Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



жүктеу 1,11 Mb.
Pdf просмотр
бет15/39
Дата22.05.2018
өлшемі1,11 Mb.
#15758
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39

32

пирамида,  дөңгелек  денелер:  цилиндр,  конус, қиық конус, шар) және  олардың

қасиеттерін; кеңістіктегі  геометриялық фигуралардың  өзара  орналасуын;

кеңістіктік  фигуралардың теңдігін;  геометриялық шамаларды (кеңістіктегі

бұрыштар  мен қашықтықтарды,  геометриялық денелердің бүйір  және  толық

беттерін, көлемдерін) өлшеуді; кеңістіктік денелер мен бөліктердің көлемдерін

есептеудің әртүрлі әдістерін; параллель проекциялаудың қасиеттерін, параллель

проекциялаудағы  жазық

фигуралардың  (үшбұрыштар,  параллелограмдар,

трапециялар,  кейбір  дұрыс  көпбұрыштар)  және  кеңістіктік  фигуралардың

(призмалар,  пирамидалар,

қиық


пирамидалар)  кескіндерін;

кеңістіктік

фигуралардың

жазық  қималарын

кескіндеуді,

көпжақтар  мен  айналу

денелерінің және  олардың жазықтықпен қимасының кескіндерін  салуды;

геометриялық шамалардың экстремалды  мәндерін  табуға  арналған  есептерді;

геометриялық фигуралардың комбинациясына  арналған  есептерді; кеңістіктегі

векторлық-координаталық 

әдісті: 

нүктелер 

мен 

векторлардың



координаталарын;  кесіндінің ортасының координаталарын;  координаталары

берілген векторлардың скалярлық көбейтіндісін; екі нүктенің ара қашықтығын;

екінші 

және


үшінші 

ретті 


анықтауыштарды, 

олардың 


қасиеттерін;

векторлардың векторлық және аралас көбейтінділерін, олардың қасиеттері мен

геометриялық

мағынасын;

кеңістіктік 

геометриялық

фигуралардың

теңдеулермен және теңсіздіктермен берілуін; жазықтықтың теңдеуін; кеңістікте

жазықтықтың  әртүрлі  берілу  тәсілдерін,  кеңістіктегі  түзудің теңдеулерін;

сфераның теңдеуін оқып біледі.

Сонымен

қатар,  оқушылар  призмаға,  пирамидаға  және  кеңістіктік



денелерге  арналған өлшеу (метрикалық) есептерді  шешуді, геометриялық

денелердің комбинациясына  берілген  есептерді,  геометриялық шамаларды

өлшеуге берілген  есептерді  шешуде  алгебраның, тригонометрияның және

математикалық

анализдің 

әдістерін

қолдануды;

қоршаған


әлемдегі

көпжақтарды  және  дөңгелек  денелерді; практикалық мазмұнды  есептерді

шешуді игереді.

12 жылдық мектептің  11-12  сыныптарында  «Геометрия»  пәнін  оқыған

кезде,  жоғары  оқу  орындарында оқуды  жалғастыруға  дайындық мақсатында

оқу бағдарына сәйкес геометрияның барлық курсын қайталауға уақыт бөлінеді.

Жаратылыстану-математикалық бағытта геометрияны оқытудағы күтілетін

нәтижелер  келесі құзыреттіліктердің  қалыптасу  деңгейлеріне  сәйкес  болуы

керек [33, 34, 35, 36]:

Оқу-танымдық  құзыреттілік: танымдық есептерді

құрастыру  және

шешуі; проблемалық жағдайларды  шешуі; өздігінен танымдық іс-әрекетке

дайын 


болуы;

дедукциялық

пайымдаулар 

жүргізе 


білуі;

кеңістіктік

фигураларды  елестете  және  кескіндей  білуі; алған  теориялық білімдерді

шынайы жағдайда қолдана білуі.



Ақпараттық құзыреттілік: қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық

технологиялардың көмегімен  ақпараттарды  табу,  талдай  және  іріктей білуі;

алған  ақпаратты құрылымдай  және  жүйелей  білуі; сыни  байыпты  ақпарат

негізінде саналы шешім қабылдауға даяр болуы; ғылымдар негізі және ғылыми

жетістіктердің  қолданылу  аймақтары  бойынша  білім  жүйесін  меңгеруі;



33

ақпаратты өздігінен  талдау, өңдеу,  іріктеу,  жүйелеу,  түрлендіру,  сақтау,

тасымалдау  және  оқу қызметінде  пайдалану әрекеттерін  білуі; танып  білу,

модельдеу, құрастыру әдістерін  меңгеруі; оқу қызметі үдерісінде өңделген

ақпаратты қолдана білуі.

Коммуникативтік құзыреттілік: есептерді  шешу  және  оқу материалын

игеру үшін ауызша және жазбаша қатысымның әртүрлі жолдарын пайдалануы;

қатысымдық мәселелерді  шешуде  ақпараттарды  алмастыра  білу  дағдысын

меңгеруі; ортақ нәтижеге қол  жеткізу үшін  топпен  жұмыс  істеу  дағдысын

меңгеруі; әдептілік нормаларына  сәйкес өз  көзқарасы  мен  ойын  көрсетіп,

жеткізе білуі; оқудағы және күнделікті өмірдегі мәселелерді шешу үшін ауызша

және  жазбаша қатысымның  әртүрлі  тіл құралдарын  пайдалана  білуі; оқу  және

әлеуметтік мәдени қарым-қатынас жағдайларында өнімді әрекеттесуді  жүзеге

асыра  білуі; қатысымдық іс-әрекеттерде өзінің қатысуын бағалай  білуі  және

осының негізінде өзіндік түзетулер жасай білуі;



Жекелей өзін-өзі жетілдіру құзыреттілігі: эмоциялық  өзін-өзі басқару

және өзін-өзі ұстау тәсілдерін  меңгеруі; өз мүмкіндіктерінің негізінде өзінің

қызығушылығына қарай іс-әрекеттің тәсілдерін  меңгеруі; жеке  тазалықтың

ережелерін  сақтауы  және өз  денсаулығын  күтуі; өзінің істері  мен әрекеттері

үшін мақсаттық және  мағыналық  қойылымдарды  таңдай  білуі; пайда  болған

жағдайларда дұрыс шешімдер қабылдай білу қабілетінің болуы; салауатты өмір

салтын  жүргізуі  және үгіттеуі; өзінің жеке құндылық сезімін  және өз  елінің

азаматының құндылық сезімін көрсете білуі; өздігінен білім алу, өз мүмкіндігін

іске асыру, жасампаз еңбектену қабілетінің болуы; адамның физикалық, рухани

және интеллектуалды өзін-өзі дамыту қабілетінің болуы;



Азаматтық құзыреттілік: қоршаған әлемді дұрыс қабылдай білуі, жоғары

этикалық құндылықтар, азаматтық және патриоттық негізінде қоғамның саналы

өмірінде өз орнын  таба  білуі; Қазақстан Республикасының Конституциясына,

мемлекеттік  рәміздерге,  мемлекеттік  тілге құрмет  көрсетуі,  заңдарды  және

құқықтық тәртіптерді сақтауы.

Әлеуметтік құзыреттілік: жалпы адамзаттық мәдени жетістіктері, ұлттық

ерекшеліктері,  этномәдениеттік құбылыстар  мен  жеке,  отбасылық және

әлеуметтік өмір салттары  негізінде  танып  білу  мен  іс-әрекет тәжірибесін

иеленуі; қазақ халқының және Қазақстанда өмір  сүріп  жатқан  басқа  да

ұлыстардың

тарихына, 

мәдениетіне, 

салт-дәстүріне 

және 

басқа


құндылықтарына құрметпен қарауы; әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс

бағалай  алуы, қоғамға  жат құбылыстарға,  идеологиялық, діни  ағымдарға  және

заңды бұзушылық әрекетке қарсы тұра білуі.

Басқарушылық 

құзыреттілігі:

жоспарлаудың

және 

іс-әрекеттерді



ұйымдастырудың нақтылы болашағымен өз мүмкіндіктерін ұштастыра білуі;

әртүрлі өмірлік жағдайларда  дұрыс  шешім қабылдай  білуі; баламалы



мүмкіндіктермен  салыстырмалы  түрде  таңдап  алған  шешімді  негіздей  білуі;

аналитикалық және жаңашыл ойлауға ие болуы, жаңашыл қызметке ұмтылуы.



Технологиялық  құзыреттілік: таңдап  алған  оқу  бағдарының  (жалпы  орта

білім  беру  деңгейінде)  аясындағы өндірістік қызметінде  пайдаланылатын

негізгі  технологиялардың жалпы  сипаттамаларын  білуі; оқу қызметінің



жүктеу 1,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау