8
3 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ӨТУ ОРЫНДАРЫ МЕН
МЕРЗІМДЕРІ
Педагогикалық
тәжірибе,
әдетте
магистранттарды
дайындауды
жүргізетін сәйкес бағдарлама аясында жүргізіледі.
Педагогикалық тәжірибе өту кезінде магистранттар ішкі тәртіп
ережелеріне және КТМжГ кафедрасындағы оқу үдерісіне қатысты қауіпсіздік
техникасына бағынады.
Педагогикалық тәжірибе өту мерзімі мен ұзақтылығы жұмыстың оқу
жоспарына және жылдық күнтізбелік оқу графигіне сәйкес белгіленеді.
9
4 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕНІҢ ӨТУ РЕТІ
Педагогикалық
тәжірибені
өту
алдында
магистранттарға
педагогикалық тәжірибені өтудің жеке жоспарын жасау мәселесі қойылады.
Олардың жеке жоспары ғылыми жетекшімен келісіледі. Педагогикалық
тәжірибені өтудің жеке жоспары педагогикалық тәжірибенің мақсаттары мен
мәселелеріне сәйкес жасалынып, сәйкес бағыттары мен бағдарламалары
бойынша магистрлерді дайындаудың оқу жоспарымен анықталатын
педагогикалық тәжірибенің еңбек сыйымдылығына сәйкес келуі керек.
Магистранттың
педагогикалық
тәжірибе
жоспарын
орындауға
жетекшілік пен бақылауды магистрлік диссертация жазу бойынша ғылыми
жетекшісінің өзі жүргізеді.
Ғылыми жетекші:
- педагогикалық тәжірибе кезінде магистранттардың өзіндік жұмысына
мәселелер қоюды жүргізіп, кеңес беріп отырады;
- магистранттың педагогикалық тәжірибесінің жеке жоспарын бекітеді;
- педагогикалық тәжірибенің бағдарламасын орындау бойынша қажетті
ұйымдастыру шараларын жүргізеді;
- педагогикалық
тәжірибе
нәтижелері
бойынша
магистранттарға
аттестация жүргізеді.
Дәріс мазмұны дәрісі оқытылатын пәннің оқу бағдарламасы негізінде
белгіленеді. Бұл материалдарды қатаң таңдауға келтіреді, көрнекті
құралдарды, техникалық құралдармен есептеу техникаларын шебер
пайдалануға ұмтылдырады. Дәрістердің белгілі бір мазмұны әртүрлі болуы
мүмкін. Ол белгілі бір ғылым саласындағы мәліметтерді баяндауды қажет
етеді. Оның негізгі мазмұны мынадай:
- ғылым мен ғылыми тәжірибелердің мәселелерін, әдістерін және
жетістіктерін айқындап айту;
- ғылымның әртүрлі жалпы және белгілі бір проблемаларын (қиын
шешілетін мәселелерді) қарастыру;
- ғылыми ізденіс жолдарын ашып айту; тарихи жақтарын талдау;
- теория мен практиканы сынға алу және ғылыми бағалау.
10
5 ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ПЕДГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Педагогика тәрбиелеу мәнісін, оның заңдылықтарын, үрдісін және даму
болашағын зерттейді, тәрбиенің теориясы мен технологиясын жасайды, оның
қағидаларын, мазмұнын, формасын және әдістерін анықтайды.
Тәрбиенің маңызды функциясы – адамзаттың өмір бойы жинаған
тәжірибесін жаңа ұрпақтарға беру. Ол білім арқылы жүргізіледі. Білім
тәрбиенің алдыңғы буынмен жинаған ғылыми және мәдени құндылықтардың
жүйесін
құрайды.
Білімнің
бірыңғай
жүйесіне
біріккен
арнайы
ұйымдастырылған білім беру ұйымдары арқылы, арнайы дайындалған
педагогтар көмегімен мақсаттарға, бағдарламаларға, құрылымдарға сәйкес
ұрпақтар тәжірибелері беріледі және меңгеріледі.
«Білім беру» сөзі ұрпақтар тәжірибелерін білім, дағды, шеберлік, қарым-
қатынас түрінде меңгеру нәтижесі ретінде айтылады.
Білім беруден тәжірибелерді беру және меңгеруді білдіретін процестерді
ажыратуға болады. Бұл білім берудің өзегі – оқыту. Оқыту – білім алушы мен
педагогтың өзара қатынасуында ұрпақтар тәжірибелерін бірден беріп
меңгеру процесі. Үдеріс ретінде оқыту екі бөлімнен тұрады: білім,
шеберлікпен қызмет тәжірибесінің жүйелерін беру (трансформация) арқылы
оқыту, және ой қабылдау, ойлану, түрлендіру және пайдалану арқылы
тәжірибені меңгеру ретінде оқу.
Тәрбие үдерісінде тұлғаның дамуы жүреді. Даму – адамның табиғи және
ішкі жан дүниесінің біртіндеп сандық және сапалы өзгеруінің объективті
үдерісі.
Дамуға ұмтылу – адамның барлық өміріндегі тұлғаның маңызды қасиеті.
Тұлғаның табиғи, психикалық және әлеуметтік дамуы сыртқы және ішкі,
әлеуметтік және табиғи, басқарылатын және басқарылмайтын факторлар
әсерінен жүргізіледі. Тұлғаның бұл дамуы дамудың бұл кезеңіндегі белгілі
бір қоғамға тән құндылықтарды, ережелерді, тәртіп үлгілерін, қағидаларды
адаммен меңгеру үдерісінде жүреді. Негізгі педагогикалық категорияларды
білу білімнің ғылыми аясы ретінде педагогиканы түсінуге мүмкіндік береді.
Педагогикалық негізгі түсініктері бір-бірімен өзара терең байланысқан және
өзара араласқан. Сондықтан оларды сипаттау кезінде әрқайсысының басты,
маңызды функциясын бөліп алу керек те, осының негізінде басқа
педагогикалық категориялардан оларды ажырату қажет. Педагогика
жеткілікті жолды бұрыннан іздеп келеді. Егер ол жол абсолютті болмаса да,
онда топпен немесе класпен жұмыс істеуінде жоғары нәтижеге жетуге
ұмтылып, өзінің құралдарын, әдістерін және формаларын тұрақты жетілдіріп
келеді. Көп ғасырлар бұрын қажетті мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін
кейбір әдістерді немесе әдістер тобын табу қажет деп есептелінген. Осылай
оқытудың әртүрлі әдістемелері – оқытушы мен оқушылардың бір-бірімен
өзара байланысқан реттелген қызмет тәсілдері пайда болды. Оқыту
әдістерінің әртүрлі жіктелуі бар.
Оның ішінде кең таралғаны мыналар: