жеке клиенттерге (клиенттер санатына) немесе жекелеген өнімдер бойынша дербес тарифтер
белгіленуі мүмкін.
37. Банк филиалдарда (ондағы жайларда) көруге жəне танысуға ыңғайлы жерлерде жəне өзінің
корпоративтік веб-сайтында осы Ереженің 65 тармағының есебімен, қолданыстағы базалық
ең жоғарғы жəне ең төмен мөлшерлеме мен тарифтерге өзгертулер бекітілген жəне енгізілген
күні, ішкі құжаттардың нөмірлері мен оларды бекіткен (қабылдаған) орган туралы
мəліметтер көрсетілген, банктік қызмет үшін базалық ең жоғарғы жəне ең төмен
мөлшерлемесі мен тарифтері туралы маңызды ақпаратты орналастырады.
38. Банк клиенттермен жасалатын шарттарда жəне заем мен салымдар бойынша сыйақы көлемі
(банкаралықтан бөлек) туралы ақпаратты жариялағанда, оның ішінде ҚБК анықталған тəртіп
пен жағдайда баспа арқылы жария еткенде сыйақы мөлшерлемесін дұрыс, жылдық, тиімді,
салыстырмалы түрде есептеп (нақты құнын) көрсетеді.
39. ҚР резиденті емес клиенттер үшін шетел валютасында жүргізілген операциялар бойынша
шетел валютасында белгіленген комиссиялар төлемі клиенттің қалауы бойынша теңгеде
(Банктің шетел валютасын сату бағамы бойынша, айырбастағаны үшін комиссиясыз) немесе
шетел валютасында жүзеге асырылады. ҚР резиденті емес клиенттер үшін шетел
валютасында жүргізілген операциялар бойынша шетел валютасында белгіленген
комиссиялар төлемі
– шетел валютасында – Банктің валюталық операцияларын жүргізу
жөніндегі қызметтерін төлегенде, сонымен қатар, банктік жəне валюталық заңдарға сəйкес
банктік қызметтерді шетел валютасында көрсетуді қарастыратын шарттар бойынша
тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлегенде;
ұлттық валютада (теңге) –
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бағамы бойынша айырбастағаны үшін
комиссиясыз.
40. Барлық пошталық, телеграфтық, телекстік, телефон жəне тағы басқа шығындар, егер өзгесі
тарифтермен белгіленбеген болса, қосымша нақты құны бойынша өндіріп алынады.
Банктің
үшінші банктер (корреспондент банктер) бойынша клиенттердің банктік операцияларды
шетел валютасында (OUR комиссиясы) жүргізу туралы тапсырмасын орындау жөніндегі
шығындары сол шығындардың нақты құны бойынша өтеледі.
41. Егер клиенттің тапсырмасын орындау жөніндегі Банктің қызмет құны тарифпен
белгіленбеген жағдайда немесе клиенттің тапсырмасын орындау үшін Банкпен стандарттан
тыс міндеттемелерді қабылдауын не Банктің қалыпты рəсімдерімен қарастырылмаған
қосымша жұмысты жүргізуін талап етсе, Банк ондай комиссиялық сыйақының көлемін
клиенттің тапсырмасын орындау жөніндегі өзінің жеке шығындары есебінен өз бетімен
белгілейді.
42. Банкпен көрсетілетін қызметтердің басым көпшілігі, ҚР салық заңдарына сəйкес қаржы
қызметі ретінде қосылған құн салығынан (ҚҚС) босатылған. Заңды тұлғаларға тиісті
тарифтер ҚҚС сомасының есебісіз көрсетілген. Жеке тұлғаларға тиісті тарифтер ҚҚС
сомасының есебімен көрсетілген.
43. Банкпен өндіріп алынған комиссия тапсырма күшін жойған (қайтарып алынғанда) жағдайда
клиентке қайтарылмады.
8 тарау. Банк пен клиенттің құқықтары, міндеттері жəне жауапкершілігі
44. Банк пен оның клиенттері ҚР қолданыстағы заңдарына жəне Банк пен клиент арасында
жасалған шарттарға сəйкес құқылы, міндетті жəне жауапты болып табылады.
Банк пен клиент арасында жасалатын шарттар Банкпен белгіленген тəртіпте əзірленген жəне
бекітілген үлгілі нысандар бойынша жасалады.
45. Шарттар: (а) Банк тарапынан жəне клиент тарапынан қол қойылатын шарттар, жəне (б)
клиент мақұлдайтын жəне тиісті өтінішке қол қою арқылы оған қосылатын, операцияларды
жүргізу, қызмет көрсету, тараптардың құқықтық қатынас талаптары бар қосылу шарты
болып бөлінеді.
Банк жəне клиент тарапынан қол қойылатын шарттарда, егер өзгесі осы шарттың
талаптарымен қарастырылмаған болса, өзгертулер мен толықтырулар тек тараптардың
келісімі бойынша енгізіледі.
Қосылу шарттарына өзгертулер мен толықтырулар Банкпен біржақты тəртіпте енгізіледі.
Клиент қосылу туралы өтінішке қол қойып, қосылу шартына келешекте енгізілетін
өзгертулермен жəне толықтырулармен алдын ала мақұлдайтынын білдіреді. Қосылу
шарттарына өзгертулер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, жаңа редакциядағы қосылу
шарты клиенттер онымен танысу үшін Банктік филиалдары мен бөлімшелеріндегі
хабарландыру тақтасына ілінеді жəне/немесе корпоративтік веб-сайтқа орналастырылады.
Енгізілген өзгертулермен жəне толықтырулармен келіспеген жағдайда, клиент осы шартпен
белгіленген тəртіпте Банкке тиісті өтініш беру арқылы шартты бұзуға құқылы.