Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет80/147
Дата06.03.2018
өлшемі5,05 Kb.
#11794
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   147

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
189 
ұсынылған (www.nao.kz). 
Мұғалімдер  үшін  білім  алушылардың  оқу  пәндері  бойынша  алған 
білімдерін  күнделікті  өмірде  қолдану  және  тәжірибеге  бағытталған  біліктілігі 
мен дағдыларын қалыптастыру маңызды мақсат болып табылады. 
«Жаратылыстану»  білім  саласы  пәндерінің  практикалық  бөлімі  бұл 
мақсаттарға  жетуге  мүмкіндік  береді.  Пәндер  бойынша  сабақта  жасалатын 
практикалық  және  зертханалық  жұмыстарды  талдау,  жинақтау,  бағалау, 
болжау, есептеу, түсіндіру, құбылыстар мен процестердің сапалық және сандық 
сипаттарын  анықтау,  жобалық  тапсырмалар  орындау,  тәжірибелер  және 
эксперименттер жасау дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. 
Төменде физикадан  практикалық және зертханалық жұмыстардың тізімі 
берілген. 
 
50-
кесте  –  10-11-сыныптарда  физиканы  оқыту  барысында  жүргізілетін 
тәжірибеге бағытталған жұмыс түрлері және көлемі. 
 
Бағыты 
ҚГБ 
ЖМБ 
сыныптар 
10 
11 
10 
11 
зертханалық жұмыстар 


13 

практикалық жұмыстар 

 
17 
20 
бақылау жұмыстары 




физикалық практикум 
 
 

10 
 
51-
кесте – 10-11-сыныптарда биологияны оқыту барысында жүргізілетін 
тәжірибеге бағытталған жұмыс түрлері және көлемі. 
 
Бағыт 
ҚГБ 
ЖМБ 
Сынып 
10 
11 
10 
11 
Зертханалық жұмыс 




Практикалық жұмыс 




 
52-
кесте  –  10-11-сыныптарда  химияны  оқыту  барысында  жүргізілетін 
тәжірибеге бағытталған жұмыс түрлері және көлемі. 
 
Бағыт 
ҚГБ 
ЖМБ 
Сынып 
10 
11 
10 
11 
Зертханалық жұмыс 




Практикалық жұмыс 




Өлшеуіш  ресурстары  бар  дәстүрлі  және  электрондық  форматтағы  білім 
және ақпарат көздерін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) 
жан-жақты  қолдану  арқылы  жүргізілген  түрлі  оқу  жұмыстары  тәжірибеге 
бағытталған ойлауды дамытуға ықпал етеді. Сабақтарда білім берудің заманауи 
технологияларын белсенді қолдану ұсынылады. География, физика, химия және 
биология сабақтарындағы компьютерлік технологиялар: 
– 
оқу  материалын  зерделеу  барысында  мультимедиа-технологияларды 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
190 
пайдалануды; 
– 
білім  алушылар  мен  мұғалімдердің  күнделікті  оқу  жұмысында 
компьютерлерді құрал ретінде өнімді қолдануларын; 
– 
пәнаралық байланыс технологиясын жүзеге асыруды; 
– 
оқу  телекоммуникациялық  жобаларды  орындау  барысында  білім 
алушылардың өздігінен іздеу және зерттеу жұмыстары әдісін әзірлеулерін; 
– 
Интернетті  пайдалану  арқылы  оқу  материалы  аясындағы  ақпаратты 
іздеу және өңдеуді; 
– 
есептерді шығару үшін электрондық кестелерді пайдалануды; 
– 
виртуалды  практикумдар  және  зертханалық  жұмыстар  жүргізуді 
қарастырады. 
Сабақтарда  және  сабақтан  тыс  уақытта,  оқу-зерттеушілік  және  өмірлік 
жағдаяттарда  география,  физика,  химия  және  биология  пәндерінен  алған 
білімдерін  қолдану  біліктілігін  дамытатын  есептерді,  тапсырмаларды  және 
жаттығуларды  кеңінен  қолдану  ұсынылады.  Оқу  тапсырмаларын  әзірлеу 
барысында  Ы.Алтынсарин  атындағы  ҰБА  басылымдарында  ұсынылған, 
халықаралық  салыстырмалы  PISA  және  TIMSS  зерттеулерінде  қолданылатын 
тапсырмалар жүйесіне көңіл аудару қажет.  
«Жаратылыстану»  білім    саласы  пәндері  аясында  сыныптан  тыс, 
экскурсиялық-экспедициялық  түрлі  жұмыстар  ұйымдастыру  ұсынылады. 
Сабақтарда  міндетті  түрде  өлкетану  аспектісі,  зілзалалардың  қауіп-қатерін 
азайту және қауіпсіздікті сақтау сұрақтары қарастырылуы тиіс. 
Сабақ  барысында  білім  алушылардың  коммуникативтік  дағдыларын, 
ұжымда  жұмыс  істеу  дағдылары  мен  біліктілігін  дамытуға  жағдай  жасалуы 
тәжірибеге бағытталған оқытуға тиімді әсер етеді. 
Мектеп  оқушыларының  зерттеушілік  қабілетін,  зейінін  және 
байқағыштығын,  логикалық  ойлауын  және  шығармашылық  қиялын,  есте 
сақтау, тілдік және көптілділік, пәндік оқу, ғылыми және әдістемелік, мерзімді 
баспасөз  басылымдардың,  интернеттің,  білім  берудің  сандық  ресурстарының 
ақпараттарын қолдану дағдыларын дамыту маңызды. 
Сабақтарда тәжірибелер, эксперименттер және зерттеулер жүргізу кезінде 
жүзеге  асырылатын  зерттеушілік  дағдыларды  дамыту  барысында,  тұлғаның 
жеке  қасиеттерін  дамытуға  бағытталған  оқытудың  мақсаттары  жүзеге 
асырылады. 
Практикалық  және  зерттеушілік  жұмыстар,  зертханалық  тәжірибелер 
орындау,  эксперименттер  және  эксперименттік  есептер  шығару,  жобалар 
орындау,  модельдер  құрастыру  барысында  табиғи  және  әлеуметтік-
экономикалық  процестердің,  құбылыстар  мен  заңдылықтардың  мәнін  түсіну 
тереңдетіледі.  Білім  алушылар  себеп-салдарлық байланыстарды  көре  білулері, 
қоршаған  ортадағы  өзгерістерді  анықтай  алулары,  нақты  жағдаяттардың 
салдарынан болатын қауіпті өзгерістердің алдын-алу тәсілдерін ұсына алулары 
тиіс. 
Физика, химия және биология мұғалімдері кабинеттердің жабдықталуын 
және  оқытудың  электрондық  құралдарын  ескере  отырып  практикалық  және 
зертханалық  жұмыстардың,  практикумдардың  тақырыптарын  өз  беттерінше 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
191 
таңдай  алады.  Зертханалық  және  практикалық  жұмыстарды  орындау 
барысында  (зертханалық  жұмыстарға  арналған  дәптерде)  сыныптың  барлық 
оқушыларының  жұмыстары  міндетті  түрде  бағаланады.  Географиядан 
бағаланатын  практикалық  жұмыстар  оқу  бағдарламасында  көрсетілген  және 
номерлермен белгіленген. 
Пәндердің  оқу  бағдарламалары  табиғаттағы  процестер  және  адам  іс-
әрекеті  туралы  білімді  қамтиды.  Сабақтарда  экологиялық  проблемаларды 
шешудің және жаңа технологиялар негізінде қоғамның өндірістік күшін дамыту 
мүмкіндіктерінің заманауи жолдары қарастырылуы тиіс. 
Білім  саласы  пәндері  курсын  зерделеу  кезінде  оқушылар  қоғамның, 
экономиканың  және  табиғаттың  өзара  байланысы  туралы,  Жерде  тіршіліктің 
болуы үшін біздің планетамыздың атмосферасы және басқа да қабықтарының 
мәні,  оны  ластайтын  негізгі  ошақтар,  ластанудың  қоршаған  ортаға  және 
тіршілік  процестеріне  әсері,  зиянды  факторлардың  әсерінен  тірі  табиғатты 
қорғау  шаралары,  табиғи  ортаны  өзгертудің  (сонымен  қатар,  оқушылардың 
өздері  қатысатын  жағдайларды  қоса  алғанда)  апаттың  салдары  туралы  нақты 
түсінік  алулары  тиіс.  Оқушылар  Жердің,  материктің,  елдің,  өзінің  туған 
өлкесінің табиғат кешеніндегі өзара байланысты жақсы түсінулері тиіс. 
Оқушылардың 
жеке 
жобалық-зерттеу 
жұмыстарының 
үлгілік 
тақырыптары: 
– 
Судың сапасын жақсарту жолдары. 
– 
Жыралардың дамуын зерттеу. 
– 
Өлкенің өнеркәсіптерінде таза технологияларды дамыту жобалары. 
– 
Биогаз энергетикасы. 
– 
Жергілікті жердің гидрографиясын зерттеу. 
– 
Судың кермектігін анықтау. 
– 
Сағызды зерттеу. 
– 
Чипсыны зерттеу. 
– 
Шайдың сапасын зерттеу. 
– 
Сүттің сапасын зерттеу. 
– 
Темекіні зерттеу. 
– 
Сабынның сапасын зерттеу. 
– 
Адамның еңбекке қабілеттілігіне музыканың әсерін зерделеу. 
– 
Бөлме ауасының шаңмен ластануын зерттеу.  
– 
Ағаштар мен бұталардың қабығын зерттеу. 
– 
Адам денсаулығының атмосфераның жағдайына тәуелділігін зерделеу. 
– 
Мектептегі жұмыс үстелдерінің жарықтануын зерттеу. 
– 
Өз пәтеріндегі энергияны үнемдеу мүмкіндіктерін зерттеу. 
Жалпы  орта  білім  деңгейінде  ғылыми-жаратылыстану  циклінің  пәндері 
(география,  физика,  химия  және  биология)  үшін  математикалық  және 
ақпараттық  сауаттылықты  дамыту  маңызды  болып  табылады.  Ол  ақпараттық 
құрылымдарды  (сызбанұсқалар,  кестелер)  құрастыру  және  толтыру,  ақпарат 
жинауды  ұйымдастыру  және  оған  талдау  жасау,  сызбалар  құру  және  талдау, 
модельдеу  әдістерін  қолдану  білігін  қамтиды.  Сонымен  қатар  проблемаларды 
талдауды,  тапсырмаларды  тұжырымдауды,  мәтіндік  шарттан  формулаға, 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау