Тәжірибелік сабақ №12
1.Тақырыбы: Дисфагия. Асқазан және ішек диспепсия синдромдарында қолданылатын дәрілер-дің жіктелуі.Жағымсыз әсерлері. Ұйқы безінің сыртқы секрециясының жетіспеушілік синдромында қолда-нылатын дәрілер топтары. Гепатобиллиарлы патологияда қолданылатын дәрілер.
2.Сабақтың мақсаты: Студенттерді дисфагия, асқазан және ішектік диспепсия синдромдарында қолданылатын дәрілер номенклатурасымен таныстыру.Сабақ тақырыбы бойынша қолданылатын дәрілердің этиотропты,симптоматикалық және патогенетикалық емдеу жолдарымен таныстыру. Дисфагия, асқазан және ішектік диспепсия синдромдарында қолданылатын дәрілерге рецепті дұрыс жазу принциптерін одан әрі жетілдіру және үйрету. Ұйқы безінің сыртқы секрециясының жетіспеушілік синдромында қолданылатын дәрілік заттарды дұрыс тағайындап, практикалық қызметте рецептуралық жазылымдарды құрастырумен рецептерді безендірудің ұстанымдарын қолдану, олардың фармакодинамикасын және фармакокинетикасын, көрсеткіштерін, қарсы көрсеткіштерін және кері әсерлерін түсіндіру. Гепатабилиарлы жүйеде кездесетін патологиялық емдеуде этиотропты, патогенетикалық және симптоматикалык терапия түрлерін үйрету.
3.Оқыту мақсаты: Дисфагия, асқазандық және ішектік диспепсия синдромы препараттарын дұрыс тағайындап, практикалық қызметте рецептуралық ережелерді қолданып , дәрлік рецептерді жазу.
асқазан– ішек жолдары жүйесіне әсер ететін дәрілік заттардың жіктелуін, номенклатурасын, әсер ету механизмдерін, фармакологиялық қасиеттерін түсіндіру;
Дисфагия, асқазан және ішектік диспепсия синдромдарында қолданылатын этиотропты, патогенетикалық және симптомдық терапияның негізгі принциптерімен таныстыру;
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Эрадикациялық терапияда қолданылатын антимикробтық дәрілер (амоксициллин, кларитромицин, метронидазол, тетрациклин, фуразолидон, висмут субстраты).
2.Анисекреторлық дәрілік заттар.
3.Протонды насостың ингибиторы Н2- гистаминоблокаторлар, М-холиноблокаторлар. Әсер ету механизмдері. Көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Еңгізу жолдары. Жағымсыз әсерлері. Балаларда қолдану ерекшеліктері.
4.Антацидтік дәрілік заттар. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Жағымсыз әсерлері. Балаларда қолдану ерекшеліктері.
5.Гастропротекторлар: простогландиндердің синтетикалық аналогтары (мизопростол). Кілегей қабаты механикалық қорғайтын және қорғаныштық функциясын жоғарылататын препараттар. Көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Жағымсыз әсерлері. Балаларда қолдану ерекшеліктері.
6.Асқорыту жолдары моторикасына әсер ететін дәрілік заттар: спазмолитиктер, антидиареялық және айдайтын дәрілік затттар (метаклопрамид, домперидон, М-холиноблокаторлар, дротаверин, пинаверия бромид, мебеверин, лактулоза және т.б.). Жіктелуі. Көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Жағымсыз әсерлері. Балаларда қолдану ерекшеліктері.
7.Ұйқыбезінің экскреторлы қызметі бұзылған жағдайда қолданылатын дәрілік заттар.
8.Ұйқыбезінің қызметі бұзылған жағдайда қолданылатын орын алмастырушы терапияның дәрілік заттары. Жіктелуі. Әсер ету механизмдері.
9.Көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Жағымсыз әсерлері. Балаларда қолдану ерекшеліктері. . Өт айдайтын дәрілер. Жіктелуі. Өт түзілуін күшейтетін және өттің бөлініп шығуына әсер ететін дәрілер. Дәрілердің мөлшерлері, енгізу жолдары. Жағымсыз әсерлері, науқас балаларға қолдану ерекшеліктері.
10.. Өт бөліп шығаратын дәрілердің әсер ету механизмдері. Мөлшерлеу принциптері. Енгізу жолдары. Жағымсыз әсерлері.
11.Гепатобилиарлы патологияда қолданылатьш өсімдік дәрілері - құмдық салаубас гүлі,жүгері шашағы,
12. Өт қабындағы өт тастарын ерітетін дәрілер.
13.Гепатопротекторлар. Әсер механизмдері. Зат алмасу процестеріне (метаболизмге) әсері. Гепатопротекторлардың мөлшерлері.
Достарыңызбен бөлісу: |