Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет74/137
Дата04.12.2017
өлшемі5,05 Kb.
#2856
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
177 
10 тапсырма. Бағалау ҰБТ жүйесі бойынша ұсынылады. «5» деген баға –33-40 
балл, «4» деген баға -25-32 балл, «3» деген баға –9-24 баллға қойылады. 
№  4  диагностикалық  тест.  Бұл  алдыңғы  екі  оқу  тоқсанда  алған 
білімдердің  бақылау  мен  динамикасын  қарастырады,  тек  лексика-
грамматикалық  аспектісін  қамтиды.  Тест  тапсырмаларының  саны  -  40, 
жауаптар  нұсқаларының  саны-5.  Бұл  жұмыс  түрін  ҰБТ  жүйесі  бойынша 
бағалау ұсынылады. «5» деген баға – 33-40 балл, «4» деген баға -25-32 балл, «3» 
деген баға –9-24 балға қойылады «2» деген бағаны қою ұсынылмайды, өйткені 
оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын  төмендетуі мүмкін. 
Шет  тілі  бойынша  №  5  бақылау  жұмысы  –  3-тоқсан  қорытындысы 
бойыша.  Бұл  бақылау  жұмысы  тіл  дамытудың  барлық  бағыттарын  есепке  ала 
отырып,1-ші  тоқсанда  меңгерген  материалды  қамтиды.  Лексика,  грамматика 
бойынша  20  тапсырма,  тыңдалым  бойынша-10  тапсырма,  оқылым  бойынша  – 
10 тапсырма. Бағалау ҰБТ жүйесі бойынша ұсынылады. «5» деген баға –33-40 
балл, «4» деген баға -25-32 балл, «3» деген баға –9-24 балға қойылады. 
Шет  тілі  бойынша  №  6  бақылау  жұмысы  –  4-тоқсан  қорытындысы 
бойыша.  Бұл  бақылау  жұмысы  тіл  дамытудың  барлық  бағыттарын  есепке  ала 
отырып,1-ші  тоқсанда  меңгерген  материалды  қамтиды.  Лексика,  грамматика 
бойынша  20  тапсырма,  тыңдалым  бойынша-10  тапсырма,  оқылым  бойынша  – 
10 тапсырма. Бағалау ҰБТ жүйесі бойынша ұсынылады. «5» деген баға –33-40 
балл, «4» деген баға -25-32 балл, «3» деген баға –9-24 баллға қойылады.  
Шет  тілі  бойынша  №7  бақылау  жұмысы  –  Оқу  жылы  бойынша  барлық 
оқылған тақырыптарды қамтиды. Лексика, грамматика бойынша 20 тапсырма, 
тыңдалым  бойынша-10  тапсырма,  оқылым  бойынша  –  10  тапсырма.  Бағалау 
ҰБТ жүйесі бойынша ұсынылады. «5» деген баға –33-40 балл, «4» деген баға -
25-32 балл, «3» деген баға –9-24 баллға қойылады. 
 
Ұсынылатын жазба жұмыстадың  нормалары: 
Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  үшін  жазба 
жұмыстарын,  соның  ішінде  эссе  жазу  ұсынылады.  Жұмыстың  бұл  түрі 
оқушылардың  сын  тұрғысынан  ойлауын  және  жазылым  дағдыларын 
дамытуына  мүмкіндік  береді.  Эссе  жазуда  келесі  сөздердің  нормаларын 
ұсынамыз  (барлық  артикль  сөздерді,есімдіктер  мен  қосымшаларды  ескере 
отырып): 
- 10-11-сыныпта 140-150 сөз  
Оқытылатын  пәнге  деген  уәж  бен  қызығушылықты  арттыру  үшін  пән 
бойынша  үйірме  жұмысының  бір  түрін  ұйымдастыруға  болады,  мысалы 
мәнерлеп  оқу  клубы.  Бұл  клубтың  мақсаты  -  шетел  әдебиетіне  деген 
қызығушылықты арттыру.  
«Полиглот»  клубы  –  көптілдікті  дамытады    және  т.б.  Клуб  мүшелерінің 
жиыны  ең аз дегенде жылына 4 рет болады, соңғысы есеп беру. 
Шет тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктері 
Кемінде 3 шет тілі мұғалімнен құрылған бірлестік шет тілі мұғалімдерінің 
әдістемелік  бірлестігі  болып  табылады.  2017-2018  оқу  жылында  әдістемелік 
бірлестік жұмысының негізгі бағыттары: 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
178 
- жаңа  нормативті  -  құқықтық  құжаттарды  зерделеу  («100  нақты  қадам» 
Ұлт  жоспарының  79-шы  қадамы,    Балалар  құқықтары  туралы  конвенция, 
«Еңбек туралы», «Білім туралы» ҚР Заңдары); 
- мұғалім-кеңесшінің, 
көмекшінің 
негізгі 
міндеттерін 
атқаруда 
шығармашылық тәсілмен кәсіби құзыреттілікті шыңдау; 
- оқытуда жаңа технологияларды қолдану; 
- оқу процесін жаңартылған білім мазмұны жағдайында ұйымдастыру  ;  
- шет  тілі  мұғалімдерінің  жеке  біліктіліктерін  арттыру  және  өздігінен 
білім алуы; 
- шет тіліндегі ілгері басқан процестерді зерделеу; 
- оқушылардың білім  сапасын  артыру  үшін  шет  тілі бойынша оқытудағы 
электронды дереккөздерді пайдалану. 
Шет тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі, оқу жылы басында жұмыс 
жоспарында  көрсетілген  бірқатар  міндеттер  қояды.  Әдістемелік  бірлестіктің 
жоспары  барлық  мүшелерімен  келісіліп  құрылады,  міндеттер  өзара  тең 
бөлінеді.Жоспар  оқу  жылының  әр  айына  құрылып,оқу  мекемесінің  басты 
міндеттерімен  тығыз  байланысады.  Әдістемелік  бірлестіктің  жоспары  
мектептің 
ғылыми-әдістемелік 
кеңесімен, 
әдістемелік 
бірлестіктің 
жетекшісімен  келісіледі.  Жоспарда  әдістемелік  бірлестік  мұғалімдері 
жұмыстарының және барлық білім беру деңгейлерінің (бастауыш, негізгі, орта, 
жалпы  орта)  негізгі  кезеңдері  қарастырылады.  Оқу  жылына  6  әдістемелік 
бірлестіктің отырысын өткізу ұсынылады. Әдістемелік бірлестіктің әр отырысы 
ақпараттық-танымдық  сипатта  болу  керек:  баяндамалар,  пікірталастар, 
презентациялар мен коучингтер. 
Әдістемелік бірлестік отырыстарында шет тілі мұғалімдеріне пәнді оқыту 
әдістемесі мен теориясының келесі мәселелерін қарау ұсынылады: 

ашық  сабақтармен  қатар  оқу  мекемесінде  өткізілген  ашық 
ісшараларды(әдістемелік  бірлестіктің  барлық  мүшелері  қатысқан)  қамтыған  
әдістемелік бірлестіктің тақырыптық онкүндігі;  
-  пән  бойынша  олимпиада  (олимпиаданың  мектепішіндегі  өткізілген 
кезеңінің күні көрсетіледі); 
- дарынды және пәнге деген уәжі төмен балалармен жұмыс; 
- жаңадан келген мұғалімдермен жұмыс,егер бар болса;  
-  жас  мамандармен  жұмыс,  тәлімгерді  тағайындау.  Тәлімгер  мен  жас 
маманның жұмысы; 
-  бірлестік  мұғалімдерінің  өзара  тәжірибе  алмасуы  (өзара  сабақтарға 
қатысуы); 
- емтихандарға, байқауларға, семинарларға дайындық; 
- кіріс құжаттарымен жұмыс; 
- мектепшілік бақылау; 
- әкімшілік бақылау; 
-  біліктілік  санатын  жоғарлататын  немесе  растайтын  мұғалімдермен 
жұмыс; 
-  әр  тоқсан  және  жыл  қорытындысы  бойынша  оқушылардың үлгерімдері 
мен білім сапаларының мониторингі; 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау