«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 016 жылғы сңуірдегі №480-v заңы



жүктеу 0,96 Mb.
бет1/4
Дата22.05.2018
өлшемі0,96 Mb.
#16061
  1   2   3   4

Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»

Документ: ҚР 2016.06.04 № 480-V ЗАҢЫ

Дата: 16.10.2017 18:53:56


Қазақстан Республикасының
Заңы

Құқықтық актілер туралы

(2017.11.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР



1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

3-бап. Құқықтық актілерге қойылатын жалпы талаптар. Құқықтық актілердің түрлері



2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ

4-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының жүйесі, оның тұтастығын қамтамасыз ету

5-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары

6-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары

2-БӨЛІМ. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

3-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

7-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi және туынды түрлерi

8-бап. Қазақстан Республикасының кодекстерiмен реттелетiн қоғамдық қатынастар

9-бап. Шоғырландырылған заңдармен реттелетін қатынастар

10-бап. Нормативтік құқықтық актілер сатысы

11-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң тiкелей қолданылуы

12-бап. Әртүрлi нормативтiк құқықтық актiлердiң құқық нормаларының қайшылықтары

13-бап. Заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығын пайдалану тәртібі

14-бап. Мерзімдерді есептеу

4-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫН ДАЙЫНДАУДЫ ЖОСПАРЛАУ

15-бап. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау жоспарлары

16-бап. Заңнамалық актiлердің жобаларын дайындауды жоспарлау

5-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫН ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ РЕСІМДЕУ

17-бап. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеушілер

18-бап. Нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу тәртібі

19-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен қабылдау ерекшеліктері

20-бап. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен қабылдау ерекшеліктері

21-бап. Нормативтік құқықтық актінің жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісу

22-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң деректемелері

23-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымы

24-бап. Нормативтiк құқықтық акт мәтiнiнiң мазмұнына және жазылу стилiне қойылатын талаптар

25-бап. Нормативтiк құқықтық актiлерде сiлтеме жасау және жазып келтіру

26-бап. Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу

27-бап. Нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу

28-бап. Нормативтік құқықтық актілерге қосымшаларды ресімдеу

29-бап. Заңнамалық актінің жобасын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне енгiзу және кері қайтарып алу

6-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ЖОБАЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ САРАПТАМАСЫ



30-бап. Ғылыми сараптаманың міндеттері

31-бап. Сараптаманы жүзеге асыратын адамдар мен ұйымдар

32-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын сараптамаға жiберу кезiндегi бастамашылық

33-бап. Нормативтік құқықтық актілердің ғылыми лингвистикалық сараптамасы

7-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІНІ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ

34-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау тәртiбiн айқындау

35-бап. Нормативтiк құқықтық актiлерге қол қоюға уәкiлеттік берілген адамдар

36-бап. Уәкілетті орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кезде нормативтік құқықтық актілерді өзгерту, толықтыру, олардың қолданысын тоқтату және тоқтата тұру жөніндегі құқықтар

8-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ЖАРИЯЛАУ



37-бап. Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау міндеттілігі

38-бап. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік-құқықтық актілерін ресми жариялау

39-бап. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларын, тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулыларын және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау

40-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердің мәтіндерін толық жарияламауға жол бермеу

41-бап. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің ресми жариялануын бақылау

9-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ УАҚЫТ, КЕҢІСТІК ЖАҒЫНАН ЖӘНЕ ТҰЛҒАЛАР ТОБЫ БОЙЫНША ҚОЛДАНЫЛУЫ



42-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң күшiне ену және оларды қолданысқа енгізу уақыты

43-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң керi күшi

44-бап. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволарының, сондай-ақ, мәслихаттардың, әкімдіктердің және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiн олардың күшiне енуінің шарты ретiнде мемлекеттiк тiркеу

45-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң қолданылу мерзiмi

46-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату

47-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң кеңiстiк жағынан қолданылуы

48-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң тұлғалар тобы бойынша қолданылуы

49-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығын қамтамасыз ету шаралары

10-тарау. МОНИТОРИНГ

50-бап. Құқықтық мониторинг

51-бап. Нормативтік құқықтық актілердің қоғамдық мониторингі

11-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ЖҮЙЕЛЕУ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУ

52-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi жүйелеу

53-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк есепке алу

54-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердің жариялылығы

3-бөлім. НОРМАТИВТІК ЕМЕС ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР



12-тарау. НОРМАТИВТІК ЕМЕС ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

55-бап. Нормативтік емес құқықтық актілердің түрлері

56-бап. Нормативтік емес құқықтық актілерді қабылдау шарттары

57-бап. Нормативтік емес құқықтық актілерге шағым жасау және наразылық білдіру

13-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРГЕ РЕСМИ ТҮСІНДІРМЕ БЕРУ АКТІЛЕРІ



58-бап. Нормативтiк құқықтық актiлерге ресми түсiндiрме беру актілері туралы жалпы ережелер

59-бап. Нормативтiк құқықтық актiлерге ресми түсiндiрме берудің шарттары

60-бап. Нормативтiк құқықтық актiлерге ресми түсiндiрме беруді жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, лауазымды адамдар

61-бап. Нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірме беру актілерінің құрылымы

62-бап. Нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірме беру актілерін жариялау

14-тарау. ЖЕКЕ-ДАРА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР



63-бап. Жеке-дара қолданылатын құқықтық актілер туралы жалпы ережелер

64-бап. Жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерге және оларды ресімдеуге қойылатын талаптар

65-бап. Жеке-дара қолданылатын құқықтық актілердің күшіне енуі және қолданылуын тоқтатуы

15-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР



66-бап. Өтпелі ережелер

67-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

 

Осы Заң Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, қабылдау, тіркеу, қолданысқа енгізу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданысын тоқтату, тоқтата тұру және оларды жариялау тәртібіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

 

 



1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) әзірлеуші орган - Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және басқа да нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құзыретіне сәйкес нормативтік құқықтық актілерді әзірлейтін мемлекеттік органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар;

2) ереже - қандай да бір мемлекеттік органның мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;

3) жеке-дара қолданылатын құқықтық акт - жеке-дара айқындалған тұлғалар тобына (жеке және (немесе) заңды тұлғаларға) қолданылатын, олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын және құқық нормаларын қамтымайтын, белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат;

4) заң - аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген негізге алынатын қағидаттар мен нормаларды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;

5) заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлер - заңнамалық және сатысы бойынша өзге де жоғары тұрған нормативтiк құқықтық актiлердің негiзiнде және (немесе) оларды орындау үшін және (немесе) одан әрі іске асыру үшін шығарылатын, заңнамалық актілер болып табылмайтын өзге де нормативтiк құқықтық актiлер;

6) заң жобасының тұжырымдамасы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасы бойынша заң жобасын әзірлеу қажеттігінің негіздемесін, оны қабылдау мақсаттарын және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де ережелерді қамтитын құжат;

2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



7) заңнамалық акт - Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң, конституциялық заң, кодекс, шоғырландырылған заң, заң, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжiлiсiнің қаулылары;

8) заң сараптамасы - нормативтік құқықтық актінің жобасын не қабылданған нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға сәйкестігі тұрғысынан тексеру;

9) заң техникасы - құқықтық актілерді ресімдеу тәсілдерінің, талаптары мен қағидаларының жиынтығы;

10) заң ұқсастығы - ұқсас қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдардың нормаларын реттелмеген қоғамдық қатынастарға қолдану;

11) кодекс - осы Заңның 8-бабында көзделген бiртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқық нормалары бiрiктiрiлген және жүйеге келтiрiлген заң;

12) конституциялық заң - Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 4-тармағында белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген мәселелер бойынша қабылданатын заң;

13) қағидалар - қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;

14) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi - нормативтiк құқықтық актiлердiң деректемелерiн және осы актiлер туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы басқа да мәлiметтердi қамтитын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алудың бiрыңғай жүйесi;

15) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкi - Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне олар туралы мәлiметтер енгiзiлген, қағаз жеткізгіштегі нормативтік құқықтық актілер жиынтығы және электрондық құжат нысанындағы нормативтік құқықтық актілердің электрондық жүйесі;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасы - белгіленген тәртіппен қабылданған нормативтiк құқықтық актiлер жиынтығы;

17) Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн заң - Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 3-тармағында және 91-бабының 1-тармағында бел гiленген тәртiппен қабылданатын заң;

18) құқық нормасы - реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберiнде көп мәрте қолдануға арналған, жеке-дара айқындалмаған тұлғалар тобына қолданылатын, тұрақты немесе уақытша сипаттағы жалпыға мiндеттi мінез-құлық қағидасы;

19) құқықтық акт - республикалық референдумда қабылданған не уәкілетті органдар қабылдаған, құқық нормаларын немесе жеке-дара билік ететін құқықтық нұсқамаларды қамтитын, белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат;

20) құқықтық мониторинг - осы Заңның 50 және 51-баптарына сәйкес жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасы заңнамасының жай-күйі және оны қолдану практикасы туралы ақпаратты үнемі бақылау, жинау, талдау жүйесі;

21) құқық ұқсастығы - заңнаманың мәнін, құқықтың жалпы қағидаттарын және құқықтың нақты салаларының қағидаттарын реттелмеген қоғамдық қатынастарға қолдану;

22) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын сақтау жөніндегі талапты белгілейтін және көрсетілетін қызметті берушілердің қызмет ету тәртібін, оның ішінде өзге де көрсетілетін қызметтерді берушілермен, халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;

23) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын нормативтік құқықтық акт;

24) нормативтік емес құқықтық акт - құқық нормаларын қамтымайтын, уәкілетті орган өз құзыреті шегінде шығарған (қабылдаған), жеке-дара айқындалған тұлғалардың заңнамада белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын не нормативтік құқықтық актіде қамтылған нормаларға түсіндірме беретін жазбаша ресми құжат, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілер;

25) нормативтiк құқықтық акт - республикалық референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган қабылдаған, құқық нормаларын белгiлейтiн, өзгертетiн, толықтыратын, олардың қолданысын тоқтататын немесе тоқтата тұратын, белгiленген нысандағы, қағаз жеткізгіштегі жазбаша ресми құжат және сонымен бірдей электрондық құжат;

26) нормативтiк құқықтық актiлердi кейiннен ресми жариялау - Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне сәйкестiгі тұрғысынан сараптамадан өткен нормативтiк құқықтық актiлердi баспа басылымында жариялау;

27) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі - осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу нөмірі мен деректемелері қамтылған жазбаша тізбе;

28) нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейi - нормативтiк құқықтық актiнiң нормативтiк құқықтық актiлер сатысында өзiнiң заңдық күшiне қарай алатын орны;

29) нормативтік құқықтық актінің заңдық күші - нормативтік құқықтық актінің тиісті қоғамдық қатынастарға қолданылу міндеттілігін, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерге қатысты басымдығын немесе қоса бағыныстылығын айқындайтын сипаттамасы;

30) нормативтік құқықтық актіні ресми жариялау - осы Заңда көзделген жағдайларда, нормативтiк құқықтық актiнiң толық мәтінін жалпыға бірдей мәлімет үшін электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, ресми баспасөз басылымдарында, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялау;

31) нормативтік құқықтық актіге ресми түсіндірме беру актісі - осы Заңның 13-тарауында көрсетілген талаптар мен шарттарға сай келетін, нормативтік құқықтық актіде қамтылған нормаларға түсіндірме беретін белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат;

32) нұсқаулық - қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында заңнаманың қолданылуын тиянақтайтын нормативтік құқықтық акт;

33) техникалық регламент - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын, өнімге және (немесе) олардың өмірлік циклі процестеріне қойылатын міндетті талаптар белгіленетін нормативтік құқықтық акт;

34) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, сондай-ақ осы мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық мәртебесiн айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өздерінің құзыретiне сәйкес құқықтық актiлерді қабылдауға құқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамдары (Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Парламентi, Парламент Палаталары, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, орталық атқарушы органдар, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, әкімдер, өзге де мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар);

35) уәкілетті ұйым - әзірлеуші орган әзірлеген және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізуге жататын заңнамалық актілердің жобалары бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің теңтүпнұсқалылығы бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптаманы жүзеге асыру жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйым;

36) шоғырландырылған заң - осы Заңның 9-бабында көзделген салалардағы (аядағы) сипаты жағынан кешенді қоғамдық қатынастарды реттейтін заң.

 

2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы



1. Осы Заң Қазақстан Республикасының құқықтық актілері жүйесін айқындайды, нормативтік құқықтық актілердің және нормативтік емес құқықтық актілердің құқықтық мәртебесінің аражігін ажыратады.

2. Осы Заң:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау, өзгерту, толықтыру және оның қолданылуын тоқтату тәртібін;

2) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын қабылдау, өзгерту, толықтыру және олардың қолданылуын тоқтату тәртібін;

3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту, толықтыру және тоқтату тәртібін;

4) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік және азаматтық процестік заңнамасында белгіленген жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерді қабылдау, өзгерту, толықтыру және олардың қолданылуын тоқтату тәртібін реттемейді.

 

3-бап. Құқықтық актілерге қойылатын жалпы талаптар. Құқықтық актілердің түрлері



1. Құқықтық актілер мынадай жалпы талаптарға сай келуге:

1) нормативтік немесе жеке-дара билік ететін құқықтық нұсқамаларды қамтуға;

2) республикалық референдумда не осы Заңда және өзге де заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен қабылдануға;

3) айқындалмаған тұлғалар тобына немесе жеке-дара айқындалған тұлғаларға арналуға;

4) қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталуға;

5) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерінің туындауына, оларды өзгертуге, толықтыруға немесе тоқтатуға бағытталуға тиіс.

2. Құқықтық актілер мынадай түрлерге:

1) нормативтік құқықтық актілерге;

2) нормативтік емес құқықтық актілерге бөлінеді.

 

 



2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ

 

4-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының жүйесі, оның тұтастығын қамтамасыз ету

1. Қазақстан Республикасы заңнамасының жүйесін Қазақстан Республикасының Конституциясы, оған сәйкес келетін заңнамалық актілер, өзге де нормативтiк құқықтық актiлер, оның ішінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары құрайды.

2. Қазақстан Республикасы заңнамасы жүйесінің тұтастығы:

1) нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібін сақтау;

2) Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Заңда бекітілген нормативтік құқықтық актілер сатысын сақтау;

3) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау арқылы қамтамасыз етіледі.

 

5-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары



1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана негізделеді және барлық өзге де нормативтік құқықтық актілер оларға қайшы келе алмайды.

2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары оларды қабылдауға негіз болған Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларының заңдық күшіне ие болады.

3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысында сот практикасы мәселелері бойынша түсіндірмелер қамтылады.

 

6-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары



1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту, толықтыру және тоқтату тәртібі арнайы заңмен айқындалады.

2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар оның заңдары алдында басым болады және халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде тікелей қолданылады.

 

 

2-БӨЛІМ. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР



3-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 


жүктеу 0,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау