10 сынып оқулықтары.
ОЖСӨЖ мазмұны: 10 сынып – оқу-әдістемелік кешеніне әдістемелік талдау..
Әдебиет: 10 сынып оқулықтары.
СӨЖ мазмұны: 10 сынып оқу-әдістемелік кешені құрылымымен танысу.
Әдебиет:
10 сынып оқу -әдістемелік кешені.
12 апта
1кредит сағат
Дәріс 12
Тақырыбы: Жаңа буын химия оқулықтары 11-сынып.
Дәрістің мазмұны:
1. 11 сынып – балама оқулығының ерекшеліктері.
2. Қоғамдық гуманитарлық бағыт оқулықтары.
3. Жаратылыстану-математика бағытының оқулықтары.
Әдебиет:
11 сынып оқулықтары.
ОЖСӨЖ мазмұны: 11 сынып – оқу-әдістемелік кешеніне әдістемелік талдау..
Әдебиет: 11 сынып оқулықтары.
СӨЖ мазмұны: 11 сынып оқу-әдістемелік кешені құрылымымен танысу.
Әдебиет:
11 сынып оқу -әдістемелік кешені.
13 апта
1кредит сағат
Дәріс 13
Тақырыбы: Оқушыларды оқулықпен жұмыс істеуді ұйымдастыру әдістемесі.
Дәрістің мазмұны: 1. Химияның алғашқы сабағындағы мұғалімнің оқушыларды оқулықпен таныстыруы.
Оқулық параграфымен жұмыс жасау.
Үй тапсырмасын орындауға кеңес.
Әдебиет:
1.Гулбарам Садуақасқызы.Дидактикалық құралдардың маңызы. «Химия мектепте» 2004 № 3 27-29 беттер.
2.Монахова Л.П., Кузьмина О.В. Развитие общенаучных учащихся при работе с книгой // Химия в школе.-1985 № 1.с. 28-33.
ОЖСӨЖ мазмұны: Оқушының оқулықпен жұмысы.
Әдебиет: "Химия мектепте журналы" 2009 ж. №4., 64-70 бет
СӨЖ мазмұны:.
Әдебиет:
14 апта
1кредит сағат
Дәріс 14
Тақырыбы: Оқулықтың жаңа түрлері.
Дәрістің мазмұны: 1. Модульді, интерактивті оқулықтар.
2. Электронды оқулықтар.
Әдебиет: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. «Химия»пәні бойынша.
Астана 2002ж.
2. Химиядан білім берудегі төл оқулықтардың рөлі. //Білім. Образования 2005 №1. 34-37 бетттер.
ОЖСӨЖ мазмұны: Университет электрондық оқу залынан 8-9 сыныпқа арналған электорнды оқулықтармен танысу.
СӨЖ мазмұны: 8-9 сыныпқа арналған электорнды оқулықтармен жұмыс.
15 апта
1кредит сағат
Дәріс 15
Тақырыбы: Химияны оқыту құралдары.
Дәрістің мазмұны: Химияны оқыту құралдарының жіктелуі.
2. Оқу материалдық құралдар.
3. Дидактикалық әдістемелік құралдар.
Әдебиет:
1. М.С.Пак. диактика химии, Москва, 2004 ж. 118-172 бет.
ОЖСӨЖ мазмұны: Химия сабағында қолданылатын көрнекіліктер.
Әдебиет: 1. М.Нұғыманұлы. химияны оқыту әдістемесі. Алматы, Рауан, 1993 ж.
2. А.Мырзабайұлы. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері. Алматы, Білім, 2004.
СӨЖ мазмұны: Химия сабағындағы дидактикалық материалдар.
Әдебиет:
1. М.С.Пак. диактика химии, Москва, 2004 ж. 118-172 бет.
3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестес.
№
|
Жұмыс түрі
|
Тапсырманың мақсаты мен мазмұны
|
Ұсынылатын әдебиеттер
|
Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)
|
Балл
|
Бақылау түрі
|
1
|
Дәріске қатысу
|
Студенттердің теориялық даярлығын тексеру
|
|
апта
|
0,4
|
Дәріске қатысуын қадағалау
|
2
|
ОЖСӨЖ орындалуы,
ОЖСӨЖ білімділігі
|
Студенттердің теориялық даярлығын тексеру
|
СӨЖ
тақырыбына байланысты
|
апта
|
2,0
|
өздік жеке сұрау.
|
3
|
СӨЖ орындалуын
тексеру
|
Өздік жұмыс істеу білігін бағалау
|
СӨЖ көрсетілген
|
апта
|
0,5
|
Тапсырманы орындау
|
4
|
Аралық бақылау жұмысы
|
Білімді меңгеру дәрежесін тексеру
|
Семинар тақырыбына байланысты
|
6 апта,
16 апта
|
5
|
Варианттар бойынша жазба жұмыс
|
5
|
Семинар сабақтағы белсенділік
|
Білімді кешенді тексер
|
Семинар
тақырыбына байланысты
|
апта
|
1,2
|
ауызша
|
6
|
Жеке тапсырма
|
Студенттің творчестволық жұымысы
|
-
|
6 апта,
13 апта
|
1,0
|
Студенттің творчестволық жұмысы
|
7
|
Емтихан
|
Білімді комплексті тексеру
|
-
|
|
|
|
4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтылу картасы
Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
Кафедра Химия тьютор Есеева Гүлжан Бексұлтанқызы
(аты-жөні)
Пән Химия тарихы
(пән атауы)
Кредит саны: 3
№
|
Әдебиет атауы
|
Барлығы
|
Ескерту
|
кітапханада
|
кафедрада
|
Студенттердің қамтылу пайызы (%)
|
Электронды түрі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Нұғыманұлы И.Н. Химияны оқыту әдістемесі – Алматы; Рауан. 1993. -320 б.
|
12
|
-
|
100
|
-
|
-
|
2
|
Чернобельская Г.М. Методика обучения химии в средней школе М., Владос., 2000., 355 с.
|
6
|
|
50
|
-
|
-
|
3
|
Зайцев О.С. Методика обучения химии. Теоретические и прикладные аспекты. М.: Гуманит. Изд. Центр Владов, 1999., 384 с.
|
5
|
|
48
|
-
|
-
|
4
|
Зуев Д.Д. Школьный учебник М. : Просвещение. 1983.
|
|
|
|
-
|
Студенттердің жеке кітабы
|
5
|
А.Мырзабайұлы. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері. Алматы, Білім, 2004.
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Студенттердің жеке кітабы
|
6
|
И.Нұғыманов. т. б. Химия тілі. Алматы, 1977.
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Студенттердің жеке кітабы
|
7
|
И.М. Ибраев.«Органикалық химия негіздері» Алматы,«Рауан» 1990.
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Студенттердің жеке кітабы
|
8
|
М.С.Пак. диактика химии, Москва, 2004 ж.
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Студенттердің жеке кітабы
|
9
|
И.Нұғыманов, Р. Жұмаділова, Р. Қаржасбай Химия 9, Әдістемелік нұсқау.
А, «Мектеп», 2005 ж
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Студенттердің жеке кітабы
|
5. Дәрістік кешен:
Дәріс № 1
Тақырып: Кіріспе. Химия оқулығы – оқытатын жүйе.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Оқулық әдебиетінің анықтамасы.
2. Химияны оқытуда оқулықтың маңыздылығыжәне атқаратын міндеттері, ұстанымдары.
3. Оқулық әдңебиеттерінің сапасына қойылатын талаптар.
Дәріс мақсаты: Мектеп оқулық әдебиеттерінің міндеттері мен атқаратын қызметін, маңыздылығын көрсете отырып, оған қойылатын талаптарға тоқталу.
Тірек сөздер: Кітап, оқулық әдебиеті, ақпарат, жүйелілік, қиымдастырушылық қызметі, оқулық сапасы.
Дәріс мазмұны:
Оқулық- қоғамның әлеуметтік тапсырмасына сай нақты оқу-тәрбие процесінің таңбалық (материалданған) жүйесін жүзеге асыруда стратегиялық бағыты бар педагогикалық жүйенің ақпараттық моделі.
Оқулық - білім алушылар меңгеруге міндетті ақпараттардың негізгі көзін атқарушы, білім алушылардың (жеке тұлғалардың) логикалық ойлауын қалыптастырушы, шығармашылық қабілеттерін дамытушы және адамгершілік ұстанымды тасушы құрал.
Оқулық әдебиеттер (ОӘ) – тәрбиелеу, білім алу және біліктілікті дамытудың мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың жиынтығы.
Оқулықтың атқаратын міндеттері басқа оқыту құралдарына қарағанда әлде қашан кең. Оқулықта мектеп көлеміндегі химия негіздері көрсетіледі. Оқулық белгілі методологиялық біліммен, философиялық идеялар хабарлау арқылы оқушылардың көзқарасын қалыптастырады, олардың ойлау қаьілетін жетілдіреді, химиялық және оқу біліктері мен білігін қалыптастырады.
Оқулық әдебиеттердің негізгі міндеті – ақпарат алушы оқушыларға сыныптарға арналған оқу-әдістемелік кешендер арқылы әлеумет, мәдениет, қоғам, әлем туралы мүмкіндегенше белгілі бір көлемде шынайы мағлұматтар беру.
Оқулық әдебиеттердің ұстанымдары: тәрбиелеушілік және біліктілікті дамытушылық ұстанымдары.
Оқулық әдебиеттердің сапасына қойылатын негізгі талаптар:
Оқулық әдебиеттерде тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын барлық құрауыштарының жүзеге асырылуы.
Пән бойынша оқулық әдебиеттердің мазмұнын Жалпы орта білім беру стандартының талаптарына сәйкес болуы.
Пән мәтінінің қазіргі заманғы ғылым дамуының жетістіктеріне сәйкес болуы.
Оқушылардың психологиялық жас ерекшіліктері мен жеке-дара қабілеттерін ескеретін оқу материалы мазмұнының баяндалуы анық, ұғынықты және қарапайым болуы.
Күтілетін нәтижелерге толық қол жеткізуге мүмкіндік беретін оқулық әдебиеттер материалы мазмұнын іріктеудегі негізгі жүйелеушілік міндет пен тәсілдердің сақталуы.
Оқулық материалының тәрбиелеушілік және біліктілікті дамытушылық ұстаным элементтерінің айқын болуы
Оқулық материал мазмұнының іргетасы психологиялық-дидактикалық өреде қаланып, танымдық мәтін арқылы баланың қызығушылық сезімін тудыруы.
Оқулық материал мазмұнының ғылыми-көпшілік стильде жазылып, сұқбатқа көп орын беріліп, оқушыны сөйлеуге машықтандыруы.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар
Ақапарат дегеніміз не?
Оқулыққа қандай анықтама беруге болады.
Ақпараттың түрлері қандай?
Оқулық әдебиетінің міндеттерін қалай түсінесің?
Оқулық әдебиеттерінің негізгі ұстанымдарын ата?
Оқулық әдебиетерінің негізгі сапасына қойылатын талаптарды талда.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі Білім беруді дамыту Тұжырымдамасы.
Қ.Т.Арынов, А.Е.Есжанов. Оқулық әдебиеттерді зерттеудің теориялық негідері.//»Білім-образования» №4, 2004.
Беспалько В.П., Теория учебника, Москва, Педагогика, 1998 ж.
Дәріс № 2-3
Тақырыбы: Оқулықтың мазмұны мен құрылымына қойылатын талаптар.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Оқулықа қойылатын талаптар.
2. Оқулық мәтінің құрылымына қойылатын талаптар.
3. Оқулық ақпараттары мазмұнының тізімдік құрылымы.
Дәрістің мақсаты: Оқулыққа қойылатын жалпы талаптармен тансып, оқулық мәтінің құрылымына қойылатын талаптарды қарастыру. Оқулық ақпараттарының тізімділік құрылымына талдау.
Тірек сөздер: Оқулық мәтіні, дидактика, лингвистика, логика, жүйе, алғы сөз, ақпарат.
Дәрістің мазмұны:
Оқулыққа қойылатын талаптарды әрбір ғалым әр түрлі қарастырады. И.Фогельсон, И.Ларнер, Г.Бим т.б. ғалымдардың оқулық түзуге толық жауап бере алмайды.
Д.Зуев оқулық түзу талаптарына мыналарды жатқызады; идеологиялық, психологиялық, логикалық, лингвистикалық, әдістемелік, дидактикалық, эстетикалық, полиграфиялық, гигиеналық, экономикалық. Алайда ғалымның қойған талаптары өте кең. Заман өзгерістеріне қарай оқулық түзудің кейбірі дамып, кейбіреулері бәсеңдей түседі. Сондықтан қазіргі кезде кейбір талаптар біріктіріліп оқулыққа қойылатын талаптар мынадай жүйеге негізделінеді.
Оқулық түзуге қойылатын талаптар үш топқа біріктіріледі.
1. Оқулықта берілетін материалдар. Бұл басты талап. Себебі материалдарды дұрыс таңдап,оларды орын-орнына дұрыс қоя білу балалардың біліміне,сөздік қорының,тілінің дамуына игі ықпал жасайды. Ал материалдарды қалай өту,түсіндіру,қызғылықты өту- мұғалімнің міндеті.
2. Оқулықты безендіру ісі. Дұрыс безендірілген оқулық балалардың кітапқа деген қызығуын арттырып,түрлі медициналық-гигиеналық талаптарға жауап береді.
3. Дидактикалық. Оқулықта берілетін материалдар балалардың оқуға деген қызығуын оятуға түрткі болуы шарт.
Оқулық ақпараттарының мазмұнын баяндап жазу мәтіні арқылы жүзеге асады. Мәтін оқулықты әзірлеудің ақпараттық моделінің таңбалық жуйесі.
Оқулықта берілетін мәтіндерге қойылатын талаптар
1. Психологиялық
2. Лингвистикалық
3. Логикалық
4. Идеологиялық
5. Жүйелілік
Психологиялық талаптар. Оқулық материалдарына қойылатын психологиялық талаптар балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне лайықталып берілуі тиіс. Себебі психологиялық талаптар арқылы балаларға берілетін білім сапасы жоғары болуы және білімді қабылдау ерекшеліктері ескеріледі; Оқушылардың психологиялық және физиологиялық жас ерекшеліктері мен жекедара қабілеттеріне сай ұғынықты да қарапайым,баяндалу тілінің нақты да түсінікті,көлемінің жинақы болуы;
Лингвистикалық талаптар. Бұл талап бойынша балардың дұрыс сөйлеуі,сөйлеу мәдениетін жетілдіріп сөздерді дұрыс таңдай білуі,сөйлемдерді дұрыс құрастыруы негізге алынады және баларды ана тілінің қыр-сыры мен терең қатпарларынан хабардар етеді; Ғылыми-көпшілік стильде жазылып,оқушыны сөйлетуге машықтандыруы;
Логикалық және танымдық талаптар арқылы балалардың дүниетанымы кеңейіп,жүйелі ойлауы,қызығуы және шығармашылық қасиеттері нығайтылады. Бұл балалардың білім сапасының артуына себеп болып,балалардың ізденімпаздығын,сабаққа деген белсенділігін жетілдіреді; Құрамындағы сұрақтар мен тапсырмалар оқушыларды ойландыруға,ізденіске,шығармашылыққа жетелейтін болуы тиіс.
Идеологиялық талаптар. Қоғамның ертеңі-қазіргі балалардың қолында екені белгілі,сондықтан да балаларға ұлттық мәдениеттерді,ел тарихын,жер тарихын оқыту арқылы оларды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу-әрьір қоғамның міндеті;
Жүйелілік талаптарға мыналар жатады: материалдар «жеңілден-ауырға», «оңайдан-қиынға» ұстанымымен берілуі тиіс; материалдар бір-бірімен мағына,құрылымдық жағынан ұштастырылып отыруы керек; материалдар бір кезеңнен екінші кезеңге білінбей,ұщтастырыла берілуі қажет. Оқытудың барлық сатыларында өзара біртұтас жүйеде болуы;
Оқулық ақпараттары мазмұнының түзілімдік құрылымы мынадай болады:
1.кіріспа(алғы сөз);
2.негізгі,қосымша,түсініктеме мағлұматтар;
3.көрнекілік объектілер және оларды негізгі ақпаратттардың мазмұнын меңгеруде пайдалану туралы мағлұматтар;
4.оқулық ақпараттарының мазмұнын меңгеру,іс-қарекеттерін ұйымдастыру ақпараттары мен амалдарының мағлұматтары.
Алғы сөз дегеніміз- оулық туралы қысқа түрде жазылған нұсқаулық-жұмыстық мағлұматтар. Онда оқулықтың кімдер үшін арналғаны,қандай мақсат қойылғандығы,құрамы,шартты белгілер мен ерекшелеудің жүйесі,қосымша және түсіндірме ақпараттарды қандай көзден және қалай іздестіру туралы қажетті ақпараттар беріледі.
Оқулықтың негізгі ақпараттарының мазмұнына меңгерілуіне тиісті берілген ғылым саласының жетекші идеялары,теориялар,ұғымдар,заңдар,терминдер,деректер,сондай-ақ берілуге тиісті алуан түрлі мәселелерге қатысты іс-қарекеттердік амалдардың малұматтары енгізіледі. Олар блоктар мен бөліктердің,яғни бөлім,тарау мен параграфтардың құрамына кіреді . Оқулықтың негізгі ақпараттарының мазмұны олардың жалпы көлемнің 65-80%-ын қамтып,оқу бағдарламасына сай міндетті түрде меңгерілуге тиісті технологиялық өңделген ақпараттар көзі міндетін атқарады.
Оқулықтың қосымша ақпараттарына негізгі мағлұматтардың мазмұнын толық меңгеруде маңызды роль атқаратын бағдарламадан тыс танымдық объектілер туралы мағлұматтардың мазмұны енгізіледі. Оқулықтың дидактикалық тәрбиелеушілік және асыруда осы қосымша мағлұматтар ерекше орын алады. Олардың құрамына бағдарлама аясынан тыс хрестоматиялық мағлұматтар,құжаттар,шығармалар мен үндеулер үзінділері,өмірбаяндық және ғылым танулық мағлұматтар,статикалық мағлұматтар және т.б. кіреді. Оқушыға арналған негізгі пән оқулығында бұл мағлұматтар қысқаша нұсқаулық түрінде,ал олардың жан-жақты талданған толық мазмұны хрестоматиялық оқулық ретінде пайдаланатын жеке арнайы оқулыққа енгізілуі тиіс. Сондай-ақ,бұл оқулықтың мазмұнына оқушылардың алған білімдерінің қай салада қалай пайдаланылатындығы туралы да мағлұматтар енгізіліп,ол оқушылардың өз бетімен білім алуына арналған оқулыққа айналуы тиіс
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар
Р. Глаубердің химия дамуына қосқан үлесі.
Металлургияның дамуы және В.Бирингуччо еңбегі.
«Иатрохимия» ілімінің мәні неде?
«Алхимия» оқулығының авторы кім?
5 «Иатрохимия» кезеңінің пайдасы.
Пайдаланатын әдебиеттер
1. Оқулық сапасын анықтау мен жетілдіруден ғылыми теориялық негіздеріне қойылатын талаптар. Білім образование,2006.№5. 29-33 бет.
2. Фогельсон И.А. Учебники и пути его развития в св.Вопросы и теории составления школьного учебники.-М.,1982.26-29б.
3.Байбуртян Н.М. Основы теории составления учебников русского языка в армейских школах.-М.,Педагогика.1988.340б.
4. Лернер И.Я. Дидактические основы учебника в сб. Вопросы и теории школьного учебника-М.,1982. 17-21б.
5. Бим Г.И. Методика обучения иностранного языка и теория школьного учебника.-М.,1989. 240-б.
6. Зуев Д.Д. Теория школьного учебника.-М.,Педагогика.1991.263 б.
Дәріс № 4
Тақырыбы: Оқулық мазмұны мен құрылымына қойылатын талапта Қарастырылатын сұрақтар:
1Оқулыққа қойылатын дидактикалық талаптар.
2Оқулықтың безендіру ісіне қойылатын талаптар.
3Оқулық көрнектілігіне қойылатын талаптар.
Дәріс мақсаты: Оқулыққа қойылатын дидактикалық талаптарға және оқулық безендіру ісіне қойылатын негізгі талаптармен таныстыру.
Тірек сөздер: Дидктикалық талап, сызба, диаграмма, сурет, схема, кесте, график.
Дәрістің мазмұны:
Оқулыққа қойылатын дидактикалық талаптар:
1.Оқулықтың жадығаттары қазіргі ғылымның деңгейіне, дамуына сай болуы керек;
2.Оқулықтың мазмұны, тараулардың орналасуы сол пәннің бағдарламасына сай болуы керек;
3.Оқулықтағы материалдың баяндалуы логикалылығымен, қатарландырылуымен ерекшеленеді;
4.Оқулыққа қойылатын маңызды талаптардың бірі- теория мен практиканың байланысы ұстанымын үнемі жүзеге асырып отыру болып табылады;
5.Еске сақтауға тиісті анықтамалар қорытындылар тұжырымдамалар т.б. оқулықта бөлініп көрсетіледі.
Оқулықтың безендіру ісіне қойылатын негізгі талаптар.
Оқулықтың көрнекілігі айтарлықтай маңызды дидактикалық қағида болып саналады. Сондықтан оқулық ақпараттарының мазмұнын меңгеру іс әрекеттерін ұйымдастыруда түрлі түсті безендірілген көрнекілік құралдар қажет. Көркем бейнелі, құжаттық және басқа безендірулер оқытудың көрнекілігін күшейтеді, объектілердің қасиеттерін танушылардыі әсершілдік және сезімдік түйсіну-қабылдау деңгейі, еске сақтау беріктілігі және оқулық ақпараттарының мазмұнын меңгеруге қызығушылығы артады. Сызбалар, диаграммалар, карталар, суреттер, схемалар, графиктер, жоспарлар және т.б. түйсіну- қабылдаудың көрнекілік объектілерін құрайды да оқулықтың негізгі ақпараттарының мазмұнын меңгеруді пәрменді етеді.
Жалпы көрнекілік құралдар табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді. Оқулық ақпараттарының негізгі мазмұнын меңгеру үшін пайдаланылатын табиғаттағы барлық табиғи объектілер мен құбылыстар және ондағы болып жатқан процестер табиғи көрнекілік құралдарға, ал олардың түрлендірілген формасымен, моделімен таныстырып, елестету тәсілімен нақты объектілер туралы ақпараттар алуға мүмкіндік беретін, яғни адам баласының қолымен жасалған, жазылып-сызылған дүниелер жасанды көрнекілік құралдарға жатады. Жасанды көрнекілік құрал дегеніміз-нақты объектілердің қасиеттері мен ерекшеліктерін, құбылыстар мен оқиғалардың шынайы болмысын елестететін психологиялық түйсіну-қабылдауға негізделген шартты модельдер.
Оқулыққа қойылатын гигииеналық талаптар: оқу жадығатының дұрыс мөлшері, әріптерінің анықтылығы, шрифтерінің размері.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар
Оқулыққа қойылатын дидактикалық талаптарды.
Оқулықты безендіру ісіне қойылатын талаптарды ата.
Көрнекілікке қандай талап қоямыз.
Оқулыққа қойылатын гигиеникалық талаптарды ата.
Пайдаланатын әдебиеттер
Беспалько В.П. Теория учебника, Дидактический аспект, Москва, «Педагогика», 1998.
Зверев Д.Д. О теории и практике разработки учебника. «Советская педагогика», 1990,№16 стр.28-34.
Оқулықтың сапасын анықтау мен жетілдірудің ғылыми теориялық негіздеріне қойылатын талаптар. Білім, обр-е 2006.№5 29-33беттер.
Дәріс № 5
Тақырыбы: Химиядан оқу әдебиеттерінің қалыптасуы және дамуы. Қарастырылатын сұрақтар:
1. Революцияға дейінгі мектеп химия пәнінің оқытылу жағдайы.
2. Революциядан кейінгі мектеп химия пәнінің оқытылу жағдайы.
3. Қазіргі таңдағы химияны оқытылу үрдісі.
Дәріс мақсаты: Химиядан оқулықты дамуына қысқаша тарихи шолу жасап,
Қазақстанда химияны оқыту жүйесі туралы мәлімет беру.
Тірек сөздер: Химияны жүйелі және комплексті түрде оқыту. Петроград, Москва комиссиялары. П.П.Лебедев. В.Н.Верховский. химиялық базалық білімі.
Дәрістің мазмұны:
Химия оқулықтары дамуына тарихи шолу.
Ең алғаш оқулық ретінде П.П. Лебедевтің «Рабочая книга по химии» атты оқулығы саналады. Бұл оқулыққа Совет үкіметінің бірінші жылдарында, аздаған баспамен шыққан қызықты методикалық идеялар енгізілген. Зерттеу арқылы оқыту бұл оқулықтың басты негізі. Басты бөлігін алуан түрлі зертханалық жұмыстардың методикасы құрастырды. Осылардың негізінде білім қалыптасқан, ал теориялық бөлігі көмекші ретінде берілген.
В.Н. Верховскидың химия курсына арналған жүйелі оқулығы «зат» ұғымы негізінде жазылған. Кейінгі жылдары біздің және шет мемлекет мұғалімдері көбінесе осы жүйелі оқулықтарды таңдап алуда.
Мектептегі оқулықтардың мәселелері педагогикалық әдебиетте мазмұны, гигиеналық сипаттамалары, негізгі құрылымдары, тәрбиелеу фунциялары және т.б. жағынын кең талқыланып жүр.
ХХ ғ. басында Жалпы білім беретін мекемелерде (учреждение) “Химия” пәні болған жоқ. Химиядан білу керек дегендердің барлығы “Физика курсында” кітабының беттеріне сыйды. (авторы А. Малинин, В. Красвича)
Кейбір әскери оқу орындарында химия кәсіптік пән ретінде қарастырылды. Оқыту 1901 – 1923 жылдары шыққан “Химияның қысқа курсы” бойынша жүргізілді (авторы Г. М. Григорьева). 1914 ж. бірінші Бүкіл Россиялық химия, физика оқытушыларының съезінде химияны жеке өз алдына бөлек пән ретінде барлық мектептерде оқыту керек деп белгіледі. Тек 1920 ж. Россияда білім беруді көтеру мәселесі қаралғанда (Еуропада, Америкада) химияны орта мектепте комплексті түрде және жүйелі түрде өткізу керек ағынды жақтаушылар арасында күрес жүрді. Комплексті түрде оқыту бағытында Н. К. Крупская, Т. лебедеев болса, Жүйелі түрде өткізу керек деген Петербургтік В. Н. Верховский, В. А. Жеглова, К. Я. Парменов және Л. М. Сморгонский болды. 1925-1926 оқу жылынан бастап 1931 ж. дейін комплексті жүйеде оқытылды. Химия сағатының саны аз болды. 1928-1929 жылдан В. Н. Верховский басқаруымен алғаш рет “Химиялық хрестоматия” оқулығы жарық көрді. Бұл тұңғыш қосымша арнаулы әдебиет болды.
Ең алғашқы оқулыққа 1926 жылы жарық көрген П. П. Лебедевтің “Химия жұмыс кітабы” жатады. Кеңес дәуірінің алғашқы кезеңінде бұл оқулық жаңа әдістемелік идеяға толы оқулық болды. Оқытудың негізіне зерттеу тәсілі алынды. Кітаптың дені алуан түрлі зертханалық тәжірибелердің сипаттамаларынан тұрып, сол тәжірибелер арқылы білімді қалыптастыру көзделген, ал теориялық бөлігі тек көмекші сипатта болды.
Жаңа заман оқулықтары.
Қазіргі таңда оқушыларды дамытып оқытуға арналған екі деңгейлі және үш деңгейлі оқулықтар жасау қолға алынуда.Ондай оқулықтар Л.С. Гузей, Р.П.Суровцева және В.С.Соровина, Л.А. Цветковтың, сондай – ақ Г.И.Шелинский мен Н.М.Юрованың оқулықтары жатады.Бұл оқулықтарда әрбір оқушыға арналған мәтінмен қоса, азат жолдың сол жағында бөліп көрсетілген химияны тереңдетіп оқытуға арналған материал баяндалған.Бұл мәтінді химияға айрықша қызығушылық танытатын оқушылар оқиды.
Ол материалдың мазмұны міндетті деңгейден әлдеқайда жоғары, осы мазмұны сәйкес тапсырмалар жүйесі де жіктеліп берілген.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар
Революцияға дейін химияны оқыту жағдайы.
Химияны комплексті түрде оқыту идеясын жақтаушылар. Кемшілігі.
Қай жылдар аралығында химия комплексті түрде оқытылды.
В.Н.Верховский бағдарламасының жетістіктері.
Қандай химия оқулықтарын білесің?
Прибальтика ғалымдарының химияға қосқан үлесі.
Пайдаланатын әдебиеттер
1. Становление и развитие учебный литературы по химии.
Научно методический журнал “Химия”. 2003 ж. №4. 35-41 беттер.
2. Нұғманов И. У. Қазақ тілінде химияның жаңа оқулықтарын жазу туралы.
Дәріс № 6
Тақырыбы: Химия оқулықтарына теория-әдістеметік талдау.. .Қарастырылатын сұрақтар:
1.Кеңес мектептерінде 1933-1953 жылдар аралығында пайдаланылған
В.Н.Верховскийдің тұңғыш тұрақты оқулығын талдау.
2. 1960жылдан қолданыста болған Ю.В.Ходаков оқулығын талдау.
3.Н.С, Ахметов, Л.М. Кузнезова, Т.С. Сатыбалдина, Г.Е. Рудзитис, Ф.Г. Фельдман
оқулықтарына шолу жасау.
Дәріс мақсаты: Профессор И.Нұғмановтың жетекшілігімен үш кезеңдегі үш химия оқулықтарына талдау жасап мазмұнын түсіну.
Дәрістің мазмұны:
Талдау химияның базалық ұғымдары, әрі қазіргі мемлекеттік стандарт мазмұнының негізгі бөліктері, «зат» және «химиялық реакция» ұғымдарын дамытудың теориялық деңгейлерін анықтау мақсатында жүргізілді. Ол үшін зат құрылымының үш деңгейі: элементар бөлшектер→атом→зат ескерілді. Түптеп келгенде, әр кезеңдегі оқулықтар өзінің бастуыш (алғашқы) курсында осы үш деңгейдін қайсысын негізге алғанымен ажыратылатын болып шықты.
В.Н.Верховскийдің "Бейорганикалық химия оқулығында" зат деңгейі бірінші орынға қойылады.Жеті тақырып бойына тек заттар оқылып, атом мен молекула туралы ұғым жетінші сыныптың соңында ғана еңгізіледі. 1960жылдан қолданыста болған Ю.В.Ходаков оқулығында зат деңгейі бірден атом-молекулалық деңгеймен алмастырылады. Н.С, Ахметов оқулығында атом құрлысын оқып үйрену екінші тақырыпқа көшіріліп, химияның бастауыш курсының негізіне айналды.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар
1. Кеңес мектептерінде 1933-1953 жылдар аралығында пайдаланылған В.Н.Верховскийдің "Бейорганикалық химия оқулығындағы" зат ұғымы қалай қарастырылады?
2. 1960жылдан қолданыста болған Ю.В.Ходаков оқулығында қандай өзгерістер бар?
3. Н.С, Ахметов, Л.М. Кузнезова, Т.С. Сатыбалдина, Г.Е. Рудзитис, Ф.Г. Фельдман оқулықтарының артықшылығы мен кемшілігі?
Пайдаланатын әдебиеттер
"Химия мектепте журналы" 1999 ж. №2. 3-6 бет
"Химия мектепте журналы" 2008 ж. №6. 21-30 бет
Дәріс № 7
Тақырып: Қазақ тіліндегі химиядан жаңа буын оқулықтар.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Қазақ тілінде жаңа оқулықтарды жазу туралы.
2. Химияның төл оқулықтары.
3. Жаңа буын оқулықтардың ерекшеліктері.
Дәріс мақсаты: Қазақ тіліндегі жаңа буын химия оқулықтарын даярлау және жазу жолын меңгеру.
Тірек сөздер: Химия оқулығын даярлау тұжырымдамасы, химиядан білім беру стандарты балама оқулық, базалық білім бағдарлы білім.
Дәрістің мазмұны:
Қазақ мектептері жетпіс жыл боыйына орыс тілінен аударылған химия оқулықтарын пайдаланып келді. Бұл оқулықтарда мазмұнды еркін беру жағына көңіл бөлінбей, жолма-жол аудармаға ұрынғанымыз да дәлелдеуді қажет етпейтіні шындық. Осы себептен автордың ойы білімді аңсаған шәкірттің санасына жетпей көңілін суытты, ынтасын мұқалтты, қайрат-жігерін жасытты.
Ендігі жерде тәуелсіз ел болып, тұңғыш төл оқулықтарымызды шығаратын күнге жеткенде олардың мазмұнын іріктеу ұстанымдарын анықтау – басты міндет. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін әлемдік тәжірибеге ден қойып, өз жүрген жолымызды мұқият талдаудан өткізуіміз керек. Орта мектептегі химия курсымазмұнын жетілдірудің басты бағыттарын анықтап, бүгінгі талапқа сай келетіндерін тауып, іске жаратқанымыз жөн.
Жоғарыда аталған Н.С.Ахметов оқулығынан басқа С.Т.Сатыбалдина, Р.А.Лидин, т.б. оқулықтарында орын алған. Төл оқулықтар шыққанша Г.Е.Рудзитис, Ф.Г.Фельдман оқулықтары қолданылды.
Ендігі жерде төл оқулықтардың мазмұнын іріктеу ұстанымдарын анықтап алу басты міндет болғандықтан, әлемдік тәжірибеге ден қойып, өз жүрген жолымызды мұқият талдау өткіздік. Химия оқулығының мазмұнын тарихи тенденцияларын анықтау арқылы химиялық орта білім стандарттарына сүйеніп, ана тіліндегі химия оқулықтарын жасаудағы өз жолымызды табуға ұмтылыс жасадық.
Қазақ тіліндегі жаңа буын химия оқулықтарын жазудағы басты ұстанымдар – білімді ізгілендіру, дифференциалдау, интеграциялау, гуманитарландыру және экологияландыру болды.
Ең алдымен, білім беру жүйесінде 1998 жылы алғашқы білім стандарты іске қосылып, барлық білім беру мекемелеріндегі берілетін білімнің мазмұнын реттеуге мүмкіндік берді, әрі Қазақстандағы білім саясатын жүзеге асыратын басты құжат болды. Оның негізінде барлық пәндердің, соның ішінде химияның жаңа оқу бағдарламасы дайындалды. Осы оқу бағдарламасына сәйкес еліміздің төл оқулықтары жазылды.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған (2000 ж.) «Химия пәні бағдарламасы (автролары И. Нұғыманов және т.б.) негізінде 9-сынып «Химия» оқулығы (авторлары И.Нұғыманов, Р.Жұмаділова, Ж. Кембебаев) жазылып, сынақтан өтті.
Ал 8-сынптың «Химия» оқулығы (авторлары И.Нұғыманов, Р.Жұмаділова) ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынуымен балама оқулық ретінде ұсынылды.
Жас жеткіншектердің жеке интеллектуалдық дамуын, танымдық қызығушылықтарын, жекелеген пәндерге бейімділіктерін ескеріп, мектептің жоғары сатысында химиядан білім беру төмендегідей бағдарлы бағдарламалар көмегімен іске асады:
Қоғамдық-гуманитарлық бағдарлы бағдарлама – 10-11 сыныптарда, аптасына 1 сағаттан.
2 Жаратылыстану – математикалық бағдарлы бағдарлама – 10-11 сыныптарда 3 сағаттан
.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар
Қазақ тіліндегі жаңа буын оқулықтарын жазудағы басты ұстанымдарды ата?
Химиядан жаңа буын оқулықтар кешенін даярлау ісімен айналысқан ғалымдар?
Мектептің 8-9 сыныптарында және жоғары сатыларында химияны оқулықтарының авторлары?
Балама және төл оқулықтарының авторлары?
Пайдаланатын әдебиеттер
1. И. Нұғманұлы «Химияның жаңа буын оқулықтары» // Г.Б.Х.
1986 №6 13-16 бет.
2. Р. Жұмаділова «Жаңа буын оқулықтарының ерекшеліетері» Білім, образование 2003 ж. №2 28-31 бет.
3. Р. Жұмаділова "Жаңа буын оқулықтар кешені", "Химия мектепте"
журналы 2008 ж.№6. 21-30 бет
Достарыңызбен бөлісу: |