Жас ерекшелігі психологиясы



жүктеу 2,91 Mb.
бет8/27
Дата25.05.2018
өлшемі2,91 Mb.
#17002
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27

Дәрістің мазмұны


1. Жас шағы кезеңдері және психикалық дамуды кезеңдерге бөлу.

2. Ғылыми тұрғыдан жас кезеңдерге бөлу.

3. Адам өміріндегі дағдарыс кезеңдері.

4. Психикалық дамудың негізгі заңдылықтары (биол.,әлеумет. Факторлар т.б.)..

5. Балалардың психикалық дамуының даралық ерекшеліктері.

Мақсаты: Жас ерекшелігіне қарай жас кезеңдеріне топтастырудың ерекшеліктерімен, заңдылықтарымен таныстыру және психика-

лық даму кезеңдерін түсіндіру.


Балалардың жасын кезеңдерге бөлу мәселесі

Балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу – оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі.Оқыту мен тәрбие беру ісінде бұл принципті мұғалім әр уақытта басшылыққа алады.Балалардың жас ерекшеліктеріне сай мектептің ішкі тәртіп ережелері, сабақ және тәрбте жұмыстарының кестелері, оқу жоспарлары мен бағдарламалары және тәрбие жұмысының бағдарламасы жасалынады.Оқу мен тәрбие жұмыстарының барысында балалардың жас кезеңдерін есепке алу қажетті шарттардың бірі.

Соңғы жылдардың ішінде бүкіл дүние жүзінің ғалымдары жас кезеңі мәселесіне аса көңіл бөлуде.Бұл мәселе жөніндегі зерттеу мәліметтері әлі де болса бірыңғай көзқарастардың жоқтығын көрсетеді.Жас кезеңдерінің шекарасын ажырату әліде толық зерттелмеген мәселелердің бірі.Бұл мәселе жөнінде әдебиет беттерінде көптеген талас пікірлер айтылып жүр.Мәселен, кейбір ғалымдардың пікірі бойынша жас кезеңінің негізі жыныс бездерінің жетілуіне, дене қарқынының өсуіне байланысты десе, кейбір ғалымдар адам жасын тіс аттарына қарап топтастыруды ұсынады.

Біздің еліміздің ғалым педагогтары балаларды білім және тәрбие беретін мекемелердің типтері бойынша жас кезеңдеріне бөледі.Мәселен, балабақша жасындағы балалар, мектеп жасындағы балалар т.б.Балаларды жас кезеңдеріне осындай сатыда бөлу, практикада үйреншікті ұғымға айналған.Бірақ бұл ұғым әліде болса ғылыми негізде толық дәлелденбеген.



Ғылыми тұрғыдан жас кезеңдеріне бөлу.

1965 жылы сәуір айында Москвада бүкіл дүние жүзілік симпозиум болды.Симпозиум жұмысына КСРО,Англия, Болгария, Польша, Чехословакия және Швеция елдерінің белгілі ғалымдары қатысты.Бірнеше күнге созылған симпозиум жас кезеңдерін бір ізге салу мақсатында 12 сатыдан тұратын схема ұсынды.



  1. жаңа туған бала – 1 күннен 10 күнге дейін

  2. емшек жасындағы бала -10 күннен 1 жасқа дейін

  3. ерте балалық шақ – 1 жас-3 жас

  4. бірінші балалық шақ – 4 жастан- 7 жасқа дейін

  5. екінші балалық шақ – 8 жастан- 12 жасқа дейін (ер бала)

8 жастан- 11 жасқа дейін (қыз бала)

6. жеткіншектік шақ – 13жастан- 16 жасқа дейін

7. жасөспірімдік шақ – 17 жастан- 21 жасқа дейін (ер бала)

16 жастан- 20 жасқа дейін (қыз бала)

8. кәмелеттік жастың бірінші кезеңі – 22 жастан- 35 жасқа дейін (ер)

21 жастан- 35 жасқа дейін (әйел)

9. кәмелеттік жастың екінші кезеңі – 36 жастан- 60 жасқа дейін (ер)

36 жастан- 55 жасқа дейін (әйел)

10. кексе жас - 60 жастан- 74 жасқа дейін (ер)

56 жастан- 74 жасқа дейін (әйел)

11.қарттық жас - 75 жастан – 90 жасқа дейін

12. ұзақ жасау - 90 жастан жоғары.

Соңғы жылдары сипозиумда қабылданған жас кезеңдерінің схемасына қайтадан өзгерістер енгізілді.

Адамның өмірлік жолы


Пренатальды кезең – ұрықтанғаннан бастап баланың туылуғанға дейін

Нәрестелік – туылғаннан 18-24 айға дейін

Алғашқы өмірдің 2 жылы-12-15 айдан 2-3жасқа дейін

Ерте балалық шақ – 2-3 жастан 5-6 жасқа дейін

Орта балалық шақ – 6 жастан 12 жасқа дейін

Жасөспірімдік және жастық шақ – шамамен 12жастан 18-27 жасқа дейін

Ерте ересектік – 18-27 жастан 40 жасқа дейін

Орта ересектік - 40-тан 60-65 жасқа дейін

Қарттық – 60-65 тен өлгенге дейін

Өзіндік бақылау сұрақтары

1. Жас ерекшелік психологиясының шығуы және дамуы туралы қысқаша мәлімет беріңіз?

2 .Балалар психологиясындағы эволюциялық идеялар қашан қалыптасты?

3. Балаларды кезеңдерге бөлу мәселелері.

4. Жас кезеңдерге бөлуге байланысты теориялар.

Психикалық дамудың негізгі заңдылықтары.

1. Баланың психикалық дамуындағы биологиялық факторлардың ролі.

2. Бала психологиясы дамуына әлеуметтік факторлардың әсері.

3. Психикалық дамыту және үйрету.

4. Балалардың психикалық дамуының даралық ерекшеліктері.

Мақсаты: Бала психикасының дамуына әсер етуші биологиялық және әлеуметтік факторлардың ерекшеліктерімен, психикалық даму

барысымен таныстыру.



Гендер, хромосомалар, жасушаның бөлінуі

Адам ағзасында 200 түрлі жасуша бар . Жасуша мембранасы цитоплазмадан , митохондриядан тұрады . Жасуша митохондриясы жасуша энергиясының көзі болып табылады . Сонымен қатар жасушада оның өмір сүруіне қажетті ақуыздар болады . Жасуша ортасында ядро орналасқан . Ядрода ДНК болады . ДНК құрамына РНК кіреді . Адамда 23 жұп хромосом болады . 23-жұбы жыныстық хромосом болады . Әйел жасушасы ХХ , ер адам хромосомасы ХҮ болады . Егер жасуша бөлінуге әзір болса , екі ұзын тізбек құрады . Қалыпты жағдайда митоз процесі жүріп , әрбір жасуша өзінің көшірмесін жасайды . Екі жасуша пайда болған соң мейоз процесі пайда болады . Бөлінген жасушалардың барлығы өміршен бола алмайды . Аз ғана бөлігі тірі қалады . Хромосома арқылы аталық және аналық гендер беріледі . Ол доминантты және рецессивті болуы мүмкін . 23-ші хромосом жұбы тұқым қуалаушылық белгілерді беруге қызмет етеді .Митоз нәтижесінде екі ұқсас жасуша пайда болады . Ер адамдарда мейоз нәтижесінен төрт спермотозоид жасушасы пайда болады және олар генетикалық жағынан бір-бірінен өзгеше болады . Ал әйелдерде бір үлкен жасуша болады .

Адамның кейбір ерекшеліктері ана құрсағында жатқанда пайда болады . Оны тұқым қуалаушылық деп атайды . Яғни ата-анасынан балаға белгілі бір сапалары мен ерекшеліктерінің берілуі . Оның гендер тасымалдайды.

Ағзаға ата-аналарынан берілетін гендер жиынтығынан генотип құрылады . Генотип дегеніміз жүйке қызметінің тумысынан берілетін типі . Қазіргі ғылым организмнің барлық қасиеттері гендік кодта сақталатындығын дәлелдеді . Генетика ғылымы адам дамуының тұқым қуалаушылық бағдарламасын тапты . Ол тұрақты және өзгермелі болып екіге бөлінеді



Тұрақты тұқым қуалаушылық бағдарламасы адамзат тұқымының жалғасуын білдіреді . Сондай-ақ адамның түрлі нышандарын ( сөйлеу нышаны , тіке жүру , еңбек ету , ойлау нышаны ) құрайды . Ата-анасынан баласына көзі , шашы , дене құрылысы , қанының тобы , резус факторы , т.с.с. тұрақты тұқым қуалаушылық бағдарламасы арқылы беріледі .

Ал өзгермелі тұқым қуалаушылық бағдарламасы оның өмір сүруге бейімделу өкілдігін туғызады . Мысалы , өзін-өзі дамытуы , жетілдіруі , тәрбиелуі .Баланың ата-анасына ұқсап тууын анатомиялық нышан деп атайды . Жүйке жүйесінің кейбір анализаторының ерекшеліктері де туысынан пайда болады . Мұны физиологиялық нышан деп атайды . Физиологиялық нышан қабілеттің дамуында белгілі орын алады .



Генетикалық және хромосомалық бұзылыстар

Жылына дүниеге келген балалардың 6 -і гендік және хромосомдық ақаулықпен дүниеге келеді . Бұндай ақаулыққа сыртқы орта факторлары , түрлі дәрі-дәрмектер радиация және босанғанда алған жарақаттар жатады . Сонымен қатар ішкі факторлар ананың денсаулығы , жүктілік кезіндегі өзін күту және тұқым қуалау арқылы берілетін аурулардың себебінен пайда болады .



Жыныстық хромосомдық ақаулық хромосомның артықшылығынан , үзілуінен болады . Хромосом үзілгенде ол келесі хромосоммен бірігуі немесе жасушамен жанасуы мүмкін .

Хромосомның артық болуы кляйнфельтера ауруына әкеп соғады . Мұнда бір немесе бірнеше Х хромосом саны артық болып , ХХҮ генотипі түзіледі . Мұндай ақаулық түрі жаңа дүниеге келген мың сәбидің бірінде кездеседі . Бұл аурумен дүниеге келген нәрестелер бедеулік ауруына шалдығады . Мұндай адамдар ауруға шалдыққыш келеді және қаңқа сүйектерінің кемістігі байқалады .

Ал хромосомның жетіспеуі тернер ауруна әкеп соғады . Бұл ауруда Х хромосомы болмауы немесе мүлдем белсенділік танытпауы мүмкін . Х генотипі болады . Бұл генотип бар әйелдерде жыныстық жетілу толық емес және репродуктивті қызметі бұзылған . Олардың бойы өте кішкентай , ақыл-ой дамуы өте төмен болады . Бұл белгілер пайда болған жағдайда гормонатерапия жүргізіп , сырт келбетін қалыпқа келтіруге болады , бірақ олар бедеу болып қала береді . Бұл тұқым қуалау арқылы берілетін аурудың бірі . Мұндай аурумен дүниеге келген баланың басы өте үлкен , салмағы қалыпқа сай емес , кейбіреулері шапалақтап , өз қолдарын тістеп өте белседі әрекет етеді

Жыныстық хромосомның гендеріне байланысты ақаулық Х хромосомы өте қысқа болып , Ү хромосомымен жұп құра алмай , сәйкестік болмайтын кездері болады . Сондықтан бұл гендер жынысқа тіркелген гендер деп аталады . Бұл аурудың бір түрі гемофилия ауруы , яғни қанның дұрыс ұйымауы . Бұл аурумен ауырғандардың қан құрамында ұюға қажетті плазма болмайды . Сондықтан аз ғана жарақат алса да , көп мөлшерде қан жоғалтады .

Генетикалық кеңес беру

.Болашақ сәбидің қандай ақаулықпен дүниеге келетінін айту үшін ата-ананың екеуіде медициналық тексеруден өткізіледі.Егер гендік анамалия белгілері байқалса оның қашалықты әсер ететінін анықтап, ата-анаға хабарлайды.

Төменде алдын-ала кеңес алуға тиісті адамдар тізімі берілген;

- ата-бабасында немесе өзінде гендік ақаулығы бар адамдар,

-туғаннан ақаулығы бар не анамалиясы бар баланың ата-анасы,

-хромосомды анамалия эмбрионда байқалған 3рет түсік тастаған ана,

-35 жастан асқан жүкті әйел адам не күйеуі 44-тен асқан,

-тұқымқуалаушылық ауруы бар болашақ ата-ана,

-түрлі радиайиялық әсерлерге көп мөлшерде дәрі ішкен, т.б сыртқы орта әсеріне ұшыраған жұптар.

Адам дамуына ортаның әсері

Қоршаған орта деңгейі; жанұя және әлеуметтену. Қоршаған орта деңгейлерінің иқұрамына мыналар жатады;

Микрожүйе-адамдар және жаұядағы мектептегі және баламен тікелей байланыста болатын қоғамдық институттар.

Мезожүйе-микрожүйенің бірнеше элементтерінің қарым-қатынасы.

Экзожүйе-баламен тікелей байланыспайтын, бірақ аз ғана болса даоған әсерінтигізетін қоғамдық құрылымдар.

Макрожүйе- жалпы мәдениет.



Өзіндік бақылау сұрақтары

1.Гендер, хромосомалар, жасушаның бөліну үрдісін түсіндіріңіз?

2. Генетикалық және хромосомалық бұзылыстары турылы баяндаңыз?

3. Адам психологиясы дамуына тұқым қуалау факторларының әсері.

4. Адам дамуына ортаның әсері қандай ?

5. Ортаның әсеріне байланысты психологиялық мысалдар.


6 дәріс Пренатальды даму және нәрестенің дүниеге келуі

Тақырыбы:



жүктеу 2,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау