5
дағысы болуы керек. Магистрант сонымен қатар, ғаламтор желісіндегі
ақпараттық ресурстар мен жұмыс істей алу дағдысын иемденуі қажет.
Педагогикалық тәжірибе түлектің мына құқықтарын қалыптастыруға
бірден бағытталады:
- өзінің зияткерлік және жалпы мәдени деңгейін жетілдіріп дамытуға
қабілеттілігі;
- зерттеудің жаңа әдістерін өздігінен оқып білуге қабілеттілігі;
- өзінің кәсіби қызметінің ғылыми бағытын өзгертуге қабілеттілігі;
- алған дағдысын ғылыми жұмыстарды ұйымдастыруда, ұжымды
басқаруда іс-тәжірибеде құқықты және ұтымды пайдалана алуы;
- бакалаврларды дайындау барысында пәндерді оқытудың заманауи
әдістерін пайдалану қабілеттілігі;
- отандық және шетелдік ЖОО-дағы жетекші ғалымдар мен
педагогтардың педагогикалық тәжірибелерін талдап қолдану қабілеттілігі.
Педагогикалық тәжірибе өту нәтижесінде магистрант мына білімдерді
алуы керек:
- педагогикалық
үдерістің
негізгі
қағидалары,
әдістері
және
ұйымдастыру формалары;
- білім алушылардың кәсіби – маңызды сапаларын тексеріп бақылау
әдістері;
- заманауи жағдайдағы ЖОО оқытушыларына қойылатын талаптар
жөнінде білімдерді.
Одан басқа магистрант:
- оқу үдерісін жобалап ұйымдастыру бойынша әдістемелік жұмыстарды
жүргізеді;
- аудитория алдында шығып сөйлеуді және сабақ үдерісінде
шығармашылық атмосфера құруды;
- педагогикалық қызметте болатын қиындықтарды талдауды, оларды
шешуге бағытталған іс-әрекеттерді қабылдауды;
- педагогикалық қызмет үдерісімен нәтижесін өзі бақылап бағалауды;
- оқу
үдерісінде
заманауи
ғылыми
зерттеулердің
нәтижелерін
пайдалану мақсатында оларды түрлендіруді;
- педагогикалық қызмет құралдарын магистраттардың ғылыми-зерттеу
қызметі нәтижелерін жоғарылату мақсатында пайдалануды үйренуі керек.
Педагогикалық тәжірибе өту нәтижесінде магистранттың:
- әдістемелік әдебиеттермен жұмыс істеуде; оқытуға қажетті оқу
материалдарын шығармашылық таңдауда;
- оқу
материалының
мақсаты
мен
мазмұнына,
студенттердің
психология-педагогикалық ерекшеліктеріне сәйкес оқытудың әдістері мен
құралдарын таңдауда;
- оқытушылардың танып білу қызметі мен оны ұйымдастыру
ерекшеліктерін жоспарлауда;
- заманауи білім беру технологияларда және пәндерді оқытудың
белсенді әдістерінде дағдысы болуы керек.
6
Педагогикалық тәжірибе білім алушыларды: оқытушылық, ғылыми-
әдістемелік, кеңес берушілік, ұйымдастырушылық, ғылыми-зерттеулік
сияқты кәсіби қызмет түрлерін орындауға бағыттайды.
7
2
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ТӘЖІРИБЕНІҢ
МАЗМҰНЫ
МЕН
БАҒЫТТАРЫ
Педагогикалық тәжірибе магистранттардың мамандығына сәйкес
келетін дәрісханалық немесе әдістемелік жұмыстар түрінде жүргізіледі.
Магистранттардың педагогикалық тәжірибе мазмұны дәрісханалық
қызметпен ғана шектеліп қоймайды (тәжірибелік сабақтарды, семинарларды
өздігінен жүргізу, ұсынылған тақырып бойынша сынамалы дәрістерді оқу,
т.б.). Сәйкес (КТМжГ) кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамымен
бірге ағымдағы оқу-әдістемелік мәселелерді шешу бойынша тәжірибе
өтушінің жұмыс істеуі, инновациялық білім беру технологияларымен
танысуы және оларды оқу үдерісіне енгізу мүмкіншілігі қарастырылады.
Педагогикалық тәжірибе мына жұмыстарды жүргізуді қарастырады:
- негізгі білім беру бағдарламаларының біреуі (5В071300 «Көлік,
көліктік техника және технология») бойынша мемлекеттік білім беру
стандартымен және жұмыстық оқу бағдарламасымен танысу;
- КТМжГ кафедрасындағы оқу үдерісін әдістемелік қамтамасымен
танысу;
- таңдап алынған 5В071300 «Көлік, көліктік техника және технология»
мамандығына сәйкес оқу-әдістемелік материалдарды дайындау;
- бақылау-тексеру материалдары: тестер, емтихан сұрақтары, бақылау
жұмыстары, коллоквиумдер және педагогикалық бақылаудың басқа түрлерін
дайындау;
- сабақтар тақырыбымен мақсаттарына сәйкес негізгі және қосымша
әдебиеттерді талдап, таңдау;
- оқу жоспарының ұсынылған пәндердің бағдарламалық қамтамасын,
оқу-әдістемелік әдебиеттерін, зертханаларын оқып үйрену;
- педагогикалық тәжірибе барысында магистранттар ЖОО жетекші
оқытушылары жүргізетін сабақтарға қатысып, конспект жазу және өткізілген
сабаққа есеп-пікір құру.