56
оқу және практикалық міндеттерді шығармашылық тұрғыда шешу; әр
түрлі шығармашылық
жұмыстарды
өз бетінше орындау; жобалық
іс-
әрекеттерге қатысу;
танымдық міндеттерді шешу үшін ақпараттың әр түрлі көздерін, яғни,
энциклопедияларды, сөздіктерді, Интернет-қорларын
және тағы басқа
мәліметтер базасын пайдалану;
оқу іс-әрекеттерін өз бетінше ұйымдастыру. Қоршаған ортада мінез-
құлық нормаларын, салауатты өмір салтының ережелерін сақтау;
өз
іс-әрекетін
адамгершілік,
құқықтық
нормалар,
эстетикалық
құндылықтар тұрғысынан бағалау.
Биологиялық
білім берудің
мақсаттарына жету дамыта оқытудың
идеологиясына, іс-әрекеттік амалдардың әдіснамасына сәйкес, білім беруді
оқушының тұлғасын қалыптастыруға, олардың ойлау тәсілдерін және іс-
әрекеттің
әртүрін
меңгеру аясына айналдыратын тұлғалық
бағдарлы
педагогикаға сәйкес адекваттық әдістермен және ұйымдастыру формаларымен
іске асырылады. Мектептің білім беру бағдарламаларын іске асыру жағдайында
оқушылар
ғылыми
танымдық
әдістердің
негізін
игеруі
үшін
оқу
эксперименттік, бақылау, зерттеу, проблемалық әдістерді, оқытудың сан алуан
белсенді әдістерін кеңінен қолдану қажеттігін көрсетеді. Биология ғылымының
негізін оқыту тірі нысандар жөніндегі бейнелік түсінікті қалыптастыратын және
және деңгейде жобалауды және талдауды көздейді.
Биологияны оқытуда білім беру процесінің сипатын анықтайтын жетекші
идеялар, іс-әрекеттер мен талаптардың ережелері – оқыту принциптері жүзеге
асырылуы тиіс. Олар мазмұнды құрастыру мен оқытуды ұйымдастырудың
бағдары болады. Олардың
ішінде жалпыпедагогикалық (дидактикалық)
принциптер: ғылымилық және қол жетімділік; оқудың, тәрбие мен дамудың
бірлігі; көрнекіліктер, оқудың өмірмен байланысы; жүйелілік және бірізділік,
жүйелік,
негізділік,
теория
мен
практиканың
бірлігі;
вариативтілік,
адамгершілік, интеграция және саралау.
Ерекше әдістемелік-биологиялық принциптерге мынадай принциптер
жатады: тірі табиғат процестері мен құбылыстардың себептілігі, тарихилығы;
табиғи көрнекіліктердің тиімділігі; табиғатқа ену; тірі заттардың бірлігі; табиғи
құбылыстардың мерзімділігі; өлкетану (отантану); экологияландыру және
табиғатты
қорғаушылық;
табиғи
сәйкестілік;
негізділік;
мазмұнның
сабақтастығы және оны курстан курсқа дамыту [41].
Биологияны оқытуда сонымен қатар, жалпы әдіснамалық принциптер
пайдаланылады: өзара байланыс пен өзара себептік; табиғатты және оның
қоғаммен өзара әрекетін тұтастай тану; нақты әлемнің материалдылығы және
танымалдылығы; қоғамдық даму заңдарына қатысты табиғат заңдарының
алғашқы болуы.
Көптеген педагогикалық
зерттеулерге сүйене отырып, биологияны
оқытудың отандық мектепте тарихи қалыптасқан сан алуан түрлері мен
типтерін сипаттауға болады: сократтық,
догматикалық,
дамыта оқыту,
түсіндірмелі-иллюстративті, проблемалық, бағдарламалық және модульдік.
57
Оқытудың тарихи қалыптасқан алғашқы түрі – сократтық – ежелгі грек
философы Сократтың атымен аталған.
Оқыту процесі ақиқатты іздеуге арналған сұрақтардың
көмегімен
жүргізілді. Догматикалық оқыту – мұғалімнің аузынан шыққан сөздерді немесе
кітаптағы мәтінді ойланбай есте сақтау және естігенін немесе оқыған мәтінін
сөзбе-сөз айтып беру.
Дамыта оқыту – оқушыны жан-жақты дамыту, оқушының іс-әрекеттік
амалды, білім мен біліктілікті өз бетінше алуға бейімдеу. Мектеп оқушылары
мұғалімнің қолдауымен сөз сөйлейді, пікір таластырады, біреу тарапынан
ұсынылған болжамдарды дәлелдейді немесе теріске шығарады. Түсіндірмелі-
Ерекше әдістемелік-биологиялық принциптерге мынадай принциптер жатады:
тірі табиғат процестері мен құбылыстардың себептілігі, тарихилығы; табиғи
көрнекіліктердің тиімділігі; табиғатқа ену; тірі заттардың бірлігі; табиғи
құбылыстардың мерзімділігі; өлкетану (отантану); экологияландыру және
табиғатты
қорғаушылық;
табиғи
сәйкестілік;
негізділік;
мазмұнның
сабақтастығы және оны курстан курсқа дамыту [41].
Жобалап оқыту – оқу процесі «жобалау әдісі» бойынша құрылатын
оқытудың түрі.
Идеографиялық оқыту – белгілі бір мазмұнды оқытуда таңбалық сөздерді
пайдалану.
Саралап оқыту – оқушылардың танымдық қызығушылықтарын сақтауды
көздейтін оқытудың түрі.
Мультимедиялық оқыту – оқытудың персоналдандырылған тәсілі. Соңғы
жылдары жалпы білім беретін мектептер көбінесе мультимедиа құралдарымен
жарақтандырылған компьютерлерді қолдануда. Мультимедиа (ағылшын тілінен
ауд. «мульти» – көп, «медиа» – орта) – бұл ақпараттық ортаның, ақпараттың
мазмұндық каналдардың көптігі. Мультимедиялық бағдарламалар жасайтын
жағдайлар табиғилыққа ұқсас, оның беретін дыбыстық, бейнелік, қатысу
әсерлері оқытудың виртуалдық (тек өзара әрекет процесінде болады) ортасын
моделдеуге мүмкіндік береді. Заманауи техникалық мүмкіндіктер оқытуға
арналған мультимедиялық кешенді, программаларды, білім берудің моделдеуші
ортасын жасауға, виртуалдық оқыту үшін қажеттіліктің бәрін жасауға
мүмкіндік береді. Осыған орай мұғалім мақсатты болжайтын функцияны
атқарады, ал компьютерлік бағдарлама оқу мазмұны мен оқу алгоритмдерінің
негізінде білім, білік және дағдыларды меңгеру процесін ұйымдастыруды өз
бетінше таңдауға қабілетті [39]. Қазіргі кезде жоғары сыныптардағы жалпы
биология курстарында мультимедиа құралдарын пайдалану әдістемесі жасалды.
Биологияны бейінді оқыту мен биологияны бейінді оқыту жүйесінің мән-
мазмұны – оқушылардың ерекше қабілетін дамыту және олардың кәсіби іс-
әрекеттің белгілі бір саласына, немесе білімін жалғастыру үшін оқу орнын
таңдауына қызығушылығын дамытатын оқу жүйесінен тұрады.
Биологияны бейінді оқытудың теориялық негізін бейінді курс мазмұнын
қалыптастыратын
принциптер мен биологияны бейінді оқыту процесін
ұйымдастыратын принциптер
құрайды: ізгілендіру, мәдениетті болжау,
ғылыми-тарихи, бейінді саралау, ғылыми биологиялық білімнің негізділігі,