Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет23/147
Дата06.03.2018
өлшемі5,05 Kb.
#11794
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   147

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
54 
санайды.  Ол  үшін  «Қазақстанның  қасиетті  рухани  құндылықтары»  немесе 
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек. 
Бағдарламалық құжат авторы Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа 
Ахмет  Ясауи  кесенесін,  Тараздың  ежелгі  ескерткіштерін,  Бекет  ата  кесенесін, 
Алтайдағы  көне  қорымдар  мен  Жетісудың  киелі  мекендерін  және  басқа  да 
жерлерді  өзара  сабақтастыра  отырып,  ұлт  жадында  біртұтас  кешен  ретінде 
орнықтыруды ұсынады. 
Бесіншіден,  «Мемлекет  басшысы  ұсынып  отырған  тағы  бір  жоба 
Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. 
Әлем  бізді  қара  алтынмен  немесе  сыртқы  саясаттағы  ірі 
бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек. 
Алтыншыдан, Н.Ә. Назарбаев ақылымен, қолымен, дарынымен заманауи 
Қазақстанды  жасап  жатқан  нақты  адамдарды  қоғамға  таныту  үшін  
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын  іске асыруды ұсынды.  
Мемлекет  Басшысы,  қорытындылай  келе,  екі  дәуір  түйіскен  шақта 
Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды 
ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отырғандығына сенім білдіреді. 
ҚР  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар:  рухани 
жаңғыру» атты еңбегін жалпы білім беретін оқу мекемелерінде оқытуда білім 
алушылардың  психологиялық  және  жас  ерекшеліктерін  ескеру,  тұлғаны  оның 
рухани мәдениеті, танымдық қызығушылығы, әлеуметтік ақпаратты объективті 
қабылдауға  мүмкіндік  беретін  сын  тұрғысынан  ойлау  және  әлеуметтік 
рөлдердегі  практикалық  қызмет  көзқарас  жағынан  дамытуға  назар  аудару 
қажет. 
2017  жылы  Қазақстан  Республикасы  ЭКСПО  халықаралық  көрмесін 
қабылдаған  барлық  кеңестен  кейінгі  елдер  арасында  бірінші  мемлекет  болып 
отыр. Адамгершілік және көшбасшылық қасиеттері бар азамат пен патриотты 
қалыптастыру мақсатында білім беру ұйымдарында шын мәнінде ғаламшарлық 
ауқымдағы оқиғаға арналған іс-шараларды кеңінен өткізу керек.   
Тәрбие  жұмысында  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 
министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген Тәрбиенің 
тұжырымдамалық негіздерін басшылыққа алу керек. 
Сынып  сағаттарын  өткізу  кезінде  тәрбиенің  жаңа  технологиялары  мен 
белсенді  формаларын  өнімді  пайдалану  ұсынылады.  Ресурс  ретінде  отандық 
әдебиеттерді,  кинематографты,  публицистиканы,  поэзияны,  өзінің  өмірлік 
жағдаяты туралы шығармаларды қолдану ұсынылады.  
Мұғалімдерге,  сынып  жетекшілеріне,  тәрбиешілер  мен  ата-аналарға 
көмек ретінде білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесіне әдіснамалық қолдау 
көрсету  бойынша  әдістемелік  ұсынымдар  әзірленіп,  Академияның  сайтында 
орналастырылды (www.nao.kz). 
 
 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
55 
2017-
2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының 
жалпы орта білім беру ұйымдарында «Мен - өз елімнің 
патриотымын» тақырыбы бойынша Білім сабағын өткізуге 
әдістемелік ұсынымдама 
 
Мазмұны 
1. 
Сабақтың тұжырымдамалық идеясы. Таңдау негіздемесі. 
2
. Сабақтың мақсаты және кешенді міндеттері. 
3. Сабақтың ресурстық картасы. 
4
. Сабақ өткізу бойынша ұсынымдамалар: 
- 1- 
концентрі: 1-4-сыныптар, 
- 2- 
концентрі: 5-7-сыныптар, 
- 3-
концентрі: 8-9-сыныптар. 
5. Қосымша. 
5.1. Сабақта жұмыс істеу үшін инновациялық тәсілдердің «қоржыны» 
5.2. Глоссарий. 
 
1. Сабақтың тұжырымдамалық идеясы. Таңдау негіздемесі. 
 
«Мен-өз  елімнің  патриотымын»  тақырыбы  бойынша  білім  сабағының 
тұжырымдамалық идеясы қоғам мүддесінде азаматтық, әлеуметтік әрекеттерге 
дайындықты  қамтамасыз  ететін  өскелең  ұрпақты  патриотизмге  тәрбиелеудің 
қажеттілігі идеясы болып табылады. 
Таңдау негіздемесі. 

МӘҢГІЛІК  ЕЛДІҢ    жеті  берік  негізі  ретінде  Жаңа  Қазақстандық 
Патриотизмді түсінуге арналған мемлекет орнатудың белгілері:  
1) 
Тәуелсіздік және Астана, Жалпыұлттық бірлік; 
2) Бейбітшілік пен келісім; 
3) 
Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият; 
4) 
Инновация  негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім; 
5) Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы; 
6) 
Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы;  
7) 
Ұлттық  қауіпсіздік  және  Қазақстанның  жалпы  әлемдік  және  өңірлік 
проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. 

Мемлекет  басшысы  Н.Ә.Назарбаев  «БОЛАШАҚҚА  КӨЗҚАРАС: 
ҚОҒАМДЫҚ  САНАНЫ  ЖАҢҒЫРТУ»  мақаласында  «Туған  жерден»  
ауқымдырақ «Туған елге» көшетін ұлттық сана-сезімді жаңарту бағдарламасын 
ұсынды. 
«Туған жер» бағдарламасы: 

біріншіден,  туған  өлкенің  тарихын  зерттеуге,  тарихи-мәдени 
ескерткіштер  мен  жергілікті  ауқымдағы  мәдени  объектілерді  қалпына 
келтіруге;  

екіншіден,  елдің  басқа  өңірлеріне  қоныстанған  бизнесмендер, 
шенеуніктер,  зиялы  қауым  өкілдері  және  жастардың  жәрдемдесуімен  кіші 
отанын  қолдауға  (аймақты  жасылдандыру,  мектептерді  компьютерлендіруге 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
56 
көмек  көрсету,  жергілікті  мұражайлар  мен  галереялардың  көркемөнер  
қорларын қолдау және т. б.);  
үшіншіден,  демеушілік  көмекті  қоса  алғанда  кіші  отанына  көмектесетін 
түрлі қолдау және әлеуметтік құрмет нысандарын іздеуге;  
төртіншіден,  «Қазақстаның  қасиетті  рухани  құндылықтары»  немесе 
«Қазақстанның  киелі  жерлерінің  географиясы»  жобасы  арқылы  халықтың 
жалпыұлттық киелілік санасын нығайтуға, киелі жерлердің мәдени және рухани 
мұрасы «бірыңғай өріс, бір тізбек» құрылған кезде;  
бесіншіден,  «отандық  мәдениет  БҰҰ-ның  алты  тілінде:  ағылшын,  орыс, 
қытай,  испан,  араб,  француз  тілдерінде  естілсін  деп  «Жаһандағы  заманауи 
қазақстандық  мәдениет»  жобасын  іске  асыруға  бағытталған.  «...  Бұл  үлкен 
аудармашылық  жұмыс  және  біздің  мәдени  жетістіктерімізді  жетілдірудің 
арнайы  әдістері  -  кітаптар,  пьесалар,  мүсіндер,  суреттер,  музыкалық 
шығармалар, ғылыми жаңалықтар және т. б.»;  
алтыншыдан,  «Қазақстанның  100  жаңа  адамы»  жобасын  іске  асыру 
арқылы қоғамның назары біздің замандастарымыздың тарихына бағытталатын 
болады  -  «бұл  осы  қарқынды  жылдары  табысқа  қол  жеткізген  түрлі 
аймақтардағы, әртүрлі жастағы және түрлі ұлттағы 100 нақты адамның тарихы 
болып табылады.   
2. 
Сабақтың мақсаты және кешендік міндеттері. 
Мақсаты – қоғамда өздерін көрсете  және өз еліне пайдалы бола алатын, 
Жаңа  Қазақстандық  Патриотизмнің  құндылықтары  мен  мұраттары  жүйесін 
иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу. 
Кешенді міндеттері: 

білім  алушылардың  жаңа  білімді,  ақпараттық  ресурстарға  сүйене 
отырып зияткерлік қажеттіліктерін меңгеруін қамтамасыз ету; 

білім  алушылардың  ұлттық  рәміздер,  негізгі  құндылықтар,  жаңа 
қазақстандық патриотизм, мәдени-генетикалық код, «Мәңгілік Ел», жаңғырту, 
ұлттық  сана,  бәсекеге  қабілеттілік,  прагматизм,  ұлттық  бірегейлік, 
меритократикалық    қоғам»,  «білімнің  салтанат  құруы»  ұғымдарын  меңгеруге 
көмектесу; 

білім  алушылардың  зерттеу,  шығармашылық,  коммуникативтік 
құзыреттіліктерін дамыту; 

білім алушыларды зияткерлік және шығармашылық дамыту;  

жастардың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру; 
– 
Қазақстандық  патриотизмді  және  белсенді  азаматтық  ұстанымды 
ынталандыру. 
 
8-
кесте – Сабақтың ресурстық картасы. 
 
Ресімдеу 
Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Ту 
бейнеленген плакаттар  
Қазақстан Республикасының картасы (физикалық, 
саяси) 
Қазақстан экономикасының  әртүрлі саласына үлес 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау