183
ҚОСЫМША В
«Шығармашылық сағат» әдеби-музыкалық салоны жұмыс формасы
Қазақ
халық музыкалық өнерін
аудиториядан тыс уақытта
пайдалануды ұйымдастыруда ұсынуға болады.
Мұның негізгі мақсаты – шығармашылық атмосфера құру, қазақ
музыкалық өнеріне қызығушылығын дамыту. Осы мақсатқа мынадай
міндеттерді орындау арқылы қол жеткізуге болады: демалыс, шығармашылық
қарым-қатынас ұйымджастырудың салондық формасымен таныстыру;
студенттердің шығармашылық әлеуетін белсендіруге рухтандыру; ұлттық
музыкалық өнер саласындағы білімін байыту. Осы міндеттерді орындау үшін
қажетті жабдықтарды дайындау керек:салонға келушілерге орындықтар;
сахнаға – фортепиано, екі ойын үстелі, төрт күйші композиторлардың
портреттері (Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Тәттімбет), сәйкес нөмірленген:
1-ден 4-ке дейінгі сандармен кеспе қағаздар; төрт автордың күйлерінен үзінді,
аукционды өткізуге арналған реквизиттер: балға, тақта-табло, бор; Конкурс
жеңімпаздарына сыйлықтар; аукционға қойылатын заттар (кітаптар,
сувенирлер, значоктар және т.б.).
Дайындық кезеңінде студенттер күйді сүйіп тыңдайтындар, қазақ
әдебиетінің білгірлері, халық даналығының білгірлері болып шығармашылық
топтарға бөлінеді, сондай-ақ концерттік нөмірлер дайындайды.
Іс-шараның өтуі барысында жүргізуші қонақтарды таныстырып болған
соң, оларды салондық форма демалысына тән, шығармашылық рухтағы,
шығармашылық іс-әрекетінде өзін көрсету, ойнаудағы ынтаның артуы, ойын
қуалау және т. б. ерекшеліктерімен таныстырады және күйді сүйіп
ьыңдайтындарға ойын залына өтіп, ойынға қатысуды ұсынады, ойынның
ережесімен таныстырады. Қабырғаға белгілі төрт күйші композитордың
нөмірленген портреттері қатарымен қойылған. Төрт күйден үзінді тыңдалып
болған соң, ойыншылар қай күйдің қай авторға тиесілі екенін тауып нөмірлері
жазылған кеспе қағазды көтеріп көрсетеді. Олардың алдына екі міндет
қойылады, біріншісі, күйдің атын табу, және портреттегі күйшілерді атау,
өйткені онда күйшінің аты жазылмайды, тек нөмірленеді. Содан кейін
жүргізуші ойын үстеліне қазақ әдебиетінің білгірлерін (3-4 адам) әдеби
конкурсқа қатысу үшін шақырады, оларға әдеби-музыкалық викторинаға жауап
беруді ұсынады. Бұл тапрсырмаға 10 минут уақыт бөлінеді, жеңімпаз дұрыс
жауапбының көптігіне қарай анықталады.
Келесі конкурста қазақ халық музыкасына қатысты сөзжұмбақ шешу
жүйріктері қатысады. Кім
бірінші және дұрыс шешсе, сол жеңімпаз болады.
Әрі қарай жүргізуші ойынға қатысушылардың барлығын халық даналығы
аукционына қатысуға шақырады. Қатысушыларға халық даналығының
білімімен алмасуға сыйлықтар ұсынылады. Оларға еркіндік беріледі – қазақ
мақал-мәтелдеорін,
ырымдарын,
әдет-ғұрыптарын,
салт,
дәстүрлерін,