Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
87
нәтижелерін қолдана алмаса, бағдарламада қарастырылған табиғаттағы
құбылыстар мен нысандар арасындағы байланысты орнатуда, практикалық
жұмыстарды орындауда қиналса, бірақ мұғалімнің көмегімен аталған
кемшіліктерін түзете алса қойылады.
Оқушыға «2» деген баға, егер оқу бағдарламасының көп бөлігін
меңгермесе, мұғалімнің көмегімен де тәжірибелік жұмыстарды орындай алмаса
қойылады.
21-
кесте – Тексеру және бақылау жұмыстарының саны
Тоқсан
3-
сынып
4-
сынып
Тексеру Бақылау Тексеру
Бақылау
I
1
1
1
1
II
1
1
1
1
III
1
1
1
1
IV
1
1
2
1
Барлығы
4
4
5
4
Тест жұмысын бағалау
Тест қиындығы жағынан орташа деңгейлі тапсырмалардан тұрады. Қатені
табу; дұрыс жауапты таңдау; айтылған ойды жалғастыру немесе түзету
түріндегі тест тапсырмаларын қолдануға болады.
Тест жұмыстарын орындау үшін оқушыларды алдын ала дайындау қажет.
Ол үшін алдыңғы сабақтардың бірінің соңында 10-15 минут уақыт бөлу керек.
Тақтада өтілетін тест тапсырмаларына ұқсас 1-2 тапсырманы тақтаға жазып
немесе іліп, оны оқушылармен бірге орындау ұсынылады.
22-
кесте – Тест тапсырмаларын бағалау
Базалық деңгей
0-60%
60-77%
77-90%
90-100%
Баға «2»
Баға «3»
Баға «4»
Баға «5»
«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ
Өзін-өзі тану
«Өзін-өзі тану» оқу пәнінің мақсаты оқушылардың өз ішкі әлемін танып
білуіне мүмкіндік беру және өзімен, қоршаған ортамен үйлесімді қарым-
қатынасын құруы болып табылады.
«Өзін-өзі тану» пәнінің базалық білім беру мазмұны төрт негізгі бөлімді
қамтиды:
1)
Өзін-өзі тану бақыты.
2)
Адами қарым-қатынасқа үйренейік.
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
88
3)
Адам болам десеңіз.
4)
Әсемдік әлемінде.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 3, 4-сыныптарда – 1 сағат,
оқу жылында барлығы 34 сағатты құрайды.
Білім берудің барлық деңгейлерінде 33-34-сабақтар қорытынды қайталау
ретінде көрсетілген, ол курс аяқталғаннан кейін өтілген материалды жалпылау
мен жүйелеуді білдіреді.
Қорытынды қайталау сағаттарын білім алушылардың жобалық іс-әрекет
аясындағы шығармашылық жұмыстарының нәтижелерін таныстыруға берілген
мүмкіндік ретінде де қарастыруға болады.
Шығармашылық жұмыстар жеке, топтық және ұжымдық сипатқа ие.
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім алушылардың білімін бағалау білім
алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар негізінде жүргізіледі.
Бұл талаптар білім алушылардың танымдық қызметін дамыту мониторингінің,
өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға және қоғамға қызмет ету
дағдыларына ұмтылудың өлшемшарты болып табылады.
Оқыту қорытындысы бойынша білім алушыларға «сынақ»/ «сынақ емес»
қою кезінде білім алушының жобалық іс-әрекетке қатысуы ескеріледі.
Орындалған жобалардың сапасын талдау кезінде білім алушылардың ұжымдық
және топтық шығармашылықтағы белсенділігіне, сондай-ақ жеке
шығармашылық іс-әрекетте мәселенің тереңдігін ұғынуына, жобаның мұраты
мен мазмұнының жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлануына, сабақта
қойылған мәселенің шешімін адамға және қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік
негізінде іздеуіне назар аударылады.
«ӨНЕР» БІЛІМ САЛАСЫ
Музыка
«Музыка» пәнінің мақсаты білім алушылардың музыкалық мәдениетін
тәрбиелеуге, азаматтық тұлғасын, көркемдік талғамы мен шығармашылық
қабілетін қалыптастыруға, алған білімдерін сабақта және өмірде пайдалана
білуіне негізделген. Пәнді оқытуда «Қазақ халық музыкасы», «Музыкалық
аспаптар», «Концертке және театрға саяхат», «Қазақстан – менің Отаным»
сынды ең негізгі тақырыптарға аса мән беріледі. Пән мазмұны тереңдей түсіп,
музыкалық құбылыстардың ауқымы кеңейеді.
Оқытудың әдістемелік жүйесі заманауи технологияларды пайдалануға
негізделген. «Мұғалім – оқушы» технологиясы шынайы шығармашылық
қарым-қатынас қалыптастырады. «Жетістік» технологиясы оқушылардың
шығармашылық биігіне көтерілуіне көмектеседі. Бастауыш сыныптарда саяхат-
сабақ, концерт-сабақ, ой бөлісу сабағы, репортаж-сабақ және т.б. әртүрлі сабақ
түрлерін пайдалану ұсынылады.
«
Музыка» пәні бойынша барлық сағат саны 3, 4-сыныптарда аптасына 1
сағаттан, жылына барлығы 34 сағатты құрайды.
Музыка сабағында жұмысты бағалау
«5» бағасы – аталған үш критерийлерге немесе алғашқы екеуіне сәйкес
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
89
болғанда қойылады: музыкаға қызығушылық таныту, оған тікелей
эмоционалды жауабы, тыңдаған немесе орындалған шығарма туралы өз ойын
айту; іздену жағдайы барысында анықталған, оқушының белсенді жігері және
музыканы қабылдау барысында ең алдымен бастапқы білімдерін қолдану білігі;
орындау дағдысының өсуі, бұл оқушының дайындық деңгейі мен сабақтағы
белсенділігін есепке ала отырып, бағаланады.
«4» бағасы – екі немесе бір критерийлерге сәйкес болғанда;
«3» бағасы – берілген критерийлерге сәйкес болмағанда;
«2» бағасын қоюға жол берілмейді, себебі ол баланың қызығушылығын
және соған сәйкес сұлулық пен мейірімділікке деген қажеттілігін жояды.
Бейнелеу өнері
Пәнді оқыту эстетикалық сезімдерін, бейнелеу өнеріне қызығушылығын
тәрбиелеу; өнегелі тәжірибесін байыту, ізгілік туралы ойларын дамыту;
адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, Қазақстан және басқа елдердегі
халықтардың мәдениетін құрметтеу; қиялын, кез келген іске шығармашылық
тұрғыдан қарау ниеті мен икемділігін, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау
қабілетін, көркемдік қызметте бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен
дағдыларын дамыту; халық шығармашылығына деген қызығушылығы мен
сүйіспеншілігін тәрбиелеу; аңғарымпаздығы мен көріп есте сақтау қабілетін
дамытуға бағытталған.
Бағдарламадағы оқу материалы көркемдік білімнің іскерлік сипаты мен
адамгершілік болмысын көрсететін блоктармен ұсынылған: «Көркемдік қызмет
түрлері», «Көркемдік сауат негіздері», «Қоршаған әлемді тану», «Көркем-
шығармашылық қызмет мазмұны».
Барлық блоктар кешенді түрде жалпы көркемдік білім мен тәрбие
міндеттеріне бағытталған.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі 3, 4-сыныптарда аптасына 1
сағаттан, жылына барлығы 34 сағатты құрайды.
Бағалау нормалары:
«5» бағасы: оқушы сабақтың қойылған мақсатын толық орындай алады,
меңгерілген материалды дұрыс түсіндіреді және алған білімін іс жүзінде
қолдана алады; сурет композициясын дұрыс шешеді, яғни бейненің барлық
компоненттерін өзара үйлесімді қиылыстырады, бейнені айрықша аңғарады
және жеткізе сипаттай алады.
«4» бағасы: оқушылар бағдарлама материалын толық меңгерді, бірақ
қосымша сипатта жеткіліксіз мазмұндайды; бейненің барлық компоненттерін
өзара үйлесімді қиылыстырады, бірақ бейнені нақты сипаттай алмайды.
«3» бағасы: оқушылар сабақтың қойылған мақсатын толық орындай
алмайды; меңгерілген материалды мазмұндауда дәлсіздік жібереді.
«2» бағасы: материалды мазмұндауда өрескел қателер жібереді; сабақтың
қойылған мақсатын орындай алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |