11
5.7
Техникалық қызмет көрсету Ережелерінің (ТҚЕ) орындалуына
жауаптылық
5.7.1 Ережені білу және орындау коммуналды жылытқыш қазандықтарға қызмет
көрсететін кәсіпорынның қызметкерлері мен құрылыс, жөндеу, жобалау қызметкерлері
үшін міндеттері болып табылады.
5.7.2 Кәсіпорын, ұйым және олардың бөлімшелері басшылары персоналдың осы
Ережелерді орындауына жауапты болады.
5.7.3 Осы Ережені бұзған адамдар әрекеттегі заңмен және әр қызметкерге
лауазымдық ережелерге сай дисциплиналық, әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа
тартылады.
5.7.4 Қондырғы жұмысының апаты, істен шығуы және бұзылуы «Қауіпті өндірістік
объектілерде қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына келісті «Қауіпті
өндірістік объекттерде апаттарды тексеру бойынша әдістемелік мінездемеге» сәйкес
кәсіпорын әкімшілігімен тексеріліп және есептелінуі тиіс.
Сонымен қатар осындай жағдайлардың пайда болуының себебін шешу керек және
олардың қайталанбауына байланысты шаралар құрастырылуы керек.
5.7.5 Тексеріске қызмет көрсету алдында қосылу барысында болған барлық
бұзылулар мен ақаулықтар жатады.
5.7.6 Әр жұмысшы осы Ереженің бұзылғанын байқаған болса, тез арада өзінің
басшысына айтуы тиіс, егер ол болмаған жағдайда жоғары лауазымды басшыға айтуы
керек.
5.7.7 Осы Ережелерді бұзған жағдайда, қазандықтың қондырғыларының істен
шыққанда немесе апатқа келген кезде, адамдарға байланысты жазатайым жағдайлар мен
өрт болғанда персоналды жауаптылар:
олардың кінәсінен жұмыста болған апат пен істен шығу, апат пен істен шығуды
дұрыс жоймаған үшін қондырғыларды жөндеуші және қызмет көрсетуші, қазандықтардың
құрылыстары мен панажайларының жұмысшылары;
апат және істен шыққан үшін олардың кінәсінен немесе қол астындағы
персоналдың кесірінен болған кезде – қазандықтың кезек басшысы, кезекші және
оперативті – жөндеу персоналы;
цех, учаске, қазандық, қызметтік, олардың орынбасарлары, инженерлер және
шеберлер - олардың кінәсінен немесе қол астындағы персоналдың кесірінен болған кезде;
кәсіпорынның директоры мен бас инженері, олардың орынбасарлары – олар
басқарып отырған кәсіпорындарда болған бұзушылықтар үшін.
5.7.8 Егер басқа ұйымдарме және жеке тұлғалармен қондырғылардың, қазандықтың
құрылыстары мен панажайлары, электр беру байланысы, жерасты коммуникациялары
бұзылса, онда осы кәсіпорындар басшылары акт жазып, оларды жергілікті басқару
ұйымына және (немесе) кінәлілерді жауапқа тарту үшін құқық қорғау ұйымдарына жіберу
керек.
6 Жылулық энергоқондыргыларды техникалық қолдану
6.1 Қуатты үнемдеу және энергия тиiмдiлiгі
6.1.1 Коммуналдық жылу беру қазандарын пайдаланатын кәсіпорындарда
қазандардың жабдықтардың жұмыс тиімділігін және энергияның тиімділігін жоғарлату
бойынша, соның ішінде жылу желістерінде және қазандардың өзіндік мұқтаждықтарына
энергия шығындарын және технологиялық шығындарды төмендету бойынша, соның