Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын



жүктеу 0,8 Mb.
Pdf просмотр
бет143/145
Дата26.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#37639
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   145
Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі

Қорытынды
Орфография,   пунктуация   жазбаша   сөйлеу   әрекетіне   байланысты
қарастырылады.   Ал   жазбаша   сөйлеу   жазбаша   мәтіндер   арқылы   тілдесу
екендігі   белгілі.   Сондықтан   орфография,   пунктуация   сөйлеу   әрекетімен
байланысты.
Жазылым – тілдік тұлғалардың жүйесіне негізделген, лингвистикалық,
психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік
материалдардың мазмұны мен формасын бірдей қамтитын, адамдарды ұзақ
мерзімдегі қарым-қатынасқа мүмкіндік жасайтын әрекет. Басты шарт тілдік
нормаларды   меңгеру.   Демек,   оқушылардың   тілін   дамыта   оқыту   үшін
орфографиялық және пунктуациялық білім, біліктілік пен дағдылар жүйесі
нормалық түрде қалыптастырылады. 
Жүйенің   элементін   ережелер   құрайды.   Ережелер   арқылы   нормалар
жасалып,   анықтамаларға   айналады.   Сондықтан   ережелер   жүйесі   тыныс
белгілерді   қолдануда   негізге   айналады.   Өйткені   пунктуация   бұл   жиынтық
емес, тыныс белгілерді қою ережелерінің жүйесі. Олай болса, пунктуациялық
білім, дағды ережелер негізінде қалыптастырылады. 
Ережелер жүйесінің ерекшлеліктері оны оқыту ретін анықтайды: 
1.   Алдымен   позитивті,   содан   кейін   негативті   ережелер   баяндалады.
Мысалы, біріңғай мүшелердің арасына қойылатын үтір үйретіліп, соңынан
оның қойылмайтын ережелер таныстырылады. 
2. Алғаш негізгі норма хабарланатын ереже баяндалады, соңынан оның
басқа   нұсқалары   үйретіледі.   Мысалы,   біріңғай   мүшеге   үтір   мен   сызықша
қойылу жағдайлары. 
3.   Ережелер   шарттар   арқылы,   бұрынғы   сыныптардағы   игерген
білімдерімен байланыстырылады. 
4.   Ережелердің   берілу   тәртібін   анықтауда   логикалық   амалдардың
жүргізу тәртібі ескеріледі. Мысалы, біріңғай мүшелердің арасындағы тыныс
белгілердің қойылу мәселесін шешуде алдымен біріңғай мүшелердің қалай
байланысу амалдары (шылаулармен немесе шылаусыз немесе шылаулардың
қайталанылуы) игертіледі. 
169


Тыныс   белгіні   дұрыс   қоюға   жаттықтыру   психологиялық   негіздерге,
яғни   ойлау   амалдарының   талдау,   салыстыру,   жалпылау,   индукциялық,
дедукциялық, анализ, синтез, т.б. әдіс-тәсілдерді басшылыққа алады. 
Оқушыларды   тыныс   белгілерді   қоя   білуге   баулу,  терең   білім,   берік
дағды   беру   үшін   грамматикалық,   мағыналық,   интонациялық   және   тыныс
белгілерді қоюдың мағынасы мен қызметіне сай ұстанымдарға негізделеді. 
Оқушылардың   қазақ   тілі   грамматикасының   ережелерін   игеруі
тәжірибелік   іс-әрекеттерді   орындау   арқылы   жүзеге   асады.   Грамматикалық
құбылыстарға   берілген   анықтама   және   тілдік   ережелерді   түсіну   және   оны
ұғынуы – оқушылардың оқу материалын игеруінің алғашқы бастамасы ғана.
Өйткені   5-10-сыныптарда   оқушылардың   жадында   орфограммалардың
жазылу   дағдысы   қалыптасуы   үшін   қайталама   қабылдау   әрекет   әдістерін
қолдану қажет болмақ. Яғни орфограммалар бойынша қайталау жаттығулары
мен тәжірибелік жұмыстар жүргізіледі. Ол жаттығулар оқушылардың күрделі
аналитикалық-синтетикалық қызмет: біріншіден, ережені игеруге, екіншіден,
орфографиялық   дағды   қалыптастыруына   негіз   қалайды.   Сондықтан
жаттығулар түрлендіріліп жүргізіледі. 
Пунктуациялық   дағды   диктанттар   арқылы   бекітіле   түседі.   Диктант
жұмысы   үйрету,  бекіту,  қайталау,   пысықтау   мақсатына   қарай   жүргізіледі.
Диктант жұмысын ұйымдастырудың талаптары бар: 
-   диктант   теориылқ   мәселеге   орай   жүйелі   түрде   түрлендіріліп
жүргізілу;
- диктанттағы анықтама, ереже, мәтіндердің саналы игерілген болуы; 
- жайдан күрделендіріліп, оңайдан қиынға қарай ұйымдастырылуы.
Пунктуацияны   және   оның   ережелерін   игеруде   талдау   әдісі   жай
қолданылады.   Әрбір   синтаксистік   тұлғаның   өзіндік   белгілерін   бір-бірімен
салыстыра, сатылай талдау оқушыларды сауаттылыққа баулиды. 
Пунктуациялық   сабақтарда   мынадай   икемділік   пен   дағдылар
қалыптастырылады: 
1. Пунктуациялық көрегенділік (алдын ала білу) – дайын қатысымдық
бірліктердегі мағыналық бірліктерді, орфограмманы ажырата алу;
2.   Сөйлем   мәтінді   игерілетін   пунктуациялық   ережеге   сай   дұрыс
рәсімдеу икемділігі;
3.   Тыныс   белгілердің   ерекшеліктерін,   орнын   және   оның   белгілері
бойынша таңдауларды негіздеу;
4. Пунктуациялық қатені табу және оны жөндеу.
Тұжырымдағанда,   оқушылардың   орфографиялық   сауатты   жазу
дағдыларын   қалыптастыру   мектептегі   ең   өзекті   мәселенің   бірі   ретінде
саналмақ. Яғни тыныс белгілерді дұрыс қоя білу – сөйлемді, мәтінді дұрыс
оқи білу – оқушының жалпы мәдениеті мен сөйлеу мәдениетін дамытады,
жетілдіреді.  
170



жүктеу 0,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   145




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау