Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет146/147
Дата06.03.2018
өлшемі5,05 Kb.
#11794
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   147

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
345 
Жан  басына  қаржыландыру  нормативінің  мөлшері  (яғни,  1  оқушыны 
оқыту  құны)  бір  оқу  жылына  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 
министрінің  2013  жылғы  30  қазандағы    №440  бұйрығымен  бекітілген  орта 
білімді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесі негізінде есептеледі.    
1 оқушыны оқыту құны білім беру бағдарламаларының түріне, деңгейіне 
және жүзеге асырылу орнына байланысты өзгеріп отырады.  
«Қаржы  орталығы»  АҚ  мемлекеттік  тапсырыс  аясында  пилоттық  орта 
білім беру ұйымдарында жан басына нормативтік қаржыландырудың енгізілуін 
қолдау және мониторингілеу қызметтерін көрсетеді.  
2013  жылдың  1  қыркүйегінен  бастап  орта  білім  беруді  жан  басына 
қаржыландыруды  сынақтан  өткізу  республиканың  5  облысындағы  (Ақмола, 
Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары)    63 
пилоттық мектепте жүзеге асырылуда. 2015 жылға дейін сынақтан өткізу 1-11 
сыныптарда өткізілді.   
201
5 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Үкіметінің шешімі бойынша  жан 
басына  қаржыландыруды  сынақтан  өткізу  республиканың  5  өңіріндегі  63 
пилоттық мектептің 10-11 сыныптарында ғана одан әрі жалғастырылды.    
2016  жылдың  1  қыркүйегінен  бастап  ҚР  Үкіметі  білім  беру  процесінің 
шығындар  құрылымын,  формуласын,  сондай-ақ  білім  беру  ортасын 
нормалауды  қайта  қарауды  ескеріп  республиканың  5  өңіріндегі  пилоттық  63 
мектептің  1-11  сыныптарында  сынақтан  өткізуді  жалғастыру  туралы  шешім 
қабылдады.   
2017  жылдың  1  қаңтарынан  бастап  ҚР  БҒМ-ның  шешімі  бойынша  орта 
білім беруді жан басына қаржыландыруды сынақтан өткізуге Астана қаласынан 
5 және Алматы қаласынан 5 мектепптен қосымша енгізілді.  
Пилоттық  орта  білім  беру  ұйымдарында  жан  басына  нормативтік 
қаржыландыруды  сынақтан  өткізудің  4  жылдағы  қорытындыларын  талдау 
мынаны көрсетті. 
2014-
2015  оқу  жылы  пилоттық  мектептерде  өз  біліктілігін  арттырған 
қызметкерлердің саны 128 адамға көбейді, бұл қызметкерлердің жалпы орташа 
жылдық  санының  шамамен  үштен  бір  бөлігін  құрайды.  Бұл  2013-2014  оқу 
жылымен салыстырғанда 2,2%-ға және 2012-2013 оқу жылымен салыстырғанда 
7,5%-
ға көп.  
Пилоттық  мектептердің  жоғары,  бірінші  және  екінші  санатты  
педагогикалық қызметкерлерінің үлесі 2013-2014 оқу жылы 60%-дан 2014-2015 
оқу  жылы  79%-ға  дейін  артты  (2012-2013  оқу  жылы  бұл  көрсеткіш  58%-ды 
құрады).  
Балаларды  дамытуға  арналған  үйірмелер  мен  секциялар  2013-2014  оқу 
жылымен салыстырғанда 243 бірлікке, 2012-2013 оқу жылымен салыстырғанда 
416 бірлікке артып, 2014-2015 оқу жылы 1196 бірлікті құрады.   
Егер 2012-2013 оқу жылы - 445, ал 2013-2014 оқу жылы 651 оқушыларға 
арналған  танымдық  және  өнегелік  іс-шаралар,  мұғалімдерге  тренингтер 
өткізілген болса, 2014-2015 оқу жылы бұл көрсеткіш 757 бірлікті құрады.  
2014-
2015  оқу  жылы  пилоттық  мектептердің  педагогтары  шығарған 
әдістемелік құралдар мен басқа басылымдардың саны 2492-ге жетті. Бұл 2013-


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
346 
2014  оқу  жылымен  салыстырғанда  2  есеге  және  2012-2013  оқу  жылының 
көрсеткішінен 2,1 есеге асып түсті.  
Оқушылардың  жалпы  санына  қарағанда  конкурстар  мен  жарыстарда 
жеңімпаз, жүлдегер, лауреат атанған оқушылардың үлесі 2014-2015 оқу жылы 
21% құрады. 2013-2014 оқу жылы бұл көрсеткіш 23%-ды, 2012-2013 оқу жылы 
18%-
ды құрады.  
Пилоттық мектептердегі ҰБТ-ның орташа көрсеткіші соңғы үш жылда 71 
балдан 80 балға дейін артты.  
Ынталандыру  төлемдері  мен  сыйлықақылардың  арқасында  пилоттық 
мектептердегі  педагогикалық  қызметкерлердің  орташа  айлық  жалақысы  2014-
2015  оқу  жылы  инфляция  деңгейін  есептемегенде  105,3  мың  теңгені  құрады, 
бұл сынақтан өткізудің бірінші жылындағыдан 1,5 есе жоғары.  
Жоғарыда  аталған  сынақтан  өткізу  оқу  жылдарының  нәтижелері 
қаржыландыру  принципін  өзгерту  мен  білім  беру  сапасының  оң  динамикасы 
арасындағы  өзара  тікелей  байланыс  туралы  қорытынды  жасауға  мүмкіндік 
береді.    
2015-
2016  оқу  жылы  бүкіл  кезең  бойы  пилоттық  жобаға  бес  облыстағы  
бұрыннан қатысатын 63 пилоттық мектептің 10-11 сыныптарының оқушылары 
ғана қатысты.  
Осыған  байланысты,  пилоттық  жобаның  2015-2016  оқу  жылындағы 
форматы  2014-2015  оқу  жылындағысынан  өзгеше,  тек  кейбір  көрсеткіштерді 
ғана салыстыруға болады. Олар мынадай:  
1) 
пилоттық мектептердегі 10-11 сыныптардың орташа толымдылығы 20 
адамды  құрады.  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  пилоттық  мектептердегі 
сыныптардың ең жоғарғы толымдылығы – 24 оқушы. Бұл көрсеткіш 2014-2015 
оқу жылының деңгейінде қалып отыр;  
2) 10-
11 сыныптардың жыл сайынғы үлгерімін бақылаудың              2015-
2016  оқу  жылындағы  нәтижесі  56,7  балл,  бұл  2014-2015  оқу  жылының 
көрсеткішінен 1,5 балға жоғары. Пилоттық мектептері оқушыларының үлгерімі 
бойынша  ең  жоғарғы  орташа  көрсеткіш  Оңтүстік  Қазақстан  облысы 
оқушыларында   – 72  балл,  ең  төменгі көрсеткіш  – 48  бал  Алматы  облысына 
тиесілі;  
3)  
пилоттық  мектептердегі  «Алтын  белгі»  иегерлерінің  саны  8  адамға 
артып, соңғы оқу жылында 74 адамды құрады;  
4)   
жалпы орта білім туралы үздік аттестат алған түлектердің саны 2015-
2016  оқу  жылы  55  адамға  жетті.  2014-2015  оқу  жылы  мұндай  оқушылардың 
саны 22 адам болатын, яғни бұл көрсеткіш 2,5 есеге артты.  
5) 
пилоттық  мектептердегі  соңғы  оқу  жылына  ҰБТ-ның  орташа 
көрсеткіші  76,8  балды  құрады.  ҰБТ-ны  орташа  86,3  балмен  Ақтөбе 
облысындағы  және  84,6  балмен  Шығыс  Қазақстан  облысындағы  пилоттық 
мектептердің оқушылары оқу жылын әлдеқайда сәтті аяқтады. Бұл ретте 2014-
2015  оқу  жылымен  салыстырғанда,  көрсеткіштің  1,8  балға  төмендегені 
байқалады.  
2015-
2016 оқу жылының қалған көрсеткіштері алдындағы оқу жылының 
деректерімен салыстыруға келмейді.  


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау