Ќызылорда облысы Жањаќорѓан ауданы



жүктеу 1,76 Mb.
бет1/9
Дата20.05.2018
өлшемі1,76 Mb.
#14351
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Кіріспе


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің 2003 жылғы 4 сәуірде Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біз өз мәдениетіміздің құндылықтарын сақтай отырып, байыппен алға жылжи беретін боламыз» деп, атап көрсеткен болатын.




Олай болса, біз ғаламторға қаншалықты терең үңілсек, қазіргі жағдайды соғұрлым жақсы түсінетін, білетін боламыз. Сондай қажеттіліктің бірі – ғаламтордан пайдалы ақпараттарды алу, оны өмірде қолдану.




Әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби: «Халық өткен өмір тарихын білмесе, өзінің өмір сүріп жатқан дәуірінің қадірін бағалай алмайды» - деген екен.



Біздің күнделікті өмірімізге байланысты ақпараттарды алудағы маңызды құрал ол - Ғаламтор. Адамзаттың интелектуальдық өмірі үшін ол аз мағына бермейді. Ғаламтордың ақпараттық қуатты мүмкіншілігін біз әлі тереңірек ұғына қойған жоқпыз Ал ғаламторды қолдану барысында барлық адамдардың өмір сүру аймағында қазір күдік тудырмайды. Өз мүмкіншілігінде ғаламтор философиялық дисциплина және философияның ғылыми жұмыстарын зерттейді. Маған ұсынылған желілік ресурстардың анықталған формасының мүмкіндіктері бір бірімен байланысты. Олардың орталығы ғылыми ресми немесе бейресми сайттары ғылыми және оқыту ұйымдарды болып табылады.

1957 жылы Кеңес Одағы Жердің жасанды серігін ұшырып, космостық кеңістікте бірқатар алға шыққан болатын. Бұл өз кезегінде АҚШ-да біршама алаңдатушылық тудырып, АҚШ Қорғаныс Министрлігі ақпаратты тасымалдаудың сенімді жүйесін құру туралы шешім қабылдады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін АҚШ-тың алдыңғы қатарлы жобаларды зерттеу агенттігі (ARPA) компьютерлік желі құруды ұсынды. Бұл желіні құру ісі Лос-Анджелестегі Калифорния университеті, Стэнфорд зерттеу орталығы, Юта штатының университеті және Санта-Барбара қаласындағы Калифорния штатының университеттеріне тапсырылды. Компьютерлік желі ARPANET деп аталып, 1969 жылы аталған төрт ғылым орталықтарын біріктірді, барлық жұмыстарды АҚШ Қорғаныс министрлігі қаржыландырып отырды. ARPANET желісінің даму қарқыны өте жылдам болды, оны әр түрлі ғылым саласындағы зертеуші-ғалымдар да кеңінен қолдана бастады.

ARPANET желісінің алғашқы сервері 1969 жылдың 1 қыркүйегінде Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде орнатылды. Сервер ретінде орнатылған «Honeywell 516» компьютерінің оперативті жад көлемі небәрі 12 КБ болатын.

1971 жылы желі арқылы электронды почта әртүрлі хабарламалар жіберуге мүмкіндік беретін алғашқы компьютерлік бағдарлама жасалып, кеңінен тарала бастады.

1973 жылы бұл желіге трансатлантикалық телефон сымы көмегімен Ұлыбритания және Норвегияның ұйымдары қосылып, желі халықаралық сипатқа ие болды.

1970 жылдары интернет желісі тек электронды почта арқылы ақпарат жіберу үшін ғана пайдаланылды. Бірақ, бір кемшілігі интернет желісінің басқа техникалық стандарттарға негізделген желілермен байланыс орнату мүмкіншілігі болмады.

1970-жылдардың соңында мәліметтерді тасымалдау стандарттары үлкен қарқынмен тарала бастады.

1982-83 жылдары бұлардың барлығы бір стандартқа келтірілді. 1983 жылдың 1 қыркүйегінде ARPANET желісі NCP протоколынан TCP/IP протоколына көшірілді. Бұл протокол қазіргі кезге дейін желілерді біріктіруде кеңінен қолданылады. 1983 жылы ARPANET желісіне қатысты айтылатын «Интернет» термині пайда болды.

1984 жылы домендік аттар жүйесі (DNS) жасап шығарылды.

1984 жылы ARPANET желісіннен бөлек жаңа желілер пайда бола бастады. Солардың бірі АҚШ Ұлттық ғылыми қоры (NSF) өз ішіне көптеген шағын желілерді (сол уақыттарда-ақ танымал болған Usenet және Bitnet желілерін қоса) біріктірген университетаралық ауқымды NSFNet (|National Science Foundation Network) желісін құрды. Бұл желінің ақпарат тасымалдау қабілеті ARPANET желісіне қарағанда, біршама артық еді. Бір жыл ішінде бұл желіге 10 мыңдай компьютер қосылды.

1988 жылы Internet Relay Chat (IRC) протоколы жасалып, Интернетте нақты уақытта сөйлесу (чат) мүмкіндігі пайда болды.

1989 жылы Еуропада, Ядролық сынақтар бойынша еуропалық кеңес (CERN) қабырғаларында Бүкіләлемдік тор концепциясы пайда болды. Оны әйгілі ағылшын ғалымы Тим Бернерс-Ли ұсынды, ол екі жыл ішінде HTTP протоколын, HTML тілін және URI идентификаторларын ойлап тапты.

Қазіргі кезде мемлекетіміз бәсекеге 50 елдің қатарына кіруді көздеп отыр. Ол үшін жастар және әр бір қазақ азаматы жаңа ақпараттық-комуникациялық технологияны жетік меңгеруіміз қажет. Қазір адамдар қызмет орнында да, үйде де компьютермен жұмыс істей береді. Оның өмірімізге, кеңінен енгені соншалықты, бала біткен ойыншықпен емес, компьютермен ойнап, өзінің өміртанымын ғаламтордағы желі ішінде қалыптастырады. Қазіргі күнкөріс қамы мен заман ағымының күрделілігі, көптеген ата-аналар тәулік бойы балаларының тыныс-тіршілігіне бақылау жасай алмай, олар шектен тыс бейне монитордың алдында отырғандықтан денсаулығына зор зиянды әсер алады. Сондықтанда менің жұмысымның мақсаты компьютердің бала ағзасына әсерін және де ғаламтордың жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтарында зерттеу. Мен бұл тақырыпты алған себебім компьютер біздің өміріміздің бір бөлшегі болып еніп отырғаны соншалықты, біз тіпті оны пайдалану кезінде ол қандай қауіп қатер әкелетінін ұмытып кеттік. Бірақ та, компьютермен жұмыс істеу барысында оқушылар техника қауіпсіздік ережелерін сақтаса,ол біздің ақылды, сүйкімді,қайырымды досымыз бола алады.

Бүкіләлемдік өрмек – Ғаламтор.

Ғаламтор-интернет қазақ қоғамына енгелі көп болған жоқ. Әлем торласып үлгерді аз уақытта. Кешегі жаңалық жаңалық болмай қалды. Бүгінгі жаңалық та ескіріп үлгереді сол заматта. Дәл қазіргі жаңалығыңыз әлдекімдердің әлдекімдерден естіген әңгімесі болуы мүмкін... Африкадағы әлдебір тайпа көсемінің өлімін, Америкадағы гейлердің шеруін, Ауғандағы әйелдің аянышты халін, Үндістандағы жалаң аяқ кем-кетіктің ауыр тұрмысын, аш-жалаңаш балалар тағдырын дер шағында көресіз де, келесі несі бар екен деп елеңдеп отырғаның. Жақсылық іздеу кемшін, қандай өрт, апат, қанқұйлы іс болды екен деп елегіземіз көбіміз...

Ғаламтор... Ескі мен жаңаның, өткен мен болашақтың, қатігездік пен мейірімнің, бар мен жоқтың мидай араласқан ортасы. Өз қасыңдағы оқиғаға, іске, түрлі тағдырға назар салмауыңыз мүмкін, бірақ өзге қиырдағы қилы тағдырға көз моншағыңызды үзесіз. Ең бастысы қандай ақпарат оқысаңыз да, соған сай жауап қалдыруыңызға, пікір білдіруге құқыңыз бар. Сіз саясаттанушы, мәдениеттанушы, болмаса философ яки әлдебір саланың ғалымы болуыңыз шарт емес, көзқарасыңыз өзіңізге, жазыңыз, қалдырыңыз, шамына тиіңіз, сынаңыз, мінеңіз, алғыс айтыңыз – ерік алдыңыздағы компьютердің перне тақтасына басылған саусақтарыңызда. Танысыңыздан ажырап, танымасыңызды жақын тұтатын мезгіл қазір. Иіріміне ессіз үңілген кейбір жандар оның тұтқынына да айналып үлгерген. Жалғыздық пен күйзелістің асау толқындарына жұтылғандар қаншама? Бұйығы, жадау-жүдеу... Бұл да бір өтпелі кезең шығар. Жамандығын айтып тауыса алмайсыз, ал жақсылығы да ұшан-теңіз. Тек соны орнымен пайдалана  білсек, мүмкіндігін барынша ықтиятпен жүзеге асырып, адами қалпымызды нықтап, білімімізді асыруға жұмсасақ. Академиялық кітапханалардың орнын Интернет баса алмайды. Бірақ оның да ғылыми тегеуріні шексіз. Тек аздаған мәдениет керек... Ғаламтор мәдениетін ерте игермеу өзімізге сын. Интернеттің иіртпегіне түсіп, былыққандар мен ылыққандардың қармағын қапқан ұрпақты сауықтыру үшін ұлттық иммунитеттің күші жеткілікті болуы ләзім. Ал оған шамамыз жетпесе мылқау ұрпақ пен соқыр жеткіншек, керең өспірім қаулайды. Қазір сол дәуірдің басы. Болу мен бордай тозудың арасы... [5]


Ғаламтор... Тұтасқан әлем. Өрмекшінің торы дерсіз. Енді шынайы сүйіспеншіліктің орнын, жылтыры мол виртуальды махаббат, шынайы аралас-құралас достықтың орнын виртуалды сыйластық басып келеді. Тек көгілдір сағымды ғаламторлардың ішінде сан мен цифрлардың, әлдебір атаулар мен өзіңе үш қайнаса сорпасы қосылмайтын есімдердің жақынысыз...

Ғаламтор желісінің пайдасы өте көп. Себебі өмірдің кез-келген саласына қажетті ақпаратты жылдам алуға, басқа қолданушылармен ақпарат алмасу мүмкіндігіне ие боласың. Ақпаратты алу немесе беруде белгілі уақытқа тәуелді болмайсың, керек уақытыңда қарауға, жіберуге болады. Ғаламторда көп уақыт отыру т.б зияны туралы айтсақ ол адамның өзіне байланысты, ол өзіне-өзі кесте қою керек, белгілі бір уақыт мөлшерінде отыру, қажетсіз ақпараттарды қарамау сияқты өзіне шектеу қойған жағдайда адамға зияны аз болады. Әрине кез-келген дүниені шектеусіз пайдаланса оның зияны болады, мысалы тамақтың өзін қалыптан көп ішу, кітапты өте көп уақыт көз алмай оқу, көп ұйықтау т.сс. Сондықтан Ғаламтордың тек жақсы жақтарын пайдаланып керегімізге қолданған жөн!!! Таяқтың екі ұшы болатыны бәрімізге белгілі, дұрыс және бұрыс жақтары да болады.

Өркениет өркен жайған бүгінгі өскелең дәуірдегі өрелі жаңалықтардың бірі, тіпті бірі болғанда бірегейі ғаламтор техникасы. Қазіргі таңда осы техника біздің күллі тұрмыс-тіршілігімізге дендеп енді. Бұл күндері ғылым-техника, мәдени-ағарту, емдеу-денсаулық сақтау, сауда-финанс қатарлы сан алуан қызмет өтеу түрлерінің әрі тез, әрі өнімді, әрі икемді жақсы жүрілуін компьютерсіз, компьютерлер өзара тұтасқан ғаламторсыз көз алдыңызға елестетуіңіз қиын. Әлемді дүр сілкіндірген әлемилену үрдісінің өзі ақпарат технологиясы яғни ғаламтор арқылы жүріліп жатқан ықпалы күшті үлкен құбылыс.

Адам баласы ұзақ уақыт қолданып келген дәстүрлі қарапайым ақпарат тәсілі қазіргі электронды ми жүйесімен басқарылатын қарқыны тез ақпараттанған қоғамға, ғаламтор дүниесіне құшағын айқара ашқалы ол адам баласының ой еңбегімен дене еңбегін барынша жеңілдетіп, электронды тетіктер арқылы айлық алыс жерден қас қағым сәтте ақпарат алатын ғажайып мүмкіндіктерге ие етіп, адамдарды сан қилы әурешіліктерден жеңілдете бастағандығы айдан анық жағдай.

Ғаламтор ــ сіз бен біз үшін айтқанда не қажеттің бәрі табылатын қазыналы қамба. Оның бізге үйретер өнегесі, берер берешегі санап тауысқысыз. Қазіргі дамыған дәуірге дұрыс сәйкескісі келген адамға бұл технология ауадай қажет. Оның қызмет айасы төтенше шексіз. Онда не керектің бәрі бар. Тек тілін толық меңгеріп, ұңғыл-шұңғылын тінтуірмен дұрыс мақсатта ойдағыдай тінте білсеңіз болғаны. Қысқасы әлемді уысына алған ғаламтор біз үшін адамзат ақыл парасатының телегей теңізінен емін-еркін сусындайтын бүкілдей жаңа жүие қалыптастырып берді. Егер сіз ғаламторға шықсаңыз төрткіл дүние ашсаңыз ــ алақаныңызда, жұмсаңыз ــ жұдырығыңызда тұрғандай әлемнің қай қиырында, нендей уақиға болып жатқанынан дер кезінде хабардар болып отырасыз.

Бүгінгі таңда ғаламтор техникасын өз лайығымен дұрыс қолданып, икемді игіліктене білу қабілеті әрбір қоғам мүшесі үшін аса қажетті біліктілік, яғни «сауаттылық» өлшемдерінің біріне айнала бастады. Сондықтан адамдарда ең әуелі компьютерлік сауаттылық, онан соң жалпы ақпараттылық білім, соңында ақпараттық мәдениет мағлұматы болуы қажет.

Қазіргі тұста біз дәстүрлі тәсілмен электронды техника өзара тоғысқан тоғыспалы дәуірде тұрмыз. Байырғы тәсіл өзінің мүмкіндіктерін әлі сақтап қалуға тырысқанымен, жаңа жүие оны тездікпен ығыстырып алға қарай дамып келеді. Ескі жүйе көп ұзамай жаңа жүйеге жол берері анық. Жаңа зат қашанда жеңімпаз болып адамдарды өзіне айрандай ұиытып қызықтыра түсетіні даусыз.

Ғаламтор - тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Балама ақпарат көзін табуға болады. Мысалы: үкіметтік емес сайттар мен үкіметтік сайттар, ақпарат агенттігінің мәліметтері мен тәуелсіз басылым мәліметтері.Толғандырған сауалдарыңның жауабын табасың

Кісі есімдері мен лауазымдарын нақтылайсың. Мысалы, www.government.kz Үкімет сайты, ҚР Парламент мәжіліс депутаттары.Өткен ескі жаңалықтар мұрағатынан мәліметтерді нақтылау. Өзге елдегі мамандармен байланыс жасап, сұрақтар қоюға болады.Түсінбеген сөзді демде аударуға болады. Мысалы: www.sozdik.kz.Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді. Аська, Мейлруагент, мессенджер т.б. Далада, күннің астында азып тозып асық, футбол, волейбол ойнағанша, интернет арқылы әр түрлі қызықты онлайн-ойындар ойнауға болады. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар. Себебі, бір өзіне соншама ақпарды сиғызып, жан-жаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе-көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік десеңізші.

Электронды технологияның өмірге біртіндеп енуіне байланысты адамдар айналасындағы заттар мен құбылыстарға және өздеріне жаңаша көзқараспен қарай бастады. Былайғы жерде жаңа ақпараттық технология бәрін де өзгертуі әбден мүмкін. Бұл технология осы ғасырдың тарихын өткендегі ғасырлардан мүлде өзгеше жазбақ, адамзаттың өмір сүру дағдысына, күллі рухани бет бейнесіне де күшті әрі терең әсер етпек. Бұл үрдістен оңды пайдаланбай артта қалған ұлт та, оның келешек ұрпағы да зиян шекпек.

Күнделікті тұрмыста ғаламторды дұрыс мақсатта істете білсеңіз оның пайдасы ұшан-теңіз. Сіз ғаламтор арқылы тексті, хат-хабарды, құжаттарды, фото суреттер мен дыбыс-кескін материалдарды қабылдап алуыңызға не қарсы жағыңызға жолдап беруіңізге; күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруыңызға; кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуыңызға; алыс аралықтан оқу оқуыңызға, яғни үйде отырып білім игеруіңізге; қызмет түрлерін ұсынуыңызға, тауар сатып алуыңызға не сатуыңызға; электронды жұмсақ бөлшектерді жасап мол кіріс табуыңызға; дос жарандарыңызбен дер кезінде хабарласып қоғамдық өрісіңізді кеңейте түсуіңізге т.б әлі толық байқалып жалпыласа қоймаған ақыл-парасат құндылықтарынан емін-еркін игіліктенуіңізге әбден болады.


жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау