1
ЖОБА
«Жабын жұмыстары»кәсіптік стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жабын жұмыстары» кәсіптік стандарты білім беру бағдарламаларын
әзірлеуге, оның ішінде кәсіпорындарда персоналды оқытуға, қызметкерлер
мен білім беру мекемелерінің түлектерін сертификаттауға, персоналды
басқару саласындағы кең ауқымды мәселелерді шешуге арналған.
2. Осы кәсіптік стандартта келесі терминдер мен анықтамалар
қолданылады:
біліктілік – қызметкердің нақты еңбек міндеттерін сапалы орындауға
дайын болу деңгейі;
біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметінің стандарттан басқа
болуы, жауапкершілігі және дербестігі бойынша сараланатын қызметкерлер
дайындығы мен құзыреттілігіне қатысты талаптар жиынтығы;
ұлттық біліктілік шеңбері (ҰБШ) – еңбек нарығында құпталатын
біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
ұлттық біліктілік жүйесі (ҰБЖ) – еңбек нарығы тарапынан мамандар
біліктілігіне
деген
сұраныс
пен
ұсыныстарды
құқықтық
және
институционалды реттеу тетіктерінің жиынтығы;
салалық біліктілік шеңбері (СБШ) – салада құпталатын біліктілік
деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
сала - бір типті өнім құруда, өндіріс технологиясы, жұмыс істейтіндердің
негізгі қорлары мен кәсіптік дағдыларында ортақ мақсаты бар кәсіпорындар
мен ұйымдардың жиынтығы;
кәсіби топ – ортақ интеграциялық негізі бар (ұқсас немесе жақын
мақсаттар, объектілер, технологиялар, сондай-ақ еңбек құралдары) және
оларды орындау үшін еңбек міндеттері мен құзыреттілігінің ұқсас жинағын
болжайтын шағын топтар жиынтығы;
кәсіби шағын топтар – еңбек міндеттерінің тұтас жинағымен және
оларды орындауға қажетті құзыреттіліктермен қалыптасқан, мамандықтар
жиынтығы;
кәсіптік стандарт бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, дербес
және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық
сипаттамасынан тұратын кәсіптік стандарттың құрылымдық элементі;
кәсіп – білімі туралы тиісті құжатпен расталатын және арнайы
дайындықтың нәтижесінде пайда болған арнайы білім, білік мен
практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін адам еңбегі қызметінің
негізгі түрі;
2
еңбек функциясы – еңбек үдерісінің бір немесе бірнеше міндеттерін
шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;
БТБА – Жұмыс және жұмысшылар кәсіптерінің Бірыңғай тарифтік-
біліктілік анықтамасы.
2. Кәсіптік стандарт паспорты
3. Кәсіптік стандарттың атауы: Жабын жұмыстары.
4. Кәсіптік стандартты әзірлеу мақсаты: Осы кәсіби шағын топтың
кәсіптер тізбесін жасау және анықталған кәсіптер үшін кәсіп карточкаларын
әзірлеу.
5. Кәсіптік стандарттың қысқаша сипаттамасы: Жабын жұмыстары
ғимараттар мен имараттардың жабындарын салу жұмыстарын қамтиды.
6. Негізгі топ: Мамандандырылған құрылыс жұмыстары (жұмыста).
Кәсіби топ: Құрылыс, монтаж және құрылыс-жөндеу жұмыстары
(жұмыста).
3. Кәсіп карточкалары
7. Кәсіптер тізбесі:
бума шатырды шатырлаушы, СБШ бойынша 3 біліктілік деңгей.
металл шатырды шатырлаушы, СБШ бойынша 3 біліктілік деңгей.
Кәсіп карточкасы осы Кәсіптік стандарттың қосымшасында келтірілген.
3
«Жабын жұмыстары»
кәсіптік стандартына қосымша
КӘСІП КАРТОЧКАСЫ: «Бума шатырды шатырлаушы»
Кәсіп коды
7124
Кәсіп атауы
Бума шатырды шатырлаушы
СБШ бойынша біліктілік
деңгейі
3
БТБА бойынша біліктілік
деңгейі
2-5
Кәсіби білім деңгейі
СБШ бойынша 3-ші деңгей
Жалпы орта білім немесе жалпы орта білім негізінде техникалық және кәсіптік білімі болғанда кәсіби
дайындық (білім беру мекемесі негізінде кәсіби дайындық бағдарламасы бойынша бір жылға дейінгі
курстар немесе кәсіпорындағы оқыту курстары)
Еңбек функциялары
1. Шатырды бума, дара материалдарды қолдану арқылы орналастыру
2. Металл шатырларды орналастыру
Еңбек функциясы 1
Шатырды бума, дара
материалдарды қолдану
арқылы орналастыру
СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 3
(біліктілік разряды: 2-5)
Біліктері мен дағдылары:
1. Шатыр асты негізді тексеру және дайындау
2. Жобаға сәйкес монтаждық элементтерді және төсейтін бөлшектерді орналастыру
3. Бума шатырларын және дара материалдардан тұратын шатырларды орналастыру бойынша жұмысты
орындау
4. Шатырлардың парапеттер мен қабырғалардың тігінен үстірттік бөлігіне жанасуы
5. Шатыр материалдарының құбырлар мен анкерлерге жанасуын орналастыру
6. Деформациялық тігістерді орналастыру
Білімі:
1. Шатыр жұмыстарын жүргізудегі жалпы жағдай
2. Технологиялық процесстерге,құралдарға, инвентарьларға және ынғайлауға жалпы талаптар
3. Бақыланбалы көрсеткіштерге және шатыр асты негіздің сапасына талаптар
4. Шатыр материалдарының физико-механикалық сипаттамалары
4
5. Шатырларды орналастыру үшін арналған материалдар
6. Шатырды орналастыру бойынша орындалатын жұмыс барысында операциялық бақылау құрамы
7. Қауіпсіздік техника ережесі және өрт қауіпсіздік ережесі
8. Шатыр материалдарын тасымалдауға, сақтауға және жинауға талаптар.
Топта жұмыс істей білу
Тыңғылықтылық
СБШ шеңберінде басқа
кәсіптермен байланысы
7124
Құрылыс конструкцияларын монтаждаушы
Метал шатырын шатырлаушы
КӘСІП КАРТОЧКАСЫ: «Метал шатырды шатырлаушы»
Кәсіп коды
7124
Кәсіп атауы
Метал шатырды шатырлаушы
СБШ бойынша біліктілік
деңгейі
3
БТБА бойынша біліктілік
деңгейі
2-5
Кәсіби білім деңгейі
СБШ бойынша 3-ші деңгей
Жалпы орта білім немесе жалпы орта білім негізінде техникалық және кәсіптік білімі болғанда кәсіби
дайындық (білім беру мекемесі негізінде кәсіби дайындық бағдарламасы бойынша бір жылға дейінгі
курстар немесе кәсіпорындағы оқыту курстары)
Еңбек функциялары
1. Металл шатырын орналастыру
Еңбек функциясы1
Металл шатырын
орналастыру
Біліктері мен дағдылары:
1. Ұйымдық-дайындық шараларын орындау тексеру барысында шатырдың жоба бойынша еңістерін
сақтау және торшалардың дұрыс орналасуы
2. Шатыр болатынан карниз асылмаларын орналастыру
3. Қабырға науаларын орналастыру
4. Шатырларды алдын ала дайындалып қойылған болат беттерінен жабу
5. Еңістерді жабу үшін картиндерді дайындауЗаготовка картин для покрытия скатов
6. Карниз асылмаларын,қабырға науаларын және науаларды жабу үшін картин дайындау
Білімі:
1. Шатыр жұмыстарын жүргізудегі жалпы жағдай
2. Технологиялық процесстерге,құралдарға, инвентарьларға және ынғайлауға жалпы талаптар
5
3. Бақыланбалы көрсеткіштерге және шатыр асты негіздің сапасына талаптар
4. Шатыр материалдарының физико-механикалық сипаттамалары
5. Шатырларды орналастыру үшін арналған материалдар
6. Шатырды орналастыру бойынша орындалатын жұмыс барысында операциялық бақылау құрамы
7. Сапасына және жұмысқа қабылдауға талап
8. Техника қауіпсіздік ережесі және өрт қауіпсіздік ережесі
9. Шатыр материалдарын тасымалдауға, сақтауға және жинауға талаптар.
Жеке құзыретіне қойылатын
талаптар
Топта жұмыс істей білу
Тыңғылықтылық
СБШ шеңберінде басқа
кәсіптермен байланысы
7124
Құрылыс конструкцияларын монтаждаушы
Бума шатырын шатырлаушы
Кәсіптік стандарттың техникалық мәліметтері
Әзірленген
«MG-Build» ЖШС
Нұсқа нөмірі және
шығарылған жылы
Нұсқа 1, 2014 жыл
Болжалды қайта қарау жылы
2017 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |