29
Жаратылыстану-математикалық бағытында оқитын оқушылардың оқу
белсенділігін арттыру мен жекелей оқытуды іске асыруда компьютердің рөлін
ескере
отырып,
қазіргі
заманғы
ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдалану математиканы оқытудың тиімділігін арттырады.
Ол бір жағынан, мектеп оқушыларына компьютерлік технологияларды табысты
игеруіне мүмкіндік жасайды, яғни ақпараттық құзыреттілігі қалыптасады;
екінші жағынан, нақты ойлауға үйретеді, яғни танымдық, маман алдында
тұрған мәселелерді қалыптастыру қабілеті лингвистке де, экономистке де,
заңгерге де қажет, оған тек математика ғана оқыта алады.
Оқыту тәжірибесі көрсеткендей, математика сабақтарында оқушылардың
танымдық іс-әрекетін білікті басқару, сабақтың әр кезеңінде түрлі мазмұнды
жұмыстар ұйымдастыру (дидактикалық ойындар, шағын өзіндік жұмыстар,
математикалық диктанттар және т.б.) оң нәтижелерге жетуге ықпал жасайды.
Жаңа білімді игеру кезінде барлық оқушылардың деңгейлік есептерді
өздігінен шығаруы, тіректік білімді өзектендіру мақсатымен практикалық
мағынасы бар өздік жұмыстарды орындауы, танымдық ізденімпаздықты
қалыптастыратын болжаулар тұжырымдауға үйрету, олардың шығармашылық
белсенділігін арттырады.
Жаңа білімді енгізу кезеңінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін
арттыру ұғымдардың анықтамаларын, ережелерді, заңдарды, қасиеттерді
айқындауға жақсы жәрдемші болатын шығармашылық
тапсырмаларды
орындау арқылы жүзеге асырылады.
Алынған білім мен білікті тиянақтау кезінде түрлі мазмұнды танымдық
есептер шығарылып, вариативтік және шығармашылық өздік жұмыстар
орындалады.
Оқушылардың математикадан өздігінен жұмыс істеу қабілеті мен пәнге
деген тұрақты қызығушылығын арттыру, шығармашылығын дамыту, оқу
қызметінің мәдениетін қалыптастыру, жекелей жұмыс істеуді ұйымдастыру
үшін электрондық оқулықтарды, электрондық оқу басылымдарын, электрондық
оқу құралдарын, электрондық оқыту бағдарламаларын қолданудың маңызы зор.
Бүгінгі күнде республикалық ұлттық ақпараттандыру орталығында жоғары
сыныптарға арнап
әзірлеген
«Математика» электрондық
оқулықтарын
оқушылардың математикалық білімдерін жетілдіруге тиімді пайдалануға
болады.
Сонымен қатар, математика сабағында сандық есептерді шығару кезінде
есептеулер жүргізу үшін микрокалькуляторлар немесе арнайы бағдарламалық
пакеттері де жиі қолдануға болады. Қазіргі уақытта лицензиялық коммерциялы
пакеттерді айырбастайтын тегін таратылымды бағдарламалар бар. Мысалы,
математикадан
функциялардың
графиктерін
салу,
есептеулер
жасау
мәселелерін шешуде қолданылатын дайын түрдегі арнайы бағдарламалық
пакеттер бар: Veusz – Scidavis, OpenDX, Gretl (Gnu Regression, Econometrics and
Time-series Library), MayaVi, Zhu3D, GnuPlot, Extrema (Physica), RLPlot, Fityk
және Advanced Grapher, 3D SecBuilder, Mathematika, Excel және т.б. Мəселен,
ондай бағдарламаны
қолданып математикалық есептерді
оңай шешуге,
суреттерді салуға болады [38]. Бірақ оларды шектен тыс қолдана беруге де