1.3 Нәрестелерде тыныс жолының қарсыласуы
Альвеолярлық ауа мен сыртқы ортаның арасындағы газ алмасу тыныс
бұлшық еттерінің, бірінші кезекте негізгі тыныс бұлшық еті – диафрагманың
ырғақты жиырылуы нәтижесінде жүзеге асады. Бұлшық ет күшінің шамасы
газ қозғалысының көлемі мен жылдамдығын анықтайды. Ауаның тыныс
жолдарымен алмасуына қарсылық тудыратын 2 түр бар: серпінді және сер
-
пінді емес (аэродинамикалық).
Серпінді қасиетке ие түзіліс созылушы күштің әсерінен өзінің ұзындығы
мен көлемін өзгертеді, бұл күштің әсері тоқтағаннан кейін бұрынғы қалпы
-
на қайта келеді. Серпінділік қасиет өкпе мен кеуде қуысына тән. Олардың
тіндерінің созылуға қарсыласуы серпінді қарсылық тудырып, оны жеңуге
тыныс алу кезінде тыныс бұлшық еттерінің 60-65% қатысады. Серпінді қа
-
сиеттің шамасына созылғыштық қызмет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |