табысты енгізудің практикалық мысалдары көбеюде. Мұндай
технологиялар экономикалық тартымдылығымен өміршең болады.
Мысалы, жиналған сынықтардан алюминий өндіруге, оны алғашқы
өндіруге жіберілген энергия көзінің 5% ғана жұмсалады.
Энергияны пайдаланудың тиімділігін арттырудың басқа маңызды
әрі аз пайдаланылатын мүмкіндігі – кокс, домна, электр және цемент
пештерде жасалатын және пайдаланылмайтын жоғары температуралы
жылуды утилизациялау болып табылады.
Қорды сақтау міндеттері қалдықтардың жасалу проблемасымен
тығыз байланысты. Қазіргі таңда кіріс пен қалдықтардың залалады
өзара қарым-қатынасы байқалуда, – елдегі кіріс деңгейі жоғарылаған
сайын, ондағы жиналатын қалдықтар да көбеюде. Қалдықтар санын
экономикалық өсім мен өмір сүру деңгейіне тәуелділігін жою – қор
тиімділігін арттырудағы маңызды фактор, қазір, мысалы, «өмір сүру
деңгейі мен кірістің жоғарылауына байланысты адамзат 2050 жылы
13,1 млрд тоннадан артық қалдық шығарады, бұл 2009 жылға қарағанда
шамамен 20% артық»⁹. Зерделі мемлекеттік саясат қалдықтар көлемін
азайтып, табиғат пен адам үшін зиянды кірістің қалдыққа тәуелділігін
жояды. Қалдықтардан алынған қорды қалпына келтіруге байланысты
болашақ жұмыс көлемі өте ауқымды, себебі бүкіл әлем бойынша
барлық қалдықтардың 25% ғана регенерацияланады және утилиза-
цияланады⁹.
Соңғы жылдары дамыған елдермен қатар дамушы елдерде де
құрамы бойынша жаңа әрі қауіпті заттары бар электр және электрондық
құралдардың қалдықтарын (электрондық қалдықтар деп аталатын)
утилизациялау проблемалары тұр. «Жасыл» экономика арқасында
болатын жақсы өзгерістер бұл қауіпті қалдықтарды жүз пайыз
утилизациялауға мүмкіндік берер еді, олардың бүгінгі таңдағы
көрсеткіші 15%⁹ артық.
Әлемдік масштабта «жасыл» инвестициялардың сценарийінде
2050 жылы утилизация деңгейі «қоңыр» экономикаға болжалған ұқсас
көрсеткіштен 3 есе артық болар еді, ал көмуге арналған қалдықтар
көлемі 85%⁹ азаяр еді.
Қалдықтарды қайта бөлудің жемісті тәжірибесі тек дамыған
елдерде ғана бар емес. Мысалы, Бразилияда, ЖІӨ тұрғындар санына
шағу деңгейі бойынша Қазақстанмен салыстыруға болатын елде,
утилизация саласы бойынша сәтті тәжірибе бар – бұл елдегі қалпына
келтірілген материалдарды қайта пайдалану деңгейі өндірісі дамыған
18
елдердің деңгейіне сәйкес немесе асып түседі. «Алюминий банкалары-
ның 95%¹⁶ мен пластик шөлмектердің 55% утилизацияланады¹⁷»⁹.
«барлық қағаздың жартысы мен шынының жартысы қайта пайдаланы-
лады. Бразилияда утилизация АҚШ-тың шамамен 2 млрд доллары
тұратын құндылықтарды жасайды19 және атмосфераға 10 млн тонна
жылыжайлық газдың шығарылуының алдын алады¹⁸»⁹. Мұнда БАҚ
Жасыл экономикамен байланыстыратын қоқысты бөлек жинау туралы
еске ала кету де дұрыс болар. Шынында, қалдықтарды бөлек жинау оны
алу мен қоқыстан пайдалы компоненттер – қағазды, пластикті,
биоқалдықтар мен басқа да қалдық түрлерін қалпына келтіру деңгейін
жеңілдетеді. Мұндай жинау қауіпті тұрмыстық қалдықтардың –
химиялық батареялар мен сынапты шамдардың түсуінің алдын алады.
Жыл сайын әлемдік деңгейде жылына бір миллиард тоннадан
кем емес (!) қалалық және ауыл шаруашылық биоыдырайтын, қазірде
тиімсіз пайдаланылып жүрген жылыжайлық газдардың орасан зор
шығарылуына келтіріп отырған қалдықтар да бағалы қор болып
табылады. Бұл қалдықтарды энергия шығаруға және топырақтың
құнарлығын арттыруға пайдалануға болады.
Азық-түлік тағамдарының көп бөлігін қалдыққа айналдыру
аянышты проблема болып табылады, себебі өндірілген азық-түліктің
орта есеппен алғанда 25% қалдыққа айналуда¹⁴, ал әлем бойынша жыл
сайын 7,5 млн адам аштықтан көз жұмуда20. Әр жыл сайын ақылға
қонымсыз 1,3 млрд тонна азық-түлік қалдыққа айналады²⁰. Сонымен
қатар 1,4 млрд гектар жерде, ал бұл әлемдегі ауыл шаруашылық
аумағының 28%, кейін қалдық түрінде пайдасыз жоғалатын азық-түлік
өндіруге пайдаланылатынын да есепке алу қажет. Бұдан басқа, жыл
сайын азық-түлік өндіруге жұмсалатын және кейін қалдыққа кететін
судың жалпы көлемі 250 шаршы метрден кем емес, бұл Ресейдегі Волга
өзенінің жыл сайынғы ағынына эквивалентті²¹. Жалпы әлемдік
19
¹⁶Green Jobs: Towards Decent Work in a Sustainable, Low-Carbon World, ЮНЕП (2008), 214 бет.
¹⁷Насимено, Луис Фелипе, Марсело Тревисан, Пола Шмитт Фигуэйро и Марилиа
Бонзанини Боссл. PET Bottle Recycling Chain: Opportunities for the Generation of Employ-
ment and Income. Greener Management International Issue, 56, № 56 (2010), 44 бет.
¹⁸Л. Оливейра и Л. Роса. Brazilian Waste Potential: Energy, Environmental, Social and
Economic Benefits. Energy Policy 31, № 14 (ноябрь, 2003 г.), 1481-1491, 1486 бет.
¹⁹World Hunger Statistics, September 6, 2016, http://www.statisticbrain.com/world-hunger-
statistics
²⁰FAO UN, http://www.fao.org/food-loss-and-food-waste/en
²¹FAO UN, http://www.fao.org
экономикалық түзулердегі азық-түлік шығынынан (балық пен теңіз
өнімдерін қоспағанда) келетін экономикалық зардап көлемі шамамен
АҚШ-тың 750 млрд долларын құрайды²².
Қор сақтау тақырыбы өте сан қырлы және адам әрекетінің барлық
салаларын қамтиды, айталық, өндіріс өнімдерінің материалдық
сыйымдылығын төмендету (мысалы, соңғы 50 жыл ішінде тоңазытқыш-
тар салмағы екі еседен астамға төмендеді), транспорт пен қондырғы-
лардың энергия тиімділігін арттыру, соның ішінде соңғы онжылдықта
өздерінің «тәбеттерін» төмендеткен автомобильдер, ауыл
шаруашылығында су сақтау технологияларын дамыту (оның ішінде
тамшылатып суару) және көптеген басқалар жатады. Қор сақтау туралы
мысалдарды қарастыруды аяқтай келе, барлық «сақтаушы
технологиялар» өркениеттің жалпы табиғатқа зиянды әсерін, оның
ішінде климаттың өзгеруіне әсерін тікелей және жанама түрде
төмендетеді, себебі бұндай технологиялар қоршаған ортаға барлық
ластаушыларды, оның ішінде жылыжайлық газдардың шығарылуын
төмендетеді.
Өздеріңіз көріп отырғандай, қор сақтау Жасыл Экономикаға
көшудің мүмкін жолдарының ішіндегі ең «жасылы» болып табылады.
Себебі бұл жолды сәтті жүзеге асырса, онда жаңа электр станцияларын
салу қажеттілігі жоғалады (электр энергиясын жұмыс жасап жатқан
станциялардан үнемдеу арзан), жаңа көмір шахталарын салудың қажеті
жоқ (жаңа қазандықтар аз көмір шығарып, көп электр қуатын
шығарады), жаңа жерлерге егін салып қажеті жоқ (жыртылған егіс
алқаптарындағы шыңарылатын азық-түлік шығынын азайтса), су
қорының жаңа көздерін іздеудің де қажеті болмайды (себебі
үнемделген және қайта пайдаланылатын су барлық сұранысты
жаба алады), осылай шексіз жалғастыра беруге болады. Біздің
қорытындымыз – қор сақтау Жасыл Экономиканың нағыз «жасыл»
бөлігі болып табылады.
20
²²FAO UN, http://www.fao.org/news/story/ru/item/196451/icode
Достарыңызбен бөлісу: |