Жаратылыстану-география факультетінің деканы


Минералдық қоректену. Өсімдікке қоректік заттардың келуі мен жылжуы



жүктеу 182 Kb.
бет2/3
Дата14.02.2020
өлшемі182 Kb.
#29093
түріБағдарламасы
1   2   3

Минералдық қоректену. Өсімдікке қоректік заттардың келуі мен жылжуы.

Өсімдіктердің тамыр арқылы қоректенуін зерттеудің маңызы. Өсімдіктер қоректенуіндегі жеке элементтердің ролін анықтаудағы су және құм дақылдарының маңызы. Макро- және микроэлементтер.

Өсімдіктерге қоректік заттардың келуі. Өсімдіктерде қоректік заттардың жылжуы.

Топырақ қоректік заттар көзі екендігі. Тыңайтықштарды қолданудың физиологиялық негіздері.



Өсімдіктердің тыныс алуы.

Тыныс алу және оның өсімдік организмі тіршілігіндегі маңызы. Тыныс алу туралы ғылымның даму тарихы. Тыныс алу фотосинтезге қарама-қарсы процесс екендігі. Тыныс алу процесінде энергияның бөлінуі. АТФ клетканың негізгі энергия қоры екендігі, оның құрылымы мен қызметі.

Тыныс алу қарқындылығына әртүрлі факторлардың әсері. Тыныс алу қарқындылығын өлшеу әдістері. Тыныс алу процестеріне сыртқы жағдайлардың әсері. Тыныс алу процесіне жарықтың әсері.

Өсімдіктердің өсуі мен дамуы.

Өсімдіктердің өсуі мен даму ұғымы, олардың өзара байланысы. Өсімдік гормондары өсуі мен даму процесінің негізгі реттеушілері екендігі. Гормондар туралы жалпы түсінік. Ауксиндер, олардың ашылуы мен түзілуі.

Цитокининдер. Өсудің табиғи тежеушілер: абсциз қышқылы, кумарин.

Өсуді өлшеу әдістері. Өсуге сыртқы жағдайлардың ықпалы.

Өсімдіктердің қозғалысы. Тропизмдер мен настийлер. Геотропизмдер, фототропизмдер, хемотропизм, гидротропизм, тигмотропизм. Фотонсатия, термонастия, сейсмонастия.

Өсімдіктер төзімділігінің әртүрлі типтері. Ыстыққа, суыққа төзімділіктер.



АДАМ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Кіріспе.

Физиология ғылымының дамуы жөнінде қысқаша шолу. Физиологияның қазіргі жағдайы жөнінде жалпы түсінік. Зерттеу объектілері мен әдістері. Экспериментті әдіс және оның негізгі маңызы. Теоретикалық және клиникалық медицина мен мал шаруашылығының дамуындағы адам және жануарлар физиологиясының маңызы. Қазіргі биология пәндерінің арасындағы физиологияның орны. Физиология процестерінің өзіндік сапасы. Тірі структураларының химиялық өзгерістер мен физиологиялық процестердің арасындағы қарым-қатынасқа қазіргі көзқарас.

Жеке органдар мен функциональды жүйелердің қызметі.

Реттеу жөнінде қазіргі түсінік. Жүйкелік қозу табиғаты жөнінде түсінік. Жүйке клеткасы және оның бөлшектерінің функциональдық маңызы. Эфферентті және афферентті жүйке жолдары, синапс, рецепторлар жөнінде қазіргі ұғым.



Қозғыш құрылымдар физиологиясы.

Клетка физиологиясының негіздері. Клетка мембранасы және оның қызметтері. Трансмемброналдық тасымал. Тосқауылдың заттарды өткізу механизмі. ДИффузия, сүзілу (фильтрация) және осмос№ Тітіркендіру, тітіркенгіштік және тітіркену, тітіркендіргіштер. Тітіркендіргіштердің жіктелуі. Қозу және қозғыштық. Тура және жанама тітіркендіру.

Жүйке мен ет клеткаларының ішіндегі және сыртындағы К, Na Ciмөлшерлері, олардың арақатынысы. Клетка мембранасы жөнінде түсінік. Тыныштық және әрекет потенциалдары пайда болуы себебіндегі мембраналық теория.

Жүйелік импульстің таралу шапшаңдығы. Жүйке импульсінің таралу шапшаңдығы. Жүйке импульсінің таралуын белгілейтін метаболикалық және иондық факторлар. Әр түрлі жүйке талшықтарындағы жүйке импульсінің таралу шапшаңдығы.

Парабиоз туралы Введенскийдің ілімі.

Жүйке талшығының ет талшығына импульстің берілуі. Ет-жүйкелік (мионервральдық) синапстың құрылысы жөніндегі қазіргі мәліметтер. Импульстер берілуге қатысты химиялық факторлар-медиаторлар. Олардың синапстағы электр процестерімен қарым-қатынастары.



Нерв жүйесінің жалпы физиологиясы.

Нерв (жүйке) жүйесінің эволюциясының негізгі кезеңдері. Жүйке клеткаларының (нейрондардың) құрылысы (денелер және өсінділер). Нейронаралық синапстар, құрылыстар және қызметтері. Рефлекс доғасымен қозудың өту ерекшелігі. Бір нейроннан екінші нейронға қозу импульсі өткендігі электр процестері.

Рефлекторлық концепця. Орталық жүйке жүйесінің жергілікті қызметі жөніндегі ілім.Рефлекс уақыты.

Жұлын. Оның құрылысының жалпы схемасы.

Жинақталу процесі. Орталық тежелу жөнінде ілім және оны түсіндіретін гипотезалары.

Жұлынды жануарлар және оның рефлекс реакциялары. Қаңқа бұлшық етінің рефлекторлық тонусы.

Сопақша ми, оның рефлекторлық және «автоматикалық» орталықтары. Ми бағанындағы торлы құрылым.

Мишық, оның құрыллысының ерекшелігі және мидың басқа бөлшектерімен байланысы. Омыртқалы жзануарлардың әр өкілдері мишығы.

Аралық ми. Таламус (көру төмпешігі)-әр түрлі эфферентті жүйелердің импульстер коллекторы. Пирамидалық және эктрапирамидалық қозғалтқыш жүйелер.

Үлкен ми сыңарларының негізгі эволюция кезеңдері. Ми қыртысының қозғалтқыш және сенсорлық алаңдары. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің қалыптасуындағы үлкен ми сыңарларының қыртысының ролі. Ми қыртысы және вегетативтік процестердің реттелуі.



Орталық нерв жүйесінің интеграциялаушы қызметтері.

Әр түрлі омыртқалы жануарлардың ми сыңарларының дамуы.Ми сыңарларының қыртысының цитоархитектоникасы және анатомиялық құрылысы жөнінде салыстырма көрсеткіштер.

Мидың жоғарғы бөлшектерінің өткізгіш жолдары. Тітіркендіру және экстирпация әдістерімен ми сыңарларының қызметін зерттеу.

Шартты рефлекстер жөнінде ілім. Шартсыз рефлекстер, инстинктивтік акттар. Табиғи шартты және жасанды рефлекстер.

Тұра келу, кешігу және ілесушартты рефлекстері. Шартты рефлекстердің тысқы тежелуі. Ұйқы және гипноз. Тітіркендіру және тежелу процестерінің өзаралық индукциясы. Ми қыртысының мозаикасы. Жоғары жүйке іс-әрекетінің патологиясы, эксперименттік невроздар. Жоғары жүйке іс-әрекетіне фармакологиялық заттардың әсері.

Ми қыртысының әр түрлі алаңдарының функционалдық сипаттамасы.

Адамға тән екінші сигналдық жүйе-жоғарғы жүйке іс-әрекетінің сапалы ерекшелігі. Бірінші және екінші сигналдық жүйелердің бір-бірімен қарым-қатынасы.

Шартсыз рефлекстердің шартты рефлекстер арқылы пайда болуы және шартты рефлекстерді зерттеу проблемасы.

Жоғары жүйке іс-әрекеті жұмысы жөніндегі қазіргі зерттеулер, түсініктер.

Сенсорлық жүйелер (анализаторлар) физиологиясы.

Рецепторлар және талдағыштар жөнінде түсінік. Рецепторлар мен талдағыштардың классификациясы. Адекватты және адекватсыз тітіркендіргіштер, оларды өлшеу-адекватометрия.

Проприорецепция. Вестибулятор аппаратының құрылысы., қызметі, оттолит органдары және имек арналар.

Дәм және иіс рецепторлары. Дәм және иіс рецепторларының электрофизиологиясы.

Есту органы, оның құрылысы және қызметі. Дыбыстың ұзақтығын, күшін және тондарын талдау.

Көз, оның құрылысы және оның қызмет етуі. Қарашық. Жарық сезімталдық. Көру өткірлігі. Екі көзбен көру.

Электроэритрограмма. Талдағыш органдардың қарым-қатынасы.

Сенсорлық жүйе жұмысының реттелуі жөніндегі қазіргі пробелмалар.



Ішкі сөлініс бездерінің физиологиясы.

Ішкі сөлініс бездер жүйесіне сипаттама және оның гуморальды реттеудегі маңызы. Ішкі сөлініс бездері. Қалқанша без, оның топографиясы және гистологиялық құрамы.

Гипертериоз. Кальцитонин. Қалқанша бездің қызметін реттеудегі гипофиздің алдыңғы бөлігінің ролі.

Қарынасты (ұйқы) безі және оның топографиясы. Инсулин табиғаты. Диабет.

Бүйрекүсті бездері. Бүйрекүсті бездерінің милы қабатының эндокриндік қызметі. Адреналин. Оның физиологиялық маңызы.

Гипофиз, оның топографиясы және морфологиясы. Гипофиздің эндокриндік қызметінің жүйке арқылы реттелуі.

Эпифиз, оның топографиясы және эндокриндік қызметі.

Зоб безі (тимус), оның топографиясы және эндокриндік безі. Бүйректердің эндокриндік қызметі.

Жыныс гормондары. Ркектің жыныс бездері және олардың гормональдық қызметі. Тестостерон, оныңтабиғаты және еркектің екінші жыныс нышанына тигізетін әсері. Сперматогенездің физиологиясы.

Аналық клеткалар, олардың морфологиясы, генеративтік және эндокриндік қызметі. Жыныстық цикл және оның кезеңдері. Овогенез физиологиясы. Жыныс клеткаларының пісуіне және жыныс гормондарының өнуіне тигізетін гипофиз гормондарының әсерінің ролі.

Климактерий. Піштіру нәтижелері. Жыныс өзгертудегі нәтижелер.

Қан жүйесінің негізгі қызметтері.

Организмныі сыртқы және ішкі орталары жөнінде қазіргі түсінік. Қан және лимфа, олардың организмде өмір процестерін қамтамасыз етудегі ролі. Қанның негізгі қызметтері. Қанның құрамы және мөлшері. Қанның плазмасы және оның сары суы. Қан түзілуінің реттелуі. Эритроциттер, олардың табиғаты және қан түзілуіндегі маңызы.

Қанның мөлшер салмағы, коллоидтық-осмостық қысым және қанның буферлік қасиеті.

Қанды ұйытатын және ұюға қарсы тұратын жүйелер және олардың маңызы. Гемостаз. Ұйынды ретракция. Гепарин.

Қанның қорғаныс қызметі, клеткалық және гуморальдық иммунитет жөнінде ұғым. Қан топтары. Резус-фактор.

Қанның «сәйкестігі» және «сәйкесеместігі» жөніндегі қазіргі түсінік. Қан құюдың практикалық маңызы және әдістері. Эритроциттердің формасы және құрамы. Гемоглабин, оның табиғаты және қасиеті.Оттегінің тасымалдануы. Тыныс алу процесіндегі көмір қышқыл газының тасымалдануы. Қанның қызметі жөніндегі қазіргі ұғымдар.



Жүрек-тамыр жүйесі.

Қан тамырларының типтері: артериялар, веналар, капиллярлар, олардың морфологиясына тән нышандары. Жүректің эволюциясы жөнінде түсінік, оның омырқасыз және омыртқалы жануарлардағы структуралары және қызметтері. Жүрек циклы.

Жүрек етінің жалпы қасиеттері. Жүрек етінің рефрактерлік кезеңі және оның ерекшеліктері, қозу және жиырылу ұзақтығының қарым-қатынасы.

Қан айналысының кіші және үлкен шеңбері.

Жүректің өткізгіш жүйесі. Жүрек ырғағының қалыптасуындағы вена қанының құйылуының ролі.

Жүрек қызметінің реттелуі. Жүректің реттелуіндегі экстракардиальдық жүйкелердің функциональдық ролі. Жүрек-тасыр жүйесінің гормональдық реттелуі.

Электрокардиограмма және оның компоненттері. Кардиологиялық клиникадағы электрокардиографиялық әдістің маңызы.

Жүректің систолалық және минуттық көлемі жөнінде түсінік, жүрек қағысының жиілігі. Пульс Қан қысымы,оның организмде реттелуі және тіркеу әдістері. Қан депосы.Жүрек-тамыр және қан айналу қызметінің бұзылу зардабы.

Лимфа жүйесі және оның функциональдық маңызы жөнінде мәлімет. Жүрек-тамыр жүйесі қызметтері жөніндегі қазіргі ұғым.

Тыныс алу жүйесінің физиологиясы.

Тыныс алу физиологиялық және биохимиялық процесс және оның маңызы. Тыныс алу типтерінің эволюциясы. Өкпе арқылы тыныс алу. Өкпе көлемі. Өкпедегі қалдық., дем шығару және альвеолалық ауа, оның құрамымен көлемі. Гипоксия, гипоксемия және асфексия туралы ұғым.

Қандағы және тканьдердегі газдардың кернеуі.кессондық ауру.

Тыныс алу орталығы. Тыныс алу ырғағын қамтамасыз етудегі сопақша мидың структураларының автоматикалық және рефлекторлық активтігінің ролі. Тыныс алудың жұлын-милық аппараты.

Дем алу, дем шығаруды қамтамасыз ететін эффекторлық жүйкелер және бұлшық ет жүйесі. Тыныс алу қозғалыстарының күшінің және ырғағының реттелуі. Тыныс алу және қан айналу процестерінің бір-біріме байланысы. Сыртқы ортаның әртүрлі факторларының әсеріне тыныс алу қызметінің өзгерістері. Қазіргі ұғым.

Организмде заттар мен энергияның алмасуы.

Белоктар, олардың табиғаты және физиологиялық маңызы. Қоректілігіне байланысты толық қышқылды және толық қышқылсыз белоктар. Орны толмас амин қышқылдары және олардың организмдегі белок биосинтезіндегі маңызы. Белок оптимумы және азот тепе-теңдігі.

Липидтер, олардың классификациясы және зат алмасудағы энергетикалық маңызы. Майлар, олардың организмдегі энергетикалық және пластикалық маңызы. Май алмасу. Бауырдың майлануы.

Ет жиырылуы және гликогенолиз. Көмірсулар, олардың классификацисы. Қант диабеті.Көмірсу алмасуының нервтік-гуморальдық реттелуі.

Авитаминоз туралы түсінік. Еритін витаминдердің алмасудағы ролі.

Алмасу процестеріндегі витаминдерді толығымен пайдаланудағы белокпен қоректенудің ролі.

Ас қорыту. Қазіргі көзқарас. Мембраналық ас қорыту. Ас қорыту жолы және оның бөлшектерінің ас қорытудағы маңызы. Сілекей құрамы. Және оның көмірсуларды сіңірудегі маңызы. Өңеш және оның қызметі. Асқазан және ас қорытудағы оның бөлімдерінің ролі. Өттің ішекке құйылуының реттелуі. Өттің құрамы.

Су алмасуы. Белоктар, көмірсулар және майлар алмасуындағы эндогендік судың пайда болуы. Су алмасудың реттелуі. Тыныштықтағы энергияның шығыны және негізгі алмасу.Тамақ қалпының қазіргі физиологиялық дәлелдемесі.

Жылу шығудағы тыныс алудың және терлеудің ролі. Организм салқындағандағы жылу пайда болуының көтерілуінің механимдері.

Сыртқа шығару процестері.

Зат алмасуда пайда болатын қалдық заттарды организмнен сыртқа шығару және бұл процестегі судың ролі. Сыртқа шығару жүйелері жөнінде салыстыру аспектінде қысқаша физиологиялық шолу. Бүйректер, олардың құрылысы және несеп шығару қызметі. Нефрондар. Боумен-Шумлянский денешіктері және олардың құрылысы.Бүйрек арналары. Бүйректің қанмен жабдықталуының спецификасы. Қанды әкелетін және қан шығып кететін тамырлар және олардың Боумен-Шумлянский денешіктерімен байланысуы.Несеп және оның құрамы, қасиеті. Бастапқы және соңғы несеп. Несеп түзілуінің рефлекторлық және гуморальдық реттелуі. Қуықтың қызметі және несептің сыртқа шығуы. Олигурия және анурия. Несеп шығару механизмі.

Қосымша сыртқа шығару ағзалары. Терінің экскреторлық қызметі, тер бездері және тердің шығуы. Тердің құрамы. Бауыр мен өкпелердің экскреторлық қызметі.
ГЕНЕТИКА
Тұқым қуалаушылықтың материалдық негіздері.

Клетка - тіршіліктің элементарлық бөлшегі. Клетканың морфологиясы мен химиялық құрылымы. ДНК-ның тұқым қалайтын информацияны алып жүретін негізгі зат екендігі, ДНК-ның құрылысымен репликациялану механизмі. ДНК репликациясындағы ферменттердің ролі. ДНК-ның генетикалық құрылымы. ДНК молекуласындағы қос нуклеотидтер тізбегінің тұқым қуалайтын информацияның қолданылуының негізгі екендігі. Генетикалық кода. Белок синтезінің генетикалық бақылануы. Транскрипция, транскриция процестері. РНК- ның құрылымы мен қызметі, оның түрлері: Р-РНК, и-РНК, т-РНК. Кодон мен антикоданың арақатынасы.

Клеткалық цикл. Митоз эукариоттардың жыныссыз көбеюінің механизмі екендігі. Митоздың фазалары. Хромосомалар, хроматидтер. Клетканың бөліну кезіндегі хромосомалардың (хроматидтердің) таралу ерекшеліктері. Клетканың бөліну процесінде цитоплазмалық органоидтарының түзілуі мен таралу ерекшеліктері.Эндомитоз.

Хромосомалардың жұптастығы мен даралығы. Хромосомалардың саны мен морфологиясының түрге тән ерекшеліктері. Кариотип. Хромосомалардың құрылыс ерекшеліктері. Нуклеосомдар. Митоз кезінде хромосомалардың спиралдану және деспиралдану циклы. Эукариоттардағы хромосомалардың түзілу ерекшеліктері.

Митоздың генетикалық мәні. Жынысты көбеюдің цитологиялық негіздері.

Мейоз жыныс клеткаларының (гаметалардың) пайда болуы мен дамуының цитологиялық негізі екендігі. Бірінші және екінші мейоздық бөлінулердің стадиялары мен фазалары. Мейоз кезіндегі ДНК синтезінің ерекшеліктері.Мейоз кезіндн гомологты және гомологты емес хромосомалардың гаплоидты және диплоидты саны. Мейоздың генетикалық мәні.

Жануарлар гаметогенезі: сперматогенез және оогенез. Спорогенез (микроспорогенез және мегаспорогенез), өсімдіктер гаметогенезі.Жануарлар мен өсімдіктердің жыныс клеткаларының дамуындағы ұқсастықтармен айырмашылықтар.

Белгілердің тұқым қуалауының заңдылықтары мен тұқым қуалаушылықтың принциптері.

Клеткалар мен организмдердің жыныссыз көбеюіндегі тұқым қуалау ерекшеліктері. Клоналардағы тұқым қуалау.

Гибридологиялық әдіс генетикалық анализдің негізгі екендігі. Г.Мендель қалыптастырған жекелеген альтернативті жұп белгілердің тұқым қуалауына анализ жасаудағы, таза линиялы константты ата-аналық формаларды пайдаланудың, гибрид ұрпақтарға жеке анализ жүргізудің және будандастырудың нәтижелеріне сандық баға берудегі генетикалық анализ әдісінің принципиялды маңызы.

Моно және полигибридті будандастыру кезіндегі тұқым қуалау. Реципрокты будандастыру туралы түсінік. Мендельдің І заңы – бірінші ұрпақ гибридтерінің біркелкі болу заңы. Гендер мен аллелдер туралы түсінік. Аллелизм. Көп аллелділік. Аллелді гендердің әрекеттесуі (доминанттылық,толымсыз доминанттылық және кодоминанттылық). Аендельдің ІІ заңы- ажырау немесе гаметалар тазалығы заңы. Ажыраудың цитологиялық механизмі. Тіршілік циклының гаплофазасындағы ажырауға анализ жасау. Тетрадалық анализ.

Дигибридті будандастыру кезіндегі тұқым қуалау. Дигибридті будандастырудағы фенотип мен генотип бойынша ажырау. Кейбір жұп белгілердің тәуелсіз тұқым қуалауы, Мендельдің ІІІ заңы. Полигибридті будандастыру заңдылықтары. Комбинанативті өзгергіштік, оның эволюция мен селекциядағы маңызы. Полигибридті будандастыру кезіндегі ажыраудың жалпы формулалары.

Гендердің плейотропты әсері.

Генотиптің дискреттілігі мен туыстығы туралы түсінік.

Жыныс генетикасы мен жыныспен тіркесіп тұқым қуалау, өсімдіктер мен жануарлар жынысының биологиясы. Алғашқы және екінші жыныстық белгілер. Бір клеткалы организмдердегі салыстырмалы сексуалдылық.

Т. Морган қалыптастырған тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясының негізгі қағидалары.

Кроссинговердің цитологиялық дәлелі. Тетрадалық анализ, кезінде кроссинговерді есепке алу. Хроматид дәрежесіндегі айқасу.



Өзгергіштік, оның себептері мен зерттеу әдістері.

Өзгергіштіктің классификациясы. Тұқым қуалайтын генотиптік (комбинативтік және мутациялық, өзгергіштік мен тұқым қуаламайтын фенотиптік (модификациялық, онтогенетикалық, өзгергіштер туралы түсініктер). Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің эволюцияның негізгі екендігі. Мутациялық өзгергіштік. Мутациялар классификациясының принциптері. Генератиптік және сомалық мутациялар. Мутацияны фенотиптің өзгеруіне қарай классификациялау- морфологиялық, биохимиялық, физиологиялық. Мутациялардың өздерінің адаптивтік маңызына байланысты айырмашылықтары: летальды жартылай летальды, нейтральды және пайдалы мутациялар, мутациялардың адаптивтік маңызына қарай әртүрлі болуының салыстырмалы сипаты.

Хромосомалық өзгерістер.Хромосом ішілік өзгерістер: жетімсіздіктер (дефишенсиялар мен делециялар), ұқсас участоктердің көбеюі (дупликациялар) инверсиялар.

Хромосомалық өзерістер – транслокациялар.

Геномдық мутациялар. Хромосомдардың гаплоидты санының артуы – полиплоидия.

Рекомбинацияға генетикалық бақылау. Реперацияның молекулалық механизмдері. Мутациялық репликация-репарация және рекомбинация процестерінің жүзеге асуындағы қателік екендігі.

Модификациялық өзгергіштік. Өзгергіштіктің реакция нормасы туралы түсінік.

Модификациялықөзгергіштіктізерттеудіңматематикалықәдісі. Вариациялыққатардыңконстанталарыжәнеоларды реакция нормасынанықтаудағы генотиптің ролін білу үшін пайдалану.



Молекулалық генетиканың негіздері.

Ген туралы түсініктің дамуы мен қалыптасуы. Вирустар мен бактериялардың молекулалық генетиканың қолайлы объектісі екендігі. Вирустық инфекцияның механизмі. Бактериядағы трансформация және трансдукция құбылыстарының ДНК-ныңтұқымқуалаушылық пен тұқым қуалайтын өзгергіштікті анықтайтындығының тікелей дәлелі екендігі. Плазмидтер мен эписамалар.

Транскрипция. Клеткадағы РНК типтері- информациялық транспорттық, рибосомалық. Транскрипцияның дискреттілігі. Ген активтілігінің реттелуі және оған генетикалық бақылау. Прокариотты микроорганизмдер дегендердің дифференциялды функция атқаруын қамтамасыз ететін оперондар жүйесі (реттеуші- оператор – структуралық ген). РНК – полимераза ферменті және оныңтранкрипцияға қатысуы.

Генетикалық инженерия, оның теориялық және практикалық маңызы. Генетикалық инженерияның даму тарихы. Сомалық клеткаларды гибридизациялау. Ген инженериясы. Генді қолдан синтездеу, оны ДНК құрамынан бөліп алу. Генді басқа клеткаға айырып салу (трансгенез).



Онтогенездің генетикалық негіздері.

Онтогенез – белгілі бір сыртқы және ішкі орта жағдайларында дамуының жүзеге асуы екендігі.

Жіктелудің (дифференцировканың) генетикалық негіздері. Жұмыртқа клеткасы цитоплазмасының ұрықтануға дейінгі алғашқы жіктелуі дамудың жалпы жоспарының предетерминациясы.

Онтогенездегі пролиферация процесінің генетикалық реттелуі. Клеткалар мен тканьдардың функционалдық жағдайына байланысты хромосомалық материалдың дәл көшірмесін алудың ерекшеліктері. Көпклеткалылардың онтогенезіндегі жіктелу процестеріне байланысты политения мен полиплоидия. Онтогенездегі хромосомалардың функциональды қөзгерісі. Гендердің қызметі мен өзара әрекеті. Биосинтез тізбегі. Геннің әрекет ету мерзімі. Ядроларды трансплантациялау гендердің әрекетін зерттеу әдісі екендігі. Генотип және фенотип. Онтогенезді меңгеру. Витаминдер, гормондар және басқа биологиялық активті қосылыстардың жекедамуындағы ролі және олардың ауылшаруашылық жануарлары мен өсімдіктердің өнімін арттырудағы маңызы.

Онтогенездің дискреттілігі. Даму кезіндегі стадиялар мен құбылмалы кезеңдер. Тератогенез, морфоздар мен фенокопиялар. Генетикалық процестерді жүйелі түрде бақылау.

Популяциялар генетикасы және эвоюцияның генетикалық негіздері.

Популяция және оның генетикалық құрылымы. Өздігінен ұрықтанатын және айқас ұрықтанатын организмдер популяциясы. Популяциялар мен таза линиялар туралы В.Иогансен ілімі. Популяциялардағы тұқымқаулау. Панмиксиялық мендельдік популяциядағы генетикалық тепе-теңдік және оның Гарди-Вайнберг заңына теориялық тұрғыда сәйкес келуі.

Популяциялардың генетикалық динамикасының факторлары. Популяциялар динамикасындағы имбридингтің рөлі. Гомозиготалану процесі. Популяциялардың генетикалық динамикасындағы мутациялық процестің рөлі (С.С.Четвериков). Популяциялардағы мутациялық салмақ. Мутациялық процестің бір бағыттылығы.

Популяциялық толқындар (гендердің дрейфі), олардың ерекшелігі және гендер жиілігі динамикасындағы рөлі.

Сұрыптауәрекеті – популяциялар эволюциясындағы бағыттаушы фактор екендігі. Генотиптің адаптивтік (селективтік) құндылығы және сұрыптау коэффициенті туралы түсінік.

Генетикалық гомеостаз және оның механизмдері. Популяциядағы гетерозиготалық. Популяциялардың тұқымқуалайтын полиморфизмі. Ауыспалы және балансты полиморфизм.

Генетиканың эволюциялық теориясының дамуындағы маңызы. Популяциялар генетикасының экология мен биогеоценология үшін маңызы. Популяциялар генетикасының табиғатты қорғау проблемаларының комплексіндегі маңызы. Планетаның генофондын сақтаудың шаралары.

Адам генетикасы.

Адам – генетикалық зерттеулердің объектісі.

Адам генетикасын зерттеу әдістері. Генеалогиялық, цитогенетикалық, биохимиялық, егіздік, онтогенетикалық жәнепо пуляциялық әдістер.

Генеалогиялық әдіс – белгілердің тұқымқуалау сипатын зерттейтін әдіс екендігі. Ататекке талдау жасау.

Адам кариотипі. Адам хромосомаларының идиограммасы, номенклатурасы. Адам хромосомаларын зерттеудегі лимфоциттер культурасының маңызы. Адамда болатын хромосомалық аурулар және оларға диагноз қою әдістері.

Адам генетикасындағы биологиялық әдіс. Адамдағы метаболизм тізбектерінің генетикалық бақылануы.

Егіздік әдісті «генотип» және орта проблемасын жетілдіру үшін қолдану. Гетерозиготалы алып жүрушілікті онтогенетикалық әдістің көмегімен табу және оның медико-генетикалық консультация үшін маңызы.

Популяциялық әдіс жекелеген гендердің ел арасына таралуы мен кездесу жиілігін анықтау тәсілі екендігі. Изоляттар.

Медициналық генетиканың проблемалары. Тұқым қуалайтын аурулар және олардың адам популяциясында таралуы. Тұқымқуалайтын және туа пайда болған кемістер туралы түсінік.

Канцерогенездің генетикалық концентрациясы. Адамның иммуногенетикасы. Гемолитикалық кемістіктер. Зат алмасу аурулары.

Туа пайда болатын және тұқымқуалайтын аурулардың пайда болу себептері. Радиацияның, химиялық мутагендер мен концерогендердің генетикалық қауіптілігі. Сыртқы орта мутагендерімен жақындасудың генетикалық қатері дәрежесін анықтайтын зерттеулердің маңызы.

Адамдағы тұқымқуалайтын кемістіктерді жеке дамуға белсенді араласу арқылы емдеудің мүмкіндіктері. Ерте диагноз қоюдың маңызы. Медико-генетикалық консультациялардың маңызы.

Тұқымқуалаушылық пен ортаның оқыту мен тәрбиелеудегірөлі.

Нәсілшілдік теорияларды генетика тұрғысынансынау.



жүктеу 182 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау