Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
133
www.unesco.org
www.unmultimedia.org
www.volcanodiscovery.com
www.worldbank.org
«Жаратылыстану» білім саласы пәндері бойынша сыныптан тыс
жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2017-2018 оқу жылында
аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:
-
Фернандо Магеллан (1522) басқарған алғашқы жер шарын айналу
экспедициясының аяқталғанына 495 жыл;
-
525 жыл бұрын Христофор Колумб экспедициясы Сан-Сальвадор
аралын ашты (Американың ашылуының ресми датасы) (1492 ж));
-
10 қыркүйек – Байкал көлі күні. Бұл күн 1999 жылы бекітілген және сол
уақыттан бері жыл сайын тамыз айының төртінші жексенбісінде аталып
өтілетін, 2008 жылы Иркут облысының Заңнамалық Жиналысының шешімімен
Байкал күні қыркүйек айының екінші жексенбісіне ауыстырылды;
-
15 қыркүйек – халықаралық экологиялық«Гринпис» ұйымының Туған
күні (1971 жылдың 15 қыркүйегі –ядролық сынаққа қарсы экологтардың
ұйымдасқан бірінші акциясының өткен күні);
-
16 қыркүйек – озон қабатын қорғаудың халықаралық күні;
-
22 қыркүйек – ағылшын физигі Майкл Фарадейдің туғанына 225 жыл
(1791-1867);
-
24 қыркүйек – Бүкіләлемдік теңіз күні. Бүкіләлемдік теңіз күнін 1978
жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 10 сессиясының шешімімен
қабылдаған. Біріккен Ұлттар Ұйымының бүкіләлемдік және халықаралық
күндері жүйесіне кіреді. 1980 жылға дейін 17 наурызда аталып келді, кейінірек
қыркүйек айының соңғы аптасының бір күнінде аталып өтетін болды;
-
1 қазан – аса көрнекті тарихшы, түркітанушы, географ, этнограф,
жазушы Л.Н.Гумелевтің туғанына 105 жыл (1912-1992);
-
31 қазан – Қара теңіз күні;
-
19 қараша – орыстың алғашқы бүкіләлемдік маңызы бар
жаратылыстанушы ғалымы, химик, физик, астроном, ақын, заманауи орыс
әдеби тілінің негізін салушы Михаил Васильевич Ломоносовтың туғанына 305
жыл (1711–1765);
-
27 қараша – швед астрономы, физигі, метеорологы Андерс Цельсийдің
туғанына 315 жыл (1701-1744);
-
29 қараша – табиғатты қорғаудың Бүкіләлемдік қауымдастығының
құрылған күні. 1948 жылы бұл күні «Бүкіләлемдік Табиғатты Қорғау Одағы»
негізін құраған, аталған ұйым табиғатты қорғаудың халықаралық
коммерциялық емес ірі ұйымы, одақ 82 мемлекетті біріктіретін дүние жүзілік
ерекше серіктестік болып саналады.
«География» оқу пәнінің 6, 8, 9- сыныптардағы оқу жүктемесінің көлемі:
6-
сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
8-
сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
9-
сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.
«Биология» оқу пәнінің 6, 8, 9- сыныптардағы оқу жүктемесінің көлемі:
6-
сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
134
8-
сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
9-
сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.
«Физика» оқу пәнінің 8-9- сыныптардағы оқу жүктемесінің көлемі:
8-
сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
9-
сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.
«Химия» оқу пәнінің 8-9- сыныптардағы оқу жүктемесінің көлемі:
8-
сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
9-
сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.
«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Адам және қоғам» білім саласы «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі
тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық», «Өзін-өзі тану» пәндерін қамтиды.
Қазіргі қоғам мен өткенді байланыстыратын тарихи сана өскелең ұрпаққа
бүгінгі күнгі оқиғалардың мәні туралы түсінік қалыптастыруда маңызды рөл
атқарады. Тарихи сана – бұл тарихты білу, тарихи тәжірибе мен оның
сабақтарын ұғынып түсіну, әлеуметтік болжау (бүгінгі күн жағдайының мәнін,
өткеннің инварианттылығы мен болашақтың баламалығын түсінуден), өз іс-
әрекеті үшін тарихи жауапкершілікті түсіну. Оқу-тәрбие процесінің маңызды
құрамдас бөлігі болып табылатын тарихи білім тұлғаның, азамат пен
патриоттың қалыптасуына септігін тигізеді.
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу
бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі – білім алушылардың бойында
тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру мен дамыту болып табылады.
Осыған байланысты сабақта білім алушылардың «тарихи тұрғыдан
ойлау» білігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін әр түрлі әдістер мен
тәсілдерді (мысалы, оқытудың белсенді және проблемалық әдістерін, жобалау
әдісін, тұжырымдамалық тұрғыдан оқытуды) қолдану қажет.
«Тарихи тұрғыдан ойлау» өткен заманның кез-келген құбылысын сол
заманның контекстінде, бұрын болған және кейінгі тарихи оқиғалармен өзара
байланысында көру, анықтау, бағалау, талдау қабілетін білдіреді. Бұл қабілетке
ие болу арқылы білім алушы өткен тарихқа қатысты білім мен түсінікке
негізделген өзіндік дәлелді ұстанымды қалыптастыра алады. Тарихи ойлау
дағдылары әрбір сабақта олардың біртіндеп кеңеюі мен прогрессиясы негізінде
дамытылуы қажет.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі:
6-
сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
8-
сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
9-
сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
«Дүниежүзі тарихы»бойынша оқу жүктемесі:
6-
сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
8-
сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
9-
сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
«Адам. Қоғам. Құқық.» оқу пәні бойынша оқу жүктемесі:
Достарыңызбен бөлісу: |