофилдi деп атау ұйғарылған?

  9. Әзірленген препараттарда не бейнеленгенін қорғау.

2 тапсырма. Микротехникада қолданылатың аспап-құралдармен, бояғыштармен танысу.

Әдебиеттер: 1-7 (негізгі), 11,12,20,22 ( қосымша)

2 Такырып. Жасуша биологиясындағы зерттеу әдістері

Жасуша аралық және жасуша ішіндгі сигнал беруі (2 сағат)

1. Бақылау сұрақтары бойынша тақырыптардытеориялық талқылау.

2. Микроскопен жұмыс істеудің негізгі ережелерің және гистологиялық препаратарды зертеулеуге қажет тәсілдерді менгеру.



3. Жасуша құрысының зерттеу әдістерімен танысу

1 тапсырма.Микроскоптың құрылысын еске алып, оның бөлшектері аттарын білгеннен кейін оқу дәптеріне мына негізгі ережелерді жазып алып, оларды жақсы меңгеріп алған жөн.
МИКРОСКОППЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

  1. Микроскопты сол жаққа, сурет дәптерін оң жаққа қойып, кіші ұлғайтқыштағы микроскопты сол көзбен, оң көзді жұмбай (қыспай) қарап, айнаның ойыс жағын жарық көзіне бағыттап, біркелкі, әрі жеткілікті жарықты табу.

  2. Препараттың жабын шынысы жоғары бетінде болып, зерделенетін құрылымды үстел саңылауының дәл ортасына орналастыру қажет.

  3. Кремальераны бұрап, жарық шоғырын табу. Линза мен препарат қоятын үстел арасы 1 см жуық болуы керек.

  4. Окулярға қарап отырып, бұрандалардың көмегімен препараттың біркелкі боялған және жұқа жерін тауып, кесінді көрінісін толық қарап шығып, зерделенетін құрылымды үстел саңылауының дәл ортасына қою қажет.

  5. Фокусты өзгертпей револьвердің көмегімен үлкен ұлғайтқышқа ауыстыру керек (дұрыс ауысқанда револьвер шырт етеді).

  6. Окулярға қарап отырып, бейне анық көрінгенше микробұранданы оңға немесе солға сәл қозғалту қажет.

  7. Препаратты үлкен ұлғайтқышта зерттеп, бейненің суретін салып алғаннан кейін, тубусты көтеріп, револьверді кіші ұлғайтқышқа ауыстырғаннан кейін ғана, оны үстелден алуға болады. Препаратты зерделегенде осы тәртіпті қатты сақтау шарт. Өйткені сабаққа ұсынылатын препараттар осы кезеңде көп сынады.

  8. Сабаққа берілген барлық препараттарды зерделегеннен кейін кіші ұлғайтқыштағы микроскопты жапқышпен (ақ орамал) жауып, оқу үстелінің ортасына (шетінде болса, үзіліс кезінде біреу қағып кетуі мүмкін) жылжытып қою керек. Препараттарды кезекшінің тақтайшасына қайта жинастырып салу керек.

  1. тапсырма. Жасуша зерттеу әдістерімен танысу. Тірі организмдегі құрылымдарды бақылау, фазалы-қарама-қарсы түс айыратын, электронды, авторадиография, флуоресцентік және т.б. микроскопия әдістері.




1- сурет. Биологиялык зерделеуге арналган микроскоптар.

А - ЭМВ-100 АКА электронды микроскоп: 1-микроскоп бағанасы; 2-басқару пульті; 3-люминесцентті экраны бар камера; 4-бейнелерді талдау блогы; 5-көрініс-хабар тетігі.

Б- “Биолам-С" жарык микроскопы: 1-таган; 2-тубус үстаушы; 3-көлбеген тубус; 4-оку­ляр; 5-револьвер; 6-объективтер; 7-үстел; 8-жарык жинаушы; 9-оныц бурандасы; 10-ай­на; 11 –микрометрик;12 макрометрлік бұранда
Бақылау сұрақтары:

1. Микроскопен жұмыс істеудің негізгі ережелеріне не жатады?

2. Жарық және электронды микроскоптардың айырмашылығы неде?

3. Фазалы-қарама қарсы түс айратың микроскоптың ерешелігі неде?



Әдебиеттер: 1-7 (негізгі), 11,12,20,22 ( қосымша)

3 тақырып: Прокариотты және эукариотты жасушалардың жалпы құрылысы (2 сағат)

1. Бақылау сұрақтары бойынша тақырыптардытеориялық талқылау.

2. Организмнің негізгі құрылымдары-торша және торшасыз құрылымдармен танысу.

1 тапсырма. Препараттан микроскоптың кіші ұлғайтқышында көп бұрышты жасушаларды тауып, оларды үлкен ұлғайтқышпен көріп, әр жасушада көк түске боялған ядросы, оның айналасында қызғылт цитоплазма барын, кейінгі сыртынан цитолеммамен қоршалғанын байқау қажет. Қос жасушалардың бейнесін дәптерге салып, мыналарды белгілеу керек: 1-цитолемма, 2-цитоплазма, 3-ядро.

2 тапсырма. Микроскоп арқылы өсімдіктер және жануарлар жасушалардың құрылысың зерттеу.

3 тапсырма. Торшасыз құрылымдардың құрылысың зерттеу.

Бақылау сұрақтары:

1.Жасушаға, қосындыларға, симпластқа, жасуша аралық заттарға анықтама берініз.

2.Әукариотты торшалардың құрылысы қандай?

3.Жасушалардың кандай түрлері болады және олардың әр түрлері неге байланысты?



Әдебиеттер: 1-10 (негізгі),11-22(қосымша)

4 тақырып: Жасушаның химиялық құрамбөліктері (2 сағат)

1. Бақылау сұрақтары бойынша тақырыптарды теориялық талқылау.

2.Жасушаның химиялық құрамың зерттеу.

1 тапсырма.Жасушаның химиялық құрамбөліктерін зерттеу

2 тапсырма. Аминқышкылдармен, аққуыздардың түрлерің зерттеу.

Бақылау сұрақтары :

1.Жасушаның химиялық құрамбөліктеріңе не кіреді?

2.Жасушада судың қандай түрлері кездеседі?

3.Аминкышкылдың ,аққуыздардың қандай түрлерің білесіз?

4.Майлардың түрлерің сипатаныз.

Әдебиеттер: 1-10(негізгі) 11,12,15,19,20,22 (қосымша)

5 тақырып: Жасушаның ферменттері және метаболизмі (2 сағат)

1. Бақылау сұрақтары бойынша тақырыптарды теориялық талқылау.

2.Ферменттердің құрылысын және қасиеттерің зерттеу.

1 тапсырма. Кестеден ферменттердің құрылысың және қызметтерің зерттеу керек.

2 тапсырма. Ферментердің белсенділігіне кандай факторлар әсер етеді, оларды аныктаныз.

Бақылау сұрактары:

1.Ферментерге анықтама берініз.

2. Ферменттердің белсенді болігі неден турады?

3. Ферменттердін белсенділігіне қандай факторлар әсер етеді?

4.Ферментердін ерекшелігі неде?

Әдебиеттер: 1-10(негізгі) 11,12,15,19,20,22 (қосымша)

6 тақырып: Жасуша ядросының құрылымы туралы қазіргі кезендегі түсіністер. Хромасоманың құрылымы және репликация (2 часа)

1. Бақылау сұрақтары бойынша тақырыптарды теориялық талқылау.

2. Арнайы дайындалған препараттан ядро құрылысын зерделеп, оның атауларын (қабағы, хроматин, ядрошығы, ядро шырыны) білу.

3. Жасушаның тіршілік әрекетіндегі ядроның манызың білу кажет.



1 тапсырма. Өсімдік жасушалардағы ядроның құрылысын препараттардан, кестелерден зерттеу. Кішкене ұлғайтқышпен сарымсақтың тамырларынан жасалған препапараттан тік бүрыш формалы жасушаны тауп алу керек. Үлкен ұлгайткышпен ядроның құрамына кіретің бөліктерді көру кажет.

2 тапсырма. Жануарлар жасушасының ядросындағы бөліктерді әзірлеу кажет. Бауырдан жасалған препаратынан ірі торшаны іздеп, оны үлкен ұлғайткышта қарап, ядрошығын, хроматин барын, хроматин үйіндісің, ядро шырынын және қабығын тауп алу кажет.Мүндай 1-2 торшаның бейнесін дәптеріне салып алып, ядро құрылысын белгілеу керек:1 -ядро, а) кариолемма, б) кариоплазма, в) хроматин, г) ядрышық

Бақылау сұрақтары:

1 Ядронын құрылысы және қызметтері қандай?

2 Гетерохроматин және эухроматин дегеніміз не?

3 Ядрышықтын химиялық қүрамына не кіреді?



Әдебиеттер: 1-10(негізгі) 11,12,15,19,20,22 (қосымша)

7 тақырып: Жасуша мембранасынын құрылымы жөніндегі кәзіргі заманғы тұсініқ (2 сағат)

1. Бақылау сұрақтары бойынша тақырыптарды теориялық талқылау.

2. Плазматикалық мембрананың құрылысын, қызметін және химиялық құрамын зерттеу.

1 тапсырма. Плазматикалық мембрананың химиялық құрамың, құрылысын кесте арқылы әзірлеу кажет. Дәптерге сүретін салып, мыналарды белгілеу керек: 1-билипидті қабат, 2-аққуыз кабаты.

2 тапсырма. Жасушаға және одан заттардың мембрана арқылы ( белсенді және белсенсіз) қозғалуың зерттеу.

3 тапсырма. Мембрананың сыртында арнайы құрылымдардын орналасуың зертеп, сүретің салып, мыналарды белгілеу керек: 1-микроталшықтар, 2- кірпіктер.

4 тапсырма. Кестеден жасуша аралық байланыстардын сүретін салып, мыналарды белгілеу керек: 1- қарапайым байланыс, 2- құлып тәрізді байланыс, 3-тығыз тұйықтаушы байланыс, 4- десмосома, 5- қүысты байланыс.

Бақылау сұрақтары:

1. Плазматикалық мембрананың химиялық құрамыны не кіреді?

2. Плазматикалық мембрана қандай қататтардан турады?

3. Зат алмасуы мембрана арқылы 0андай жолдармен жүреді?

4. Мембрананың сыртында қандай құрылымдар орналасады?

5. Жасуша аралық байланыстардың түрлерін ата?



Әдебиеттер: 1-10(негізгі) 11,16,17,21,22 (қосымша)

8 тақырып: Жасушаның микроскоптық және субмикроскоптық құрылысы. Эндоплазмалық тор. Рибосомалар. Гольджи апаратты (2 сағат)

1. Бақылау сұрақтары бойынша тақырыптарды теориялық талқылау.

2. Цитоплазманың зерттеу тарихы, оның химиялық құрымын зерттеу.

1 тапсырма. Жасушаның субмикроскоптық құрылысының схемасын кестеден салып мыналарды бедгілеп алу керек: 1- цитолемма, 2- гиалоплазма, 3- лизосомалар, 4-жасуша орталығы, 5- митохондрийлер, 6- Гольжди комплексі, 7- гранулярлы эндоплазмалык тор, 8- агранулярлы эндоплазмалық тор, 9- рибосомалар, 10- полислмалар, 11-ядро.

2 тапсырма. Рибосомалардын құрылысың зертеу кажет.

3 тапсырма. Кестеден эндоплазмалық тордың құрылысын дәптерге салып , мыналарды белгілеу керек: 1-гранулярлы эндоплазмалық тор, а) мембраналардын сыртындағы рибосомалар, 2- агранулярлы эндоплазмалық тор, б) мембраналардын арасындағы қуыстар. Рибосомалардын құрылысың зертеу кажет.

4тапсырма. Кестеден дәптерге Гольджи аппаратының сүретін салып, мыналарды белгілеу керек: 1- Гольджи аппараты, а) мембраналар, б) секреторлы көпіршіктер, в) секреторлы гранулалар.

Бақылау сұрактар:

1. Цитоплазмалық матрикс кұрылысынеде

2. Эндоплазмалық тор, рибосома, Гольджи апаратының қызметің ата

3. Эндоплазмалық тор, рибосома, Гольджи апаратының қ9рылымы неде



Әдебиеттер: 1-10(негізгі) 11,12,15,20,22 (қосымша)

9. тақырып: Жасушаның микроскоптық және субмикроскоптық құрылысы. Митохондрийлер. Лизосомалар. Жасуша орталығы (2 сағат)

1. Митохондрийлердің құрылымын, қызметің талқылау.

2. Препараттардан, микробейнелерден митохондрийлердің құрылысың зерттеу.

1 тапсырма. Кестеден митохондрийлердің құрылысың дәптерге салып алып, мыныларды белгілеу керек: 1- сыртқы мембрана, 2- ішкі мембрана, 3- кристалар, 4- матрикс (сұйық зат).

2 тапсырма. Кестеден жасуша орталығының құрылысың дәптерге салып алып белгілеу керек: 1- цитолемма, 2- цитоплазма, а) жасуша орталығы, 3- ядро

3 тапсырма. Кестеден лизосоманың құрылымың және оның жасуша процессіне қатысыун менгеру керек. Дәптерге сүретін салып, мыналарды белгілеу керек: 1-ЭР гидролитиқалық ферменттердің синтезі, 2- олардың АГ аусуы, 3- алғашқы лизосомалардың пайда болуы, 4- жасушадан тыс бөлшеніктенудегі гидролаздың шыгуы және колдануы, 5- эндоцитозді көпіршіктер, 6- алғашқы лизосомалардың олармен қосылуы, 7- екінші лизосомалардың пайда болуы, 8- телолизосомалар, 9- қалдық денешектердің секрециясы, 10- алғашкы лизосома автофагосомалардың пайда болуына қатысы.

Бақылау сұрактар:

1. Митохондрийлердің, лизосомалардың, жасуша орталығының қызметі неде

2. Митохондрийлелдің субмикроскопиялық құрылысына анықтама берініз

3. Лизосомалардың субмикроскопиялық құрылысына анықтама берініз

4. Жасуша орталығына субмикроскопиялық құрылысына анықтама берініз

Әдебиеттер: 1-10(негізгі) 11,12,15,20,22 (қосымша)

10 тақырып. Тұкым құалау құбылысындағы жасуша құрылымның ролі. Жасушалардың криоконсервациялануы (2 сағат)

1. Бақылау сұрақтары бойынша тақырыптарды теориялық талқылау.

2. Торшалардың бөліну түрлерің (митоз, амитоз, эндомитоз), ерекшеліктерін, байкалатын өзгерістерін білу.

3. Торшаның клеткалық циклін аттарын еске сактау, сипаттау.



1 тапсырма. Ұзақтылығы 11 сағат болатын клеткалық циклді сүретке салып, ондағы митоздық, синтез алды, синтездік және синтез сонғы кезендерінің үзақтылығын бегілеу керек.

2 тапсырма. Кішкене ұлғайткышпен-өсімдік жасушалардын митозын қарау керек. Үлкен ұлғайткышпен тік бұрыш формалы, жасушалардын сүретін салып мыналарды белгілеу керек: 1- прфаза (тығыз түйін сатысындағы), а) цитолемма, б) ядро, в) оралым секілді хромосомалар, г) ядрышық, 2- профаза (түйіннің қопсый бастаған кезендегісі), а) цитолемма, б) миксоплазма, в) оралым секілді хромосомалар, 3- метафаза, а) аналық жұлдыз (жасушаның экваториалды жазықтығындағы хромосомалардың екі екеселенген саны), 4- анафаза, а) бөлініп шыққан жасуша ортасына қарай орын ауыстырған қос хромосомалар, 5- телофаза, а) бөлініп шыққан жасуша түзіле бастаған ядросы, б! бөлініп шыққан жасуша қабығы.

3 тапсырма. Препараттардан жасушаның амитоз жолымен бөлінетінің менгеру керек. Дәптерге сүретін салып, белгілеу керек.

4 тапсырма. Субметацентрикалық метафазадағы хромасоманың сүретін салып, мыналарды белгілеу керек: 1- хроматидтер, 2- центромера, 3- қайталама қауыстырғыш, 4- хромосоманың матриксі.

5 тапсырма. Препараттардан, кестеден сперматозоидтардың дамуың және құрылысың зерттеу. Кестеден сперматогенез сызбасының сүретін салып, мыналарды белгілеу керек: 1- өрбу дәуірі, а) сперматогониялар, 2- өсу дәуірі, б) бірінші реттік сперматоцит, 3- пісу (жетілу) дәуірі, в) екінші реттік сперматоцит, г) сперматидтер, 4- қалыптасу дәуірі, д) қалыптасқан сперматозоидтар.

6 тапсырма. Препараттан, кестеден жұмыртқа жасушаларының дамуын және құрылысын менгеру керек. Кестеден овогенез сызбасының сүретін салып, мыналарды белгілеу керек: 1- өрбу дәуірі, а) овогониялар, 2- өсу дәуірі, б) 1- ші реттік овоцит, 3- жетілу(пісу) дәуірі, в) 2-ші реттік овоцит, г) жойылғыш денешіктер, д) жетілген жұмыртқа жасушасы.

Бақылау сұрактар:

1. Жасуша бөліну түрлерің атаныз

2. Сперматозоидтың, яйцеклетканың сипатама берініз

3.Хромосоманың құрылысына сипатама берініз.



Әдебиеттер: 1-10(негізгі) 11,12,15,20,22 (қосымша)

11 тақырып. Өсімдіктер жасушаларының құрылысы (2 сағат)

1. Бақылау сұрақтары бойынша тақырыптарды теориялық талқылау.

2. Жасуша қабығын зерттеу.

1. Бақылау сұрақтары бойынша тақырыптарды теориялық талқылау.

2. Өсімдік жасушалардың морфофункционалдық құрылысын зерттеу.

1 тапсырма. Препараттардаң , кестелерден эукариотты жасушалардың құрылысын зертеп, сүретін салып алып, мыналарды белгіленіз: 1- пластидтер, 2- қалын сыртқы қабығы, 3- көпіршіктер, 4- жасушаларда заттардың синтезі.

2 тапсырма. Прокариотты және эукариотты жасушалардың айырмашылығың анықтаныздар.

3. тапсырма. Препараттардан, кестелерден жасуша қабығының құрылысын зертеп, сүретін салып алып, мыналарды белгілеу керек: 1- бірінші кабық, 2-екінші кабық, 3- үшінші кабық.



Бақылау сұрактар:

1. Өсімдік жасушалардың құрылысын сипатаныз.

2. Өсімдік жасушалардың қрамына қандай химиялық элементер кіреді?

3. Жасуша қабығы қандай қызмет аткарады



Әдебиеттер: 1-10(негізгі) 11,12,15,20,22 (қосымша)

11 тақырып. Нуклеин қышқылдары (2 сағат)

1. Бақылау сұрақтары бойынша тақырыптарды теориялық талқылау

2. ДНК және РНК аминқышқылдардың құрылысың химиялық, құрамың Задание 1. ДНК ның құрылысың зерттеу және сүретән салу

Задание 2. РНК ның құрылысың зерттеу және сүретән салу

Бақылау сұрактар:

1 ДНК түрлерін аныктаыз

2. ДНК құрылысыңа сипатама берініз.

3. РНК түрлерің атаныз

4. Нуклеин қышқылдары қандай қызмет аткарады

Әдебиеттер: 1-3 (негізгі) 11,12,15,20 (қосымша)

13. тақырып Белок биосинтезі (2 сағат)

1. Бақылау сұрақтары бойынша тақырыптарды теориялық талқылау.

2. Белок бисинтезң зерттеуі

1 тапсырма. Белок биосинтезің белгілерін менгеру.

2 тапсырма. Ген кодың зерттеу

3 тапсырма. Белок биосинтезінің схемасын дәптерге салу

Бақылау сұрактар:

1. Биосинтез қандай жолдармен жүрді?

2. Ген кодының құрылысына сипатама берініз.

Әдебиеттер: 1-10 (негізгі) 11,12,15,20,22 (қосымша)

14 тақырып. Жасушаның дифференциациясы, өсуі, қартаюы. Некробиоз (2 сағат)

1. Бақылау сұрақтары бойынша тақырыптарды теориялық талқылау.

2. Жасушаның дифференциациалануың және өсуің, жанаруің, қартаюың зерттеу.

1 тапсырма. Дифференциациаланудың белгілерін менгеру.

2 тапсырма. Жасушалардың жанаруын және тіршілік үзақтылығың зерттеу.

3 тапсырма. Жасуша қартайғанда оның құрамында қандай биохимиялық өзгерістер жүреді. Қартаюды қандай факторлар тудырады.

4 тапсырма. Некробиозды зерттеу

Бақылау сұрактар:

1. Дифференциациалану деніміз не?

2. Жасушаның тіршілік ұзақтылығына сипатама берініз.

3. Жасуша қартайганда және өлгенде ол қандай өзгерістерге ұшрайды?

4. Жасушаның қартаюы неге байланысты?

Әдебиеттер: 1-10 (негізгі) 11,12,15,20,22 (қосымша)

15 тақырып. Жасуша паталогиясы (2 сағат)

1. Бақылау сұрақтары бойынша тақырыптарды теориялық талқылау.

2. Қатерлі ісік жасушаларының пайда болуын зерттеу.

1 тапсырма. Қатерлі ісік жасушаларының автономиялығың зерттеу.

2 тапсырма. Қатерлі ісік жасушаларының пайда болуын зерттеу.

Бақылау сұрактар:

1. Қатерлі ісік жасушаларының автономиялығы неде?

2. Ісік жасушалары өскенде жасушаның құрамында қандай өзгерістер болады?

3. Қатерлі ісік жасушаларының пайда бөлуына канцерогенді заттар қалай әсер етеді?



Әдебиеттер: 1-3 (негізгі) 11,19 (қосымша)

8.4. Студентердің өз бетімен істейтің жұмыстары

1. Такырып. Түқым куалау құбылысындағы жасуша құрылымының ролі (3 сағат)

1 тапсырма. Жыныстық бөлінуінің цитологиялық негіздерің менгеру керек

2 тапсырма. Мутацияардың түрлерің зерттеу

Әдебиеттер: 1-10 (негізгі) 11,12, 15, 20, 22 (қосымша)

2 такырып. Жасуша физиологиясы (3 сағат)

1 тапсырма. Кірпіктердің қозғалысы және ырықтылығын зерттеу

2 тапсырма. Пиноцитоз, фагоцитоз, сініру, диффузияны зерттеу

Әдебиеттер: 1-10 (негізгі) 11,12, 15, 20, 22 (қосымша)

3 такырып. Жасушаның физикалық-химиялық сипатамалары (3 сағат)

1 тапсырма. Жасушаның осмос жәе су зат алмасуың зерттеу

Әдебиеттер: 1-10 (негізгі) 11,12, 15, 20, 22 (қосымша)

4. Такырып. Екікабатты мембранді органоидтар. Митохондриййлер. Пластидтер. (3 сағат)

1 тапсырма. Митохонрийдің кристаларың зерттеу

2 тапсырма. Хлоропластардың, лейкопластар құрылысын зерттеу

Әдебиеттер: 1-10 (негізгі) 11,12, 15, 20, 22 (қосымша)

5. Такырып. Мембрансыз органоидтар (3 сағат)

1 тапсырма. Микротутікшілерді, кірпіктерді және жгутиктарды зерттеу

2 тапсырма. Фибриллярля аттардың құрылымың зертеу

Әдебиеттер: 1-10 (негізгі) 11,12, 15, 20, 22 (қосымша)



6. Такырып. Жасуша регенерациясы (3 сағат)

1 тапсырма. Балдырлардың регенерациясың зертеу

2 тапсырма. Нейрон жасушасының аксон оіндісің кескенен кейың регенерация кайтадан пайда болуың зерттеу

Әдебиеттер: 1-10 (негізгі) 11,12, 15, 20, 22 (қосымша)

7 . Такырып Цитогенетикалық жасуша негізі (3 сағат)

1 тапсырма. Ядроның химиясың жіне құрлысың зерттеу

2 тапсырма. Хромасомаларды зерттеу

Әдебиеттер: 1-10 (негізгі) 11,12, 15, 20, 22 (қосымша)

8. Такырып. Цитогенетикалық молекулярлы негізі (3 сағат)

1 тапсырма. Ядроағы ДНК колемің зерттеу

2 тапсырма. Жасуша циклдағы РНК ролі

Әдебиеттер: 1-10 (негізгі) 11,12, 15, 20, 22 (қосымша)

9. Такырып. Интерфазалық ядроның хроматині (3 сағат)

1 тапсырма. Ядро қабығының хроматинмен байланысының зерттеу

2 тапсырма. Транскрипция және редупликация кездегі ядро құрылысың зерттеу

Әдебиеттер: 1-10 (негізгі) 11,12, 15, 20, 22 (қосымша)

10 . Такырып. Ядрышық (3 сағат)

1 тапсырма. Ядрышық құрылысың және химиялық элементерің бөліктерің зерттеу

2 тапсырма. Ядрошыктың субмикроскопиялық құрылысың зерттеу Әдебиеттер: 1-10 (негізгі) 11,12, 15, 20, 22 (қосымша)

Тема 11. Ядро қабығы (3 часа)

1 тапсырма. Ядро қабығың зерттеу

2 тапсырма. Ядро қабығының химиялық элементерің

Әдебиеттер: 1-10 (негізгі) 11,12, 15, 20, 22 (қосымша)

Тема 12. Цитоплазманың мембраналары (3 часа)

Задание 1. Жасуша мембраналардың құрылысың және химиялық құрамына кіретің заттарды

Әдебиеттер: 1-10 (негізгі) 11,12, 15, 20, 22 (қосымша)

13 такырып. Жасушадағы заттар және куаттар алмасуының жалпы зандылықтары

1 тапсырма. Ферментердің әрекеттерің зерттеу.

2 тапсырма. Жасушада зат алмасуын және қуаттардың өзгеруің зерттеу.

Әдебиеттер: 1-10 (негізгі) 11,12, 15, 20, 22 (қосымша)

14. Такырып. Жасушаның тірек-кимыл жүйесі (3 сағат)

1 тапсырма. Булшық еттер жиыруылының мехиникасын зерттеу

2 тапсырма. Кірпіктер мен жгутиктар арқылы жасуша кимылын зерттеу

Әдебиеттер: 1-10 (негізгі) 11,12, 15, 20, 22 (қосымша)

15. Такырып. Аппоптоз (3 сағат)

1 тапсырма. Ісік жасушаларының пайда болуына әсер ететің факторларды зерттеу

2 тапсырма. Жасушалардн трансформациясың зерттеу

Әдебиеттер: 1-10 (негізгі) 11,12, 15, 20, 22 (қосымша)

5. ОБСӨЖ және СӨЖ мазмұны


№ реті

ОБСӨЖ

СӨЖ

аудиториялық

аудиториядан тыс

1

Микротехниамен танысу

Жасуша биологияның қазіргі күйі

Түқым куалау құбылысындағы жасуша құрылымының ролі

2

Микроскоп, онымен жүмыс істеу ережесі

Биологиялық мембраналардың химиялық құрамы және қызметі

Жасуша физиологиясы

3

Жасуша және жасушасыз құрылымдар

Жасушадағы органоидтар мен қосындылар

Жасушаның физикалық-химиялық сипатамалары

4

Жасушалардың химиялық құрамбөліктері

Балдырлар, бактериялар және актиномициттердің салыстырмалы цитологиясы

Екікабатты мембранді органоидтар. Митохондриййлер. Пластидтер.

5

Жасушаның ферментері

Вирустар

Мембансыз органоидтар

6

Жасушаның кезенаралық ядросы

Өсімдік жасушаларының қабығы. Химиялық құрамы

Жасуша регенерациясы

7

Плазматикалық мембрана

Митохондрийлердің құрылысындағы ерекшеліктері. Митохондрийлердің құрылысы және қызметі

Цитогенетикалық жасуша негізі

8

Цитоплазманың құрылысы

Жасушааралық байланыстар

Цитогенетикалық молекулярлы негізі

9

Эндоплазмалық тор

Жасушаның зақымдауына әсер ететін факторлар

Интерфазалық ядроың хроматині

10

Рибосомалар

Вакуольді жүйе

Ядрышық

11

Цитоплазманың вакуольді жүйесі және микросомалар

Некобиоз түралы түсінік

Ядро қабығы

12

Вакуольді жүйенің қызметі

Жыныстық көбеюдің цитологиялық ерешеліктероі

Ядрышық

13

Гольджи комплексі

Жыныс жасушалардың консервациялануы

Жасушадағы заттар және куаттар алмасуының жалпы зандылықтары

14

Митохондрийлер

Жасуша зат алмасуы

Жасушаның тірек-кимыл жүйесі

15

Жасуша орталығы

Қатерлі ісік жасушалардың пайда болуына қандай факторлар әсер етеді. Жасушалардың трансформациясы

Аппоптоз

6. Бағалау әріп баламасы, балл және пайызбен көрсетілген.





Бағалаудың әріп баламасы

Баллдың сандық баламасы

Пайыз мөлшері

Дәстүрлі жүйемен бағалау

А

А-


4,0

3,67


95 – 100

90 – 94


Өте жақсы

В+

В

В-



3,33

3,0


2,67

85 – 89

80 – 84


75 - 79

Жақсы

С+

С

С-



Д+

Д


2,33

2,0


1,67

1,33


1,0

70 – 74

65 – 69


60 – 64

55 – 59


50 - 54

Қанағаттарлық

Ғ

0

0 - 49

Қанағаттарлықсыз

I

NA




Аяқталмаған

P




өтті

Пәнді өтті


«Жасуша биологиясы» пәнінің емтихан сүрақтары

1. Жасуша биологиясы нені зертейді?

2. Жарык микоскоп элетронді микроскоппен айырмашылығы неде?

3. Эукариотты жасушаға анықтама берініз

4. Жасуша химиялық құрамына не кіреді

5. Эндоплазмалық торды кім және кашан ашты?

6. Пластидтер дегеніміз не?

7.Жасуша орталығының құрлысына жіне қызметіне анықтама берініз

8. Митозда қандай кезедер болады?

9. Жасуша тіршілігінде ядроның манызы неде?

10.Жасушаның ферментатвті белсенділігіне қандай факторлар әсер етеді

11.Жасуша тіршілік әрекетеріне не жатады

12.Диффузией дегіміз не?

13.Дене және өсімдік жасушалардың құрылысындағы ерешеліктерің атаныз

14.Жасушаның молекулярлық құрамына не кіреді

15.Эндоплазмалық тор қандай қызмет аткарады

16.Ферменттер дегеніміз не

17.Жасушада су қандай түрде кезеседі?

18.Жасуша дифференцировка дегініміз не ?

19.Жасушада рибосомы және перексисомалар қандай кызмет атаады?

20.Пиноцитоз дегеніміз не жәе ол қалай жүреді?

21.Жасушаның өсуі не арқылы жүреді?

22.Митохондрийлердің құырылысы және қызметі қандай?

23.Түқым қуалау процесіндегі жасушалардың қызметің атаныз

24.Вакуолярды шырының құрамына не кіреді?

25.РНК синтезі және рибосомалардың қалыптасуы қалай жүреді?

26. Жалпы және арнайы манызды органоидтарды атаныз

27. Плазматиқалақ мембрананың қызметің атаныз

28. Жасушада регенерациясы қалай жүреді?

29. Жасушаның қозғалысы және механикалық ырықтылығың атаныз

30.Жасуша және жасушасыз құрылымдырына не жатады. Жасуша аралық байланыстарды атаныз

31.Зат алмасу жасуша қалай жүреді?

32.Кім алғашкы рет микроскопты ашты. Жасушаға кім анықтамаберді?

33.Что из себя представляет активный центр фермента?

34.Ядро құрамына не кіреді және олар қандай қызмет аткарады?

35.Жасушаның минеральді компонентеріне не кіреді?

36.Лизосомларды кім алғашкы рет ашты. Лизосомалдың құрылысына және қызметіне анықтама берініз

37.Хлоропластардың қандай түрлеі болады.

38.Фазово-контрасты микроскоппен не зертеуге болады?

39.Ісік жасушалардың автономдысына анықтама берініз

40.Жасушасыз құрылымдарды атаныз

41.Өсімдік жасушалардың плазматикалық қабағында қандай ерешеліктері болады

42. Гольджи аппаратының құрылысына және қызметіне анықтама берініз

43.Эукариотты және прокариотты жасушалардың айырмашылығы неде

44. Ген информациясы қайда сақталады. Хромосомалардың құрылысына анықтама берініз

45. Жасуша дегеніміз не. Жасушаның қандай түрлері болады?

46. Митохондрийлердің құрылысына және қызметіне анықтама берініз?

47. Жасушада қандай белоктар және амин қышқылдары болады

48. Жасуша бөлінуі түрлерін атаныз

49. Жасуша тітіркендіріші дегеніміз не?

50. Секрет бөлінуіне және қалай пайда болуына анықтама берініз

51. Жасуша теориясың кім ашты және оның манызы неде

52.Өсімдік жасушылармен жануарлар жасушаларында қандай аыйрмашылықтар болады

53.Уьтрафиолеті микроскоп арқылы не зертеге болады

54. Жыныс жасушалардың құрылыса жіне дамуына анықтама берініз

55. Косындылар дегеніміз не. Өсімдік жасушалардағы қосындыларды атаныз

56. Жасушаның физико және химиялық қасиетеріне анықтама берініз

57. Гетерохроматин және эухроматин дегеніміз не ?

58. Жасушаның сыртқы қабығында қандай құрылымдар орналасады?

59. Профазада ядро қандай өзгерістерге үшрайды?

60. Жасушаның физиологиялық белсенділігіне не жатады

61. Жасуша өлінуіне қандай факторлар әсер етеді?

62. Секрет бөлуіне қандай органоид қатысады?

63. Прокариотты жасушалардың қимылдауы не арқылы жүреді?

64. Жасуша бөлінуі түрлерің атаныз

65. Жасуша циклі дегеніміз не ?

66. Жүмыртқа жасушалар қашан және қалай пайда болады ?

67. Патологиялық жасушалар пайда болуына не әсер етеді?

68. Арнайы манызды органоидтарға не жатады?

69. Жылу пайда болуы дегеніміз не?

70. Жасушалардың өмір сүруі қандай факторлаға байланысты?

71. Ұрықтану дегеніміз не. Ұрықтанудың түрлерің атаныз

72. Өсімдік жасушалардың құрылысына анықтама берініз. Пластидтер мен вакуолдер дегеніміз не?

73. Сперматогенез қайда және қалай жүреді?

74. Жасуша қабығының өсуіне және құрылысына анықтама берініз

75. Митоз дегеніміз не ? Митоздың кезендерің атаныз

76. Интерфазадағы жасушаның құрылысына анықтама берініз

77. Сперматозоидтың құрылысына анықтама берініз

78. Люминесцентті микроскоп арқылы не зертеуге болады

79. Хлороапластардың түрлеріне не жатады?

80. Жүмыртқа жасушалар құрылына анықтама берініз

81.Мутациялардың қандай түрлері болады?

82. Гистологиялық препарат дегеніміз не және ол қандай талаптарға сай болу керек?

83. Рибосомалар дегіміз не?

84.Жасуша метаболизмі дегеніміз не?

85. Жасуша биологиясы тарихың атаныз

86. Аппаптоз дегеніміз не?

87. Жасушада липидттердің қандай түрлері кездеседі?

88.Жасушаға, органоидтартарға, косындылырға, симпластка, жасуша аралық заттарға анықтама берініз

89. Белок биосинтезі қалай жүреді?



90.Дене және жыныс жасушалырдың айырмашылығың атаныз

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау