Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет133/137
Дата04.12.2017
өлшемі5,05 Kb.
#2856
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
322 
мен  дағдылар  қалыптастыруға;  математикалық  білімдер  негізін  меңгертуге; 
күнделікті  өмірде  математикалық  білімді  пайдалану  білігін  дамытуға 
бағытталған. 
3-сыныпта «Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 
5 сағатты, оқу жылында 170 сағатты құрайды. 
«Математика»  оқу  пәнінің  мазмұны  білім  берудің  бастауыштан  кейінгі 
деңгейлерінде де оқыту жалғасын табатын бес бөлімнен тұрады: 
1.  Сандар мен шамалар.  
2. Алгебра элементтері. 
3. Геометрия элементтері. 
4. Жиындар. Логика элементтері. 
5. Математикалық модельдеу. 
3-сыныпта математиканы оқыту курсы бойында білімдері мен дағдыларын 
жүйелі  дамыту  және  тереңдету  қамтамасыз  етіледі,  яғни  сабақтастық  және 
тереңдету принципі сақталады. 
Пәннің  оқу  бағдарламасына  «Комбинаторика»,  «Тізбектер»,  «Жиындар 
және  олармен  орындалатын  амалдар»  деп  аталатын  жаңа  бөлімшелер    (бүкіл 
математика  курсы  бойында  білім  алушылардың  білімінің  сабақтастығын 
қамтамасыз  ету  үшін,  бұл  тақырыптар  бастауыш  мектептің  2013  жылғы  оқу 
бағдарламасында қарастырылмайды) енгізілді. 
Мысалы,  оқу  бағдарламасы  «Комбинаторика»  бөлімшесі  бойынша  білім 
алушылардың мынадай білімдері мен дағдыларын дамытуды қарастырады: 

 
қоршаған  ортадағы  заттардан  «екі  -  екіден»  комбинациялар  жиынын 
құрастыру; 

 
қоршаған  ортадағы  заттардан  «үш-үштен»  комбинациялар  жиынын 
құрастыру; 

 
«мүмкіндіктер  тармағы»  туралы  түсінігі  болу,  күнделікті  өмірде 
кездесетін түрлі жағдаяттар мен есеп шығаруда қолдану; 

 
«таңдап алу» әдісімен комбинаторлық есептерді шығару. 
Жаңа  оқу  бағдарламасында  «Геометрия  элементтері»  бөлімшесі  кеңінен 
қарастырылған,  бұл  негізгі  орта  және  жоғары  мектепте  геометрияны  табысты 
меңгерудің негізі болып табылады. 
«Математика»  пәнінен  оқу  бағдарламасының  оқу  мақсаттары  білім 
алушылардың мыналарды білуіне бағытталған: 

 
шеңбер мен дөңгелекті, олардың элементтерін (центр, радиус, диаметр) 
ажырату және атау; симметриялы және симметриялы емес жазық фигураларды 
айыра білу және оларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру;  

 
геометриялық фигураларды жіктеу; 

 
тікбұрышты үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш ауданы формуласын: S= 
(a
.
b):2, S=a
2
, S=a
.
b шығарып алу және қолдану; 

 
суретте  кескінделген  құрастырылған  фигуралардың,  қоршаған 
ортадағы жазық фигуралардың периметрін анықтау; 

 
берілген  ауданы  бойынша  жазық  фигуралар  салу,  олардың  пішіндері 
өзгеруіне қарай ауданының қалай өзгеретінін түсіндіру; 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
323 

 
нүктелі  қағазда  параллель  және  қиылысатын  түзулерді,  қиылысатын 
геометриялық  жазық  фигураларды  сызу,  олардың  қиылысу  және  бірігу 
аймағын табу; 

 
берілген қабырғалары бойынша тіктөртбұрыш пен шаршы, циркульдің 
көмегімен шеңбер салу; 

 
кеңістіктік  геометриялық  фигуралардың  (тікбұрышты  параллепипед, 
куб) жазбасын дайындау және олардың моделін құрастыру; 

 
солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктік 
фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіру; 

 
жазық  фигурада  белгіленген  нүктелердің  орнын  бір-біріне  қатысты 
анықтау. 
3-сынып  білім  алушыларының  абстрактілі  және  кеңістікті  ойлауын 
дамытады.  Мұғалім  білім  алушылардың  геометриялық  түсініктері  мен 
білімдерін  кеңейтуге,    логикалық,  бейнелік  ойлауын  дамытуға,    техникалық 
ойлау  элементтерін  және  конструкторлық  қабілеттерін  қалыптастыруға, 
сондай-ақ  3-сынып  білім  алушыларының  шығармашылық  әлеуетін  дамытуға 
назар аударуы қажет. 
Математиканы  оқыту  барысында  кейінгі  оқу  материалын  оқып-білу  үшін 
алған білімін және дағдыларын қолдана білуіне маңызды орын беріледі. Білім 
алушылар  белгілі  бір  ұғымдармен,  заңдармен  және  заңдылығымен  оқу 
жылының бойында бірнеше рет кездеседі. Өткен материал білім алушының іс-
әрекеті  барысында  қайталанатын  бұл  іс-әрекеттер  оқу  бағдарламасын  берік 
және саналы меңгеруін қамтамасыз етуге ықпал етеді. 
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу пәні 
«Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар»  пәнін  оқыту  білім 
алушылардың  ақпараттық  сауаттылық  негіздерін,  АКТ-құзыреттілігін, 
логикалық және алгоритмдік ойлауын қалыптастыруды көздейді. 
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»  оқу пәнінің интегративті, 
пәнаралық сипаты бар және бастауыш білім беруде АКТ-құзыреттілік пен жан-
жақты оқу іс-әрекеттерін қалыптастырудың өзегі бола алады. 
3-сыныптағы  «Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар»  пәні  оқу 
жүктемесінің көлемі: аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат. 
«Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар»  пәні  оқыту  процесінде 
пайдаланылатын оқытуда әдістер мен тәсілдер мынадай: 
- ойын арқылы оқыту; 
- «компьютерсіз» оқыту; 
- АКТ құралдарын пайдалана отырып, шығармашылық жұмыстар; 
- шағын зерттеулер. 
Осы  пәнді  оқыту  процесінде  мына  тақырыптарға  жобалық  жұмыстарды 
жүргізуді ұсынамыз: «Астана бойынша виртуалды экскурсия», «Интернетте ауа 
райын жасау», «Мультимедиялық оқиғалар», «Суреттерден, фотографиялардан, 
аудиожазбалардан,  бейнежазбалардан,  анимациялардан  тұратын  оқиғаларды 
құрастыру», «Мультфильмдер әзірлеу» және т.б. 
«Музыка»  оқу  пәні  адам  өмірінің  бір  бөлігі  ретінде  білім  алушылардың 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау