«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету паспорты



жүктеу 65,56 Kb.
Дата18.12.2017
өлшемі65,56 Kb.
#4757

«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету

ПАСПОРТЫ


1

Көрсетілетін қызметтің атауы

Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру

2

Қызмет ұсынатын мемлекеттік орган

Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы

3

Қызметті алушылар

жеке немесе заңды тұлға

4

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5

Қызмет қөрсетілетін орын

Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы 17

6

Қызметті ұсыну тәртібі

«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» № 272 бұйрығы және «Мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 ақпандағы №45 қаулысының негізінде көрсетіледі

 

7


Керекті құжаттар

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚКО-ға жүгінген кезде:

1) стандарттың 1-қосымшаға сәйкес өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқа талап етіледі);

3) іздестіру жұмыстарын жүргізу ауданының жоспары (схема);

4) іздестіру жұмыстарын орындауға тапсырманың көшірмесі.

Құжаттардың көшірмелерін тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады;

2) ХҚКО-ға жүгінген кезде:

1) стандартқа 1-қосымшаға сәйкес өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқа талап етіледі);

3) іздестіру жұмыстарын жүргізу ауданының жоспары (схемасы);

4) іздестіру жұмыстарын орындауға тапсырманың көшірмесі.

порталда:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) іздестіру жұмыстарын жүргізу ауданы жоспарының (схемасы) электрондық көшірмесі;

3) іздестіру жұмыстарын орындауға тапсырманың электрондық көшірмесі.

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтаманы және оның техникалық сипаттамаларын көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚКО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады;

Көрсетілген қызметті алушыдан барлық қажетті құжаттарды алған кезде:

Көрсетілген қызметті берушіге - қағаз таратқыштағы өтініштің қабылданғанын растаушы құжат пакетінің қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, кеңсеге тіркелгені туралы белгі соғылған көшірме болып табылады;

ХҚКО - көрсетілген қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;

порталда - «жеке кабинетке» мемлекеттік қызмет көрсетуге сауалдың қабылданғаны туралы хабар жіберіледі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижесін алатын күн мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.

ХҚКО-да құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға (не оның нотариалды расталған сенімхаты бар өкіліне) беруді оның қызметкері жеке басын куәландыратын құжат және сенімхат ұсынылған кезде қолхаттың негізінде жүзеге асырады.

Көрсетілетін қызметті алушы дайын құжаттарды алуға ХҚКО-ға бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде ХҚКО бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұрау салады. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды ХҚКО-ға жібереді, одан кейін ХҚКО дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға береді.




8

Қызметтің құны және төлеу тәртібі

Тегін

9

Қызмет көрсетілу процесінің сипаттамасы

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:


1) қағаз тасығышта өтінішті қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтінішті қабылдауды, ұсынылған құжаттарды, өтінішті тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып кеңседе тіркелгені туралы белгі қойылған өтініштің көшірмесін береді. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы орындау үшін уәкілетті органды анықтайды. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қарау үшін жазбаша түрде дәлелді бас тартады - 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

2) уәкілетті органның басшысы ұсынылған құжаттармен бірге өтінішті қарайды және жауапты орындаушыға береді. Жауапты орындаушы ұсынылған құжаттармен бірге өтінішті қарайды, рұқсат жобасын немесе дәлелді бас тарту жобасын дайындайды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына – 6 жұмыс күні ішінде береді;

3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы рұқсатқа немесе жазбаша дәлелді бас тарту жауабына қол қояды. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері шығыс хат-хабарлар журналына рұқсатты тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушыға 2 жұмыс күні ішінде береді.


10

Қызмет көрсету мерзімдері

1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚКО-ға құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап және порталға жүгінген кезде - 10 (он) жұмыс күні.

Көрсетілген қызметті беруші көрсетілген қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілген қызметтерді беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қатыстырудан дәлелді жазбаша бас тартады.

ХҚКО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.



11

Қөрсетілген қызметтің нәтижесі

 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы қаулы

12

Нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасының Жер кодексі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» № 272 бұйрығы, «Мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 ақпандағы №45 қаулысы

жүктеу 65,56 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау