алдымен сөздерді теріп жазуға үйретеміз, ондай болмаған
жағдайда оқушылар бұдан кейін буын үндестігі ережесін
бірден қолдануда, олар осы екі ептілік немесе шеберлікті
біріктіру қажет болғандықтан қиналады. Мектеп
тәжірибесінде, оқушы барлық назарын бір мәселені шешуге
жинақтап (мысалы: бір текті сөздерді теріп жазу), екінші
тапсырма туралы ұмытып кетеді. Сөз түбіріндегі жуан
дауыстылары бар жуан буынды сөздерді теріп жазу
қажеттілігі туралы немесе негізгі сөзбен тектес емес,
жіңішке буынды сөз формасын теріп жазудағы буын
үндестігінің қажеттілігі жиі кездеседі. Мұндай қателердің
болу себебі әр түрлі болып келеді, негізгісінің бірі – дағдының
осы екі элементін бір іс-әрекетке сәйкестендіруге арнайы
бағытталған жаттығулардың жоқтығы болып табылады.
Нағыз мықты(күшті) дағдыға ие болу үшін
А.Н.Леонтьевтің ойы бойынша «Оқушының алдына мұндай
жаңа мақсатты қою, дәл мұндай нақты жағдайда ол әрекет
басқа іс-әрекеттің орындалу әдісі болып келеді. Басқаша
айтқанда, нақты осы іс-әрекеттің мақсатты, жаңа мақсатқа
талап етілген іс-әрекет шартына айналуы қажет» [42,19]. Ал
біздің келтірген мысалымызда қосалқы әрекет түрін
орфография алса, ал бастапқы мақсат болып шығармашылық
жазу болып табылады. Бастапқыда барлық ережелер оның
барлық бөлшектерінде қолданылады.
Дағды қалыптасты ма, оның беріктігі қандай екенін
қалай білуге болады? Ол үшін мынадай жағдай жасалуы
қажет. Мұнда ереже бойынша барлық іс-әрекет қандай да бір
жаңа мақсатқа қол жеткізу үшін тек қосалқы рөл атқаруы
тиіс. Егер осындай жағдайларда дағды бұзылмайтын болса,
оның беріктігіне сенім арта беру қажет. Егер мұндай сынға
шыдай алмаса, онда соны қайта жұмыс істету қажет. Сондай-
ақ жекелеген орфографиялық іс-әрекеттермен жұмыс істеу
арқылы білім алуды ары қарай жалғастырылады.
Тұжырымдағанда ойлау үдерісінің жүйеленуі мен
жаттыға беру бірте-бірте ұғынып ойлау амалы дағдының
қалыптасуы нәтижесінде ойланбай жазу үдерісіне өтеді-яғни
екінші сигналды жүйеде реттеу жұмыстарының төмендеуі
автоматты орындалуға ұласады. Бұл ереже бойынша жазып
жаттығып, соңынан оқушылардың ереже туралы ойламай
жазуымызға алып келеді.
Автоматтандырылған жазуда тілдің семантикалық
жағының сақталуы омонимдік дыбыс формаларын ажыратуға
мүмкіндік береді. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: