1. Соловьев Ю. И. История химии.– М.: Просвещение, 1983, 1976.
1- бөлім, V – тарау, 92- 96 беттер.
2. Фигуровский Н.А. История химии.– М.: Просвещение, 1979.
І –тарау, 58 -59 беттер.
Дәріс № 6
Тақырып: Атом- молекулалық ілімнің тууы және нақтылануы
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Джон Дальтон және оның атомистикалық теориясы.
2. «Новая система химической философии» еңбегі.
Дәріс мақсаты: Джон Дальтонның атом теориясының негіздерін, еселік қатынас
заңын түсіну.
Тірек сөздер: Джон Дальтон, еселік қатынас заңы. И.Я. Берцеллиус, химиялық таңба.
Дәрістің мазмұны:
Атом-молекулалық ілімге реформа жасалып, оның негізгі түсініктері бір ізге түсуі керек еді. Бұл реформаны француз жас ғалымдары О.Лоран (1807-1853) мен Шарль Жерар (1816-1856) бастап, итальян ғалымы С.Каницарро (1826-1910) аяқтады. Авогадро көзқарасын дамытып, жаңғыртушы Лоран мен Жерар дуалистік системаға қарсы болып, унитарлық система ұсынды. Бұл көзқарас бойынша жай және күрделі денелер унитарлы системадан – біртұтас молекуладан құралады. Молекула атомнан тұрады. Атом бөлінбейді, жеке түрінде кездеспейді. Молекула ең кемі екі атомнан тұрады.Химиялық әрекеттесулер кезінде молекула құрамындағы атомдар алмасады.Жай зат молекуласы атомдары біртекті, күрделі зат молекуласының атомдары әртекті. Атомдық салмақты дәл анықтау үшін заттың молекулалық салмағын білу керек.
Ш.Жерар газдардың тығыздығы бойынша молекулалық салмағын тапты, оларға қарап кейбір атомдардың салмағын түзетті. Химиялық формулаларды бір ізге келтіруге тырысты.Бұрын қате табылған H2Cl2, P2Cl10, KO, NaCl2 тәрізді формулаларды HCl, PCl5, K2O, NaCl деп түзетті.Дуалистік теорияның өкілдерінен қуғын көрген Лоран мен Жерар бастаған істерін аяқтамай дүние салды. Атомдық реформаны аяғына дейін жеткізу итальян ғалымы С.Каницарроның үлесіне тиді. Атомдық салмақты анықтаудың Каницарро әдісі деп аталған жаңа әдісін тапты.
Бор, титан, кремний, цирконий, алюминий, хром т.б. элементтердің атомдық салмақтарын дұрыстайды. Химияға атомдылық деген атпен Валенттілік түсінігі енді. Валенттілік жайлы 1852 жылы Э. Франкланд айтқан. Әрі қарай валенттілікпен айналысқан Кекуле болды. Ол көміртегінің 4 валентті екенін анықтады. Дегенмен атом-молекулалық ілімнің негізгі қағидаларын көпшілік мойындаған жоқ. Нәтижесінде ғалымдар бірін-бірі түсінбейтін дәрежеге жетті.
Сондықтан химияның негізгі түсініктерін бір ізге келтіру үшін 1860 жылы Германияның Карлсруэ қаласында химиктердің Халықаралық І съезі шақырылды. Атом –молекулалық ілім химияның теориялық ірге тасына айналды.Халықаралық химиялық тіл жасалды.Химиялық таңба, формуламен бірге химиялық теңдеулер шықты. Алайда атом-молекула түсініктері туралы сұрақтарды талдағанда ғалымдар қарама-қарсы көзқарасты қолдайтын екі топқа бөлінді. Идеалист ғалымдар атом-молекулалардың бар екеніне сенбей, олардың массасын анықтау мүмкін емес деді. Каницарро бастаған материалист ғалымдар Авогадроның пікірін қолдады. Бұл пікірталас нәтижесінде съезде химияның іргелі ұғымдары – атом, молекула, эквивалент түсініктеріне анықтама берілді. 1960 жылы Оттава қаласында болған
Физиктердің съезінде және 1861 жылы Монреаль қаласында өткен Химиктердің халықаралық съезінде салыстырмалы атомдық массалардың бірыңғай жаңа шкаласы – атомдық массалардың көміртектік шкаласы қабылданды
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар
Химия ғылымы дамуына Джон Дальтон қандай үлес қосты?
Джон Дальтонның қандай еңбегін білесің?
Алғашқы атомдық салмақтар кестесін жасаған кім?
Джон Дальтонның атомдық теориясының негізгі қағидалары?
Пайдаланатын әдебиеттер
1. Соловьев Ю. И. История химии.– М.: Просвещение, 1983, 1976.
ІІ- бөлім, VІІ – тарау, 122 беттер.
2. Фигуровский Н.А. История химии.– М.: Просвещение, 1979.
VІІІ –тарау, 76- 81 беттер.
3. Азимов А. Краткая история химии. Москва «Мир», 1983.
V – тарау, 55 - 57 беттер.
Дәріс № 7
Тақырып: И.Я. Берцеллиус және химиялық атомистиканың дамуы.
Қарастырылатын сұрақтар:
И.Я. Берцеллиустың атомистиканың негізгі қағидалары.
Дәріс мақсаты: Химиялық символика атомдық салмақтар есептеу, үлгілерімен,
электрохимиялық теориясымен танысу.
Тірек сөздер: Дуализм, И.Я. Берцеллиус.
Дәрістің мазмұны:
Я.Берцеллиус атомдардың бір-бірімен қосылу себебін түсіндіру үшін электрохимиялық теория ұсынды. Бұл теория бойынша кейбір атомдардың оң зарядты полюсі, екіншілердің теріс полюсі бар. Қарама-қарсы полюстегі атомдар бір-біріне тартылып, химялық қосылыс береді. Полюсі бірдей атомдар бір-бірінен тебіледі, яғни бір элемент атомдары өзара біріге алмайды. Осы көзқарасқа сәйкес сутегі, оттегі, азот т.б. газдар бір атомнан тұрады, судың түзілуін былай түсіндіреді.
Н + О = Н О
1 көлем 1 көлем 1 көлем
Алайда француз химигі Гей-Люссак тәжірибелерінің нәтижесі бұл пікірге қайшы келді.
Сутегі мен оттегінің қоспасы эвдиометрде қопарылғанда сутегінің екі көлемі мен оттегінің бір көлемі қосылып, екі көлем су буы алынады.
Гей-Люссак тәжірибелерінің мәнісін итальян ғалымы А.Авагадро түсіндіреді.Ол 1811 жылы химияға молекула түсінігін қайта енгізді. Авагадро гипотезасы (ғылыми жорамалы) бойынша заттар молекуладан тұрады.Молекула атомдардан түзіледі. Сутегі, оттегі, азот тәрізді жай заттардың молекуласы екі атомнан тұрады. Бірдей жағдайда газдардың бірдей көлеміндегі молекулалар саны бірдей болады. Молекулалық гипотеза су буының түзілуін оңай түсіндірді.
2 Н2 + О2 → 2 Н2О
2 көлем 1 көлем 2 көлем
Авагадро гипотезасы газдар арасындағы реакцияны зеттеуден тапқан Гей-Люссактың көлем қатынас заңының мәнін толық ашып берді.Дегенмен, бұл гипотеза дер кезінде ғылымға енбей, атом-молекулалық ілім 50 жыл адасып жүрді.Бұған себеп Берцеллиустың Электрохимиялық теориясының қайшы келуі.Якоб Берцеллиус (1779-1848) өз тұсындағы ең көрнекті ғалымдардың бірі.Ол сандық және сапалқы анализді жетілдіріп, церий (1803), селен (1817), кремний (1824), цирконий (1824), тантал, ванадий (1830) элементтерін ашты. Берцеллиус жасаған таңбаларды пайдаланып, химиялық формулаларды жазды. Я.Берцеллиус оксидтерде оттегі саны бірдей болу керек деп, металлдар оксидтерінің құрамын бірдей формулалармен белгілеуді ұсынды.
NaO2, CaO2, AgO2.
Атом, атомдық салмақ, эквивалент, молекула түсініктерін әркім өзінше ұғынды, өзінше пайдаланды. Сондықтан химия кітаптарында ең жиі кездесетін зат судың формуласы төрт түрлі жазылып жүрді: Н2О, НО, Н4О2, Н2О2. Сірке қышқылының құрамы да төрт формуламен С4Н4О4, С8Н8О4 , С2Н4О2, С2Н4О кескінделді. Мұның қайсысы дұрыс екенін ешкім айта алмады.Берцеллиус екі элементтен түзілген қосылысты бірінші реттік, ал олардың қосылуынан алынған затты екінші реттік деп атады.
Бірінші реттік қосылыс формуласын жазғанда атомдардың алдына қосу белгісін қойды, ал атом санын таңба алдына цифрмен белгіледі:
2С + 2О
Кейін қосу таңбасын алып тастап, атом санын таңбаның үстінгі оң жағына қойды СО2
1834 жылы Ю.Либих атом санының таңбасының астыңғы оң жағына қоюды ұсынды:
CO2
Берцеллиустың келесі көзқарасы әр қосылыс қарама қарсы зарядталған екі бөліктен тұратыны жайлы дуалистік системасына негізделген.
Сондықтан 1813 жылы швед ғалымы Якоб Берцеллиус (1779 -1848) дөңгелектер орнына әріптен құралған химиялық таңбалар ұсынды. Бұл таңбалар элементтің латынша атының бір немесе екі әріптен тұрады.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар
И.Я. Берцеллиус химиялық элементті таңбалау символы ретінде нені қабылдады?
И.Я. Берцеллиус күрделі зат құрамын қалай белгіледі?
И.Я. Берцеллиус атомистикасының негізгі қағидаларын ата.
И.Я. Берцеллиустың электрохимиялық теориясын қалай түсінесің?
Пайдаланатын әдебиеттер
1. Соловьев Ю. И. История химии.– М.: Просвещение, 1983, 1976.
ІІ- бөлім, VІІ – тарау, 132 -136 беттер.
2. Фигуровский Н.А. История химии.– М.: Просвещение, 1979.
VІІІ –тарау, 90-92, 94 -95 беттер.
3. Крицман В.А. Книга для чтения по неорганической химии, 1983.
Дәріс № 8
Тақырыбы: Органикалық химияның пайда болуы және қалыптасуы.
Дәріс мақсаты: Органикалық химияның даму тарихының А.М. Бутлеровтың құрылыс теориясына дейінгі кезеңіне шолу.
Қарастырылатын сұрақтар:
Органикалық химияның даму тарихының кезеңдері.
Органикалық заттар ұғымдарын түсіндіретін теориялар.
Тірек сөздер: Органикалық заттар, витализм, изомерия, радикалдар теориясы типтер
теориясы.
Дәрістің мазмұны:
ХVІІІ ғасырда органикалық заттар деген ұғым пайда болды. Оны 1807 жылы Я. Берцеллиус ұсынды. Вталистік ілім, оның күйреуі.
Заттардың құрылысын зерттеудегі органикалық химияның даму тарихын төмендегі кезеңдерге бөлуге болады.
Органикалық заттардың құрылыс теориясына дейінгі (ХІХ ғ. 30-40 жылдар аралығы)
Заттардың құрылыс теориясы және стереохимия туралы классикалық теориясының дәуірі (ХІХ ғ. 40- 60 жылдар аралығы)
Заттар құрылысы туралы электрондық және квант - механикалық қөзқарастың қалыптасқан кезі. (ХІХ ғ. 60 жылдарынан бастап, бүгінгі күнге дейін)
Ең алғаш органикалық заттар алынып, құрамы зерттелді, изомерия құбылысы ашылды.
Органикалық заттар жөнінде ұғымдарды түсіндіретін теория қажет болды.
Күрделі радикалдар теориясы.
1.Органикалық заттар құрамына кіретін күрделі радикалдар туралы түсінік пайда болды.
(Либих, Ф. Велер)
2. Орынбасу теориясы. (Ж.Б. Дюма, Лоран)
3. Көп негізді қышқылдар құрылысы теориясы.
4. Типтер теориясы. (Ш. Жерар).
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар
«Органикалық заттар» ұғымын енгізген кім?
«Витализм» ілімін қалай түсінесің?
Органикалық химия даму тарихының кезеңдерін ата.
Радикалдар теориясының тұжырымдамаларын оқы.
Орынбасу теориясын түсіндір.
Типтердің унитарлы теориясын түсіндір.
Пайдаланатын әдебиеттер
1. Соловьев Ю. И. История химии.– М.: Просвещение, 1983, 1976.
ІІ- бөлім, ІХ – тарау, 154 - 187 беттер.
2. Фигуровский Н.А. История химии.– М.: Просвещение, 1979.
ХІ –тарау, 96- 138 беттер.
3. Азимов А. Краткая история химии. Москва «Мир», 1983.
VІІ – тарау, 78-81 беттер
4. М.И. Ибраев, К.А. Сарманова Органикалық химия негіздері. А. «Рауан»
1990. 3-9 беттер.
Дәріс №9
Тақырыбы: Химиялық құрылыс теориясы.
Дәріс мақсаты: Химиялық құрылыс теориясының алғы шарттары мен қағидаларының
мәнін ашу.
Қарастырылатын сұрақтар:
Құрылыс теориясының алғы шарттары.
Бутлеровтың құрылыс теориясы.
Изомерия.
Молекуладағы атомдардың өзара әсері.
Тірек сөздер: А. Кекуле, химиялық құрылыс, изомерия, таутомерия.
Дәрістің мазмұны:
ХІХ ғасырдың 40-50 жылдарында бүкіл химия ғылымы тарихи үлкен дағдарысқа ұшырады – ғылым дамуын өте тежеуілдетіп алды. Оған себеп болған сол кездегі химия ғылымындағы өзара түсініспеушілік, бір нәрсеге әртүрлі қөзқараспен қарау еді.
Александр Михайлович Бутлеров (1828-1886) органикалық заттардың химиялық құрылыс теориясын 1861 жылы ұсынды. Теорияны ол атомистикалық принцип тұрғысынан мазмұндады. Бұл кезде атом – молекулалық ілім гипотезадан теорияға айналған еді. 1860 жылы Карлсруэде өткен химиктердің халықаралық конгресінде атом, молекула, валенттілік деген сияқты ұғымдарға жалпы келісім жасалып, нақты түсініктер берілді.
А.М. Бутлеров өз теориясында радикалдар және типтер теорияларының барлық алдыңғы қатарлы жетістіктерін дұрыс пайдалана білді.
«Химиялық құрылыс» дегенде А.М. Бутлеров заттар молекулаларындағы атомдардың өзара байланысыу тәртібін түсінді және оның химиялық реакциялар жүргізу арқылы анықтауға, сөйтіп, әрбір зат үшін оның құрылыс формуласын жазуға болады деп көрсетті. Ондай формула зат үшін тек біреу ғана болуға тиіс екенін айтты.
Изомерия ұғымына түсінік беру құрылыс теориясы үшін үлкен сынақ еді. Ол одан сүрінбей өтті. Құрылыс теориясында болжау ғана жасалған изобутан, изобутилен, изомайқышқылы, үшінші реттік спирттер және т.б. көптеген заттар синтезделіп алынды. Бұл жағдай заттардың химиялық құрлыс теориясының дұрыстығына көзді әбден жеткізді.
Құрылыс теориясының қағидаларына сүйеніп Бутлеров Э.Эрленмейердің – қанықпаған қосылыстарда көміртегі атомдарының арасында қос байланыс болуға тиіс,- деген болжауының дұрыс екенін этиленнің формуласын тәжірибелер арқылы анықтауда дәлелдеп берді.
Химиялық құрылыс теориясы, қос байланыс туралы ұғымның тууы, А. Кекуленің ароматты қосылыстардың құрылысын жасап, сипаттауына мүмкіндік берді.
А.М. Бутлеров өзінін теориялық орныққан пікірлерін 1864-1866 жылдары басылып шыққан: «Органикалық химияның толық оқытуына кіріспе» деген кітабына кіргізді. Бұл органикалық химияның талаптарына сай жазылған тұңғыш оқулық еді
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар
Метан типін кім ұсынды?
А.Купердің органикалық химияға қосқан үлесі.
В.В. Марковниковтің органикалық химияға қосқан үлесі.
Эрленмейердің органикалық химияға қосқан үлесі.
Химиялық құрылыс теориясын оқы.
Пайдаланатын әдебиеттер
1. Соловьев Ю. И. История химии.– М.: Просвещение, 1983, 1976.
ІІ- бөлім, ІХ – тарау, 188-203 беттер.
2. Фигуровский Н.А. История химии.– М.: Просвещение, 1979.
ХVІІ –тарау, 138-148 беттер.
3. М.И. Ибраев, К.А. Сарманова Органикалық химия негіздері. А. «Рауан»
1990. 12-16 беттер.
Дәріс № 10
Тақырыбы: Аналитикалық химияның дамуы.
Қарастырылатын сұрақтар:
Дәріс мақсаты: Химияның іргелі ғылымдарының бірі - аналитикалық химияның даму
тарихымен танысу.
ХІХ ғасыр басындағы аналитикалық химия.
Спектральды анализдің ашылуы.
Тірек сөздер: тұздар анализі, аналитикалық таразы, фильтр, спектральды анализ
Дәрістің мазмұны:
ХІХ ғасырда алғашқы айларында сапалық анализ дами бастады. В.А. Лашпадиус «Руководство по химическому анализу минеральных гел» и Г.Розе «Руководство по аналитической химии».
ХІХ ғасыр ортасында К.Ф. Резениустың «Руководство к качественному химическому анализу» кітабы бірнеше рет орыс тіліне аударылды. ХІХ ғасырдың алғашқы айларында сандық анализден салмақтық әдіс кеңінен қолданылды. Онда тұнбаны тұндыру, тұнбаны бөлу, құрғату күйдіру әдістері дамыды.
1823 жылы алғашқы аналитикалық таразы өндірілді. Талдауда фильтрлеуші материал қолданылды. «Фильтр» деген немістің «войлок» деген сөзін білдіреді. Алхимикпен иатрохимиктер войлок арқылы фильтрлесе ХVІІІ ғасырдан бастап қағаз күлсіз фильтр қағазы 1883 жылы практикаға қолданылды. ХІХ ғасырда титрлеу анализі қолданылды. Онда ерітіндіні, индикатор, өлшеуіш ыдыстар пайдаланылды. Титрлеу анализінің негізін салған Гей –Люссак көлемдік анализдің дамуы Ф.Мор үлес қосты. Қазір де сол Мор есімді ыдыс, құрал бар (Мор пипеткасы, Мор қысқыш, Мор тұзы, Мор таразысы). Оның оқулықтарда титрлеу анализі жасалады.
Спектральды анализдің ашылуы . 1666 жылы И. Ньютон күн спектрін зерттеген болатын. 1859 жылы Кирхгофф пен Р. Бунзен спектральды анализ жасады. Ағылшын химигі У. Крукс 1861 спектральды әдіспен талийды ашты. 1863 жылы неміс металлугі өзінің ассистенті спектральды әдіспен екеуі Рихтер индийді ашты.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар
ХІХ ғасыр басында сапалық анализ жүргізген химиктер және олардың еңбектерін ата.
Фильтр сөзінің шығу, мағынасы қандай?
Көлемдік анализге үлес қосқан ғалым?
Күн спектрін алғаш зерттеген ғалым.
Пайдаланатын әдебиеттер
1. Фигуровский Н.А. История химии.– М.: Просвещение, 1979.
ХVІІІ –тарау, 112- 115 беттер.
Дәріс № 11
Тақырыбы: Физикалық химияның дамуы.
Дәріс мақсаты: Студенттердің химияның іргелі ғылымдарының бірі – физикалық химия теорияларының даму тарихы мен таныстыру.
Қарастырылатын сұрақтар:
Достарыңызбен бөлісу: |