Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет51/147
Дата06.03.2018
өлшемі5,05 Kb.
#11794
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   147

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
123 
жұмысын  арттыру  қажеттілігіне  байланысты  Ы.Алтынсарин  атындағы  ҰБА 
сайтындағы әдістемелік құралдар ұсынылады (www.nao.kz). 
Мұғалімдердің  басты  мақсаты  білім  алушылардың  пәндік  білімді 
тәжірибеде қолдану біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру, яғни тәжірибеге 
бағытталған білім беру. 
«Жаратылыстану»  білім  саласы  пәндерінің  практикалық  бөлімі  бұл 
мақсаттарға  жетуге  мүмкіндік  береді.  Білім  алушылардың  ғылыми-
жаратылыстану  біліктілігінің  қалыптасуына,  өз  білімдері  мен  біліктілігін  
күнделікті  өмірде  қолдануларына  жағдай  жасайтын  есептер,  тапсырмалар 
оқытудың жан-жақты құралы болып табылады.  
Мектеп  оқушыларының  ғылыми-жаратылыстану  біліктілігі  табысты 
қалыптасуы  үшін,  мұғалімге  оны  қалыптастырудың  келесі  дидактикалық 
шарттарын есепке алуы ұсынылады: 

білім  алушылардың  білімдері  мен  біліктілігін  кешенді  қолдануы 
бойынша өздіктерінен іс-әрекет жасауға бағыттау; 

пәнішілік  байланыстың  көмегімен,  білімді  кешенді  қолдану  және 
тасымалдау үшін білімді жүйелеу білігін қалыптастыру; 

репродуктивті іс-әрекеттен, ғылыми-жаратылыстану пәндері бойынша 
білім және біліктілігін кешенді қолдануға негізделген іс-әрекетке ауысу; 

кешенді  мәселелерді  шешу  барысында  түрлі  білім  салаларынан 
алынған білім және біліктілігін кеңінен қолдануға жағдай жасайтын және білім 
мен  біліктілігін  кешенді  қолдану  шеберлігін  бекіту  үшін,  оқушыларды 
неғұрлым күрделі іс-әрекет түрлеріне араластыру. 
Пәндер бойынша сабақтарда жүргізілетін практикалық және зертханалық 
жұмыстарды  талдау,  жинақтау,  бағалау,  болжау,  есептеу,  түсіндіру, 
құбылыстар  мен  процестердің  сапалық  және  сандық  сипаттарын  анықтау, 
жобалық  тапсырмалар  орындау,  тәжірибелер  және  эксперименттер  жасау 
дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. 
Өлшеуіш  ресурстары  бар  дәстүрлі  және  электрондық  форматтағы  білім 
және ақпарат көздерін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) 
жан-жақты  қолдану  арқылы  жүргізілген  түрлі  оқу  жұмыстары  тәжірибеге 
бағытталған ойлауды дамытуға ықпал етеді. Сабақтарда білім берудің заманауи 
технологияларын белсенді қолдану ұсынылады. География, физика, химия және 
биология сабақтарындағы компьютерлік технологиялар: 

оқу  материалын  зерделеу  барысында  мультимедиа-технологияларды 
пайдалануды; 

білім  алушылар  мен  мұғалімдердің  күнделікті  оқу  жұмысында 
компьютерлерді құрал ретінде өнімді қолдануды; 

пәнаралық байланыс технологиясын жүзеге асыруды; 

оқу  телекоммуникациялық  жобаларды  орындау  барысында  білім 
алушылардың өздігінен іздеу және зерттеу жұмыстары әдісін әзірлеуді; 

интернетті пайдалану арқылы оқу материалы аясындағы ақпаратты іздеу 
және өңдеуді; 

есептерді шығару үшін электрондық кестелерді пайдалануды; 

виртуалды  практикалық  және  зертханалық  жұмыстар  жүргізуді 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
124 
қарастырады. 
Ақпараттық-коммункациялық  технологияларды  қолданумен  өткізілетін 
сабақтарда  оқу  әрекетін  жоспарлау  барысында  келесі  аспектілерді  ескеру 
ұсынылады: 
– 
жалпы сабақтар жүйесіндегі орнын анықтау; 
– 
білім  алушылардың  дайындық  деңгейін  есепке  алумен,  оқу 
бағдарламасының  және  сабақтың  мақсаттарының  талаптарына  сәйкес,  сабақ 
мазмұнының ұтымды жағын анықтау;  
– 
сабақта  және  сабақтың  жеке  кезеңдерінде  білім  алушылардың 
біліктілігін  және  дағдыларының  қалыптасу,  ғылыми  білімді  меңгеру 
деңгейлерін болжау; 
– 
сабақтың  әр  кезеңінде  білім  алушыларды  ынталандыратын  және 
бақылайтын оқытудың неғұрлым тиімді әдістерін, тәсілдерін және құралдарын 
таңдау; 
– 
білім  алушылардың  өздігінен  білім  алуға  талпынуын,  танымдық 
белсенділігін  қамтамасыз  ететін,  сабақ  барысында  топтық  және  жеке  жұмыс 
істеудің үйлесімді түрлі формаларын таңдау; 
– 
сабақта барлық дидактикалық принциптерді жүзеге асыру.  
Сандық  зертханалардың  құралдары  білім  алушылар  мен  мұғалімдердің 
уақытын  үнемдейді,  «дала  жағдайында»  өлшеу  жұмыстарын  жүргізуге  ықпал 
етеді.  
Олар  өлшеу  жұмыстарының  параметрлерін  жеңіл  өзгертіп,  оқушыларды 
шығармашылыққа  тартады.  Сонымен  бірге  бейнеталдау  жасауға  арналған 
бағдарлама бейне көріністерден деректер алуға, оқушылардың өздері түсірген 
бейне  көріністері,  сонымен  бірге  оқу  және  танымал  бейнефильмдердің 
үзінділері  өмірдегі  нақты  жағдайларды  зерттеуге,  оларды  мысалдар  ретінде 
пайдалануға мүмкіндік береді.  
Сабақтарда  және  сабақтан  тыс  уақытта,  оқу-зерттеушілік  және  өмірлік 
жағдаяттарда  география,  физика,  химия  және  биология  пәндерінен  алған 
білімдерін  қолдану  біліктілігін  дамытатын  есептерді,  тапсырмаларды  және 
жаттығуларды  кеңінен  қолдану  ұсынылады.  Оқу  тапсырмаларын  әзірлеу 
барысында  Ы.Алтынсарин  атындағы  ҰБА  басылымдарында  ұсынылған, 
халықаралық  салыстырмалы  PISA  және  TIMSS  зерттеулерінде  қолданылатын 
тапсырмалар жүйесіне көңіл аудару қажет.  
«Жаратылыстану»  білім  саласы  пәндері  аясында  сыныптан  тыс, 
экскурсиялық-экспедициялық  түрлі  жұмыстар  ұйымдастыру  ұсынылады. 
Сабақтарда міндетті түрде өлкетану аспектісі қарастырылып, сондай-ақ әртүрлі 
жағдаяттардағы  қауіпсіздікті  сақтау  мәселесі  талқылануы  тиіс.  Сабақ 
барысында білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын, ұжымда жұмыс 
істеу  дағдылары  мен  біліктілігін  дамытуға  жағдай  жасалуы  тәжірибеге 
бағытталған оқытуға тиімді әсер етеді. 
Мектеп  оқушыларының  зерттеушілік  қабілетін,  зейінін  және 
байқағыштығын,  логикалық  ойлауын  және  шығармашылық  қиялын,  есте 
сақтау, тілдік және көптілділік, пәндік оқу, ғылыми және әдістемелік, мерзімді 
баспасөз  басылымдардың,  интернеттің,  білім  берудің  сандық  ресурстарының 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау