Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет90/137
Дата04.12.2017
өлшемі5,05 Kb.
#2856
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
217 
Сауат ашу,  
1-сынып 


2* 
2* 
* – Тексерілетін сөйлеу әрекетінің әрбір түрі үшін балдарды қою 
 
«Сауат ашу» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 6 сағат, оқу 
жылына 198 сағатты құрайды. 
 
Қазақ тілі (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін) 
«Қазақ  тіл»  пәні  бастауыш  мектепте  гуманитарлық  білім  берудің 
бастапқы  өзегі  болып  табылады.  Бастауыш  мектепте  «Қазақ  тілі»  пәнін 
оқытудың мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, 
жазылымды  дамыту  арқылы  тіл  туралы  бастапқы  білімді  меңгерту  және  оны 
тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдану. 
Пәннің  мазмұны мәтін  түрлері,  көркем  шығармалар  мен  аутентті 
материалдар  арқылы  оқушылардың  сөздік  қорын  жаңа  сөздермен 
толықтыруды,  оқығаны  бойынша  пікір  білдіруді  және  оны  дәлелдеуді,  белгілі 
бір тақырыпқа байланысты өз ойын толық, жүйелі, түсінікті етіп ауызша және 
жазбаша жеткізе білуге дағдыландыруды, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, 
мүмкін  болатын  жауаптарды  болжап,  өзін-өзі  бағалауды,  мәтін  бөлімдері 
арасында  мағыналық  байланыс  орнатуды,  жоспар  құруды,  сөйлеу  мәдениетін 
қалыптастыруды қамтиды. 
Пәнді  оқытудың  басты  ерекшелігінің  бірі  оқушылардың  сауаттылығын 
арттыру  және  тілін  дамыту  мақсатында  жазба  жұмыстарын  жүргізіп  отыру 
болып  табылады.  Мысалы,  мына  тапсырма  үлгілері  жазылым  дағдысын 
дамытуға ықпал етеді: 
1) оқушыларға таныс ертегі, әңгіме, өлеңдердің қысқаша мазмұнын жазу; 
2) газет-журналдарға шағын хабарлама, мақала жазу; 
3) белгілі оқиғаны өз ойынша өзгертіп аяқтау; 
4)  оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіп аяқтау; 
5)  грамматикалық  және  ортақ  тақырыптар  аясында  шығармашылық 
тапсырмалар  (ребус,  пиктограмма,  сөзжұмбақ,  сәйкестендіру  және  толықтыру 
тест тапсырмалары) құрастыру; 
6)  ақпаратты  суреттер  мен  сызбалар,  белгілер,  пиктограммалар  арқылы 
беру; 
7) жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестерінен сөздік құрастыру; 
8)  сұхбатқа жазбаша сұрақтар дайындау. 
9)  диктант;  грамматикалық  тапсырмалар;  бақылау  ретіндегі  көшіру; 
мазмұндама; шығарма; тест тапсырмалары. 
Пән бойынша 2-сыныпта жүргізілетін жазба жұмыстарының көлемі: 
1) сөздік диктант – 6-8 сөз; 
2) диктант – 25-30 сөз;  
3) мазмұндама – 40-60 сөз; 
4) шығарма – 25-35 сөз. 
«Қазақ  тілі»  пәні  бойынша  жиынтық  бағалау  жиынтық  жұмыстарын 
жүргізуді  көздейді.  Бірақ  қажеттілігіне  қарай  мұғалім  қосымша  жұмыстар 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
218 
(диктант, мазмұндама, шығарма және т.б.) жүргізе алады, олардың нәтижелері 
сынып журналына қойылмайды. Ол білім алушылардың жетістіктеріне аралық 
мониторинг  жүргізудің  бір  түрі  және  жүргізілген  жұмыстардың  нәтижелерін 
ұсына  отырып,  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін  кері  байланыс  болып 
табылады. 
 
57-кесте – Жиынтық  бағалаудың  рәсімдер саны 
 
Пән/Сынып 
Жиынтық  бағалау  рәсімдері 
І тоқсандағы 
ЖБ саны 
ІІ тоқсандағы 
ЖБ саны 
ІІІ тоқсандағы 
ЖБ саны 
ІV тоқсандағы 
ЖБ саны 
Қазақ тілі,  
2-сынып 
2* 
2* 
2* 
2* 
* –Тексерілетін сөйлеу әрекетінің әрбір түрі үшін балдарды қою 
 
Қалыптастырушы  және  жиынтық  бағалау  шеңберінде  бағаның 
төмендеуіне әсер ететін қателер мен кемшіліктердің жіктелуі: 
Қателер: 
- сөздегі  әріптердің  орнын  ауыстыру,  алмастыру,  артық  әріптерді  қосып 
жазу, сөздердің жазылу ережесін бұзу сияқты өрескел қателер; 
- емле ережесі бойынша қате жазылған сөздер; 
- мәтінде  өтілген  тыныс  белгілерінің  болмауы  (сөйлемнің  соңында)  және 
бас әріптің сөйлем басында жазылмауы; 
- орфографиялық  ережелер  бойынша  жіберілген  қателер;  бір  ережеге 
сәйкес келетін сөздердің әртүрлі сөзде кездесуі екі қате болып саналады; 
- бірдей  әріптен  жіберілген  қате  үш  рет  қайталанса,  екі  қатеге 
есептелінеді, екі рет жіберілсе, бір қатеге есептелінеді; 
- мазмұндама  жазу  кезінде  шығарманың  мәнін,  мазмұнын  өзгертетіндей, 
алшақтайтындай авторлық мәтіннен айтарлықтай ауытқулардың болуы; 
- бөлімдердің  арасында  байланыстың  болмауы,  сөздік  қоры  жұтаң, 
мазмұнының  негізгі  бөлімінің  болмауы,  автор  мәтінінде  көрсетілген  маңызды 
оқиғалардың қалдырылуы; 
- мазмұндамада сөздердің сәйкес мағынада қолданылмауы.   
Диктантта  мына  қателер  бір  қате  ретінде  саналады:  екі  түзету;  екі 
пунктуациялық  қате;  бір  сөзден  жіберілген  қатенің  қайталануы;  екі  өрескел 
емес қате. 
Өрескел  емес  қателер:  сөзде  бір  әріптің  қайталануы;  сөздің  қате 
тасымалдануы;  сөйлемде  бір  сөздің  екі  рет  қайталанып  жазылуы,  аяқталмаған 
сөз. 
Кемшіліктер:  келесі  сөйлем  бас  әріппен  жазылған  жағдайда  сөйлем 
соңында тыныс белгісінің қойылмауы; азат жолдың болмауы; мазмұндама жазу 
кезінде авторлық мәтіндегі оқиға қисынының шамалы бұзылуы.  
Диктант  үшін  ұсынылатын  мәтіндер  орфографиялық  тұрғыдан  таныс 
болмаған  жағдайда,  яғни  жіберілген  қателер  өтілген  сабақтардың 
материалдарында  қарастырылмаған  жағдайда  жіберілген  қателер  диктантта 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
219 
қате деп саналмайды. 
Мазмұндаманы,  шығарманы ұйымдастыру және өткізу  
2-сыныпта оқушылардың өз ойын жазбаша тілде тиянақты түрде жеткізу 
білігін  тексеру  мақсатында  мазмұндама,  шығарма  жазуға  үйрететін  жұмыс 
жүргізіледі.  Осы  жұмыстарға  1  сағаттан  кем  емес  уақыт  бөлу  ұсынылады. 
Үйрету сипатындағы шығармашылық жұмыс жүргізудің кезеңділігі – шамамен 
15 күнде бір рет. 
Мазмұндама  тақырыптарының  көлемі  диктант  мәтіндерінің  көлеміне 
қарағанда шамамен 15-20 сөзге артық болуы тиіс. 
Шығарма жұмыстарын бағалау мөлшері 
Шығарма  тақырыбын  таңдауда  оның  өмірмен  байланыстылығы,  балалар 
тәжірибесі  мен  қызығушылығына  жақындығы,  мазмұнының,  мәтін  құрылысы 
мен оның тілдік безендірілуінің қолжетімділігі ескерілуі қажет. Сонымен қатар 
бастауыш сынып білім алушыларына әртүрлі жағдайларда қауіпсіз іс-әрекеттер 
туралы  және  қауіпсіз  іс-әрекеттер  жасау  мәдениеті  туралы  шығармалардың 
тақырыптары ұсынылады. 
Сөздік  диктанттар  ағымдағы  тексеру  жұмысы  және  бақылау  (тоқсанына            
1  рет)  ретінде    өткізіледі.  Сөздік  диктантардың  мазмұнын  жазылуы  ережемен 
реттелмейтін сөздерден құралады. 
«Қазақ  тілі»  пәні  2-сыныпта    аптасына  4  сағаттан  оқытылып,  жылдық 
жүктемесі 136 сағатты құрайды. 
 
Әдебиеттік оқу  
«Әдебиеттік  оқу»  пәнінің  мақсаты  –  бастауыш  сынып  білім 
алушыларының  көркем  шығарманы  сезіммен  қабылдауы,  түсінуі,  санасында 
қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық 
әрекетінде  жүзеге  асыруға  ұмтылуы  арқылы  функционалдық  сауаттылығын 
қалыптастыру. 
Оқу  бағдарламасында  әдеби-шығармашылық  қабілеттерін  дамыту 
қарастырылған.  Нақты  шығармаларды  оқып  білу  және    қажетті 
шығармашылық тапсырмаларды орындау  үшін,  мұғалім білім алушылардың 
даярлық деңгейіне байланысты сабақтар санын анықтайды. 
Қорытынды  тексеруді  ұйымдастыру  үшін  және  оқыту  нәтижелерін 
бағалау үшін әртүрлі тапсырмалар қолданылады:  
- кешенді әртүрлі деңгейлі жұмыстар (ағымдағы тексеру үшін); 
- әдебиеттік диктанттар (әдеби білімін және сауаттылығын тексеру үшін); 
- өтілген шығарма, тақырып, бөлім бойынша тест тапсырмалары; 
- дауыстап  және  іштей  оқу  дағдыларын  жаппай  тексеруге  арналған 
сұрақтары мен тапсырмалары бар мәтіндер; 
- оқу  әрекеттерінің  қалыптасуын  тексеруге  арналған  диагностикалық 
тапсырмалар және тест тапсырмалары; 
- дауыстап  оқу  дағдысын  жеке  тексеруге  арналған  мәтіндер  мен 
тапсырмалар (әр жартыжылдық соңында); 
- оқырмандық  біліктерінің  және  білімділігінің деңгейін  тексеру  бойынша 
кешенді әртүрлі деңгейлі қорытынды жұмыстар (әр жартыжылдық соңында); 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау