1.3 Құқықтық нормалар және діни, корпоративтік нормалар
Құқық нормалары мен діни нормалардың ұқсастығы іс жүзінде құқық нормасы мен мораль нормалары сияқты нормативтенген (белгілі нормалардың жиынтығы, олар адам тәртібін бағалайтын белгілер, эталондар); универсальдігінде (нормалары барлық қоғамдық қатынастарға таралады, яғни жеткілікті түрдегі әлеуметтік нормалар жүйесіндегі универсальды реттеуші); құқық пен діннің жалпылығы (адамдар арасындағы қатынастарды реттеуге бағытталған).
Сонымен бірге, құқық пен діннің арасында принципиальды өзгешелік бар. Қоғамдық өмірді секуляризациялау, ұяттық бостандықты бекіту. Мысалы, «Торы» ұйғарымы иудаизмді қолдаушыларға ғана таратылады, «Құран» соған сай ислам дінін уағыздаушыларға таратылады. Дін мен құқықтың әрекет жасау тетігі әртүрлі. Соның ішінде, діндер ( әсіресе эстетикалықта) өзінің қасиетті кітаптарында абсолютті мызғымас алдын - ала көрсетілген жағдайларға сеніп, кодекске бағынбайды, яғни философтар айтқандай құдайшылдар « дүниенің трансценденттік басталуына» сілтейді.
Белгілі мөлшерде, діннің жеткілікті арнайылығына қарамай, құқық өз ықпалын жүргізеді. Мысалы РФ Конституциясындағы « Ұяттың бостандығы» жөніндегі федеральдық заңда және сол сияқты Қазақстан Республикасының Конституциясында да дінге берілген бостандықтар кепілденген.
Құқық нормаларының және қоғамдық ұйымдар нормаларының жалпылама белгісі сонда, олар нақты тәртіп жолын көрсетеді, арнайы актілерде бекітілген және олар арнайы нормалар жүйесі.
Құқықтық пен корпоративтік нормалардың арасындағы айырмашылық сонда, құқық нормалары мемлекетпен қабылданса және оның мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілсе, қоғамдық ұйымдардың нормалары өздерімен қабылданады, яғни қоғамдық пікірмен сол ұйым қамтамасыз етіледі, құқық нормаларының корпоративтік нормаларға қарағанда артықшылық маңызы бар. Бұл қоғамдық ұйымдармен мойындалады.
Құқықтың корпоративтік нормаларға ықпалы, олардың қоғамдық ұйымдардың әрекетін реттеудегі шегі мен сипатына қарай белгіленеді. Бұл жағдайлар ҚР Конститутциясында және басқа да нормативтік актілерде көрсетілген.
Заң ғылымындағы құқық туралы ілімді сипаттамастан бұрын ең алдымен, бұл мәселе бойынша ең маңызды категория мәселесін қарайық – құқықты түсіну категориясын.
Құқықты түсіну заң ғылымында ғылыми категория деп аталады, ол адамның мақсатты бағытталған ойлау процессін көрсетеді, өзіне құқықты тануды, оны қабылдауды (бағалауды) және оған қатынасты, тұтас әлеуметтік құбылысты қосып алады.
Құқықты түсінудің субъектісіне әр уақытта нақтылы адам жатады: азамат құқық проблемелары бойынша белгілі құқық туралы түсінігі болуы қажет. Құқықты тану әруақытта субъективтік, оригиналды. Әрине, құқық туралы ойлар бір топ адамдарда және тұтас қатпарларда, таптарда бір – біріне сәйкес келуі мүмкін.
Құқықты түсінудің объектілері болып әр уақытта қоғам өмірінің құбылыстары, адам баласы ойларының даму нәтижесі және өмірлік әрекеттері, қоғамның нақтылы құқығы, салалары, құқық институты, жекелеген құқық нормалары есептеледі. Мұнда жекелеген құрамдық элементтер туралы білім құқыққа тұтасымен ауыстырылады.
Құқықты түсінудің мазмұны субъектіні білу, оның құқығы мен міндетін білу, нақтылы және жалпы рұқсат беруді, тыйым салуды және бағалау, оларға адалдық не адал емес қатынастар. Субъектінің мәдениеттілік деңгейіне, әдістемелік дайындығына және зерттеуге таңдап алған пәніне байланысты құқықтық түсінік толық не толық емес, дұрыс не бұзылған, жағымды не жағымсыз болып бөлінеді.
Заң ғылымындағы құқық туралы ілімдер өз негізінде белгілі құқықты түсіну түрін қалыптастырады (жаңа), сондықтан көп жағдайда құқық туралы ілім демей , құқықты түсінудің түрі деп атайды. Құқықты түсінудің әртүрлі түрлері бар, ол ең алдымен мынаған байланысты - құқық бірден-бір көпжақты, кең көлемдегі қоғам өмірінің бір жақты емес категориялары, сондықтан оның бір ғана анықтамасы, барлығын қанағаттандыратындай (не көпшілігін) болуы.
Қоғамдық ғылымдардың қазіргі кездегі даму деңгейі және әлеуметтік құбылыстарды зерттеу әдістемелері, белгілі жағдайлардың негізінде әртүрлі құқықты түсіну түрлерін жүйелеуге мүмкіндік береді.
Мысалы, құқыққа оның дамуына деген қатынастарға байланысты жағымды, оның қоғам үшін үлкен маңызы бар не жағымсыз, ол дербес әлеуметтік құбылыс ретінде көрінеді не басқа реттеу жүйесінің бөлігі ретінде болады, не құқық өнегеліктің бір бөлігі ретінде (Шопенгауэр) болады, не төменгі саты ( Л.Толстой, В. Соловьев).
Құқыққа негативтік көзқарасты анархистер айтқан, коммунизм құрылуына байланысты құқықтың жойылуын маркстік теория негізінде талқыға түсті.
Философиялық негіз, сезім мен тұрмыстың арақатынасының шешілуіне байланысты идеалистік және материалистік тәсілдер құқықты зерттеу үшін бөлініп шығады.
Құқықтың қалыптасуындағы қайнар көзіне байланысты, мемлекет не адам табиғаты, табиғи – құқықтық және позитивистік құқық теориясы болып бөлінеді.
Құқықтың (негізгі бөлігі) негізіне байланысты – құқық нормасы, құқықтық таным, құқықтық қатынас - нормативистік, психологиялық және социологиялық құқықты түсіну теориялары қалыптасты .
Құқық туралы ілімдерді түрлерге бөлу үшін көптеген белгілер бар, дегенмен сол не басқа ілімдерді қарай отырып, оның мәнін дұрыс түсіну үшін, әртүрлі жағдайларды есепке алған жөн. Бұл біріншіден, құқықтың қызмет жасаған тарихи жағдайлар және онда өмір сүріп жұмыс істеген «зерттеушінің» мәдени қалпы; екіншіден, құқықты түсіну нәтижесі әруақытта философиялық , өнегелік, діни, идеологиялық жағдайларға тәуелділігі құқықты танитын субъектінің ойы; үшіншіден, әртүрлі концепциялардың негізі ретінде қойылады (құқықтың қалыптасу қайнар көзі не сол құбылыстың мәні), құқықтың қайнар көзі ретінде нені білеміз ( адам, Құдай, космос) және оның мәні (таптың еркі, адамның бостандық өлшемі не жеке адамның табиғи эгоизмі); төртіншіден, бір жағдайдағы концепциялардың тұрақтылығы және олардың динамикасы, дамып келе жатқан қоғамдық қатынастарға сіңісу қабілеттілігі - басқа жағдайдағы.
Құқық туралы бар теориялардың кейбіреуін зерттеу, құқық түсінігіне деген өз көзқарасыңды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды, оның мәнін және орнын түсінуге жағдайлар туады, ал соның негізінде – қоғам өміріндегі бар құқықтық құбылыстар мен процесстердің мәнін түсінуге болады.
Заң ғылымында көбірек белгілі және жайылған, мынандай құқықты түсінудің түрлерін атап айтуға болады: психологиялық,социологиялық , солидарлық, әлеуметтік концепция, құқықтың табиғи теориясы, неотомизм, заңды позитивизм, нормативизм, маркстік құқық теориясы, қысқанормативтік және философиялық құқықты түсіну.
Психологиялық концепция қалпында, құқық адам баласының субъективтік психикасының элементтерінің жиынтығы ретінде қаралады. Мұнда құқықтың түсінігі мен мәні, әрекет арқылы шығарылмайды, мынандай психологиялық заңдылықтармен шығады – адамдардың құқықтық эмоциясы, олар императивті – отрибутивті сипатта болады, яғни әсерленушілік сезімінің бірдемеге құқықтық өкілеттік (атрибутивтік норма) және бірдеңе істегенге міндеттілік сезімі (императивтік норма).
Барлық құқықтық әсерленушілік былай бөлінеді: позитивті (мемлекетпен белгіленген) құқық және әсерленушілік интуитивтік (жекелеген) құқық.
Интуитивтік құқық шын мәніндегі тәртіпті реттеуші, сондықтан шын мәніндегі құқық ретінде есептелуі қажет. Мысалы, әсерленушіліктің бір түрі интуитивтік құқық, карта ойыны бойынша міндеттілік, балалардың әсерленушілігі өздерінің ойындарындағы міндеттілік, олар соған сай «ойын құқығын», «балалар құқығын» қалыптастырады т.с.с.
Бұл концепция құқықты түсінуді екіге бөледі – арнайы және арнайы емес. Арнайы - бұл мемлекетпен белгіленген және онымен қамтамасыз етіледі. Арнайы емес - құқыққа мемлекеттің араласуына болмайды, бірақ құқық ретінде қызмет етеді.
Сонымен, психологиялық теорияда жазылған заңдармен қатар (мемлекетпен белгіленген), құқықпен адамдардың психологиялық әсерленушілігі мойындалады. Бұл деген сөз, құқық нормаларының мемлекетсіз де құрылуын көрсетеді, яғни белгілі эмоция мен адамның әсерленушілігінен. Құқық интуитивті ретінде қаралады, адамның жекелеген психикалық әсерленушілігіндегі эмоция аясындағы, бар құбылыс ретінде қаралады, яғни мемлекетпен байланысты қоғамдық құбылыс ретінде қаралмайды. Сонымен, мемлекеттік мәжбүрлеу мұнда құқықтың бір белгісі ретінде қаралмайды, яғни бірінші орынға жеке адамның жекеше – психологиялық мақсаты қойылады. Психологиялық теория қалпында, құқықтық нанымның құқықтық реттеудегі және қоғамның құқық жүйесіндегі рөлі көтеріледі. Адам құқығының қайнар көзі мұнда заңдардан шықпайды, адамның өзінің психикасынан шығады.
Бұл теорияның жағымсыз жақтарына жататындарға әлеуметтік –экономикалық, саяси және басқа факторлардың қаралмай қалғандығы, себебі солардан да құқықтың табиғаты тәуелді, құқыққа сайлық пен құқыққа сай еместіктің, заңдылық пен заңсыздықтың белгілері көрсетілмеген. Ілім, негізінен құқықты жеке адамның психикасына араластырып жібереді, оны құқықтық санамен теңестіреді, соған байланысты әлеуметтік өмірдің күрделі құбылысы ретіндегі құқықтың шын мәніндегі объективті табиғатын есептемейді, жоққа шығарады. Құқықтың объективті қалыптасқан нормалар жүйесі екендігін толық бағаламай, олардың экономикамен және мемлекетпен байланысын дұрыс түсінуге болмайды.
Құқықты түсінудің социологиялық концепциясы құқықтық институттар мен олардың дамуына, қызметіне қатысы бар эмпирикалық зерттеулерге негізделеді. Мұнда құқықты заңды әрекет, заңды тәжірибе, заңдарды қолдану,
құқықтық тәртіп ретінде түсінеді. Құқық, құқықтық қатынастардағы субъектілерді - жеке адамдар, заңды тұлғалар ретінде көрсетеді . Бұл бағыттың маңыздысы - шын тәртіпті зерттеу, яғни құқықтық нормада бекітілген ұйғарымдарды емес, құқықтық қатынастардағы қатынасушылардың нақтылы әрекеттерін зерттеу.
Бұл теорияның қалпында «тірі» құқық қалыптасады, ең алдымен, заңды әрекеттерде соттар. Мұнда сот заңды нормалармен байланысы жоқ және өзінің шешімі бойныша, тек өзінің интуициясына негіздеп қандай болмасын іске шешім шығарады. Соттар заңдарды құқықпен «толтырады» , яғни іске сай шешім шығарып, бұл жағдайда құқықтық шығармашылықтың субъектісіне айналады.
Таласуға жатпайтын бұл теорияның артықшылығы мынада:
мұндай құқықты түсіну, құқықты іс жүзіне асыруға бағыттайды, яғни оның тәжірибеде қолданылатын жағына бағытталады;
құқық нормаларының мазмұны ретінде және нысаны ретінде қоғамдық қатынастардың артықшылығы басым.
Осы теорияның қалпында іс жүзіндегі экономикаға мемлекеттік тежеуді, басқаруды орталықтандырмауды жасауға болады.
Сонымен бірге, құқыққа сайлық пен сайлық еместің арасындағы белгі жоқ (себебі, өз -өзінен құқықты іске асыру құқыққа сай және сай емес болуы мүмкін). Қызметтегі адамдардың негізсіз өкілеттігін көтеру (соттардың және әкімшіліктердің ), кей кездерде олардың ішіндегі таза емес өкілдері жағынан жұмысқа қабілетсіздік қаупі туып ашық түрде зорлық , бассыздық болуы мүмкін.
Құқық жөніндегі солидаристік ілім, солардың идеясы негізінде құрылған – билікті іске асыру кезіндегі саяси өмірге қатысушылардың, яғни әр түрлі әлеуметтік қатпарлар мен топтардың қарым – қатынасы. Бұл ілімге сай қоғамның әрбір мүшесі өзінің әлеуметтік функциясын сезінуі қажет, себебі мемлекеттің құқығымен белгіленген идеяларды қабылдап, барлық қоғам мүшелерінің жұмыстарындағы бірлікті қамтамасыз ететін жағдайларды жасау қажет. Сонымен, құқық мұнда бірлікті көрсетуші тұрғындардың көпшілігінің жалпы мүдделерін қорғаушы ретінде байқаймыз .
Әлеуметтік концепция - дегеніміз әлеуметтік гормонияға жетудің құралы ретінде көрінеді, ол мүмкін болатын әлеуметтік қиыншылыққа көмек көрсететін құралды іздеуге, қоғамдағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп, қоғам жүйесінің өзіндегі біркелкілік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған. Бұл құқықты жеке қарамай, басқа әлеуметтік шындықтың бөліктерімен қатар қарауды болжайды – экономикамен, саясатпен, моральмен – олардың қызметтес, бірін-бірі қамтамасыз етулерімен бір-біріне тәуелділігімен. Осыдан – қоғамдағы әлеуметтік көрінеді. Құқық концепциясына акцент: Мысалы, мүмкін болатын әлеуметтік келіспеушілікті жою құралы, басқа да әлеуметтік проблемаларды шешу, экономикалық процестердегі бөлу тетігін табу. Басқа
сөзбен, құқықтың әлеуметтік, жалпы демократиялық бағалылыққа деген бағыты байқалады.
Құқықтың әлеуметтік концепциясында құқықты зерттеу қажеттігі оның басқа да әлеуметтік элементтерімен бірге зерттелуінің керектігі негізделген. Дегенмен, бұл жағдайда құқықтың рөлін тым жоғарлатуы болды, себебі ол экономикалық қатынастардың үстіне қойылды.
Құқықтың табиғи теориясы мынандай тезис бекітіп, мемлекетпен белгіленген құқық нормалары мен қатар, құқық өзіне табиғи құқықты да қосып алды - өзінің тууына байланысты барлық адамдардың табиғаттан қабылдаған құқықтардың жиынтығы: өмір сүруге, еркіндікке, теңдікке, жеке меншікке құқықтары. Мемлекет адамдардың осындай табиғи құқықтарына тисе алмайды, себебі олар бөлінбейтін құқықтар.
Осы доктринаның туы астында буржуазиялық революциялар болып, уақыты өткен феодалдық құрылысқа жаңа, көбірек бостандықтағы құрылымды әкелді. Ондағы атап айтылатыны – заңдар құқықтық болмауы мүмкін, сондықтан олар құқыққа сай болуы қажет, яғни өнегелі бағалылыққа, адалдыққа, еркіндікке және теңдікке сай болуы көзделеді. Сонымен бірге, құқықты былай түсіну (өнегелік абстракты бағалылық ретінде) оның формальді – заңдылық қасиетін «азайтады» соның нәтижесінде заңдылық пен заңға қарсылықтың нақты белгісі жоғалады, бұны адалдық тұрғысынан анықтау өте қиын, себебі әрбір адамдардың олар туралы ойлары әртүрлі болуы мүмкін. Бұлай түсіну құқықпен ғана байланысты емес, құқықтық санамен байланысты, мұнда тағы да , әртүрлі адамдарда, әртүрлі болуы мүмкін.
Құқықтың табиғи теориясы өзінің эволюциялық даму процессінде көптеген өзгерістерге ұшырап өмірге қайта туған табиғи құқық теориясын әкелді. Осы ілімнің қалпында, кең мәнінде құқық табиғи құқық теориясы ретінде түсіндірілді, дегенмен мемлекетпен құрылған (өндірілген) жағымды құқық түсінігін кіргізді.
Жағымды құқық нормалары (мемлекетпен белгіленген нормалар) тек сол жағдайда ғана құқық ретінде мойындалады, егер олар табиғи құқыққа қарсы болмаса, яғни жалпыадамдық принциптерге: адалдыққа , бостандыққа, теңдікке тағы басқаларына.
Қайта туған табиғи құқық теориясы басқа да құқық туралы пайда болған ілімдердің негізі (базисі) болды, яғни неотомизмнің және құқықтың (зайырлы) концепциясының.
Неотомизм – негізінен, орта ғасырдағы Фома Аквинскийдің жаңа түсініктемесі. Табиғат туралы, құқықтың негізі туралы қарап, неотомистік теория құқықтың негізін дүниежүзілік тәртіпте табуға талаптанады, діни догмалармен келіседі, мәңгілік заңдармен жоғарғы құдайлық санамен. Құдайлық заң адамдық жетімсіздіктерді жоюға шақырады және жағымды заңдарды да жоюға шақырады, егер ол табиғи заңдарға қарсы болса. Неотомизм табиғи заңдардың, мемлекет шығарған құқықтан артықшылығын атап көрсетеді. Осыған байланысты жекеменшік құқығы, мемлекеттен шықса да табиғи заңдарға қайшы келмейді.
Табиғи құқықтың «Заирлық» доктринасы құқықтың этикалық алғашқы негізінен шығады, құқықты белгілеудің табиғи құқықтағы моральдік талаптарына сай болу қажеттілігінен, адалдық тәртіптің стандартына негізделгендіктен.
Заңды позитивизм. Бұл тәсілді жақтаушылар құқық нормаларын талдау мен құқық нормаларын бағалауға негізделеді, олардың сыртқы нысандарының көзқарастарынан, яғни формальді көзқарастан.
Заңды – позитивистік концепция, құқықты оның мәтіндік нысаны арқылы қабылдап, шындығында құқықты оның мәтіндік нысанымен салыстырып, құқықты кәсіпкерлік әрекеттің шын нәтижесі ретінде, не болмаса нормативті – құқықтық мәтіндердің нәтижесі ретінде қарайды. Шындығында, құқықтың мәтіндік нысаны – оның қажетті атрибуты, дегенмен құқықты қыйын әлеуметтік феномен ретінде мәтіндікпен толық салыстыру керекті емес, себебі ол құқық атрибуттарының бір ғана белгісі ретінде.
Құқықтың тарихи мектебі, құқықты тарихи құбылыс ретінде қарайды, яғни пайда болады және біртіндеп білінбей, стихиялық дамиды. Құқық мұнда тарихи қалыптасқан тәртіп жолының рөлінде көрінеді және өз артынан заңды нәтижелер қалдырады. Заңдар әдет құқығынан шығатындар «ұлттық рухтың» тереңінен, «халық санасының» қойнауынан өсіп шығады.
Тарихи құқық мектебі адам құқығының категориясын жоққа шығарады, себебі феодализм кезінде (осы теория пайда болған кезде) адам құқығы оның ішінде «табиғи құқық» ешқандай көрсетілмеген. Ол кезде алғашқы рет көбірек негізді түрде мәдени – тарихи және құқықтың ұлттық ерекшеліктеріне көңіл аударылып, оларды құқықтық шығармашылық процессіне есепке алу көзделді, құқықтың дамуындағы табиғилық атап айтылды, яғни заң шығарушы өзінің қалауынша заңды жасай алмайды; құқықтық әдеттердің уақытпен сыналған тұрақты тәртіп жолы екендігінің артықшылығы атап айтылды.
Пайда болған кезінде, бұл теория өзінің уақыты өтіп бара жатқан феодализмнің идеологиясы ретінде ғана көрінді, онда негізсіз адамның табиғи құқығы еленбеді және заңдарға қарсы құқықтық әдеттердің рөлі көтермеленді.
Қазіргі кездегі құқықты түсіну жүйесінде маңызды орынды құқықтың нормативтік теориясы алады. Бұл ілімнің қалпында, мемлекет құқық нормаларының әрекетінің тек нәтижесі ретінде көрінді, құқықтың өзі адал, дұрыс «міндетті» тәртіпті ұстаушы қоғамдық жалпыға міндетті нормалардың жиынтығы ретінде көрінді.
Құқықтық нормалардың жалпыға міндеттілігі өнегеліктен, адалдық идеялардан емес (табиғи құқық теориясы ретінде), мемлекеттік беделден.
Құқық нормалары, нормативтік ілімдер тұрғысынан, белгілі иерархиялық пирамидада, оның биігі (шыңы) негізгі басты норма (не мемлекеттің формальды белгілері). Жоғарыдағы көрсетілген пирамиданың негіздемесіне жекелеген актілер жатады – соттың шешімі, келісімдер, әкімшіліктің ұйғарымы,
яғни олар да құқық түсінігіне қосылады және негізгі нормаларға сай болуы қажет. Әрбір келесі нормалар өзінің заңды күшін нормадағы, өзімен салыстырғандағы пирамидадағы жоғарғы орынды алатындардан алады.
Бұл теорияда құқықтың мынандай негізгі қасиеті атап көрсетіледі: нормативтігі және олардың заңды күштерінің деңгейлеріне байланысты құқық нормаларының қатар бағынулары дәлелденуде. Нормативтілік құқықтың формальды белгілілігімен органикалық байланыста (құқық нормаларын нормтивті – құқықтық құжатта жазылуымен), адамға заң мәтінінің көмегімен не басқа нормтивті – құқықтық акты арқылы құқықпен танысуға мүмкіндік береді. Мемлекет қоғамдық дамуға ықпал етуге жеткілікті, кең көлемдегі мүмкіндікке ие болады, себебі ол белгілейді және негізгі нормаларды іс жүзіне асыруды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, құқықты заңды норма ретінде түсініп, бұл теорияның өкілдері оларды экономикадан қарайды: саясаттан, қоғамның әлеуметтік құрылысынан. Бұл ілімнің қалпында, шын мәнінде мемлекет пен құқықты салыстыру көрініп тұр, себебі бұл ілімнің кейбір өкілдері (Г. Кельзен), мемлекетті құқықтық тәртіп сіңірілген ұйым ретінде түсінген, ал құқықты – міндетті тәртіп дұрыстығы ретінде.
Құқықты түсінудің маркстік теориясы құқықты заңға айналдырған үстем таптың еркі ретінде түсіндірді.
Құқық мемлекет сияқты қоғамның экономикалық құрылысындағы қондырғы құрылым ретінде. Өмірдің матеральдық жағдайларымен қамтамасыз етілген ол (құқық) оларға кері ықпал етеді. Құқықтағы маңыздылық оның таптық мәні.
Маркстік теорияда құқықтың түсінігін, мемлекеттің түсінігімен байланысты қарауының себебі, мемлекет тек оны қалыптастырып қоймай оның іс жүзіне асырылуын, сонымен қатар құқыққа сай және құқыққа қарсы нақты белгілердің бөлініп шығуын қолдайды. Дегенмен, мұнда жалпыадамдық бастауға зиянды құқықтағы таптық рөл жоғары көтеріліп, таптық қоғамның тарихи қалпымен құқықтың өмірі тежелген және қатаң түрде материалдық факторлармен байланысты болған.
Қазіргі кездегі көп таралған құқықты кең көлемде (философиялық) және (қысқанормативтік) мәнінде түсіну.
Қысқаша – нормативтік құқықты түсіну қалпында, құқық формальды белгіленген, жалпыға бірдей міндетті мемлекетпен белгіленген (не санкция берілген) және оның мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілетін нормалардың жиынтығы.
Мұнда құқықтың түсінігіне оның негізгі сипаттамасы қосылады, олардың көмегімен күнделікті өмірде іс жүзіне асырылады.
Осындай тәсілді жақтаушылардың ешқашанда жоққа шығармайтындығы - өте қиын құбылыс екендігі және саясатпен әртүрлі байланыста болғандығы, яғни экономикамен, мәдениетпен, басқа да қоғам өмірінің құбылыстарымен. Дегенмен, олардың пікірлері бойынша, шын мәніндегі құқықты түсінудегі
бағалылық, оның қоғамдық қатынастарды реттеудегі пайдалануға қажетті мүмкіндігі.
Құқықты «кең» түсінудің жақтастары бойынша, құқық заңдармен бірдей емес, яғни қалай болмасын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.
Кең (философиялық) жағынан құқықты қараудың да өзінің белгілі маңыздылығы бар, дегенмен оның негізіне жету, құқықтың белгіленген орнына, мәніне, оған сіңген принциптер мен бастауына көбірек бағытталған.
В.С. Нерсесянцтің пікірі бойныша (Право и закон . М.,1983 г. С 342, 343), «Право по своему понятию – это исторически определенная и объективно обусловленная форма свободы в реальных отношениях , мера этой свободы, форма бытия свободы, формальная свобода».
Құқықтың түсінігіне құқықтың жиынтығынан басқа мынандай элементтер жатады: – құқықтық қатынастар, құқықтық сана, субъективтік құқық басқа да құқықтық құбылыстар.
Құқықтың негізгі бөліктеріне, құқықтық идеялар, нормалар қоғамдық қатынастар кіреді.
Норма бұл триадада идеяны көрсететін бір парақ қағаз ретінде көрінеді.
Құқықтың қайнар көзімен мақсаты ретінде қоғамдық қатынастар көрінеді, қағазға жазылған идеяларды ала ма , жоқ алмай ма.
Мұндай тәсілдің жақтастарының пікірлері бойынша, құқықтың негізінде жатқан адалдық идеясы, ең дұрыс және адам баласының тарихындығы ең жемісті идеялар.
Құқық – жалпыға міндетті, формальді белгілі заң нормалары, мемлекетпен белгіленген және қамтамасыз етілген, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жүйе.
Бұл анықтамада құқық өзінің негізгі көбірек мәнді белгілерінің жиынтығы арқылы ашылады, оларға мыналар жатады:
1)Құқықтың нормативтігі. Құқықтың нормативті сипаты бар (белгілі нормалар жиынтығынан тұрады), сол жағдай басқа қоғамдық қатынастарды реттейтін түрлерімен жақындастырады – моральмен, дінмен, әдеттермен, дәстүрлермен т.б.
Құқық нормалары, дін нормалары, саясат, экономика, мораль нормалары сияқты, қандай болмасын өмірлік жағдайларда адам баласы тәртібінің белгілі жолын өзінде сақтайды. Құқықтық және басқа әлеуметтік нормалардың арасындағы айырмашылық, құқық нормаларының жалпы маңыздылығы мен олардың мемлекетпен мемлекттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілуінде, құқықтық ұйғарымның ерекше белгілеу (санкция беру) процедурасында болуы.
2) Құқықтың жүйелілігі. Құқық – бұл ең алдымен, заң нормаларының жүйесі.
«Жүйе» дегеніміз, белгілі тәртіптегі қандай болмасын элементтердің жиынтығы, сол қосылған тұтастықта жаңа пәннің пайда болуы мүмкін және ол жүйенің жеке элементтеріне тиісті емес қасиеті болады. Мысалы кейбір бөлшектер саны, бірге жиналып белгілі қатарға бірінен соң бірін тәртіппен орналастырса жүйе құрылады - велосипед; бірнеше жемістерді белгілі тәртіпте біріктірсе жүйе құрылады – жүзімнің сабақтары т.б.
Бірнеше заңды нормалар бір тұтастыққа біріккен болса жүйені құрайды (құқық деп аталатын), қоғамдық қатынастардың белгілі бөлігін реттейді.
Сонымен бірге жекеленіп алынған заң нормаларында басқа заң нормаларының жүйесі жоқ болса, кей кездерде іс жүзінде қолдануға мүмкіндік жоқ, себебі ол жағдайлар озбырлық пен құқықсыздықты туғызуы мүмкін.
3) Құқықтың формальды белгілілігі. Тек мемлекетпен арнайы актілерде белгіленген нормалар құқық нормаларына жатады (заңдарда, жарлықтарда, қаулыларда т.б.).
Бұл белгі құқық нормаларын басқа әлеуметтік нормалардан айырады, себебі кейбір әлеуметтік нормалар жазбаша құжаттарда болуы мүмкін.
4) Құқықтың интеллектуалды –ерікті сипаты. Құқық мемлекеттің жекелеген азаматтарының жалпылама еркін олардың гармониялық қарым –қатынастарымен көрсетеді. Барлық басқа әлеуметтік нормалар белгілі топтағылардың мүдделерін көрсетеді не сол мемлекеттің аумағындағы адамдардың бірлігін көрсетеді.
5) Мемлекеттік мәжбүрлеу мүмкіндігі. Құқық нормаларының талаптарын бұзғандарға заңды жауапкершілік шаралары (әкімшілік, тәртіптік, қылмыстық) қолданылуы мүмкін. Соған байланысты мемлекет құқық нормаларының жалпыға бірдей міндеттілігін қамтамасыз етеді. Мемлекет тек сол әлеуметтік нормаларды қолдайды, егер ол қоғамның мүддесіне сай болса, бірақ оларды сақтау мемлекеттік аппараттың күшімен жүргізілмейді.
Мемлекеттің мәні дегеніміз, әдеттегідей оның алдын ала ұйғарымындағы көрсетілген өзінің не көпшіліктің еркі (жалпылама ерік) не белгілі топтағы адамдардың (таптың) еркі.
Бұл еріктің қайнар көзі кім болса да, одан тәуелсіз (қоғам тұтасымен не белгілі тап, әлеуметтік топ) құқықта бекіген ерік арнайы тексеріліп мемлекеттік билікпен қамтамасыз етіледі. Осы мәнде ерік мемлекеттік көрініске ие болады және келісімнің нәтижесі болады не мемлекеттік биліктің басында тұрған топтағы адамдардың, не реттелуші қатынастардың қатынасушыларының еркі (осыған байланысты жалпы ерік көрінеді, ол сол не басқа мөлшерде олар үшін тиімді, құқықтың прогрессивтік идеяларына сай келеді).
Құқықтың мәні, ол кімнің мүддесін қорғайтынына байланысты (кім белгілейді, қандай қатынастар құқықпен реттеледі, ал қайсысы реттелмейді), таптық тұрғыдан да қарауға болады, қандай құқықтың қалпында үстем таптың заңға айналдырылған еркін көрсетеді және жалпыәлеуметтік тәсіл, оның қалпында құқық таптардың, топтардың , қоғамның әртүрлі әлеуметтік қатпарының арасындағы компромисті көрсетеді.
Құқықтың мазмұнындағы нақтылы – тарихи және логикалық мазмұндарды ажырата білу қажет. Құқықтағы нақтылы – тарихи мазмұн әртүрлі және таусылмайды және әртүрлі қоғамда олардың мың жылдық дамуымен қамтамсыз етеді.
Құқықтың логикалық мазмұнының дәлелдейтіні «Что,как бы по смыслу ни разнились правила поведения (нормы), в каких бы областях они не действовали, речь идет об одном – о применении равного масштаба (меры) к неравным людям».
Заң ғылымында құқықтың принципіне негіздеуші бастау жатады, олар құқықтың мазмұнын, оның мәнін және қоғамдағы орнын сипаттайды.
Басқару идеялары ретінде құқықтың принциптері бағдарлаушы рөл атқарады, құқық нормаларының жетілдіруінің жолын белгілейді және қоғамдық қатынастарды құқықтық реттейді. Негізгі даму заңдылықтары мен қоғамның қызметінің арасындағы байланыстырушы, тетік ретінде көрінеді. Принциптердің арқасында құқық жүйесі, адам мен қоғамның маңызды мүдделеріне және талаптарына бейімделіп олармен бірдей жағдайда болады.
Құқықтық принциптердің түрлері . Жалпы принциптер - бұл негізгі бастамалар, олар құқықты тұтасымен алып, көбірек мәнді белгілерін оның мазмұнын қоғамдық қатынастардың реттеушісі ретінде анықтайды.2
Принциптердің бұл түрі, барлық құқықтық идеяларға, құқықтық нормаларға және осы кезеңдегі бар қоғамдық дамуға тарлады және барлық құқық салаларының сипатынан, оларды реттейтін қоғамдық қатынастардың арнайылығынан тәуелсіз, бір ғана күшпен әрекет етеді.
Құқықтың жалпы принциптері өз жағынан принциптер – нормаларға, яғни әрекеттегі заңдарда тікелей бекітілген принциптерге, нормадан шығарылатындар бөлінеді.
Мысалы ҚР әрекеттегі Конституциясы республика қызметінің түбегейлі принциптерін өзінің бірінші бабының 2 тармағында былай анық көрсетеді: «2.Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу».
Демократизм принципі – барлық биліктің халықтікі екендігі. ҚР Конституциясының 3 – бабы бойынша «1.Мемлекеттік биліктің бірден –бір бастауы – халық». «2.Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді».
Демократиялық принцип бойынша құқық және құқықтық ұйғарымдар халықтың еркіне сай болуы керек, яғни қандай да жеке таптың не басқарушы топтың адамдарының еркіне сай емес.
Адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын сыйлау принципі - адам мен азаматтың туғаннан бергі бөлінбейтін құқығы мен бостандығын көрсетеді, себебі ол мемлекеттің құқықтық жүйесінің негізін (ядросын) құрайды.
Теңдік принципі – тең конституциялық құқықты және барлығына бірдей құқықтық субъективтікті бекітеді.
Заңдылық принципі дегеніміз , заңдар және басқа құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмеуі қажет.
Әділ сот принципі – субъективтік құқықты сот арқылы қорғаудың кепілдігін көрсетеді.
Адалдық принципі адамның қоғам өміріндегі тәжірибелік рөлі мен оның әлеуметтік жағдайының, оның құқығы мен міндеттілігінің, еңбек пен табысының, қылмыс пен жазалаудың арасындағы сәйкестікті қамтамасыз етеді.
Гуманизм принципі әрбір адамның табиғи бұзылмайтын құқығын және бостандығын бекітеді және шын мәнінде, өмір сүруге, денсаулыққа жеке еркіндігін және қауіпсіздігін, ары мен адамгершілігін қорғауға, жеке өміріне қол сұғушылардан қорғануға кепілдік береді.
Әлеуметтік бостандық принципі - жеке адамның әлеуметтік бостандығын қамтамасыз етеді, еркін және жеткілікті өмір сүруге мүмкіндік жасайды.
Заңды құқықтар мен міндеттіліктің бірлігі принципі, заңды құқықтар мен қоғамдық қатынастардағы қатнасушылардың органикалық байланысы мен бір –бірімен қамтамасыз етілетіндігі көрсетіледі.
Жауапкершілік принципі – кінә үшін заңды жауапкершілікті белгілеу, яғни адамның құқық нормаларын бұзғандығы үшін кінәлігі дәлелденсе.
Сала – аралық принциптер – бірнеше таяу құқық салаларының ерекшелігін көрсететін басқарудың басы.... Мысалы, қылмыстық –процессуалдық және азаматтық процессуалдық салалар үшін салааралық принциптерге мыналар жатады:
а) қылмыстық және азаматтық істерді қарағандағы коллегияльдық (ұжымдық);
б) Соттық сараптаудың ашықтығы;
в) азаматтық процессуальдық және қылмыстық процессуальдық құқықтағы пікірталас;
Құқықтың салалық принциптері нақты құқық саласының көбірек мәнді белгісін сипаттайтын негізгі басқарушы бастама.
Сондай –ақ, азаматтық құқық үшін салалық принциптерге жататындар: келісімнің еркіндік принципі; онда азаматтардың, заңды тұлғалардың келісімі негізінде және заңға қайшы емес, кез келген келісім жағдайларын жеке іске басқа адамның кірісуін жібермеу принципі; азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықты іс жүзіне асыруға қарсылықты болдырмау қажеттілігі принципі.
Қылмыстық құқықтың салалық принципіне жатқызуға болатын кінә принципі , қылмыстық жауапкершілікті жекешелендіру.
Құқықты кейіптеу – оны арнайы жіктеу, ол әртүрлі негізгі тәсілдер тұрғысынан жүргізіледі.
Бірінші формациондық қалыптағының басты белгісіне әлеуметтік –экономикалық белгілер жатады, бұл жағдайда құқықтың кейпі ретінде бірлікте
алынған көбірек маңызы бар (кейіптегі) оның ерекшелігі және сол бір қоғамдық –экономикалық формацияға жататын белгісі алынады.
Қоғамдық – экономикалық формацияға қоғамның тарихи кейпі ретінде, сол не басқа өндіріс жолына негізделгендігі көрінеді.
Бір қоғамдық – экономикалық формациядан басқасына өту, уақыты өткен өндірістік қатынастар нысанын ауыстыру мен оларды жаңа экономикалық құрылыспен ауыстыру нәтижесінде болады. Экономикалық базисті саналы ауыстыру, түпкілікті өзгерістерге әкеліп соғады, оның ішінде мемлекет пен құқықта да өзгеріс болады. Бұл принцип маркстік –лениндік кейіптеудің негізіне жатады.
Тарихи кейіп, құқықтың мәні экономикалық қатынастардан заңдылықтағы тәуелділікте болғанда байланысады, себебі ол қоғам дамуының белгілі кезеңінде үстемдік етеді. Құқықтың тарихи кейпі барлық мемлекеттердің таптың мәнінің бірлігіндегі құқықтық қондырғыны көрсетеді және олардың сол кейіптегі үстемдікпен қамтамасыз етілген жалпы экономикалық негіздегі өндіріс құралдарына меншігін көрсетеді.
Құқықтық кейіп, тек сонда ғана анықталады, егер қандай экономикалық базис бұл құқықты қорғайтындығы, қандай үстем тапқа қызмет ететіні белгілі болса. Мұндай тәсілде құқық таптық белгілеуге түседі, яғни экономикалық жағынан үстемдіктегі таптың диктатурасының құралы ретінде көрінеді.
Формациялық белгі, құқықтың маркстік кейіптеуінде, оның негізі ретінде құқықтың үш түрлі қанаушылық кейпін бөліп көрсетеді: құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және ақырғы тарихи кейіп – социалистік құқық, ол теориялық негізде таяу арадағы тарихи дамудағы жетістіктерге сай қоғамдық коммунистік өзін-өзі басқаруға жалғасуы көзделген.
Құқықтың кейіптелуі басқа тәсілдердің қалпында нақтылы –географиялық, ұлттық – тарихи, діни, арнайы – заңдылық және басқа белгілердің негізінде жүргізіледі. Айтылған белгілерге сай былай бөлінеді:
Ұлттық құқықтық жүйе – нақтылы – тарихи құқықтардың заңды тәжірибенің және жекелеп алынған мемлекеттердің құқықтық идеологиясының үстемдігінің жиынтығы.
Құқықтық отбасылар – қайнар көздерінің, құқықтың құрылымының және оның қалыптасуындағы жолдардың жалпылығының негізінде бөлінетін белгілі құқықтар жүйесінің жиынтығы.
Мынандай құқықтық отбасыларын айтуға болады: жалпылама құқық, роман –германдық , славяндық, мұсылмандық, индустық және басқалар.
Құқықтық реттеу әлеуметтік реттеудің бір бөлігін құрады (адамдардың тәртібіне мақсатты бағытталған ықпал, мақсаты қоғамдық қатынастарды тәртіпке келтіру, жеке адам мен адамдар бірлестігінің қажеттіліктері мен мүдделерін келістіруге жету) және тұтас жүйелердің және құралдардың көмегімен іске асырылады.
Әлеуметтік реттеу құралына әлеуметтік нормалар жатады: құқықтық (заңды), моральдік, корпоративтік, діни, саяси, экономикалық т.с.с.; жекелеген
ұйғарымдар, билік нұсқауы, мәжбүрлеу шаралары. Әлеуметтік реттеудің жолына міндеттеуді, рұқсат беруді, тыйым салуды жатқызу көзделген.
Құқықтық реттеу әлеуметтік реттеудің ерекше бөлігін құрайды, адамдардың тәртібіне және қоғамдық қатынастарға мақсатты ықпал жасау түрі, құқықтық (заңды) құралдардың көмегімен көрінеді.
Айтылғандардың ерекше маңыздылығы, ең алдымен, сол мемлекеттің аумағында тұратын барлық адамдар үшін, құқықтық ұйғарымдардың жалпыға міндеттілігімен белгіленеді және құқықтық нормалардың ережелерінің нормаларын орындамағанда мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану мүмкіндігі.
Құқықтық реттеу қоғамдық қатынастарға жайылады, онда қоғам мүшелерінің жекелеген және жалпыәлеуметтік мүдделері көрініс табады, сонымен қатар олардың қатынасушыларының бір-біріне деген мүдделері іске асырылады.
Қоғамдық қатынастар белгілі тәртіпті орындау келісімінің негізінде және бұл тәртіптің жалпыға міндеттілігін мойындағанда құралады, ол мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен бекітілген.
Осы белгілерге минимум үш топтағы қоғамдық қатынастар сай келеді, олар құқықтық реттеу аясына кез болады.
Бірінші топты құратындарға материалдық және материалдық емес бағалы заттарды айырбастайтын адамдардың қатынастары жатады. Екіншісін – қоғамды билікпен басқаратын қоғамдық қатынастар құрайды, үшіншісіне құқықтық тәртіпті, бағалы заттарды айырбастау процессінің жөнді жүргізілуін , қоғамды басқару процессін қамтамасыз ететін қатынастар кіреді.
Бұл топқа кіретін қоғамдық қатынастар құқықтық реттеу пәнін құрайды.1
Қоғамдық қатынастардың әртүрлілігі, әсіресе құқықтық реттеу аясына кіретіндер заңды ықпал жасаудың әдістері мен жолдарында әртүрлілік туғызады.
Құқықтық реттеу әдісі – бұл құқықтық реттеу жолдарының заңды жиынтығы «... совокупность юридических способов правового
регулирования»2 Орталықтанбаған реттеу жолы - қоғамдық қатынастардағы жақтардың мақсаттары мен мүдделерін ретке келтіру үшін құрылған және жеке құқықтық сипаттағы салаларда, ең алдымен өзінің жеке мүддесін қанағаттандыратын азаматтық қоғам субъектілерінің қатынасындағы тәртіпті белгілеуге қолданылады.
Орталықтанған (императивтік) реттеу әдісі - қоғамдық қатынастарға қатынасушылардың арасындағы субординациялық (бағыну) қатынастарына негізделеді. Оның көмегімен артықшылық болып есептелетін, жалпыәлеуметтік (жалпымемлекеттік) мүдделер қатынастары реттеледі.
Орталықтанған, императивтік әдістер көпшілік – құқықтық салаларда пайдаланылады - конституциялық, әкімшілік және қылмыстық құқықта.Құқықтық реттеу жолы - қоғамдық қатынастарды рттеу тәсілі. Құқықтық реттеудің мынандай жолдары бар:
Позитивті міндеттеу- жеке адамдарға ( субъектілерге) белсенділік тәртіпті міндеттеуді кіргізу;
Рұқсат беру (дозволение) - жеке адамдарға және өзінің белсенді әрекетіне құқық беру;
Тыйым салу – адамдарға заңмен тыйым салынған әрекетті жасамауға міндеттілік енгізу.
Көтермелеу және ұсыныс беру – құқықтық реттеудің толықтырылған жолы, ол құқықтық тәртіпке қызығушылықты қолдайды.
Тыйым салу және рұқсат беруді жанастыруға байланысты, мемлекетпен құқық теоретиктерімен, екі негізгі реттеу кейпі бөлініп шығады:
Жалпы рұқсат беретін реттеу – құқықтық реттеу кейпі, соның негізінде жалпы рұқсат беру, принципімен жүргізіледі.
Тыйым салу арқылы реттеу - құқықтық реттеу кейпінің негізінде жалпы тыйым салу мына принцип бойынша жүргізіледі: «запрещено все, что прямо не разрешено законом», яғни заңмен тікелей рұқсат етілмегендердің бәріне тыйым салынады.
Қоғамдық қатынастарды реттеу, құқық нормаларының ұйғарымдарын шын өмірге кіргізу, көптеген кедергілерге кездесуде.
Табиғи және жасанды сипаттағылар, құқықтық нормалардың шын мәніндегі әрекеттілікті алуға, заңдағы жәй жиылған сөзден шын әрекеттегі қоғамдық қатынастарды реттеушіге айналдыруға кедергі келтіреді.
Мысалы кедергі жасайтын фактордың басқаруға келетіндігіне не келмейтіндігіне байланысты оларды бөледі: а) басқаруға берілетін кедергілер (құқықты қолдану жетімсіздігі, заңдардағы ақтаңдақтар, коллизиялық т.б. , оларды басқару процессінде жөндеуге болады және мақсатты бағытталған жөндеуге келеді); б) басқаруға берілмейтін кедергілер. Оларға стихиялық қиындықтар, табиғи құбылыстар, ауа –райының қолайсыздығы және басқа басқаруға мүмкіндік бермейтін факторлар жатады.
Тек бір ғана әдіске сүйеніп, құқықтық реттеу құралы қоғамдық қатынастардағы қажетті нәтижеге жетуі мүмкін емес. Сондықтан мемлекет пен құқық теориясында және салалық заң пәндерінде құқықтық реттеу (механизімі) тетігі түсінігі бар. Ол дегеніміз, құқықтық құралдардың жүйесі, яғни құқық субъектісінің мүддесін қанағаттандыру мақсатында көбірек бірізділікпен ұйымдастырылған.
Құқықтық реттеу механизімінің негізгі принциптеріне мыналар жатады:
Құқықтық реттеу тетігіне кіретін құқықтық құралдардың жүйелілігі.
Құқықтық реттеу тетігі бір ғана құқықтық құралдан емес бірнешеуден тұрады және өзінің жиынтығымен (жүйеде) құқық субъектісіне кедергі жасайтындарды көбірек тиімді жеңуге мүмкіндік береді және өз қажеттілігі мен мүдделерін қанағаттандырады.
Құқықтық реттеу тетігінің мақсатты бағыты:
Бұл басты, мазмұнды белгі, бұл категорияның маңыздылығы сонда, ол құқықтық реттеу тетігінің ролін түсіндіруші және көрсетуші, яғни құқық субъектісінің мүддесін іске асырудағы кездесетін кедергілерді алып тастайтын мүмкіндігін көрсетеді.
Құқықтық реттеу тетігіне кіретін құқықтық құралдардың ұйымдасқандығы.
Құқықтық реттеу тетігін құратын құқықтық құралдар жүйесі, құқықтық реттеушіні аз пайдаланып ең сапалы және тиімді түрде қоғамдық қатынастарды реттеуге жету, оған құқық субъектілері кіреді:
Сонымен бірге, құқықтық реттеу тетігінің белгілі ішкі құрылысы бар, оның бөліктері ретінде мыналар көрінеді:
Құқық нормалары. Құқықтық реттеу тетігінің бұл элементі (бөлігі) құқықтық реттеу аясындағы қоғамдық қатынасқа қатынасушылардың жалпы және заңды міндеттегі тәртіп жолдарын белгілейді.
Құқық нормаларының қоғамдық қатынастарға басты реттеуіштік ықпалы мынадан көрінеді - өзінің ықпал ететін субъектілердің ортасын белгілейді; берілген субъектілердің, оның ұйғарымын басшылыққа алатын жағдайларды қалыптастырады; көрсетілген жолды бұзғаны үшін заңды жауапкершілік шарасын белгілейді.
Құқық нормасы - құқықтық реттеу тетігінің басты бөлігі, оның негізін белгілейді және құқықтық тәртіптің нақтылы қоғамдық қатынастарда бағдарланған бағытын (моделін) анықтайды.
Құқықтық қатынас - құқықтық реттеу тетігінің элементі, оның көмегімен құқықтың субъектілерінің арасындағы байланыстар, субъективтік құқық пен заңды міндеттілік іс жүзіне асырылады.
Құқықтық қатынастар құқық нормаларында бекітілген жалпы, өзгешелігі жоқ құқықтарды, нақтылы және бір – біріне байланысты құқықтарға және жекешеленген субъектілердің (адамдар мен ұйымдардың) құқықтарына айналдырады, соған байланысты олар өз тәртібін жөндеуге міндетті.
Заңды құқықтар мен міндеттерді іске асыру актілері – бұл құқықтық қатынастар субъектілерінің, олардың құқығы мен міндеттерін іске асырудағы шын мәніндегі тәртібі. Осы актілердің көмегімен құқықтық реттеудегі мақсат орындалады, өкілетті және міндетті адамдардың нақтылы заңдылық мүдделері қанағаттандырылады.
Құқықтың, экономиканың және саясаттың арақатынастары жөніндегі мәселелер заң ғылымында, тұтасымен гуманитарлық пәндерде, қызық және даулы мәселелерге жатады.
Көптен бері ғылыми ортада құқықтың экономикаға кірісуі қажетті ме , егер қажетті болса қандай мөлшерде, деген қатаң түрдегі таластар орын алып отыр.
Кейбір көзқарастар бойынша, құқық экономикаға араласпауы керек, яғни экономика өзінің ішкі заңдылығына сәйкес дамуы керек. Бұл теория өзінің таралуын XVIII ғасырдың аяғы мен – XIX ғасырдың басында алды. Ондай
көзқарастардың мәнін А. де Токвиль айтқан: «Самой большой заботой правительства должна стать забота о том, чтобы приучить народы обходиться без него», яғни үкіметтің ең үлкен жұмысы, халықты онсыз болуға үйрету деген. Ондай көзқарастар XIX ғасыр бойы үстемдік етті.
Басқа тәсілдегі жақтаушылардың өкілдері, керісінше құқықтың экономикаға араласып оны реттеуді жақтады. Осы көзқарастар Совет мемлекетіндегі әрекеттерге бастаушы болды, «мыңдаған ұсақ түйектерді» бағдарлау саясаты іс жүзіне асырылды. Мемлекет экономикалық процесстердің бәріне араласып, барлық деңгейде, жоғарыдан төменге дейін, яғни нақтылы заводтар мен совхоздармен басқаруға ұмтылды.
Дегенмен (планды) бағдарламалы шаруашылық істері азаматтардың қажеттілігін толық қамтамасыз етуге бағытталмады, жарияланған өндіріс күштерінің пропорциональді гормониялық өсуі болмады. Мемлекеттің ықпалы өндірісті, айналымды және тұтынуды қамтыды. Мемлекеттің экономикалық әрекеті тек заңмен емес партиялық директивалармен, қосымша актілермен басқарылды. Нормативті актілер адамды – адам қанауын болдырмады, бірақ көпке – көрнеу мемлекеттің адамды қанауына жол берді.
Жоғарыдағы көрсетілген тәсілдер құқықпен экономиканың арақатынасы жөнінде даулы мәселелер.
Егер бірінші көзқарасты ұстасақ (ол бойынша құқықтың экономикаға араласуының тиімді еместігін), онда өндірістік мүдделер, әртүрлі материалдық ынталандыру, адамдардың әлеуметтік қорғалуын төмендетеді.
Егер екіншіні қолдасақ (онда құқық экономикалық аяның реттеушісі) онда, тарих көрсеткендей, жөнді қызмет жасап тұрған экономикамен бірге кейін сөнеді.
Теориялық жағынан, көптеген ғалымдармен екеуаралық «промежуточные» экономика мен құқық туралы арақатынастар үстемдікке ие болуда.
XX ғасырдың басында либеральдық мектеп кең тарай бастады, оның жақтаушыларының бірі Ф. Хайектің пікірі бойынша экономика мен құқықтың әрекеттесуіндегі артық құрал – құқықтық құралдармен жөнді экономикалық бәсекелестікті қамтамасыз ету. Бәсекелестік тиімді болу үшін түпкілікті ойластырылған заңды қалып қажет, ал кей кездерде, белгілі үкіметтік ұйымдастырушылық қажет. Сонымен қатар, қандай болмасын бағаны тексеру не сол басқа товарлардың санын тексеру талабы бәсекелестіктен тиімді келісімділіктегі жекешелік күш жұмсауын алып қояды. Мемлекетпен көптеген, әртүрлі жағдайларға қолданылатын тәртіпті белгілеу тежеліп, жекелеген адамдарға барлық жағынан еркіндік берілуі керек, ол жағдайлар әр жердің ерекшелігіне байланысты.
Бүгінгі күні ресей ғалымдары, сондай-ақ В.В. Лазаревпен құқықтық нысандарды пайдалануға, базарға жылжуды қамтамасыз етуге және құқыққа, құқықтық мемлекетке ұмтылуға кейбір бағыттарды жасады және қалыптастырды:
Экономикалық дамудың мақсатын белгілеу. Мұны әртүрлі жасауға болады. Оның ішінде мынандай тәсіл: заңды тәртіпте барлық мақсатты жазбай, азаматтарға және олардың бірлестіктеріне «неге тыйым салынбаса, соған рұқсат етілген» (А.Т.) принципі негізінде өз дегендерін істеуге мүмкіндік беру қажет. Тыйым салу сондай мақсаттарға белгіленеді, егер өз табиғатына құралдарымен жету, гуманизмге қарсы.
Достарыңызбен бөлісу: |