10 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қосымша білім беру – білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі («Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 1-тармағы).
Білім алушылардың жан-жақты қажеттіліктері балаларға қосымша білім берудің әлеуметтік-педагогикалық, көркем-эстетикалық, музыкалық, ғылыми-техникалық, туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық, әскери-патриоттық, спорттық-сауықтыру, жобалық-зерттеу және басқа да бағыттары бойынша қамтамасыз етіледі.
Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметтерін білім алушыларға бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары көрсетеді және шарттық негізде ұсынады («Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағы
Республикада балаларға қосымша білім беру тиімділігін қамтамасыз ету үшін келесі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер іске асырылады:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (1, 4, 5, 6, 11,14, 23, 28, 37, 51, 52, 63, 65-баптары);
«Балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысы;
«Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлерінің қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ-нің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 228 бұйрығы;
«Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ-нің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 543 бұйрығы;
Республикадағы жалпы білім беретін мектептердегі балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері 2017-2018 оқу жылдарында жалпы орта және қосымша білімнің мейлінше тығыз ынтымақтасуының қажет екендігін көрсетіп отыр.
Заманауи мектептердің мазмұны мен технологияларындағы өзгерістердің инновациялық сипаты қосымша білім беру есебінінен күшейтілуі мүмкін, себебі қосымша білімнің сипаты қызметтің түрін таңдаудағы еркіндікті, білім алушылардың жоғары деңгейдегі уәждемелін болжайды, яғни тұлғаның өзін шынайы шығармашылық танытуын болжайды.
Жаңа ұрпақтың білім беру стандарттарын енгізу жағдайында балаларға қосымша білім беруді негізгі жалпы білім беру бағдарламаларының құрамына енгізудің өзектілігі мектепте алған білім, білік және дағдыларын практика жүзінде қолдануға итермелейтін, білім алушылардың танымдық уәждемелерін ынталандыратын жалпы білімнің құрамдас бөліктерінің вариативтілігін күшейту қажеттілігімен байланысты болып отыр.
Жалпы орта және балаларға арналған қосымша білімнің ынтымақтасуы заманауи педагогикадағы күрделі мәселелерді - тәрбиелеу, оқыту және дамыту процестерін жақындастыруға көмектеседі.
Аталған бағытты дамытудың қажеттілігі біртұтас білім беру кеңістігін сақтауға негізделеді.
Мектептегі сабақтың оқу сабақтарын өткізу процесінде қосымша білімге тән технологияларды пайдалануға болады. Бұл кешенді сабақтар, оқу жобалары, дискуссиялық технологиялар, ойындар болуы мүмкін. Әдетте, ол сабақтан тыс, тікелей мұғалімнің қадағалауымен өтетін білім алушылардың өз беттерімен жасаған жеке немесе ұжымдық қызметтерін қарастырады. Мектептегі сабақ оқу сабағы аясында қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру процесі кезінде материалдың мазмұнын кеңейту және тереңдету деңгейінде, сондай-ақ мектеп сабағының жеке элементтерін сабақтан тыс қызметтің түрлі формаларында қарастыру есебінен де өз жалғасын табуы мүмкін.
Мектептерде сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда пәндік үйірмелер мен секциялар маңызды орын алады. Бұл бір жағынан – пән бойынша сабақтан тыс жұмыс, ал екінші жағынан – қосымша білімнің бөлігі.
Қосымша білім беру тұлғаның нақты жас кезеңі жағдайындағы ерекшеліктеріне байланысты білім берудің әр деңгейі үшін өзінің мазмұнды модулін ұсына алады:
мектепке дейінгі білім деңгейінде – мектеп алды даярлық;
бастауыш білім деңгейінде – білім алушылардың көзқарастарын меңгеруге көмек: түрлі оқу қауымдастықтарына қосу;
негізгі орта білім деңгейінде – тұлғаның өзін-өзі анықтау процесін қолдау: түрлі қызмет салаларындағы маңызды спекторды кеңейту және оларды шешу тәжірибелерін алу;
жалпы орта білім деңгейінде – білім алушылардың өзін өзі кәсіби анықтау процесін сүйемелдеу, кәсіби бағдарлануды қамтамасыз ету.
Мектепте балаларға қосымша білім беруді дамытудың негізгі ерекшеліктері:
1) білім беру құндылықтарын жағымды қабылдау және оның мазмұнын тиімді меңгеру үшін кең жалпы мәдени және эмоциялық-боямды орта құру;
2) «жалықтырмайтын» тәрбиені іске асыру - балаларды қызметтің тұлғалық маңызды шығармашылық түрлеріне қосудың арқасында, осы процесте өскелең ұрпақтың адамгершілік, рухани, мәдени бағдарларының «байқаусыз» қалыптасуы өтеді;
3) балаларға қосымша білім беру ұйымдарында өздерінің қабілеттерін іске асыру үшін қызметтің осы немесе басқа түріне ерекше қызығушылық (көркемдік, техникалық, спорттық және басқа) білдіретін білім алушылардың бағдарлануы;
4) білім алушылардың жеке білім жолын анықтауға, өмірлік және кәсіби жоспарларын нақтылауға, маңызды жеке қасиеттерін қалыптастыруға қажетті негізгі білімдеріндегі қандай да бір оқу курстарының болмауына байланысты олардың орнын толтыру.
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын іске асыру жағдайларында қосымша білім беру педагогогтерімен және мектеп мұғалімдерімен атқарылатын жұмыстар білімді, дамыған көшбасшы қабілеттеріне ие, таңдау кезінде өз бетінше шешім қабылдай алатын, ынтымақтастыққа және мәдениет аралық әрекеттестікке қабілетті, өз халқының тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар адамды қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
Біздің балаларымыздың ұлттық идеология рухында, мәдени дәстүрлерде тәрбиеленгендігі маңызды. Идеологиялық құраушы барлық өткізілетін іс-шараларда болуы тиіс.
Қосымша білім беру педагогтеріне және мұғалімдеріне республикалық көрмелердің әдістемелік қорына белсенді жүгіну, кәсіби қызметтерінде көрмелік материалдарды пайдалану ұсынылады.
Мектептің балалар фольклорлық ұжымдарының педагогтеріне қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері мен салт-дәстүрлерін зерттеу бойынша, әншілік, бишілік, халық қолөнері және тағы сол сияқты өңірлік фольклорлық дәстүрлерді сақтау және дамыту бойынша жұмыс жүргізуді жалғастыру ұсынылады. Сабақ барысында білім алушыларға халқымыздың адамгершілік құнды бағдарларын түсіндіруге ерекше ден қою қажет, олар: әйелдерге-аналарға деген құрмет, үлкендерге деген ізет, еңбекқорлық, әлеуметпен және табиғатпен және басқалармен үйлесімде өмір сүруге талпыну.
Театр шығармашылығы бірлестіктерінің педагогтеріне балалар театр шығармашылығы дамуының заманауи үрдістерін, театрдың интерактивті түрлерін дамытуды ескере отрып, жоғары адамгершілік мазмұнды драматургиялық материалдарды іздеуге көп көңіл бөлгендері жөн.
Бейнелеу және сәндік-қолданбалы шығармашылығының мектеп үйірмелері мен бірлестіктерінің педагогтеріне шығармашылық мәдениетін дамыту, әсемдік сезімін тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бейнелеу өнері, хореография, музыкамен айналысу рухани-адамгершілік ағартудың қуатты механизмі болып табылады. Бірқатар дербес байқаулар мен көрмелердің құрылымы «Өнер арқылы - бірлікке және өзара түсіністікке» атты келесі номинациялар бойынша жалпы идеямен біріктірілген болуы мүмкін:
1) «Ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар» (байқау қатысушылары ұлттық әдет-ғұрыптың сипаттамасын ұсынады немесе көрсетеді, сондай-ақ өз халқының салт-дәстүрлерін айтып береді);
2) «Ұлттық әндер, поэзия, ойындар мен билер» (байқау қатысушылары фольклор шығармаларын ана тілінде орындайды, биді, сондай-ақ ұлттық және халықтық ойындарды көрсетеді);
3) «Ұлттық киім» (ұлттық киімді немесе оның бөліктерін көрсету. Оның тарихын, символикасын және аталған бұйымды жасау тәсілдерін әңгімелеуіне болады);
4) «Дәстүр ордасы» сәндік-қолданбалы шығармашылық (осы номинацияның байқау бағдарламасына шығармашылық жұмыстардың авторлары және отбасы жәдігерлерін сақтаушылар қатысады (ұлттық ойыншық, кесте, тігін, құрақ құрау, тоқыма, өру, моншақ, ағаштан ою, қыш және т.б.). «Кішкентай кереметтер» балалар және отбасылық жұмыстардың көрмесі);
5) «Ұлттық асхана тағамдары» (байқау қатысушылары дайындаған тағамдарын ұсынып, осы тағамға байланысты ұлттық дәстүрлерді айтып берулері керек, сондай-ақ ұсынған тағамдардың жасау жолдарын көркемдеп ресімдейді);
6) «Отбасы альбомы» шығармашылық жобасы (байқау қатысушылары өз тегінің өкілдері туралы әңгіме дайындайды. Әңгіме фото суреттерді, бейнежазбаларды, хаттарды, жазба күнделіктерін, басылымдарды, отбасы мүшелерінің шығармашылық жұмыстарын және үйде сақталған қызықты тарихы бар ерекше заттарды көрсетумен сүйемелденуі мүмкін);
7) «Біз – Қазақстандықтармыз» бейнежобасы және басқалары.
Туризмде үлкен рухани-адамгершіліктік әлеует жатыр. Экскурсиялық қызметті ұйымдастыру балаларды өз халқының, өз елінің тарихына, мәдени мұрасына тартуға ықпал етеді. Оқушылардың туристік-өткетану экспедициялары аясында жыл сайын жаяу, шаңғылы, су, велосипед жорықтары, сан түрлі бағдарлар бойынша экспедициялар мен экскурсиялар өткізген жөн.
«Туған өлкенің көрікті жерлерінен – Қазақстанның киелі жерлеріне», «Ұлы Дала Елі», «Қазақстан – менің алтын бесігім», «Сенің өмірдегі бірінші асуың», «Алтын компас» және басқа тақырыптарда, жергілікті табиғат және тарихи ескерткіштерден бастап Еліміздің астанасы – Астана қаласына және елдің басқа да өңірлеріне дейін оқушылардың экскурсиялары мен экспедицияларын ұйымдастыруды белсендіру маңызды.
Жаңа оқу жылында еліміз үшін ең маңызды оқиға «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне ерекше назар бағытталуы керек.
Сынып жетекшілеріне, қосымша білім педагогтеріне жас өлкетанушылар, экологтер мен табиғат танушылар арасында «Болашақтың энергиясы» ұранымен сабақтар топтамасын өткізу ұсынылады. Мұндай іс-шараны өткізудің формалары алуантүрлі («Жасыл планета», «ЭКСПО – 2017 балалардың көзімен» көрмелері, «ЭКСПО туралы менің көзқарасым» суреттер байқауы, «Ландшафты дизайн», «Екінші өмір», «Туған өлкенің биотүрлерін сақтаймыз және дамытамыз», «Денсаулық және қоршаған орта», «Жасыл экономика» және басқа номинациялар бойынша әлеуметтік маңызы бар зерттеу жобалары).
Мұндай ісшаралар балаларды жастайынан өзекті мәселелер туралы білім алуларын ғана емес, сондай-ақ оларды жаңа көріністерге тарта отырып, балалар үшін карьералық перспективаларды ашуды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасындағы жалпы орта білім беретін мектептерде аптаның алтыншы күні (сенбі) тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріне 1-сыныптан бастап (2016-2017 – 1 сынып; 2017-2018 – 2, 5 және 7 сыныптар; 2018-2019 – 3, 6, 8 және 10 сыныптар; 2019-2020 – 4, 9, 11 сыныптар) біртіндеп бес күндік аптаны енгізуіне байланысты, алтыншы күннің (сенбі) тәрбие процесіне ерекше рөл беріліп отыр, ол білім беру жүйесінің барлық деңгейлеріндегі барлық педагогикалық процестің бөлігі болуы қажет.
5 күндік оқу аптасына ауысу кезінде білім алушының бос уақыты ұлғаяды. Сенбі күніндегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі қосымша білім болуы қажет.
Сабақтан тыс уақытта, оның ішінде сенбі күні балалардың бос уақытын толық қамту үшін пән мұғалімдерінің әлеуеттерін тиімді пайдалану қажет.
Пән мұғалімдері қызығушылықтарына қарай үйірмелерді, секцияларды, студияларды, клубтарды жүргізе, сондай-ақ өз бейіндері бойынша сабақтан тыс уақытта танымдық, байқау, ойын-сауық бағдарламаларын, экскурсияларды және басқаларын ұйымдастыра алады. Мысалы, физика пәнінің мұғалімі «Қызықты физика», «Робототехника», техникалық шығармашылық үйірмелерін жүргізе алады (көлік, әуе, кеме жане тағы басқа техника түрлерін үлгілеу).
Яғни, педагог күннің бірінші жартысында пән бойынша мұғалім болып, ал екінші жартысында қосымша білім беру педагогі болып қызмет атқарады.
Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдар жалпы орта білім беру ұйымдары мен қосымша білім берудің мектептен тыс ұйымдары үшін қосымша білім беретін педагогтер мен педагог-ұйымдастырушылардың қосымша штаттық бірліктерін қарастырады.
Сонымен қатар, сенбі білім алушылардың кәсіптік бағдар күні болып жариялануда: екінші және төртінші сенбілер жоғары оқу орындары мен колледждердің кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізуі үшін ашық болады.
Осыған байланысты жергілікті арқарушы органдар мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында білім беру және құқықтық тәрбие беру саласындағы басты бағыттардың бірі ретінде балалардың бос уақыттарын қамту бойынша кешенді шаралар қабылдауы қажет, нақтырақ айтқанда:
қауіп-қатер тобындағы жасөспірімдерді қарау үшін қосымша білім беру мұғалімдері мен педагогтері арасынан қоғамдық тәрбиешілер-тәлімгерлерді бекіту;
аула және мектеп жанындағы клубтарды ашу үшін бос тұрған ғимараттарды тиімді пайдлану;
балалар туристік базаларын, сыртқа шығу және жаяу өлкетану туристік жаңа маршруттарын және т.б. ашу.
Жалпы білім беретін мектептердегі алтыншы күнді (сенбі) өткізу туралы ұсынымдар.
Алтыншы күннің (сенбі) басты мақсаты – сенбі күндері оқушының әлеуметтік, моральді қалыпты, шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға және оны сауықтыруға бағытталған білім алушылардың пайдалы бос уақытын қамтамасыз ететін тұтас білім беру жүйесін құру.
Алтыншы күннің (сенбі) негізгі міндеттері:
- қосымша білім беруде оқушылардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын барынша қанағаттандыру;
- балалар мен жасөспірімдер бірлестігінің қызметі үшін жағдай жасау, мектептегі өзін-өзі басқаруды жетілдіру;
- білім алушылардың бос уақыттарын барынша қамту есебінен жеткіншектер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстарды тиімді алдын алу шараларын қамтамасыз ету;
- «отбасы-мектеп-әлеумет» байланысын нығайту;
- салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады).
Алтыншы күннің (сенбі) негізгі бағыттары:
- зияткерлік;
- патриоттық жән азаматтық-құқықтық;
- адамгершілік-рухани;
- ұлттық тәрбие;
- экологиялық, экономикалық;
- спорттық-сауықтыру;
- ақпараттық мәдениет;
- көп салалы мәдениеттілік (шығармашылық, көркемдік-эстетикалық және мәдени-танымдық);
- білім алушылардың кәсіби бағдары (әр айдың екінші, төртінші сенбісі бола алады.
Бес күндік оқу жағдайында алтыншы күн (сенбі) оқушылардың денсалығын сақтауға, білім алушылардың, сондай-ақ мұғалімдердің өздігінен білім алуға және дамуға уақытын көбірек бөлуге бағытталуы қажет және балалардың қызығушылықтарын ескеріп, сондай-ақ оларды ұжымдық және жеке тақырыптық ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық жобаларды іске асыруға араластыру арқылы балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталуы қажет.
Бұл Күн түрлерінің, формаларының және балалардың жалпы мәдени, көркемдік, әлеуметтік, тұрмыстық, кәсіби және басқа да қызығушылықтары негізінде бағыттарының түрлі болуымен, оған педагогтер мен ата-аналардың мейлінше көп жұмылдырылуымен сипатталады.
Жұмыстың формалары білім алушының сабақтан тыс қызметін шектелмеуі қажет (музыка, аспаздық, спорт, фестивальдар, олимпиадалар, «Алло, біз таланттарды іздейміз» байқаулары, жарыстар, КТК, қашықтықтан өткізілетін бағдарламалар, театрларға, мұражайларға, кинотеатрларға, дәрістерге бару, «Бәрін білгім келеді» балалар журналдарын әзірлеу және басып шығару және т.б.).
Сенбі күні мектепте білім алушыларға арналған келесі іс-шаралар өткізілуі мүмкін:
факультативтер, дайындық курстары, пәндік олимпиадалар, танымдық, байқау-көңіл көтеру бағдарламалары, экскурсиялар, мәдениет мекемелері мен мектептен тыс жұмыс орталықтарына бару, тақырыптық би кештері, спорттық жарыстар, бейін бойынша іс-шаралар, қызығушылықтары бойынша мектеп студияларының, клубтарының жұмысы, спорттық секциялар, үйірмелер:
- журналистика, жас репортер немесе редактор жазбаша және ауызша жанрда өз күшетірін сынап көреді;
- психология, ол жерде балаларды өздерін дұрыс түсінуге, қоршаған ортамен араласуды, өз қабілеттерін дамытуды және кемшіліктерін жеңуді үйретеді;
- тарихи-археологиялық, теорияны мұражайларға барумен оқуды, жорықтарда жергілікті жерлерді зерттеумен үйлестіреді;
- техникалық шығармашылық, пайдаланушының компьютерді, компьютерлік техниканы, ІТ-технологияларды, робототехниканы қолданудың бүгінгі таңда қажетті дағдыларын меңгеруге бағытталған;
- үштілділік жағдайындағы шет ел тілдері;
- қисынды ойлауды, ден қоюды, өз бетінше әрекет етуді және т.б. дамытуға арналған шахматтық үйірмелер.
Бұл өз кезегінде қызмет түрін ауыстыруды қамтамасыз етіп қоймай, сондай-ақ стилін, араласу ортасын, қоршаған жағдайды өзгертуді қамтамасыз етеді. Алтыншы күнді (сенбі) жүргізу үшін еңбекке баулу, бейнелеу өнері және дене шынықтыру пәндерінің бос мұғалімдерін жұмылдыруға болады.
Мұғалімдерге арналған ісшаралар: кәсіби байқаулар, сынып жетекшілерінің шығармашылық есеп берулері, мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінің презентациялары мен есептері, тренингтер, көркемдік қолдан жасалған бұйымдардың байқаулары, мектептің психологиялық қызметінің кеңестері, мектеп жобалары: «Сенбілік қарқын», «Қосымша білім күні», «Бос уақытты бірге өткізу күні», «Мектеп сенбісі», «Шығармашылық және дамыту күні» және т.б.
Ата-аналарға арналған ісшаралар: ата-аналардың құқықтық жаппай оқуы, мектептің психологиялық қызметінің кеңесі, спорттық жарыстар, психолог және пән мұғалімдерімен бірге өткізілетін бейіндік іс-шаралар, дәрігерлермен, дін өкілдерімен, мемлекеттік емес ұйым өкілдерімен кездесу.
Алтыншы күнді (сенбі) ұйымдастыру барысында педагогтер білім алушылармен бос уақытты өткізу және дамыту қызметтері үшін қаланың, ауданның әлеуметтік мәдени мүмкіндіктерін белсенді түрде пайдалана алады.
Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктерінің пән мұғалімдерімен және мектептегі өзін-өзі басқару органдарымен бірлесе отырып, мектептің алтыншы күнінің жоспарын әр тоқсан сайын әзірлеп отырғандары жөн. Осы күннің барлық іс-шаралары педагог-ұйымдастырушы немесе сынып жетекшісі толтырып отыратын келіп-кету журналының есебінде тіркеліп тұруы қажет. Келіп-кетуді есептеуді бақылау мектеп әкімшілігіне, яғни директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына жүктеледі. Алтыншы күннің (сенбі) қорытындысы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының қатысуымен өтетін жиналыстарда апта сайын қарастырылуы қажет.
Осылайша, жалпы білім беретін мектептерде балаларға қосымша білім беру ресурстарын қолдану біртұтас білім беру кеңістігі аясында білім алушылардың әлемді тұтас қабылдауын қалыптастыруға, тұлғаның жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін дамытуға жағдай жасауға мүмкіндік береді
11 ПИЛОТТЫҚ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН АПРОБАЦИЯДАН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасындағы білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымымен бірлесе отырып, жаңартылған білім мазмұнын еліміздің жалпы білім беретін мектептеріне тарату бойынша жұмыстар жалғасуда.
2017-2018 оқу жылында 30 пилоттық мектептердің 3-сыныптарында Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының, білім мазмұны жаңартылған Үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының, байқау оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің, оқу жетістіктерін бағалаудың критериалдық жүйесінің апробациясы, эксперимент режимінде оқыту сапасына тұрақты түрде мониторинг жүргізу жалғасын табады.
Апробацияны жүргізу мыналарға бағытталған:
-әзірленген білім сапасын бағалау жүйелерін, критериалды бағалау жүйесін, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тәжірибелі тексеру және жетілдіру;
жаңартылған білім беру мазмұны аясында әзірленген оқу-әдістемелік кешендерді (ОӘК) және сандық білім беру ресурстарын енгізу;
жаңа пәндерді енгізу және пәндер бойынша оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша түпкілікті нәтижелерді алу.
Жаңартылған білім беру мазмұнының апробациясы мониторингпен бірге жүреді, өйткені жалпы білім беретін мектептерге одан кейінгі енгізу жаңа енгізілімдердің тиімділігін анықтау үшін алдын ала жүргізілген зерттеу жұмыстарының негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Апробация процесі кезіндегі мониторинг барысында оқу жылы бойында жинақталған ақпарат тез арада тиісті шаралар қабылдауды талап ететін проблемаларды, сондай-ақ шешу үшін көп уақыт пен деректерді қажет ететін мәселелерді (білім берудің белгілі бір деңгейі аяқталғанға дейін) анықтау және талдау үшін пайдаланылатын болады. Деректер оқу процесін ұйымдастыруды, оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларының, бағалау жүйесінің, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерінің құрылымы мен мазмұнын, мұғалімдер мен мектеп басшыларының біліктілігін арттыру курстарының мазмұнын жетілдіру бойынша шешімдерді қолдау үшін пайдаланылады.
3-сыныптың оқу бағдарламалары оқушылардың нақты оқу мақсаттарына қол жеткізуіне бағдарланған және білімнің белгілі бір көлемін меңгеруді, сондай-ақ оларды оқудағы және өмірдегі проблемаларды шешуде қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Пән мазмұнын жобалаудың «шиыршық» принципі бойынша 3-сыныптағы оқу материалдары біртіндеп тігінен де, көлденеңінен де кеңейіп, қарапайымнан күрделіге көшіп отырады.
Бұл орайда, барлық бағдарламалар білім алушыларға қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек және шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу сияқты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгертуге бағытталғанын ескеру қажет.
Пилоттық мектептердің 3-сыныптарында Қазақ тілі (Т1), Әдебиеттік оқу, «Математика», «Жаратылыстану» (жаратылыстану ғылымдарының негіздері), «Дүниетану» (қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарының негіздері), ««Қазақ тілі (Т2)», «Русский язык (Я2)», «Ағылшын тілі» (тілдерді деңгейлеп оқыту), «Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру» оқу пәндерін оқыту жалғастырылады.
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (АКТ) жаңа пәні енгізіледі.
Оқу пәндері мазмұнының әдістемелік ерекшеліктері
Тілдік оқу пәндері. Қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілін, орыс тілді емес мектептерде орыс тілін және ағылшын тілін деңгейлік оқыту.
3-сыныпта тілдік пәндерді оқытудың ерекшелігі коммуникативтік тәсілді жүзеге асыру болып табылады.
Коммуникативтік дағдыларды ортақ тақырыптарды оқыту барысында қалыптастыру қажет:
Жанды табиғат
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (Жарық пен қараңғы)
Уақыт
Сәулет өнері
Өнер
Атақты тұлғалар
Су – тіршілік көзі
Демалыс мәдениеті. Мерекелер
Коммуникативтік тәсіл 3-сынып білім алушыларының оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған, яғни жазбаша мәтіндерді түсіну және оларға рефлексия жасау қабілетін дамыту, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін пайдалану, білімдерін және мүмкіндіктерін арттыру, қоғам өміріне белсенді қатысу. Базалық оқулықта, сондай-ақ қосымша ресурстарда (басқа да баспалардың пайдалануға ұсынылған оқулықтары, оқу-әдістемелік кешендері, хрестоматиялары және т.б.) ұсынылған әртүрлі жанрдағы мәтіндер осы мақсатта пайдаланылады.
3-сыныпта тілдерді оқыту барысында сөйлеу қызметінің төрт: тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдысын дамытуға арналған осы тәсілді күшейту қажет. Екінші, үшінші тілдерді оқытудың оңтайлы тұстары сөздік қорын кеңейтуге, кіріктірілген тілдік тақырыптардың аясында коммуникативтік дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік беретін бірыңғай сөйлеу-тақырыптық режимін енгізу болып табылады. Пәндерді оқыту CEFR (Шет тілдерін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттілігі) сәйкес жүзеге асырылады;
«Қазақ тілі» және «Әдебиеттік оқу» пәндерін оқыту сөйлеу қызметінің төрт түрін (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) меңгеруге; лексика, фонетика, грамматика туралы алғашқы білімді дамытуға; сауатты жазу мен оқу білігін меңгертуге; білім алушылардың сөйлеуін жетілдіруге; оқығанның мазмұнын түсінуге, негізгі ойды бөліп көрсету білігін, саналы түрде оқуды дамыту мен қалыптастыруға; халық ауыз шығармашылығының түрлі жанрлары мен әдеби шығармалар туралы алғашқы білім беруге бағытталған.
3-сыныпта «Қазақ тілі» пәні аптасына 4 сағаттан оқытылып, оқу жылында 136 сағатты құрайды; ал «Әдебиеттік оқу» 3 сағаттан оқытылып, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
71-кесте – 3-сыныпта жазба жұмыстарының түрлері және көлемі
Жұмыс түрлері
|
3-сынып
|
І жартыжылдық
|
ІІ жартыжылдық
|
Сөздік диктант
|
7-9 сөз
|
9-12 сөз
|
Диктант
|
35-45 сөз
|
45-50 сөз
|
Көшіру
|
35-45 сөз
|
45-50 сөз
|
Мазмұндама
|
60-65 сөз
|
70-80 сөз
|
Шығарма
|
35-40 сөз
|
45-55 сөз
|
Мазмұндама мен шығарма үйрету сипатында болады. Оқу қарқыны (жылдамдығы) оқу тәсілімен, түсінуімен және мәнерлілігімен байланысты екенін және сол арқылы оқу дағдысының толыққанды қалыптасатынын есте сақтау қажет.
72-кесте – 3-сыныпта оқу дағдысы қалыптасуының шамалық нормалары
Сынып
|
Міндетті деңгей
|
І жартыжылдық
|
ІІ жартыжылдық
|
3-сынып
|
60 сөз және одан артық
|
65 сөз және одан артық
|
Ескерту: Шылау, одағай, еліктеу сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде саналады.
Сондай-ақ, оқушының оқу жылдамдығы бағаланбайтынын, тек оқу дағдысы қалыптасуының алгоритмін құрудың критериийі болып табылатынын есте сақтау маңызды.
Сабақта көлемді оқу мақсаттарының бір бөлігі ғана қолданылуы мүмкін. Оқу мақсаттары бір тоқсанның ішінде сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша қиылысады.
«Жаратылыстану» оқу пәні білім алушылардың бастапқы ғылыми білім деңгейін «Адам – Табиғат» жүйесінде қалыптастыруға бағытталған. «Жаратылыстану» оқу пәнінің сабақтарында білім беру процесі білім алушылардың табиғи қызығушылығын дамытуға, қоршаған әлемді ғылыми түсінуі мен көруін қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Бұл – «География», «Биология», «Физика» және «Химия» оқу пәндерін меңгеруге бағытталған кіріспе курс. Бұл курс оқудың келесі деңгейлерінде кез келген білім саласы үшін маңызды болып табылатын зерттеушілік дағдыларының негізін қалайды.
3-сыныпта «Жаратылыстану» оқу пәні аптасына 2 сағаттан оқытылып, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
«Жаратылыстану» пәнін оқыту оқу мақсаттарын іске асыруда әрекеттік тәсілді көздейді. Мысалы, «Деректерді алу және ұсыну» дағдысын дамыту мақсаттары бойынша 3-сыныптың білім алушысы қарапайым экспериментті жоспарлауы және жүргізуі тиіс.
3-сынып білім алушыларының жаратылыстану-ғылыми сауаттылығының негіздерін іздеу-зерттеу әрекетінің барысында дамыту қажет.
Бақылау және экскурсия сияқты оқыту түрлерін белсенді қолдана отырып, білім алушылардың әлемді сенсорлық қабылдауын дамыту және зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға болады.
Сондай-ақ, 3-сыныпта білім алушылардың алған білімдерін қоршаған әлемнің құбылыстарын түсіну үшін қолдану, ғылымды адам өмірінің сапасын жақсарту құралы ретінде ұғыну, күнделікті өмірде білімді өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолдану маңызды.
Мұғалім қарапайым зерттеулерді жүргізу барысында білім алушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытуға, ғылыми ақпаратты қабылдай және интерпретациялай білуін дамытуға назар аударуы керек.
«Дүниетану» оқу пәні қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарына кіріспе курс бола отырып, 3-сыныпта Қазақстан тұрғындары өмірінің әлеуметтік, моральдық, шығармашылық және коммуникативтік жақтарының жалпы бейнесін көрсетеді, өзі, үйі, отбасы мәселелері негізінде білім алушыларда қоршаған орта туралы түсініктерін дамыта түседі.
«Дүниетану» оқу пәні аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат оқытылады.
3-сыныпта тарихты білу және түсіну Қазақстанның тарихи және қазіргі заманғы оқиғалары, олардың себептері, динамикасы, сабақтастығы туралы білімді меңгеруі арқылы, білім алушылардың әртүрлі дерек көздерімен жұмыс істеу, гипотезалар ұсыну, қорытындылар жасау біліктері арқылы қамтамасыз етілуі тиіс.
Географияны білу және түсіну білім алушылардың қоршаған ортаны танудың ғылыми негіздерін меңгеруі арқылы, олардың бастапқы картографиялық дағдыларының дамуы арқылы қамтамасыз етіледі.
Қоғам туралы білім алу және қоғамның даму заңдары туралы түсінік қалыптастыру, ең алдымен, білім алушылардың әлеуметтік ортада қауіпсіздік ережелерін және жалпыға бірдей мінез-құлық нормаларын сақтаудың маңыздылығын түсінуі екенін мұғалімнің ескеруі өте маңызды.
3-сынып білім алушыларының жұптық, топтық жұмыс істеу дағдыларын дамытуға және ұжымдық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға баса назар аудару маңызды.
«Математика» пәнін оқыту бейнелік және логикалық ойлауын дамытуға; оқу және практикалық міндеттерді табысты шешу үшін қажет пәндік біліктер мен дағдылар қалыптастыруға; математикалық білімдер негізін меңгертуге; күнделікті өмірде математикалық білімді пайдалану білігін дамытуға бағытталған.
3-сыныпта «Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 5 сағатты, оқу жылында 170 сағатты құрайды.
«Математика» оқу пәнінің мазмұны білім берудің бастауыштан кейінгі деңгейлерінде де оқыту жалғасын табатын бес бөлімнен тұрады:
1. Сандар мен шамалар.
2. Алгебра элементтері.
3. Геометрия элементтері.
4. Жиындар. Логика элементтері.
5. Математикалық модельдеу.
3-сыныпта математиканы оқыту курсы бойында білімдері мен дағдыларын жүйелі дамыту және тереңдету қамтамасыз етіледі, яғни сабақтастық және тереңдету принципі сақталады.
Пәннің оқу бағдарламасына «Комбинаторика», «Тізбектер», «Жиындар және олармен орындалатын амалдар» деп аталатын жаңа бөлімшелер (бүкіл математика курсы бойында білім алушылардың білімінің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін, бұл тақырыптар бастауыш мектептің 2013 жылғы оқу бағдарламасында қарастырылмайды) енгізілді.
Мысалы, оқу бағдарламасы «Комбинаторика» бөлімшесі бойынша білім алушылардың мынадай білімдері мен дағдыларын дамытуды қарастырады:
қоршаған ортадағы заттардан «екі - екіден» комбинациялар жиынын құрастыру;
қоршаған ортадағы заттардан «үш-үштен» комбинациялар жиынын құрастыру;
«мүмкіндіктер тармағы» туралы түсінігі болу, күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттар мен есеп шығаруда қолдану;
«таңдап алу» әдісімен комбинаторлық есептерді шығару.
Жаңа оқу бағдарламасында «Геометрия элементтері» бөлімшесі кеңінен қарастырылған, бұл негізгі орта және жоғары мектепте геометрияны табысты меңгерудің негізі болып табылады.
«Математика» пәнінен оқу бағдарламасының оқу мақсаттары білім алушылардың мыналарды білуіне бағытталған:
шеңбер мен дөңгелекті, олардың элементтерін (центр, радиус, диаметр) ажырату және атау; симметриялы және симметриялы емес жазық фигураларды айыра білу және оларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру;
геометриялық фигураларды жіктеу;
тікбұрышты үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш ауданы формуласын: S= (a.b):2, S=a2, S=a.b шығарып алу және қолдану;
суретте кескінделген құрастырылған фигуралардың, қоршаған ортадағы жазық фигуралардың периметрін анықтау;
берілген ауданы бойынша жазық фигуралар салу, олардың пішіндері өзгеруіне қарай ауданының қалай өзгеретінін түсіндіру;
нүктелі қағазда параллель және қиылысатын түзулерді, қиылысатын геометриялық жазық фигураларды сызу, олардың қиылысу және бірігу аймағын табу;
берілген қабырғалары бойынша тіктөртбұрыш пен шаршы, циркульдің көмегімен шеңбер салу;
кеңістіктік геометриялық фигуралардың (тікбұрышты параллепипед, куб) жазбасын дайындау және олардың моделін құрастыру;
солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктік фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіру;
жазық фигурада белгіленген нүктелердің орнын бір-біріне қатысты анықтау.
3-сынып білім алушыларының абстрактілі және кеңістікті ойлауын дамытады. Мұғалім білім алушылардың геометриялық түсініктері мен білімдерін кеңейтуге, логикалық, бейнелік ойлауын дамытуға, техникалық ойлау элементтерін және конструкторлық қабілеттерін қалыптастыруға, сондай-ақ 3-сынып білім алушыларының шығармашылық әлеуетін дамытуға назар аударуы қажет.
Математиканы оқыту барысында кейінгі оқу материалын оқып-білу үшін алған білімін және дағдыларын қолдана білуіне маңызды орын беріледі. Білім алушылар белгілі бір ұғымдармен, заңдармен және заңдылығымен оқу жылының бойында бірнеше рет кездеседі. Өткен материал білім алушының іс-әрекеті барысында қайталанатын бұл іс-әрекеттер оқу бағдарламасын берік және саналы меңгеруін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу пәні
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін оқыту білім алушылардың ақпараттық сауаттылық негіздерін, АКТ-құзыреттілігін, логикалық және алгоритмдік ойлауын қалыптастыруды көздейді.
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу пәнінің интегративті, пәнаралық сипаты бар және бастауыш білім беруде АКТ-құзыреттілік пен жан-жақты оқу іс-әрекеттерін қалыптастырудың өзегі бола алады.
3-сыныптағы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні оқу жүктемесінің көлемі: аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні оқыту процесінде пайдаланылатын оқытуда әдістер мен тәсілдер мынадай:
ойын арқылы оқыту;
«компьютерсіз» оқыту;
АКТ құралдарын пайдалана отырып, шығармашылық жұмыстар;
шағын зерттеулер.
Осы пәнді оқыту процесінде мына тақырыптарға жобалық жұмыстарды жүргізуді ұсынамыз: «Астана бойынша виртуалды экскурсия», «Интернетте ауа райын жасау», «Мультимедиялық оқиғалар», «Суреттерден, фотографиялардан, аудиожазбалардан, бейнежазбалардан, анимациялардан тұратын оқиғаларды құрастыру», «Мультфильмдер әзірлеу» және т.б.
«Музыка» оқу пәні адам өмірінің бір бөлігі ретінде білім алушылардың музыкалық білім негіздерін қалыптастыруға, қарапайым орындаушылық білімін, біліктері мен дағдыларын және музыкалық қызмет түрлерін меңгертуге, музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.
3-сыныпта «Музыка» пәні аптасына 1 сағаттан оқытылып, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
«Музыка» пәнінің мазмұны қазақтың музыкалық фольклорының, дәстүрлі, классикалық және заманауи музыканың озық үлгілерін; музыкалық сауат негіздерін; орындау және тәжірибеде музыкамен айналысу үшін музыкалық материалды (композиторлар, халықтық және классикалық музыкалық аспаптар, музыкалық жанрлар мен стильдер туралы мағлұматтар); музыка шығару мен суырып-салмалылыққа арналған музыкалық-шығармашылық тапсырмаларды, сонымен қатар АКТ қолдануды; өнердің басқа түрлерімен және өзге пәндермен пәнаралық байланыс орнатуды қамтиды.
3-сыныптағы «Музыка» оқу пәнінің базалық мазмұны төмендегі бөлімдер арқылы жүзеге асырылады:
1) «Музыка тыңдау, талдау және орындау» (Музыкалық сауаттылық; Музыканы тыңдау және талқылау; Музыкалық жанрлар; Музыкалық формалар; Аспаптарда ойнау және ән айту);
2) «Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру»;
3) «Музыкалық-шығармашылық жұмысты көрсету және бағалау».
«Көркем еңбек» оқу пәні – кіріктірілген пән – «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» пәндерінің негізінде әзірленген, бұл пән арқылы «Технология және өнер» білім саласының мазмұны эстетикалық мәнмәтінде өнерді әлемнің біртұтас бейнесіндей эстетикалық түсіну және қабылдаудың жалпы заңдылықтары негізінде іске асырылады.
3-сыныпта «Көркем еңбек» пәні аптасына 1 сағаттан оқытылып, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
Оқу пәні түрлі шығармашылық қызметтегі кеңістіктік-бейнелік, шығармашылық ойлауын, рухани-адамгершілік мәдениетін, елесін, қиялын және аңғарымпаздығын, жеке тұлғаның қалыптасуын және өз ойын білдіруін дамытуды қамтамасыз ететін көркем-технологиялық білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Оқу мақсаттары білім алушыларда белгілі бір дағды қалыптастыру үшін әрекет түрін, орындау техникасын, шығармашылық жұмысты жасаудың материалын мұғалімнің өзі таңдайтындай етіп тұжырымдалған.
«Көркем еңбек» пәні бойынша оқыту процесінде білім алушылардың АКТ құралдарын қолдану дағдыларын дамыту қажет. Ең алдымен, бұл көркем жұмыстарды жасау кезінде сандық компьютерлік технологияларды пайдалану, слайдтық презентацияларды жасау дағдыларын дамыту, шығармашылық жұмысты жасау үшін басқа білім алушылармен ынтымақтастық, қарым-қатынас жасау мен ақпарат алмасу және т.б.
3-сыныпта «Сәулет өнері» ортақ тақырыбының аясында 3.2.3.2 - «Әртүрлі тәсілдермен және материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз материалдары) көлемді пішіндер жасау» оқу мақсатына жету үшін білім алушылар макеттер мен басқа да бұйымдар жасау кезінде әр түрлі техникалар мен материалдарды пайдалана алады.
Мысалы, «2.2 Шығармашылық жұмысты орындау материалдары мен техникалары» бөлімшесіндегі «3.2.2.1 - Аса күрделі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу» оқу мақсатына жету кезінде көлемді аппликация техникасын (рулондық қатырма қағаз бен реңктелген қағазды пайдалану), көркем мүсіндеу техникасын (мүсіндеу үшін (пластика) массаны немесе ермексазды пайдалану), аралас техниканы (пластикалық бөтелкелерді, пластилин және т. б. пайдалану) қолдана алады.
«Дене шынықтыру» пәні бағдарламасының мақсаты дене тәрбиесінің негіздерін тану болып табылады. Бағдарлама оқушылардың спорттық-арнайы қозғалыс дағдыларын және дене қабілеттерін меңгертуімен қатар балалардың салауатты дене дамуына ықпал етуі қажет.
3-сыныптағы «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
Дене шынықтыру сабағы – балаларды дене жаттығуларына жүйелі баулудың негізгі түрі. Дене шынықтыру сабағының негізгі міндеттерінің бірі балаларды дұрыс қозғалу дағдысына үйрету жəне дене қасиеттерін дамыту болып табылады. Дене шынықтыру сабағының мəні өзара байланысты сауықтыру, білім беру жəне тəрбиелеу міндеттерін жүйелі жүзеге асыруда жатыр. Олардың орындалуы баланың денесін шынықтыруды, денсаулығын нығайтуды, дұрыс қозғалыс дағдыларын меңгеруді, дене шынықтыру жəне спортқа деген эмоционалдық оң көзқарасын қалыптастыруды, тұлғалылығын жан-жақты дамытуды қамтамасыз етеді.
Сабақта оқушыларды ұйымдастырудың əдістерін пайдалану мұғалім белгілеген міндеттерге, сабақ жағдайларына, балалардың жас мөлшеріне байланысты болады. Оқыту кезінде ұйымдастырудың түрлі əдістерін, мысалы: жаппай (фронтальды) əдіс, үздіксіз əдіс, ауыспалы əдіс, топтық әдіс, жеке әдіс және т.б. аралас пайдалану дене шынықтыру сабағының тиімділігін арттырады.
Физикалық жүктеме тамырдың соғу қарқынымен анықталады. Жүктеменің жеткілікті деңгейімен дұрыс ұйымдастырылған сабақ кіріспе бөлімнен кейін тамырдың соғу жиілігі 20–25%-дан кем емес көрсеткіш бойынша сипатталады, жалпы дамыту жаттығуларынан кейін – 50%-дан кем емес, негізгі қозғалыстарды үйренгеннен кейін – 25%-дан кем емес, қозғалыс ойындардан кейін – 70–90%, кейде тіпті 100%-ға дейін жетеді. Сабақ соңында тамыр соғысы бастапқы деңгейге дейін қалпына келеді, не болмаса одан 15–20% жоғары болады.
Жаңартылған білім мазмұнын іске асыру барысында 30 пилоттық мектептердің 3-сыныптарында Қазақстан Республикасы Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты апробациясының мониторингі және осы мектептердің мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету жалғасады.
2017-2018 оқу жылы пилоттық мектептердің 3-сыныптарында 1, 2-сыныптарда жүргізілген мониторингтің кезеңдері мен тәртіптері сақталады.
Бастапқы кезеңде статистикалық көрсеткіштерді жинау және талдау, білім алушыларды диагностикалық тестілеу жүргізіледі (қыркүйектің 2-3-ші аптасы). Мектеп директорларының орынбасарлары ТК 1.1А және 1.1Б толтырады, оны Академияға береді. Академия 30 пилоттық және 16 бақылау мектептерінің статистикалық көрсеткіштерін өңдейді, сондай-ақ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымымен бірге пилоттық және бақылау мектептері 3-сыныптарының білім алушыларына диагностикалық тестілеу (кіруде) ұйымдастырады.
Бастауыш сыныптардың мұғалімдері ТК 2.1 және 3.1 толтырады. Мектеп директорларының орынбасарлары ТК 4.1 толтырады.
Екінші кезеңде алынған бастапқы деректерге талдау жасалады (қараша, қаңтар).
Бастапқы деректер талдауын Ұлттық білім академиясының қызметкерлері «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымымен бірге жүзеге асырады және пәндер бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларын, бағалау жөніндегі нұсқаулықтар мен әдістемелік ұсыныстарды, ОӘК қолдану барысында мұғалімдерде туындаған проблемалар тізбесін жасайды.
Үшінші кезеңде мектептерге ресми түрде бару басталады (ақпан). Мектептерге ресми түрде бару бастапқы деректерді талдау кезінде анықталған проблемаларды зерделеу, апробация кезінде мектептерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында жүргізіледі және бақылау қызметін атқармайды.
Мектептерге бару кезінде мұғалімдердің, білім алушылардың, ата-аналар мен мектеп әкімшілігінің оқу бағдарламалары мен жоспарларының, ОӘК, бағалау жөніндегі нұсқаулықтар мен әдістемелік ұсыныстардың сапасы туралы пікірлері зерделенеді, апробация процесі кезінде мұғалімдерді әкімшілік тарапынан қолдау деңгейі анықталады.
3-тоқсанның соңында бастауыш сынып мұғалімдері ТК 2.1, 2.2, 3.1, мектеп директорларының орынбасарлары ТК 5.1 толтырады.
Төртінші кезеңде статистикалық көрсеткіштерді түзету және талдау, шығуда диагностикалық тестілеу (сәуір) жүргізіледі. Тестілеу нәтижелері бойынша пилоттық және бақылау мектептері білім алушыларының даму деңгейін кірудегі және шығудағы деректері негізінде салыстырмалы талдау жасалады. 4-тоқсанның соңында 3-сынып мұғалімдері ТК 2.1 және 3.1 толтырады.
Бесінші кезең бағалау жөніндегі оқу бағдарламалары, әдістемелік ұсыныстарға, ОӘК өзгерістер енгізу бойынша қорытындылар мен ұсыныстардан тұрады (мамыр).
Ұлттық білім академиясы келісілген форма бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларына, бағалау жөніндегі оқу бағдарламалары, әдістемелік ұсыныстарға, ОӘК енгізетін өзгерістерді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымымен үйлестіреді.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы Ұлттық білім академиясымен бірге қорытынды есептерді жасайды және құжаттарға өзгеріс енгізу жөніндегі ұсыныстарды дайындайды.
Алтыншы кезеңде өзгерістерді бекіту жүргізіледі (маусым).
Өзгерістерді енгізу бойынша қорытындылар мен ұсыныстар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Үйлестіру кеңесіне енгізілген ұсыныстарды бекіту жөнінде шешім шығару үшін беріледі. Ұлттық білім академиясы және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымының жұмыс топтары бекітілген өзгерістерді енгізеді.
Енгізілген барлық өзгерістерімен құжаттардың соңғы нұсқалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекітеді және барлық мүдделі тараптардың назарына ұсынады.
Пилоттық мектептердің 3-сыныптарына арналған критериалды бағалау жүйесінің мазмұны бастауыш мектеп деңгейіне қатысты бекітілген нормативтік-құқықтық актілермен және әдістемелік-нұсқаулық материалдармен реттеледі.
Оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеруді тексеру мақсатында барлық оқу пәндері бойынша 3-сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалау өткізіледі. Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы және жиынтық бағалауды қамтиды.
Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушыларға үздіксіз кері байланыс беріледі. Баға, балл қою жүргізілмейді, алайда мұғалім оқыту барысында оқу процесін дер кезінде түзетеді, білім алушылардың ықтимал олқылықтары мен кемшіліктерін жиынтық бағалауды өткізгенге дейін жояды.
Жиынтық бағалауды білім алушының оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңінде (тоқсан, триместр, оқу жылы) оқуды аяқтағандағы ілгерілеуі туралы ақпаратты баға, балл қою арқылы мұғалімге, білім алушыға, ата-анаға жеткізу мақсатында өткізеді.
Жиынтық бағалау «Өзін-өзі тану», «Музыка», «Дене шынықтыру», «Көркем еңбек» пәндерінен басқа барлық пәндер бойынша өткізіледі. Бұл пәндер бойынша қалыптастырушы бағалау өткізіледі. Пән бойынша білім алушылардың қалыптастырушы бағалау нәтижелері оқушылар мен ата-аналарға берілетін кері байланыс үшін материал болып саналады. Дене шынықтыру бойынша «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы тоқсанның және оқу жылының соңында, ал қалған үш пән бойынша жартыжылдықтың және оқу жылының соңында «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы сынып журналына қойылады.
1-қосымша
Балды бағаға ауыстыру шкаласы
Жиынтық бағалау балының пайыздық мазмұны
|
Бағалау көрсеткіші
|
Баға
|
0 %-36%
|
Қанағаттанғысыз
|
«2»
|
40%-64%
|
Қанағаттанарлық
|
«3»
|
65%-84%
|
Жақсы
|
«4»
|
85%-100%
|
Өте жақсы
|
«5»
|
2-қосымша
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың қорытындысы туралы ата-аналарға арналған ақпарат (рубрикалар)
Білім алушының аты-жөні
|
____________________
___________________
|
Пән
Сынып
|
_____________________
____________________
|
Тоқсан ____
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау «_______________________________»
|
Бағалау критерийлері
|
Оқу жетістігі деңгейі
|
Төмен
|
Орта
|
Жоғары
|
(бағалау критерийлерінің тұжырымдамасы)
|
(бағалау критерийлері бойынша білім алушылардың оқу жетістігінің төмен деңгейінің сипаты)
|
(бағалау критерийлері бойынша білім алушылардың оқу жетістігінің орта деңгейінің сипаты)
|
(бағалау критерийлері бойынша білім алушылардың оқу жетістігінің жоғары деңгейінің сипаты)
|
(бағалау критерийлерінің тұжырымдамасы)
|
(бағалау критерийлері бойынша білім алушылардың оқу жетістігінің төмен деңгейінің сипаты)
|
(бағалау критерийлері бойынша білім алушылардың оқу жетістігінің орта деңгейінің сипаты)
|
(бағалау критерийлері бойынша білім алушылардың оқу жетістігінің жоғары деңгейінің сипаты)
|
Мұғалімнің қосымша пікірлері:
|
(мұғалімнің пікірі)
|
Мұғалімнің аты-жөні: _________________________________
олы:_______________
Күні_____________
3-қосымша
3-сыныпта жүргізілетін жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
№
|
Пәндер
|
Жиынтық бағалау рәсімдері
|
І тоқсандағы ЖБ саны
|
ІІ тоқсандағы ЖБ саны
|
ІІІ тоқсандағы ЖБ саны
|
ІV тоқсандағы ЖБ саны
|
1
|
Қазақ тілі
|
2*
|
2*
|
2*
|
2*
|
2
|
Әдебиеттік оқу
|
2*
|
2*
|
2*
|
2*
|
3
|
Русский язык (Я2)
|
2*
|
2*
|
2*
|
2*
|
4
|
Ағылшын тілі
|
2*
|
2*
|
2*
|
2*
|
5
|
Математика
|
3
|
3
|
3
|
3
|
6
|
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
|
2
|
2
|
2
|
2
|
7
|
Жаратылыстану
|
2
|
2
|
3
|
1
|
8
|
Дүниетану
|
2
|
2
|
2
|
2
|
* –Тексерілетін сөйлеу әрекетінің әрбір түрі үшін балдарды қою
ПИЛОТТЫҚ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ЖАН БАСЫНА НОРМАТИВТІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі – Бағдарлама) апробацияның оң қорытындысы бойынша барлық қалалық мектептерде жан басына нормативтік қаржыландыруды енгізу процесін 2019 жылы аяқтау көзделген.
Жан басына қаржыландырудың мақсаттары:
МЖМБС талаптарына сәйкес балалардың орта білім алуына арналған базалық шығыстарды анықтаудың бірыңғай тәсілін қалыптастыру;
шығыстардың мөлшеріне әсер ететін объективті факторларды есепке алу (орналасу орнына, білім беру бағдарламалары түріне және білім беру деңгейіне байланысты);
ұйымдарды емес, балаларды қолдаудың атаулы жүйесіне көшу және мемлекеттік шығыстарды мектепке емес, 1 оқушы басына жоспарлау;
мектептерге қаржылық дербестік беру және менеджмент деңгейін, шешім қабылдаудағы ашықтықты арттыру;
бюджет қаражатын ашық, әділ және мақсатты жұмсау болып табылады.
Бөлінетін бюджет қаражатының көлемі мектептердегі білім алушылардың санына байланысты.
Қазіргі уақытта білім беру процесі мен білім беру ортасына арналған шығыстар: білім беру процесіне қатысатын басқарушылық және негізгі персоналдың жалақысын, білім беру процесіне қатыспайтын басқарушылық, негізгі, әкімшілік, қосалқы және жұмысшы персоналының жалақысын; білім беру процесін ұйымдастыруға және жүзеге асыруға арналған шығыстарды; пошта және телефон байланыс қызметін төлеу шығыстарын; ғимараттарды, құрылыстарды, технологиялық жабдықтарды, компьютерлік және кеңсе техникасын, интерактивті жүйелерді ағымдағы жөндеуге, ұстауға және қызмет көрсетуге арналған шығыстарды; білім беру процесінде қолданылмайтын білім беру ұйымының қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды сатып алу шығындарын қамтиды.
Жан басына қаржыландыру еңбекақы төлеудің жаңа үлгісі емес, ол білім беру процесі мен білім беру ортасын іске асыруды қамтамасыз ету үшін мектептерге бюджет қаражатын бөлудің механизмі болып табылады. Мектеп қызметкерлеріне еңбекақы төлеу саласындағы барлық кепілдіктер сақталады. Мектеп қызметкерлеріне еңбекақыны есептеу және төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес жүргізіледі.
Жан басына қаржыландыру нормативінің мөлшері (яғни, 1 оқушыны оқыту құны) бір оқу жылына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы №440 бұйрығымен бекітілген орта білімді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесі негізінде есептеледі.
1 оқушыны оқыту құны білім беру бағдарламаларының түріне, деңгейіне және жүзеге асырылу орнына байланысты өзгеріп отырады.
«Қаржы орталығы» АҚ мемлекеттік тапсырыс аясында пилоттық орта білім беру ұйымдарында жан басына нормативтік қаржыландырудың енгізілуін қолдау және мониторингілеу қызметтерін көрсетеді.
2013 жылдың 1 қыркүйегінен бастап орта білім беруді жан басына қаржыландыруды сынақтан өткізу республиканың 5 облысындағы (Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары) 63 пилоттық мектепте жүзеге асырылуда. 2015 жылға дейін сынақтан өткізу 1-11 сыныптарда өткізілді.
2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Үкіметінің шешімі бойынша жан басына қаржыландыруды сынақтан өткізу республиканың 5 өңіріндегі 63 пилоттық мектептің 10-11 сыныптарында ғана одан әрі жалғастырылды.
2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ҚР Үкіметі білім беру процесінің шығындар құрылымын, формуласын, сондай-ақ білім беру ортасын нормалауды қайта қарауды ескеріп республиканың 5 өңіріндегі пилоттық 63 мектептің 1-11 сыныптарында сынақтан өткізуді жалғастыру туралы шешім қабылдады.
2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР БҒМ-ның шешімі бойынша орта білім беруді жан басына қаржыландыруды сынақтан өткізуге Астана қаласынан 5 және Алматы қаласынан 5 мектепптен қосымша енгізілді.
Пилоттық орта білім беру ұйымдарында жан басына нормативтік қаржыландыруды сынақтан өткізудің 4 жылдағы қорытындыларын талдау мынаны көрсетті.
2014-2015 оқу жылы пилоттық мектептерде өз біліктілігін арттырған қызметкерлердің саны 128 адамға көбейді, бұл қызметкерлердің жалпы орташа жылдық санының шамамен үштен бір бөлігін құрайды. Бұл 2013-2014 оқу жылымен салыстырғанда 2,2%-ға және 2012-2013 оқу жылымен салыстырғанда 7,5%-ға көп.
Пилоттық мектептердің жоғары, бірінші және екінші санатты педагогикалық қызметкерлерінің үлесі 2013-2014 оқу жылы 60%-дан 2014-2015 оқу жылы 79%-ға дейін артты (2012-2013 оқу жылы бұл көрсеткіш 58%-ды құрады).
Балаларды дамытуға арналған үйірмелер мен секциялар 2013-2014 оқу жылымен салыстырғанда 243 бірлікке, 2012-2013 оқу жылымен салыстырғанда 416 бірлікке артып, 2014-2015 оқу жылы 1196 бірлікті құрады.
Егер 2012-2013 оқу жылы - 445, ал 2013-2014 оқу жылы 651 оқушыларға арналған танымдық және өнегелік іс-шаралар, мұғалімдерге тренингтер өткізілген болса, 2014-2015 оқу жылы бұл көрсеткіш 757 бірлікті құрады.
2014-2015 оқу жылы пилоттық мектептердің педагогтары шығарған әдістемелік құралдар мен басқа басылымдардың саны 2492-ге жетті. Бұл 2013-2014 оқу жылымен салыстырғанда 2 есеге және 2012-2013 оқу жылының көрсеткішінен 2,1 есеге асып түсті.
Оқушылардың жалпы санына қарағанда конкурстар мен жарыстарда жеңімпаз, жүлдегер, лауреат атанған оқушылардың үлесі 2014-2015 оқу жылы 21% құрады. 2013-2014 оқу жылы бұл көрсеткіш 23%-ды, 2012-2013 оқу жылы 18%-ды құрады.
Пилоттық мектептердегі ҰБТ-ның орташа көрсеткіші соңғы үш жылда 71 балдан 80 балға дейін артты.
Ынталандыру төлемдері мен сыйлықақылардың арқасында пилоттық мектептердегі педагогикалық қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 2014-2015 оқу жылы инфляция деңгейін есептемегенде 105,3 мың теңгені құрады, бұл сынақтан өткізудің бірінші жылындағыдан 1,5 есе жоғары.
Жоғарыда аталған сынақтан өткізу оқу жылдарының нәтижелері қаржыландыру принципін өзгерту мен білім беру сапасының оң динамикасы арасындағы өзара тікелей байланыс туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
2015-2016 оқу жылы бүкіл кезең бойы пилоттық жобаға бес облыстағы бұрыннан қатысатын 63 пилоттық мектептің 10-11 сыныптарының оқушылары ғана қатысты.
Осыған байланысты, пилоттық жобаның 2015-2016 оқу жылындағы форматы 2014-2015 оқу жылындағысынан өзгеше, тек кейбір көрсеткіштерді ғана салыстыруға болады. Олар мынадай:
пилоттық мектептердегі 10-11 сыныптардың орташа толымдылығы 20 адамды құрады. Оңтүстік Қазақстан облысының пилоттық мектептердегі сыныптардың ең жоғарғы толымдылығы – 24 оқушы. Бұл көрсеткіш 2014-2015 оқу жылының деңгейінде қалып отыр;
10-11 сыныптардың жыл сайынғы үлгерімін бақылаудың 2015-2016 оқу жылындағы нәтижесі 56,7 балл, бұл 2014-2015 оқу жылының көрсеткішінен 1,5 балға жоғары. Пилоттық мектептері оқушыларының үлгерімі бойынша ең жоғарғы орташа көрсеткіш Оңтүстік Қазақстан облысы оқушыларында – 72 балл, ең төменгі көрсеткіш – 48 бал Алматы облысына тиесілі;
пилоттық мектептердегі «Алтын белгі» иегерлерінің саны 8 адамға артып, соңғы оқу жылында 74 адамды құрады;
жалпы орта білім туралы үздік аттестат алған түлектердің саны 2015-2016 оқу жылы 55 адамға жетті. 2014-2015 оқу жылы мұндай оқушылардың саны 22 адам болатын, яғни бұл көрсеткіш 2,5 есеге артты.
пилоттық мектептердегі соңғы оқу жылына ҰБТ-ның орташа көрсеткіші 76,8 балды құрады. ҰБТ-ны орташа 86,3 балмен Ақтөбе облысындағы және 84,6 балмен Шығыс Қазақстан облысындағы пилоттық мектептердің оқушылары оқу жылын әлдеқайда сәтті аяқтады. Бұл ретте 2014-2015 оқу жылымен салыстырғанда, көрсеткіштің 1,8 балға төмендегені байқалады.
2015-2016 оқу жылының қалған көрсеткіштері алдындағы оқу жылының деректерімен салыстыруға келмейді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Астана мен Алматы қалаларының барлық мектептерін жан басына қаржыландырудан апробацияға қатыстыру туралы мәселені қарастыруда.
Қосымша 4
1-8-сыныптарға арналған «Жолда жүру ережелері » оқу пәнінің үлгілік күнтізбелік-тақырыптық жоспары
1-сынып
№
р/с
|
Айлар
|
Тақырыптың атауы
|
Сағат саны
|
1.
|
қыркүйек
|
Көше күтпеген оқиғаларға толы.
|
1
|
2.
|
қазан
|
Жаяу жүргінші өтпелері.
|
1
|
3.
|
желтоқсан
|
Реттелетін жол қиылыстары. Бағдаршам.
|
1
|
4.
|
наурыз
|
Автобуспен немесе троллейбуспен сапарға шығу.
|
1
|
5.
|
сәуір
|
Қай жерде ойнауға болады және қай жерде ойнауға болмайды.
|
1
|
6.
|
мамыр
|
Қорытынды сабақ.
|
1
|
|
Барлығы:
|
6
|
Достарыңызбен бөлісу: |