Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
214
тексереді. Егер ЖСН дұрыс болса, тіркеу нысанының мына жолдары
белсендендіріледі: «Тегі», «Есім», «Аймақ», «Ұйым/Мектеп», «Е-mail»
(қолданыстағы электрондық поштаны енгізу керек), «Құпия сөз» (құпия сөз кем
дегенде алты таңбадан тұруы керек), «Құпия сөзді қайталаңыз». Тіркеу
нысанын толтырып, «Тіркеу» батырмасын басқаннан кейін порталға кіруге
болады.
2. Тіркелуден өткеннен кейін есеп жазбаны (аккаунтты) белсендендіру
қажет. Бұл үшін тіркелу кезінде көрсеткен электрондық поштаға кіру керек.
Жүйеден бірнеше секунд ішінде осы поштаға хабарлама келіп түседі.
Хабарламаның ішінде көрсетілген сілтеме арқылы өтіп, есеп жазбаны
белсендердіруге болады.
ЖӘК-тен нені табуға болады?
ЖӘК көруге/жүктеуге арналған қолжетімді файлдар орналастырылған
төмендегі бөлімдерді қамтиды:
1. «Жұмыста қолдануға арналған құжаттар» бөлімінде Үлгілік оқу
бағдарламалары, Үлгілік оқу жоспарлары, ҚР МЖМБС, орта мерзімді
жоспарлар, қысқа мерзімді жоспарлар орналастырылған.
2. «Сабақ бойынша жоспарлау» бөлімінде пәндер және сыныптар
бойынша оқу жоспарына сәйкес құрылымдалған сабақ жоспарлары,
таныстырылым, аудио/бейне материалдар орналастырылған.
3. «ОӘК» бөлімінде бастауыш мектептің пәндеріне сәйкес оқулықтар мен
жұмыс дәптерлері, мұғалімге арналған нұсқаулықтар мен оқу құралдарының
электрондық нұсқалары, оқу мақсаттарына жету бойынша шеберлік сабақтары
орналастырылған.
4. «Критериалды бағалау» бөлімінде критериалды бағалау бойынша
нұсқаулықтар, қалыптастырушы және жиынтық бағалауға арналған
тапсырмалар
жинақтары,
бейне
және
таныстырылым
ресурстары
орналастырылған.
5. «Онлайн сабақтар мен семинарлар» бөлімінде қалыптастырушы бағалау
бойынша
онлайн
семинарлар,
онлайн
сабақтар
орналастырылған.
Педагогикалық тәжірибе алмасу процесін жүзеге асыру мақсатында
мұғалімдерге жаңартылған бағдарлама бойынша өздерінің материалдарын
жариялауға мүмкіндік берілген. Материалды орналастыру үшін жоғарғы оң жақ
бұрышында орналасқан «Материалды қосу» батырмасын басу керек.
6. «Форум» жаңартылған білім мазмұнының өзекті бағыттары бойынша
(ұйымдастырушылық мәселелер, оқулықтардың мазмұны, білім алушыларды
бағалау және т.б.) сұрақтарды орналастырып, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясының және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
қызметкерлерінен кеңес алуға мүмкіндік береді.
Әзірленген
және
«Жүйелі-әдістемелік
кешені»
порталында
орналастырылған ресурстар пайдалану үшін ұсынылған, бірақ оларды
мұғалімнің өзі әзірлеуге құқылы (қысқа мерзімді жоспарлар, тапсырмалар,
пайдаланылатын ресурстар және т. б.).
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
215
1-сыныпта оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері
1-сыныпта оқу процесін ұйымдастыру – бастауыш білім беру деңгейінің ең
күрделі және жауапты кезеңі.
1-сыныптарда оқытудың мақсаты – 6-7 жастағы балаларды буынмен оқу,
тұтас сөздерді оқу, мәнерлі мазмұндау, жатқа айту қабілеттерін қалыптастыру,
сауатты жазу қабілеттеріне дағдыландыру, байланыстыра сөйлеуін және т.б.
дағдыларын дамыту болып табылады. Сондықтан, 1-ші сыныптықтардың
танымдық қызметінің оң мотивациясын қалыптастыру ерекше маңызды болып
саналады және оқу процесі қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға өту
принципі бойынша құрылуы тиіс.
1-сыныптардың оқушыларына оқу жылының І жартыжылдығында баға
қойылмайды, ынталандырудың басқа әдістері мен тәсілдері қолданылады.
1-сыныпта оқушыларға үй тапсырмасы берілмейді.
Білім беру ұйымдарында оқу сабақтары сағат 08.00-ден ерте басталмайды.
«Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы
орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту
туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына сәйкес
1-сыныпта
балалардың оқу процесіне бейімделу кезеңін жеңілдету
мақсатында оқу жүктемесі бірте-бірте ұлғайтылады, яғни оқу жүктемесін
біртіндеп өсірудің «сатылы» сабақ кестесі қолданылады: І жартыжылдықта
сабақтар 35 минуттан, ІІ жартыжылдықтан бастап сабақтар 45 минуттан
болады.
Оқу жылының барысында 1-сынып білім алушыларына ІІІ тоқсанда
қосымша 1 апталық демалыс беріледі.
1-сыныптың сабақ кестесіне қосарланған сабақтар қойылмайды («Білім
беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 179 бұйрығы).
Сабақ кестесіндегі үзілістердің ұзақтығы оқушылардың тамақтануы мен
белсенді демалысын ескеруі қажет.
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
216
4.1 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ 1,2-СЫНЫПТАРЫНА АРНАЛҒАН
ОҚУ ПӘНДЕРІ МАЗМҰНЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ
Сауат ашу
«Сауат ашу» пәні – бастауыш білімнің негізін құрайтын аса маңызды
пәндердің бірі. «Сауат ашу» пәні – «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу» пәндерінің
құрамдас бөлігі, тіл және әдебиет туралы білім жүйесіне дайындық, сондай-ақ
одан кейінгі оқытудың негізі болып табылады.
Дыбыс және әріппен таныстыруға бөлінетін сағат санын білім
алушылардың оқу материалын, оқу мақсаттарын меңгеру деңгейіне және әр
кезеңнің тапсырмаларын орындау деңгейіне байланысты мұғалімнің өзі реттей
алады.
І
жартыжылдықта
оқу
жылдамдығын
тексермеуге
болады.
ІІ жартыжылдықтың соңында оқу дағдысының қалыптасу нормасы минутына
25 және одан артық сөзді құрайды. Ескерту: Шылау, одағай, еліктеу сөздер,
қос сөздер жеке сөз ретінде саналады.
Пәнді оқытудың ерекшелігі оқушылардың функционалдық сауаттылығын
қалыптастыру болып табылады, ол оқу мен жазу бойынша алған білім, білік,
дағдыларын түрлі өмірлік жағдаяттарда пайдалануға мүмкіндік береді.
1-сынып білім алушылары:
1) 2-6 сөзден тұратын сөйлемдерді буындық тәсілмен тұтас оқу;
2) 4-8 сөйлемнен тұратын қысқаша мәтіндерді буындық тәсілмен тұтас
оқу;
3) сөйлем, шағын мәтіндер (3-4 сөйлем) құрастырып жазу;
4) есту, есте сақтау арқылы сөздерді (3-7 сөз) жатқа жазу;
5) жай сөйлемдерді (1-2 сөйлем) жатқа жазу;
6) баспа әріптерімен берілген мәтінді (10-15 сөз) көшіріп жазу;
7) күрделі, айтылуы мен жазылуы әртүрлі сөздерді тыңдау арқылы жазу (8-
10 сөз);
8) сөйлемдерді (3-4 сөзден тұратын), шағын мәтіндерді (10-15 сөз) тыңдау
арқылы жазу;
9) белгілі бір тақырыпқа сөйлемдер құрастыру және жазу (2-4 сөйлем)
жұмыстарын орындай алуы керек.
Жиынтық бағалаудың рәсімдер саны әрбір оқу пәні бойынша бастауыш
мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау жүйесі бойынша
әдістемелік құралда реттеліп, ұсынылған.
56-кесте – Жиынтық бағалаудың рәсімдер саны
Пән/Сынып
Жиынтық бағалау рәсімдері
І
тоқсандағы
ЖБ саны
ІІ
тоқсандағы
ЖБ саны
ІІІ
тоқсандағы
ЖБ саны
ІV
тоқсандағы
ЖБ саны
Достарыңызбен бөлісу: |