042-34.1.09./03-2016
|
09.06.2016ж №1 басылым
|
84 беттен -сі
|
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Семей қаласы ШӘКӘРІМ атындағы мемлекеттік университеті
|
3 деңгейдегі СМК құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК
042-34.1.09./03-2016
|
ПОӘК
«АКТ-ды оқу үрдісінде қолдану әдістемесі» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар
|
09.06.2016ж
№1 басылым
|
«АКТ-ды оқу үрдісінде қолдану әдістемесі» пәнінің
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
5В011900 – Екі шет тілі, 5В012000 – Кәсіптік білім беру
мамандығына арналған
Семей 2016
МАЗМҰНЫ
|
Глоссарий
|
|
|
Дәрістер
|
|
|
Зертханалық жұмыстар
|
|
|
Студенттердің өздік жұмыстары
|
|
|
Емтихан сұрақтары
|
|
Глоссарий
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (АКТ) – ақпаратты іздеу, жинау, сақтау, өңдеу, ұсыну, тарату үдерістері, әдістері.
Компьютер – берілген және анық белгіленген өзгерілетін операциялар жүйелілігін орындауға қабілетті құрылғы немесе жүйесі.
Оқытуды компьютерлендіру – компьютерді оқу құралы ретінде қолдану, оқу үдерісінде компьютерлік техниканы көп мақсатты пайдалану.
Лингафонды кабинет – лингафонды жүйелермен (аудио, видео және мультимедиялық құралдармен) жабдықталған сыныптар немесе аудиториялар.
Жаңа түрлендірілген кабинеттер – арнайы жиһаз, көрсеткіш және зертханалық құралдар, техникалық оқу құралдары, мультимедиялық бағдарламалар, интербелсенді жабдық кіретін оқу кабинеттері.
Интербелсенді жабдық (тақталар, проекторлар, панельдер) – инновациялық құрылғылар, олардың көмегімен ақпаратты көрсетуге, жазуға, талдауға болады.
Кең жолақты немесе жоғары жылдамдықпен Интернетке кіру – жалпы пайдаланудағы телефон желісін және модемді пайдаланумен коммутацияланған қол жетімдікті қолданғанда барынша мүмкінді асатын деректерді тарату жылдамдығымен Интернетке қол жетімдік. Әр түрлі типтік сымды, оптикалық талшықты және сымсыз байланыс желілерін пайдаланумен жүзеге асырылады.
Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) — объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.
Ақпарат технологиясы — ақпаратты өңдеу үшін пайдаланы-латын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы. Ақпараттық технология (немесе көпшілікке IT атымен танымал ұғым) — қазіргі компьютерлік технология негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Ақпараттық технологиялар - ақпараттық нарықта алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін саяси субъектілер қолданатын әртүрлі әдіс-тәсілдер мен техникалар.
Автоматтандырылған ақпараттық технология дегеніміз – ақпаратта басқару есептерін шеші үшін ақпараттарды жинақтап жинақтап жүзеге асыру құралдарын тіркеу, алмасу, жинақтау, іздеу, өндеу және есептеуіш техникамен байланыс құрылымын қолдану кезінде бағдарламалық қамтамасыздандыру ақпараттын қорғау.
Атрибут - ашу тэгтеріне қолданылатын сипаттамалар, түрлендірулер
Әмбебап кодтау (ағылшынша «generic coding») деп аталады. Форматталған мəтінге қатысты барлық қажет жерде өзіндік белгілеу тілдері.
Белгілеу (ағылшынша «markup») термині ағылшын тіліндегі (marking up) сөз тіркесінен туған, «белгілеу, белгілеп қою» дегенді білдіреді.
Браузерлер майданы – браузерлер нарқын басқару үшін болатын браузерлер арасындағы күрес.
Веб-браузер дегеніміз – интернеттегі ақпарат көздерін көру үшін оларды өңдеуге, бір беттен екіншісіне ауыстыруға арналған бағдарлама.
Гипермәтін - сөзі мәтінді тармақтандыру және оған жауап беру ретінде қабылданып, сәйкесінше «гипермедиа» сөзі график, аудио- видеоларды тарату мен хабарласу жиынтығы. Гипермәтіндегі «гипер» сөзі грек тілінен «үстінде», «жоғарыда» деп аударылып, ағылшын тіліндегі «super» cөзінің мағынасына сәйкес келеді.
Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желелерді бір – бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі.
Сілтеме (hyperlink) – локалды дискте немесе компьютер желісіндеорналасқан құжат ішіндегі басқа бір элементке (мəтін, тақырып, сурет жəне т.б.), басқа объектіге сілтеме беретін гипермəтінді құжаттың бір бөлігі.
Хаттама (протокол)- бірыңғай стандарт, ережелер.
Элемент - бұл тегтердің жұбы және олардың арасында орналасқан символдық мәліметтер (мәтін немесе код)
ActivInspire бағдарламасымен таныстыру
ActivInspire бағдарламасының саймандары
Бағдарламаны іске қосу: Бастау – Барлық бағдарламалар - ACTIV Software - ActivInspire – ActivInspire. Флипчарт – сабақтарды өңдеутін ActivInspire терезесіндегі үлкен тікбұрышты жұмыс орны. ActivInspire бағдарламасын іске қосқан кезде экранға интерактивті сабаққа дайын – мәтін, фигуралар, объектілер, дыбыстар, әрекеттер және т.б. орналасқан жаңа флипчарт шығады. Сонымен қатар бір уақытта бірнеше шексіз флипчартар да ашылуы мүмкін. Жаңа флипчарт құрғанда немесе ашқанда, бағдарлама терезесінде жаңадан пайда болады.
ActivPen қаламын қолдану. ActivPen қаламы – мұғалімнің компьютер тышқанын алмастыратын ең негізгі құрылғысы. Меңзерді жылжыту. Сол жақ батырманы шерту. Оң жақ батырманы шерту. Батырманы шерту және сүйрету. Екі рет шерту. ActivPen қаламының ұшымен тақтаны екі рет нақты, бірақ тез тигізу тышқанның батырмасын екі рет шерткенмен бірдей.
ActivBoard тақтасын калибрлеу
Калибрлеу – ActivPen қаламының ұшы мен тышқан меңзерінің дәл келуі. Қаламды тақта бетіне жақындатып, оған мұқият қараңыз. Егер тышқан меңзері қалам ұшымен дәл келсе, тақта калибрлеуді қажет етпейді. Егер дәл келмесе – калибрлеуді қажет етеді. Тақтадағы меңзер ActivPen қаламының қозғалысымен сәйкес келмеген жағдайда ғана калибрлеуді қолдану керек:
Процесс ActivPen қаламының көмегімен компьютерде емес, тақтада орындалады.
Көрсеткіштер тақтасынан Activmanager батырмасын шертініз.
Калибрлеуді таңдаңыз.
2 секунд бойы қаламды тақтаның сол жақ жоғарғы бұрышында орналасқан жарқырап тұрған логотиптің ортасында ұстап тұрыңыз.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Негізгі құралдарға шолу
ActivInspire бағдарламасының терезесі
Құрал-саймандар панелі
Шолушылар панелі
Меню жолағы
Флипчарт атауы
Масштабтау
Флипчарт беті
Флипчарт себеті
|
Құралдар панелінің параметрлері
|
Ашылмалы мәзірден бұл элементтің орналасуы мен
көрінуін таңдауға болады.
|
|
Жиыру
|
Элементті жиыру және
қайта орналастыру қосқышы
|
|
Құралдар панелін қауіпсіздендіру
|
Элементті қауіпсіздендіру қосқышы
Оның автоматты жоғалуын және
кездейсоқ орын ауыстыруын
болдырмайды.
| |
Достарыңызбен бөлісу: |