Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын



жүктеу 0,8 Mb.
Pdf просмотр
бет3/145
Дата26.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#37639
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   145
Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі

келген
  сөзінен   соң   сызықша   қойылмаса,
келген
 
сөзі   бастауыш   қызметін   емес,   өзге   мүше   қызметін
атқарған болар еді де, нәтижесінде сөйлемде берілетін ойға
нұқсан келер еді. 
Тыныс белгілерін дұрыс қою үшін үш түрлі белгі негізге
алынады:   сөйлемнің  
синтаксистік   ерекшелігі,   сөйлемнің
мағынасы, сөйлемнің интонациясы.  
Құрамына қарай сөйлем,
негізінен,   жай  және  құрмалас  сөйлем  болып  екіге  бөлінеді.
Бұлардың   өзі   іштей   мағынасына,   айтылу   сазына,
құрамындағы жай сөйлемдердің тиянақтылық, тиянақсыздық
қасиеттеріне,   жасалу   жолдарына   қарай   бірнеше   түрге
бөлінеді.   Міне,   осымен   байланысты   сөйлемнің
ерекшеліктеріне, қолданылу сипатына қарай әр түрлі тыныс
белгілері  қойылады. Хабарлы сөйлемнен соң (жай, құрмалас,
толымды,   толымсыз,   жақты,  жақсыз  сөйлемдер т.б.   )  нүкте
(.   )   қойылады.   Сұраулы   сөйлемнен   соң   сұрау   (?),   лепті
12


сөйлемнен   соң   леп   белгісі   (!)   қойылады.   Оңашаланған
мүшелер, оқшау сөздер (қаратпа, қыстырма, одағай) сөйлем
құрамындағы   өзге   мүшелерден,   негізінен,   үтір,   сызықша
арқылы ажыратылады. Сондай-ақ жалпылауыш сөз сөйлемнің
біріңғай мүшелерінен бұрын келсе, жалпылауыш сөзден соң
қос   нүкте   қойылады   да,   ол   керісінше   келетін   болса,
жалпылауыш сөздің алдынан сызықша қойылады. 
Тыныс   белгілерінің   дұрыс   қойылуы   сөйлемдегі   кейбір
сөздердің,   сөйлемнің   мағынасына   тікелей   байланысты.
Мысалы, 
Мен оның сөзінен байқаймын
 деген сөйлемді 
Мәлғұн
шалдың сөздері, байқаймын, Пугачевты ойландырған сияқты
(Пушкин)  
деген   сөйлеммен   салыстыратын   болсақ,   бірінші
сөйлемдегі   байқаймын   сөзі,   аңғарамын,   білемін   деген
мағынада жұмсалып, белгілі бір сөйлем мүшесі (баяндауыш)
қызметін   атқарып   тұрса,   екінші   сөйлемдегі   байқаймын
сөзінде   ондай   қасиет   жоқ.   Бұл   -  
меніңше,   байқауымша,
тәрізді 
мәнде қолданылып, оқшау сөздің бірі – қыстырма  сөз
қызметінде   жұмсалып   тұр,   сондықтан   оның   екі   жағынан
бірдей   үтір   қойылады.   Сондай-ақ   көп   нүкте,   тырнақша,
жақша, сұрау, леп белгілері сөйлемнің мағынасына қарай да
қойылады. 
Тыныс   белгілерін     дұрыс   қою   интонациямен   тікелей
байланысты.   Мысалы,   жай,   құрмалас,   сұраулы,   лепті
сөйлемдерге   байланысты   қойылатын   тыныс   белгілері
интонацияға   негізделеді.   Бастауыштан   кейін   қойылатын
сызықшада   интонацияның   ролі   айрықша   көрінеді.   Мысалы,
Еменнің   иілгені   –   сынғаны.   Көптің   ісі   –   көл
  (мақал).  
Ол   -
Әбіштің   туған   елінде,   аулында   ешкімге   айтпаған,   аша
алмаған   сыры   (
М.   Ә.   ).   Бірінші,   екінші   сөйлемдердегі
сызықшылар бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен немесе
заттанған   есімшеден   болғандықтан   қойылып   тұрса,   үшінші
сөйлемдегі   сызықша   сілтеу   есімдігінен   болған   бастауыш
анықтауышқа ұқсап кетпес үшін қойылып тұр. 
Қазақ   пунктуациясы   –   қазақ   тыныс   белгілері   жөніндегі
ережелердің   жиынтығы.   Ол   –   тыныс   белгілерінің   түрлерін
және олардың әрқайсысының қызметін қарастырады. 
Қазақ   пунктуациясы   грамматикаға,   мағынаға   және
интонацияға негізделеді, екінші сөзбен айтқанда, сөйлемнің
грамматикалық   құрылысына,   мағынасына,   интонациясына
қарап қойылады. 
Қазақ   пунктуациясының   негізгі   қызметі   –   тілдің   ішкі
заңдылықтарына   сүйеніп,   сөйлесімді   сөйлемдерге,
сөйлемдерді   белгілі   бір   бөліктерге   бөліп,   ажыратып,   жазу
және   оларды   дұрыс,   мәнерлеп,   нақышына   келтіріп,   оқуға,
13


сонымен   бірге   жазылған   ойды   я   оның   бөлшектерін   дұрыс
түсінуге   мүмкіндік   жасау.   Мәселен,   нүкте   сөйлеуді
сөйлемдерге   саралайды   да,   аяқталған   жай   немесе   күрделі
ойды білдіреді. Мәселен, егер бір мәтінді алып, төмендегідей
сөйлемдердің   ара   жігін   ажыратпай   жазсақ,   оқушылар   оны
оқығанда, қатты қиналып, тіпті оның мағынасына да түсінбей
қалуы ықтимал: 

жүктеу 0,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   145




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау