26
«ZhasA» еріктілер орталығы» жобасы
«Іскер жастар кеңесі» ҚБ, Қостанай облысының Арқалық қаласы
Еріктілер мен мүмкіндігі шектеулі жастарды
бір топ қыла отыра, солардың кӛмегімен басқа да
әлеуметтік осал жандарға арналған іс-шаралар кешенін
ұйымдастырып, оларды қоғамнан тыс қалдырмай,
мүмкіншіліктерін ашуға ықпал жасау мақсатында
Арқалық қаласында «ZhasA» еріктілер орталығының
қызметі ұйымдастырылған.
Жобаның негізгі мақсатты тобы – мүмкіндігі
шектеулі жастар, ата-ана қамқорынсыз қалған
жеткіншектер, жетімдер, аз қамтылған отбасындағы
балалар, барлығы – 50 адам.
Жоба аясында тұрақты түрде еріктілер үшін
азаматтық қоғам, еріктілік негіздері, қиын жағдайдағы
тұлғалармен жұмыс жасау, кикілжің жағдайларды шешу,
әлеуметтік жобалау тақырыптары бойынша тренингтер
ӛткізіледі.
Сондай-ақ,
еріктілер
қала
кӛлемінде
ұйымдастырылатын шараларға белсенді үлес қосып, ӛздері
де әр түрлі әлеуметтік жобалар ұсынып, оларды жүзеге
асыруға қатысады.
Жоба нәтижесінде қала еріктілері мен мүмкіндігі
шектеулі жастары арасында достық қарым қатынас қалыптасты, сыртқы ортадан
қысылатын, тұйық мінезді жастар моральды тұрғыда ашылып, ӛз ойын айқын айтуды
үйренді, қоғамдағы ұстанымын айқындады.
Сонымен қатар, еріктілердің ата-ана қамқорынсыз қалған, жетім балаларға
бағытталған іс-шаралар кешенінің нәтижесінде аталмыш жасӛспірімдер, жоба жүзеге
асырылған екі апта кӛлемінде кӛтеріңкі кӛңіл-күйде болып, еріктілер мен жасӛспірімдер
арасында әлеуметтік тұрғыда аса қажеттілік ететін ағалық, апалық сезім қалыптасты.
27
Ерекше білім алу қажеттіліктері бар жас адамдар ҥшін (инклюзивті орта) ӛмірде
маңызы бар дағдыларды дамыту бойынша тренингтік жҧмыстар жобасы
«Ардос жүрек» ЗТБ, Солтүстік-Қазақстан облысы
«Ардос жүрек» заңды тұлғалар бірлестігі
тәжірибесі жоғары психолог, магистр, М.Қозыбаев
атындағы СҚМУ «Педагогика және психология»
кафедрасының
оқытушысы
Баязитова
Ғалия
Әкімбекқызымен
бірлесе
отырып
14-29
аралығындағы ерекше білім алу қажеттіліктері бар
жас адамдар үшін (инклюзивті орта) ӛмірде маңызы
бар дағдыларды дамыту бойынша тренингтік
жұмыстар жобасын жүзеге асырды.
Жоба Солтүстік-Қазақстан облысында 2015
жылдың 1 шілдесінен бастап 20 шілдесіне дейінгі
аралығында диагностикалық, ақпараттық-ағартушылық, кеңес берушілік, алдын
алушылық, коррекциялық бағыттар бойынша іске асырылған болатын.
Жобаның мақсаты ерекше қажеттіліктері бар жастарды білім алу барысында ӛмірде
маңызы бар дағдыларға баулу болып табылады.
Жобаның міндеттері:
- ӛзіне ӛзі есеп беру дағдысын дамыту;
- ӛзін ӛзі тану мен тұлғалық дамуға ұмтылысын ынталандыру;
- әлеуметтік-психологиялық құзырлықты қалыптастыру;
- коммуникативтік дағды мен жанжалды жағдайларды конструктивті түрде шешуді
үйрету;
- мақсатты айқындау және болашаққа тиімді жоспар жасау қабілеттерін дамыту;
- жүйке-психологиялық тұрақтылықты дамыту.
Жұмыстардың тӛмендегі әдістері мен амалдары
қолданылды:
- бақылау;
- әңгімелесу;
- кеңес беру;
-
психотехникалық
ойындар
мен
жаттығулар;
- топтық талдаулар;
- дене қимылына негізделген терапия;
- ертегі-терапиясы;
- әлеуметтік-психологиялық тренинг;
- модельдеу;
- аутотренинг.
Ерекше білім алу қажеттіліктері бар жас адамдар үшін (инклюзивті орта) ӛмірде
маңызы бар дағдыларды дамыту бойынша тренингтік жұмыстар жобасы бойынша
атқарылған кешенді шаралар ең алдымен олардың коммуникативтілігін дамытуға, ӛзіне
ӛзі есеп беруге үйретуге, болашақтарын тиімді жоспарлауға үйретуге, басқа адамдармен
әрекеттес болуға ынталандыруға, жүйке-психологиялық тұрақтылықтарын қамтамасыз
етуге арналған болатын. Жоғарыда аталған уақыт ішінде барлық тренингтерге ерекше
қажеттіліктері бар 143 адам қатысты.
Тренингтік шаралардың нәтижелері тӛмендегідей анықталды:
- тренинг қатысушыларының мотивациялық ұстанымдары;
- тренинг қатысушыларының мақсаттық ұстанымдары;
28
- тренинг қатысушыларының тұлғалық ӛзгерістері (бастапқы және соңғы кездегі
диагностикалық жұмыс қорытындылары негізінде);
- тренинг қатысушыларының белсенді ӛмірлік позициялары.
«Мектеп оқушыларының/жастардың
аутодеструктивті мінез-қҧлқының алдын алу»
жобасы
«СҚО педагогтар бірлестігі» ҚБ, Солтүстік
Қазақстан облысы
2015 жылдан бастап Петропавл қаласында
«СҚО педагогтар бірлестігі» қоғамдық бірлестігі
«Мектеп
оқушыларының/жастардың
аутодеструктивті
мінез-құлқының
алдын
алу»
жобасын жүзеге асыруда. Бұл жоба 2016 жылы да
айтарлықтай нәтиже кӛрсетті.
Жобаның
мақсаты:
білім
беру
мекемелеріндегі
білім
берушілердің
аутодеструктивті мінез-құлқының ғылыми тұрғыда негізді, тиімді жолдар арқылы алдын
алуға бағытталған әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық жұмыстарын дамыту.
Жобаны жүзеге асыру нысаны: мектеп оқушысының аутодеструктивті мінез-
құлқының әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық табиғаты.
Жобаны жүзеге асыру мәнісі: мектеп оқушысының аутодеструктивті мінез-
құлқының әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық амалмен алдын алу.
Зерттеу гипотезалары: аутодеструктивті мінез-құлық мектеп жасында әлеуметтік
жағдай нашар болғанда тұлғаның психологиялық қалқаны болуы мүмкін, ол
психологиялық қорғаныс пен ӛз ӛзіне беретін баға мен жағымды МЕНдік
тұжырымдамасына нұқсан келтіруі ықтимал жағдайлардан сақтау қызметін атқарады.
Аутодеструктивті мінез-құлықтың әр түрлі сипатта пайда болу қауіпі (ӛзіне ӛзі қол
жұмсауға бейімділік, ішімділікке салыну, нашақорлық, әр түрлі тәуелділік) жасӛспірімнің
бірқатар тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты, мысалы: психологиялық қорғанысқа,
гендерлік
ерекшелікке,
когнитивтік,
мотивациялық,
құндылықты-мағыналық,
эмоционалдық тұлғалық ерекшеліктерге, пубертат фазасына, мінез акцентуациясының
түріне, макро және микроәлеуметтік әсерлерге.
Сәйкесінше, оқушының аутодеструктивті мінез-құлқының психологялық-
әлеуметтік алдын алу психологиялық-педагогикалық жағдайлар тӛмендегідей болғанда
неғұрлым тиімді жүзеге асады:
- тұлғаның құндылықтық-мағыналық саласына басты назар аудару, саналы ӛмірдегі
негізгі құндылықтардың, интеллектуалдық және аффективті автономияның маңызын
айқындау, қоршаған ортамен үйлесімде болу;
- жасӛспірімнің ӛз ӛміріне немесе ӛзінің болашағына қатысты субъекттивті
ұстанымын қалыптастыру;
- эмоционалдық интеллектін дамыту, жүйкесі мен психологиялық тұрақтылықты
нығайту;
- психологиялық қорғаныс құрамын ескеру, олардың ӛзін ӛзі саналы басқару
механизміне – копинг-стратегияға трансформациялану механизмдерін ескеру;
- тұлғаның моральдық ортасын қалыптастыру.
Жобаның міндеттері:
1) аутодеструктивті мінез-құлыққа қатысты негізгі теориялық-әдістемелік
амалдарды талдай отырып оқушының психологиялық-әлеуметтік-педагогикалық
реттелуіндегі аутодеструктивті мінез-құлықтың пайда болу мәнісін, түрін, себептерін,
факторларын анықтау – жобаның бастапқы кезеңінде.
29
2) мектеп жасында аутодеструктивті мінез-құлықтың қалыптасуының негізгі
ерекшеліктерін анықтау – жобаның бастапқы кезеңінде.
3) оқушыларда аутодеструктивті мінез-құлықытың қалыптасуының алдын алатын
жұмыстар бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру, мұндай бағдарламалардың
оқушыларға, ата-аналарға және педагогтарға арналған болуы керек.
Аталған міндеттердің орындалуы және бастапқы жағдаяттарды тексеру үшін
зерттеудің бірін бірі толықтыра алатын әдістерінің жиынтығы пайдаланылды, оларға
тӛмендегілер жатады:
- талдамалық әдіс (теориялық талдау) – жобаны жүзеге асыру бойынша
жүргізілетін зерттеу тақырыбына аралған әдебиеттерді саралау;
- эмпирикалық әдіс – бақылау, Петропавл қаласы мектептерінің педагог-психолог
мамандарымен, жалпы білім беретін мектептердің тәжірибелері мол әлеуметтік
педагогтарымен әңгімелесу;
- Петропавл қаласының жоғары оқу орындарының аутодеструктивті мінез-
құлықтың алдын алу тақырыбы бойынша негізгі теориялық білімдері бар педагог-
психолог мамандарымен, тәжірибелері мол әлеуметтік педагогтарымен әңгімелесу;
- дербес және топтық жұмыс техникалары мен әдістері: арт-терапия, әлеуметтік-
психологиялық тренинг, ресурстық ахуалды белсенді ету әрекеттері.
Мектеп
оқушыларының/жастардың
аутодеструктивтік
мінез-құлықтарының
қалыптасуының алдын алудың кешенді бағдарламасының теорялық-тәжірибелік үлгісін
іске асыруға аутодеструктивті мінез-құлықтың қалыптасуының алғышарттарын
диагностикалау, топтық тренингтік сабақтар мен үш негізгі топ арасында:
оқушылар/жастар, педагогтар мен ата-аналар арасында жеке кеңес беру жұмыстарын
жүргізу жатады.
Оқушының аутодеструктивті мінез-құлқының қалыптасуының алдын алу
бағдарламасына жұмыстардың тӛмендегі бағыттары енеді:
жастармен тұлғалық ерікті қасиеттерді, бас тартуға еріктілікті дамыту
жұмыстары;
жаңа мектепке, жаңа сыныпқа келген оқушылардың жылдам бейімделуіне
бағытталған жұмыстар;
рухани-моральдық құндылықтарды қалыптастыру жұмыстары;
тӛмендегі жағдайларға бағытталған шаралар:
оқушыларды емтихан тапсыру алдында психологиялық-педагогикалық
дайындау;
жанжалды жағдайды шешудің конструктивті амалдары мен әдістерін үйрету;
жағымды эмоционалдық фон қалыптастыру;
түлектің ішкі потенциалын іске асыру;
топтың, сыныптың ауызбіршілігін қалыптастыру;
топтағы ӛзіндік рефлексияны, ӛзін ӛзі кӛрсету қабілетін ашу;
коммуникативтік құзырды - басқа адамдармен қажетті байланысты
қалыптастыру және оны қолдау қабілетін шыңдау.
Мектеп оқушыларымен атқарылған жұмыстар барысында арт-терапия әдістері,
ойын терапиясы, топтық пікірталас амалы, кәдімгі жағдайды ойын түрінде қарастыру,
рӛлдік ойындар ӛткізу амалдары, проблемалы жағдайды талдау әдісі және әлеуметтік-
психологиялық тренинг пайдаланылды.
Оқушылардың ата-аналарымен атқарылатын жұмыстар тӛмендегі мәселелерді
қамтиды:
«Жасӛспірімдердің ӛз ӛзіне қол жұмсауы және оның себептері. Ересектердің
жасӛспірімге дағдарысты жағдайда жәрдес кӛрсетудегі рӛлі».
«Емтиханға қалай дайындалу керек және денсаулыққа қалай нұқсан келтірмеуге
болады» және т.б.
«Балалармен қиын (жанжалды) қарым-қатынас мәселелері».
30
«Оқу барысында мектеп оқушысының бейімделуі».
«Ерлі-зайыптылар жанжалы, оқушының эмоционалдық күйі».
«Жасӛспірімнің мектеп ӛміріндегі проблемалар және олармен күресу жолдары».
«Бала мен ата-ана жанжалы және оны шешу жолдары».
Оқушылардың педагогтарымен атқарылатын жұмыстар тӛмендегі мәселелерді
қамтиды:
«Жасӛспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлықтарының қалыптасуының
алдын алу».
«Ата-анамен тиімді қарым-қатынас және серіктестік қалыптастыру мәселелері».
«Эмоционалдық дағдарысқа ұшырауға бейім балалармен жұмыс жасау әдістері».
«Эмоцияналдық күйіну синдромын қалай жоюға болады?».
«Оқушылармен қиын (жанжалды) қарым-қатынас мәселелері».
«Жас педагогтардың «қиын» балалармен жұмыс атқаруы».
Қиын
жасӛспірімдермен
жұмыс
жасау
кезіндегі
бейвербалдық
коммуникацияның рӛлі.
Бұл жобаны жалпы жұмыс тәжірибесі 12 жылдан 33 жылға дейінгі тәжірибешіл
психологтар, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар жүзеге асырды, мамандардың
кӛпшілігінің «Магистр» академиялық дәрежелері бар, жастармен жалпы білім беру
мекемелерінде және жоғары оқу орындарында жұмыс жасап үйренген.
«Мектеп оқушыларының/жастардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу»
жобасының жүзеге асырылу нәтижелері бойынша 2015 жыл ішінде «СҚО педагогтар
бірлестігі» ҚБ мамандары 2018 адаммен жұмыс жасады (54 шара атқарды). Олардың
ішінде жоғары сынып оқушылары - 726 адам, педагогтар–346 адам, ата-аналар – 946 адам.
2016 жылы алдын алу шараларының жоспары бойынша (70 шара) үш мақсаттық топ
бойынша қатысушылар саны (оқушылар, педагогтар, ата-аналар) 1593 адам болды.
Олардың ішінде мектеп оқушылары - 960 адам, педагогтар–327 адам, ата-аналар–306
адам. «СҚО педагогтар бірлестігі» ҚБ мамандарының білімі мен тәжірибелері жобаның
нәтижелі жүзеге асуын қамтамасыз ете алды. Жобаның жүзеге асырылуының нәтижелі
болғандығының кӛрсеткіші - мектеп оқушыларының мінездерінің ӛзгеруі, ата-аналардың
пікірлері және педагогтардың осы бағыт бойынша білімдерін толықтыруға ниеттіліктері,
жоба туралы БАҚ хабарландырулардың жариялануы.
Жобаны
жүзеге
асыру
аясында
кӛрсетілетін
қызметтердің
ықтимал
тұтынушыларының сапалық және сандық құрамы (барлық шараларға тікелей
қатысушылар) 3611 адам болып отыр, олардың ішінде 1686 оқушы, 1252 ата-ана және 673
педагог бар, бұл да оқушылардың аутодеструктивті мінез-құлықтарының қалыптасуының
алдын алу жұмыстарының нәтижесі.
«СҚО педагогтар бірлестігі» ҚБ М.Қозыбаев
атындағы СҚМУ «Педагогика және психология»
кафедрасымен, осы кафедра жанында ашылған
психологиялық кеңес беру кабинетімен, СҚО
медициналық психологтарымен, қала мен облыстың
білім беру мекемелерінің педагог-психологтарымен
және әлеуметтік
педагогтарымен, әр түрлі
ұйымдармен бірлесе отырып жұмыс жасайды,
осындай ұйымдар қатарында: «Ардос жүрек» ЗТБ,
СҚО
бойынша
салауатты
ӛмір
салтын
қалыптастыру орталығы, «СҚО жастар мәслихаты»
ЖҚБ, «Нұр Отан» партиясының Болашақ филиалы
жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты, «Жастар
Молодежная» жастар газеті, Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасӛспірімдер
кітапханасы бар.
31
5. ҚОРЫТЫНДЫ
Осылайша, жастармен атқарылатын жұмыстардың үздік тәжірибелерінің жинағы
жастар бастамаларын қолдау, жастардың тұлғалық және кәсіби дамуы тенденциясының
басым екендігін жеткізе алады.
Жинаққа ӛңірлік және аймақтық жастар ресурстық орталықтарының, сондай-ақ
жастармен тікелей жұмыс жасайтын жастар ұйымдарының жобалары мен
бағдарламалары, үздік тәжірибелері енгізілді.
Жастар ресурстық орталықтары мен жастар ұйымдары ұсынған жобалар мен
бағдарламаларға жасалған талдау нәтижелері бойынша бірнеше бағытты атап айтуға
болады:
1) Жастардың кәсіп таңдауы және жұмысқа орналасуы. Жұмысқа орналасу
мәселесі ел жастары үшін маңызды мәселе болып саналады. Жастарды жұмысқа
орналастыруға бағытталған бағдарламалардың нәтижелері жақсы және бағдарламалар мен
жобалардың барлығы жастар арасындағы жұмыссыздықты жоюға бағытталған.
2) Патриоттық білім беру. Патриоттық білім беруге жастардың бойында азаматтық
белсенділікті ояту мен елдің мәдени мұрасын сақтауға баулу жатады.
3) Жастар арасындағы мәдениеттілікті қалыптастыру. Сананы жаңғырту үшін
жастардың мәдениетінің деңгейін арттыру қажет. Осы жинақта ұсынылған жастар
ресурстық орталықтарының бағдарламалары негізінен жастарды кітап оқи білуге
шақырады.
4) Дене шынықытыру және спорт саласын дамыту. Дене шынықтыру және спорт
саласы кӛптеген әлеуметтік-экономикалық проблемалардың шешімін табады, мысалы:
қоғамды ауызбіршілікке шақыру, жастарды жағымсыз әдеттерден сақтау, түрлі
аурулардың алдын алу, орташа ӛмір ұзақтығы кӛрсеткіштерін жақсарту және ӛмір сүру
сапасын арттыру. Спорт және дене шынықтыру аса маңызды және басымды сала. Осы
жинаққа енгізілген бағдарламалар мен жобалар жастарды спорттық мәдениетке баулуға
бағытталған.
5) Бос уақытты тиімді ӛткізу. Жастар саясатын іске асыру мен дамытуда олардың
бос уақыттарын пайдалы ӛткізуін қамтамасыз ету ерекше рӛл атқарады. Осы жинақта
ұсынылған жобалардың кӛпшілігі жастардың бос уақытын тиімді ӛткізуін қамтамасыз
етуге арналған.
6) Отбасы институты. Бағдарламалар жас ата-аналарға қолдау кӛрсету түрлерін
дамытуға,
жастардың
бойында
отбасылық
құндылыққа
деген
сыйластықты
қалыптастыруға бағытталған.
7) Осал топтағы жастарға жеке кӛмек кӛрсету. Жинаққа енгізілген жобалар мен
бағдарламалар жастар арасындағы девиантты және қоғамға жат мінез-құлықтың алдын
алуға, мүмкіндігі шектеулі жастарды қолдауға, интеллектуалдық дамуында кемшілігі бар
жастарды аса маңызды ӛмірлік әдет-дағдыларды үйретуге бағытталған.
8) Институционалдық даму. Бұл мәселе бойынша жинақта ұсынылған бағдарлама
жастар ресурстық орталықтарының жұмысын ұйымдастыруды стандарттауға арналған,
бұл ЖРО қызметкерлерінің жұмысына оң әсерін тигізеді.
Қорытындысында ӛткен жылдармен салыстырғанда жастардың тұлғалық дамуы
мен әлеуметтік бейімделуіне арналған бағдарламалар мен жобалар санының артқандығын
аңғарамыз.
Осы жинақ негізінде жастармен тек жүйелі түрде, үнемі атқарылатын үзіліссіз
жұмыстың ғана жастар саясатының жүзеге асырылуының жетістікті болуын қамтамасыз
ете алатындығына кӛз жеткіздік, осы орайда біз тӛмендегі ұсыныстар жасаймыз:
1) Жастар ресурстық орталықтарына:
- жастарды ең алдымен ӛмірлік маңызы зор дағдылар мен әдеттерге үйрететін
бағдарлама әзірлеу. Себебі бұл жастар күнделікті ӛмірде жиі кездестіретін
32
проблемалардың шешімі болып табылады. Мысалы: жұмысқа орналасу, топта немесе
ұжымда жұмыс жасау, отбасы институтының деформациясы және т.б.;
- аса маңызды жастар проблемасын шеше алатын жастар бастамаларын қолдауға
бағытталған механизмдерді әзірлеу және іске асыру;
- жастардың әртүрлі санатымен олардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере
отырып атқаратын жұмыстардың жаңа түрлерін қолданысқа енгізу.
2) Жастар ұйымдарына:
- жастардың нақты проблемаларын шешу жӛніндегі жүйелі жұмыстарды жүзеге
асыруды жалғастыру;
- жастардың әр түрлі топтары үшін бос уақытты тиімді ӛткізуді қамтамасыз етумен
айналысатын ұйымдарда ауқымды шаралар ұйымдастыруға назар аудару, соның ішінде
салауатты ӛмір салтын насихаттау, азаматтық және патриоттық тәрбие беру,
психологиялық және әлеуметтік жәрдем беру, жастардың қоғамға интеграциялануын
қамтамасыз ету де бар.
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы
«Жастар ресурстық орталықтары мен жастар ұйымдарының жастармен жұмыс жасау
тәжірибелері: аймақтық аспект» жинағы
25 дана таралымы.
Аудармашы – Ж.Нурланова
«JSD» ЖШС басылды
Достарыңызбен бөлісу: |