САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ
ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕСІ
УЕ-АӘИУ-027-2017
АЛҒЫ СӨЗ
1. Университеттің құқықтық қамтамасыз ету және кадрлармен жұмыс
бөлімімен ӘЗІРЛЕНДІ ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛДІ
2 Әзірлегендер
Құқықтық қамтамамыз ету және кадрлармен жұмыс
бөлімінің бастығы Асабаев Ж.А.
Құқықтық қамтамасыз ету және кадрлармен жұмыс
бөлімінің инспекторы Даулетова Р.
3 Келісілді
Оқу және инновациялық технолоогиялар жөніндегі
проректор Мамаев Қ.С.
Сапа менеджмент жүйесі және аккредиттеу бөлімінің
меңгерушісі Шахабаев Е.
4 Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінің Ғылыми Кеңесінің
«_28__»_____06_____2017ж № _12__ мәжілісінде талқыланып мақұлданды
5 Енгізілді
2017 ж
6 Тексерілу мерзімі 2020 ж
Қызмет бабында пайдаланатын басылым
Шымкент, 2017ж.
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті
УЕ-АӘИУ-027-2017
Сапа менеджменті жүйесі
Ереже
Ішкі тәртіп ережесі
8 беттің 2-беті
1.ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
1.Бұл ереже АӘИУ-нің ҚР «Еңбек кодексі», «Білім туралы» колданыстағы
заң талаптарына және АӘИУ Жарғысына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа
қабылдау,
ауыстыру,
жұмыстан
босату,
қызметкердің
міндеті
мен
жауапкершілігін, жұмыс уақытын, демалыс уақытын, қызметкерді марапаттау
және тәртіптік шара қолдану, қызметке тағайындау, еңбек демалысына жіберу,
білімін жетілдіру және басқа да еңбек қатынастарын реттеудегі жергілікті
нормативтік кұжаты болып табылады.
1.2 Осы ереже АӘИУ –нің СМЖ құжаттарының құрамына кіреді.
2 СІЛТЕМЕЛІК ҚҰЖАТТАР
2.1 «Білім туралы»ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңы
2.2 ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 15 мамырдағы №251-III ЗҚР «Еңбек кодексі»;
2.3 Басқа нормативтің құқықтық актілерін;
2.4 Университет Жарғысын:
2.5 Осы Ережені басшылыққа алады.
3 АТАУЛАР, АНЫҚТАМАЛАР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР
АӘИУ- Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті
СМЖ - Сапа менеджмент жүйесі
4.ПРОЦЕДУРАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
4.1 Жалпы ережелер
4.1.1 Осы ереже талаптары АӘИУ қызметкерлерінің барлығына міндетті
болып табылады.
4.1.2 Осы ереже университеттің барлық қызметкерлерін және жаңадан
жұмысқа қабылданған кызметкерлерді таныстыруға университеттің құқықтық
қамтамасыз ету және кадрлармен жұмыс бөлімі жауапты.
4.1.3 Осы ереже АӘИУ-нің ректоры бекіткен күннен бастап күшіне енеді.
4.1.4 Ереженің мақсаты - еңбек тәртібін нығайту, еңбекті ұйымдастыру,
жұмыс уақыты тиімді пайдалануға мүмкіндік жасау, жұмыстың жоғары
сапалылығын арттыру.
4.2 Жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату тәртібі
4.2.1 АӘИУ-де еңбек етуге құқық еңбек шартын жазбаша түрде жасау
арқылы жүзеге асырылады. Еңбек шарт жасалғаннан кейін АӘИУ ректорының
жұмысқа қабылдау туралы бұйрығы шығарылады.
4.2.2 Кұрылымдық бөлім басшылары жұмысқа қабылдауға өтініш
білдірген тұлғаның құжаттарымен танысып, қызметтік нұсқауға, университет
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті
УЕ-АӘИУ-027-2017
Сапа менеджменті жүйесі
Ереже
Ішкі тәртіп ережесі
8 беттің 3-беті
ректорының шешіміне сәйкестігін анықтап кандидатурасын бос тұрған орынға
жетекші ректордың проректорларына ұсынады.
4.2.3 Жұмысқа қабылдау туралы соңғы шешімді АӘИУ ректоры
қабылдайды. АӘИУ ректорының бұрыштамасынан (шешімінен) кейін өтініші
жеке еңбек шарты негізінде жұмысқа қабылдану бұйрығын дайындау үшін кадр
бөліміне жіберіледі. Жұмысқа қабылдау бұйрығының жобасын дайындауда
құқықтық қамтамасыз ету және кадрлармен жұмыс бөлімі жұмысқа қабылданатын
қызметкерден төмендегідей жеке іс-құжаттарын талап етуге құқылы:
- еңбек шарты - 2 дана
- жеке іс кағазы - 1 дана
- Т-2 формасы жеке карточкасы - 1 дана
- төлқұжат, жеке куәлігінің көшірмесі - 2 дана
- анкета - 1 дана
- зейнетақы қоры келісім шартының көшірмесі - 2 дана
- 3-4 фотосурет - 3 дана
- еңбек кітапшасы (түп нұсқа), қосымша қызмет атқаратын ПОҚ үшін
нотариалды расталған еңбек кітапшасының көшірмесі;
- дипломдарының, куәліктің көшірмелері (тіркемесімен);
- ғылыми еңбектерінің тізімі;
- өмірбаяны;
- медициналық кітапша;
- алыс-жақын шет ел азаматтары үшін рұқсат қағазы немесе оралман
куәлігінің, ықтияр хаттың көшірмесі;
- әскери билетінің көшірмесі (әскери есепке алу жұмыстары жөніндегі
инспекторға тіркелу).
4.2.4 Қажетті құжаттар құқықтық қамтамасыз ету және кадрлармен жұмыс
бөліміне үш күннен кешіктірілмей өткізілуі тиіс. Қажетті кұжаттар құқықтық
қамтамасыз ету және кадрлармен жұмыс бөліміне уақтылы өткізілмеген жағдайда
бұйрық құжат өткізілген күннен бастап шығарылады.
4.2.5 Жұмысқа қабылдау АӘИУ ректорының бұйрығымен рәсімделеді.
4.2.6 Қызметке қабылданған немесе қызмет ауыстырған қызметкерді қажетті
нормативтік құжаттармен таныстыруға университеттің құқықтық қамтамасыз ету
және кадрлармен жұмыс бөлімі міндетті:
- бұйрықпен қол қойдырып таныстыруға;
- ұжымдық шартпен;
- қызметтік нұсқауымен;
- осы стандартпен;
- еңбек шартының бір данасын қол қойдырып беруге.
4.2.7 Қызметке қабылдау немесе қызмет ауыстыру барысында қызметкер
төмендегі нормативік құжаттармен танысуға міндетті және құқылы:
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті
УЕ-АӘИУ-027-2017
Сапа менеджменті жүйесі
Ереже
Ішкі тәртіп ережесі
8 беттің 4-беті
- орындайтын қызметімен (жұмысымен), оның талаптарымен және еңбек
ақысымен;
- атқаратын қызметіне сәйкес міндеттерімен және құқықтарымен;
- университет ережесімен;
- қауіпсіздік техникасының ережелерімен, өндірістік санитариямен және
еңбек гигиенасымен, өрт кауіпсіздігін сақтау және еңбекті қорғаудың басқа да
ережелерімен;
- Сапа менеджмент жүйесі бойынша университет стандартымен.
4.2.8 Еңбек шартын тоқтату немесе бұзу Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңдарда қаралған негіздер бойынша ғана орындалады. және ол
университет ректорының бұйрығымен рәсімделеді.
4.2.9 Еңбек шарттың тоқтату немесе бұзу негіздері:
- мерзімнің бітуіне байланысты;
- тараптардың келісімі бойынша;
- талаптардын бірінің бастамасы бойынша.
4.2.10 Еңбек шарты тараптардың бірінің бастамасымен бұзылуы мүмкін, егер
бір тарап екінші тарапқа жазбаша еңбек шарты бұзылған кезге дейін бір ай бұрын
ескерткен жағдайда.
4.2.11 Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу ҚР Еңбек
кодексінің 54 бабының талаптарына сай жүзеге асырылады. Еңбек шарты
кодекстің 54-шы бабына сай бұзылған жағдайда кызметкерді алда шарттың
бұзылатыны туралы ескерту талап етілмейді.
4.2.12 Жұмыстан босатылу бұйрығы шықкан күні кету қағазын толтырып
өткізгеннен кейін еңбек кітапшасына тиісті жазбасы түсіріліп, еңбек кітапшасы
қол қойдырылып қызметкердің өз қолына беріледі.
4.3 Университет қызметкерлерінің негізгі міндеттері
4.3.1 Еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде
жазылған еңбек міндеттерін адал орындауға.
4.3.2 Еңбек тәртібін сақтауға.
4.3.3 Жұмыс кезінде жұмыс берушіге мүліктік зиян келтірмеуге.
4.3.4 Еңбек корғау, өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын орындауға.
4.3.5 Еңбек шартына сәйкес өзіне сеніп тапсырылған қызметтік,
коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайын мәліметтерді
жария етпеуге.
4.3.6 Адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлер
мүлкінің сақталуына қатер төндіретін ахуал туындағаны туралы хабарлауға.
4.3.7 Зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы қорынан басқасына аударған
кезде міндетті зейнетақы есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы
жинақтаушы зейнетақы қорымен шарт жасасқаны жөнінде жұмыс берушіні
хабардар етуге.
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті
УЕ-АӘИУ-027-2017
Сапа менеджменті жүйесі
Ереже
Ішкі тәртіп ережесі
8 беттің 5-беті
4.3.8 Өзінің кәсіби біліктілігін үнемі жоғарылатып отыруға.
4.4 Университет әкімшілігінің негізгі міндеттері
4.4.1 Қазақстан Республикасының "Еңбек кодексі", "Білім туралы"
қолданыстағы заңдарының, сондай-ақ АӘИУ Жарғысының, тиісті тәртіппен
белгіленген Регламенттер, ережелерінің талаптарына сәйкес жағдайларын
қамтасамыз етуге.
4.4.2 Қызметкер өкілдерінің ұсынысын қарауға, келіссөздер жүргізуге.
4.4.3 Қызметкерлерді жұмысқа қабылдаған кезде онымен еңбек шартын
жасасуға, еңбек, ұжымдық шартпен және жұмыс берушінің актілерімен
таныстыруға.
4.4.4 Жалақыны және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық
актілерінде, көлемінде төлеп тұруға.
4.4.5 Қызметкерге жыл сайын ақылы еңбек демалысын беруге.
4.4.6 Қызметкерді еңбек міндеттерін орындауы үшін қажетті құралдармен
және материалдармен қамтамасыз етуге
4.4.7 Қызметкердің еңбек міндеттерін атқаруы кезінде оның денсаулығы мен
өміріне зиян келтіргені үшін жауапкершілікті сақтандыруға.
4.4.8 Жұмыс орындары мен технологиялық процестерде қатердің алдын алу
жөнінде шаралар қолдануға, өндірістік және ғылыми техникалық прогрессті
ескере отырып, профилактикалық жұмыстарды жүргізуге.
4.5 Жұмыс уақыты және оны пайдалану
4.5.1 Жұмыс уақытының басталуы, және аяқталуы және түскі үзіліс
уақыттары келесі тәртіппен белгіленеді және жұмыс уақыты аптасына 40 сағаттан
аспауы тиіс.
4.5.2 Оқу процесіне қатысты қызметкерлер үшін:
- оқу процесін үздіксіз жүргізу мақсатында, оқытушы-профессорлар құрамы
және оқу-көмекші құрамы қызметкерлері үшін аптасына 5 күндік жұмыс күні.
Демалыс күні сенбі, жексенбі. Жұмыс кұрылымдық бөлім басшыларының
ұсынысымен АӘИУ ректоры бекітеді және жұмыс графигі катаң сақталуы тиіс.
- жұмыс күнінде оқытушы профессорлар құрамы оқу жүктемесін
орындаумен
қатар,
оқу-әдістемелік,
ғылыми-шығармашылық,
тәрбиелік
жұмыстарды және кафедраның қоғамдық жұмыстарын жүргізуге тиіс.
- оқытушы-профессорлар құрамы университеттен тыс қосымша жұмыстарға
кафедра меңгерушісі, факультет деканының және оқу және инновациялық
технологиялар жөніндегі проректорының келісімімен жіберілуі тиіс.
4.5.3 Әкімшілік басқару, ғылыми құрам және бөлімдер үшін:
- аптасына 5 күндік жұмыс күні, демалыс күндері -сенбі, жексенбі;
- жұмыстың басталуы -9.00
- жұмыстың аякталуы -18.00
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті
УЕ-АӘИУ-027-2017
Сапа менеджменті жүйесі
Ереже
Ішкі тәртіп ережесі
8 беттің 6-беті
- түскі үзіліс -13.00-14.00
4.5.4 Тиісті реттерде жұмыс күнінің ұзақтығы, университет басшылығы
бекіткен тиісті жұмыс уақытының апталық және есепке алатын уақыгтағы
ұзақтылығы сақталған ауысу (смена) кестесімен белгіленеді.
4.5.5 Қызметкер өзінің кызметіне залал келмейтін немесе жағдайлар болғанда
жұмыстан сұрануға төмендегі тәртіппен рұқсат алуға мүмкіншілігі бар:
- 3 сағатқа дейін тікелей басшысынан;
- жұмыс күніне дейін жетекшілік жасайтын университет проректорынан;
- 1 жұмыс күнінен артық мерзімге тек ақысыз демалыс немесе еңбек
демалысы есебінен сұрай отырып, жазбаша өтініш беруі тиіс.
4.5.6 Қызметкер үйленген (тұрмысқа шыққан) реттерде немесе жақын туысы
қайтыс болған реттерде бес күндік ақысыз демалыс алуға құқы бар.
4.5.7 Қызметкер ауырып калған реттерде міндетті түрде тікелей басшысы
жазбаша түрде құқықтық қамтамасыз ету және кадрлармен жұмыс бөліміне
хабарлама жасауға міндетті.
4.5.8 Қызметкер жұмыс күнінде алкогольдік, нашақорлық масаңдық немесе
өзге де жағынан улану жағдайын туғызатын заттарды пайдалану болған реттерде,
дәлелді себептерсіз жұмыс орнында болмаған деп саналып, ҚР Еңбек кодексіне
сәйкес тәртіптік шара колданылуы тиіс.
4.6 Демалысқа шығару тәртібі
4.6.1 Қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек демалыстарын берудің кезектілігі
еңбек, ұжымдык шарттарда белгіленген талаптарға сай белгіленеді.
4.6.2 Еңбек демалысына дәл келетін мереке күндерін есептемегенде, жыл
сайынғы кезекті еңбек демалыстарының ұзақтығы күнтізбелік күндермен
есептелініп, кезекті еңбек демалыс кестесі бекітіліп сәуір айынан кешіктірілмей
құқықтық қамтамасыз ету және кадрлармен жұмыс бөліміне өткізіледі.
4.6.3
Құрылымдық
бөлім
басшылары
бекітілген
кезекті
еңбек
демалыстарының, кестесімен қызметкерлерді таныстырып, дәлелді себептермен
еңбек демалыс кестесі өзгертілетін жағдайда құқықтық қамтамасыз ету және
кадрлармен жұмыс бөліміне жазбаша түрде ескертуі тиіс.
4.6.4 Бекітілтен кезекті еңбек демалыс кестесіне сәйкес АӘИУ ректорының
бұйрығы шығарылады.
4.6.5 Еңбек демалысына ақы төлеу ол басталғанға дейін күнтізбелік үш
күннен кешіктірілмей жүргізілуі тиіс.
4.6.6 Қатарынан екі жыл бойы еңбек демалысын бермеуге тыйым салынады.
4.6.7 Тараптардың келісімі бойынша қызметкерге оның өтініші негізінде
жалақысы сакталмайтын ақысыз демалыс берілуі мүмкін.
4.6.8 Білім беру ұйымында оқитын кызметкерлерге емтихандар тапсыру,
диплом жобасын (жұмысын) дайындау және қорғау, бітірушілер емтихандарын
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті
УЕ-АӘИУ-027-2017
Сапа менеджменті жүйесі
Ереже
Ішкі тәртіп ережесі
8 беттің 7-беті
тапсыру кезінде ақы төленетін немесе акы төленбейтін қосымша демалыс
беріледі.
4.7 Қызметкерлерді марапаттау тәртібі
4.7.1 Қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, білімнің және ғылымның
даму сапасын көтеруде атқарған адал қызметі және басқа да жетістіктері үшін
АӘИУ ректорының төмендегідей марапаттау шаралары қолданылады:
- бұйрықпен алғыс жариялау;
- құрмет грамотасымен марапаттау;
- ережеге сәйкес ақшалай сый ақымен марапаттау.
4.7.2Марапаттаулар
АӘИУ
ректорының
бұйрығымен
жарияланып,
қызметкердің еңбек кітапшасына жазылады.
4.7.3 Қызметтегі ерекше жетістіктері және көп жылдық еңбектері үшін
университет қызметкерлері АӘИУ Ғылыми Кеңестің шешіміне сай ректордың
бұйрығымен бекітілген арнайы комиссияның шешімімен Білім және Ғылым
Министрлігінің марапаттауына, ҚР мемлекеттік наградаларымен марапаттауға
және құрметті атақтар алуға ұсынылады.
4.8 Қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану шаралары
4.8.1 Еңбек тәртібін бұзғаны үшін, яғни қызметкердің кінәсін оған жүктелген
еңбек міндеттерінің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін жұмыс
беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 72 бабына сәйкес тәртіптік
жазалар қолдануға құқы бар:
- ескерту жасауға;
- сөгіс беруге;
- қатаң сөгіс беруге;
- осы заңның 54-бабына сәйкес еңбек шартын бұзуға құқылы.
4.8.2 Заңда көзделмеген тәртіптік жазалау шараларын қолдануға жол
берілмейді.
4.8.3Тәртіптік
жаза
қолданылатын
қызметкерден
жазбаша
түрде
түсініктемесі талап етіледі, тәртіптік жаза АӘИУ ректорының бұйрығымен
беріледі және қызметкер бұйрықпен таныстырылады.
4.8.4Тәртіптік жазаның қолданылу мерзімі оны қолданған күннен бастап
алты айдан аспауы тиіс.
4.9 Іссапарға жіберу тәртібі
4.9.1Қызметтік іс-сапарлар ҚР БжҒМ келген хатгар, ЖОО-нан және басқа
да ұжымдардан келген шақыру хаттарына сәйкес құрылымдық бөлім
басшысының жазған қызмет хаты және қызметкердің өтініші негізінде жіберіледі.
4.9.2Іс-сапарға жіберу туралы кызмет хатта міндетті түрде керсетілуі тиіс:
іс-сапардың мақсаты;
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті
УЕ-АӘИУ-027-2017
Сапа менеджменті жүйесі
Ереже
Ішкі тәртіп ережесі
8 беттің 8-беті
- іс-сапарға баратын жері, мекеменің толық аталуы;
- іс-сапар мерзімі;
- іс-сапар шығыны кімнің есебінен төленетіні;
- іс-сапар мерзімінде уакытша міндетін жүктеу туралы.
4.9.3 Іс-сапарға жіберу туралы қызмет хатқа негіз болатын хаттар және
қажет болған жағдайда іс-сапар шығынын бекітілген сметасы қосымша тіркелуі
қажет.
4.9.4
Қызмет
хатта
жетекші
бөлім
басшылары
және
жетекші
орынбасарларының келісімдері алынып, жалпы бөлімге тіркеледі. АӘИУ
ректорының бұрыштамасынан (рұқсатынан) кейін іс-сапарға жіберу туралы
бұйрығы шығарылады.
4.9.5 Бұйрықтың көшірмесі есеп-қисап бөліміне беріледі.
4.9.6 Құқықтық қамтамасыз ету және кадрлармен жұмыс бөлімі іс-сапарға
жіберу куәлігін журналға тіркеп қызметкерге қол койдырып береді.
4.9.7Іс-сапардан келген қызметкер келу-кету белгісі қойылған іс-сапар
куәлігін және бекітілген формаға сәйкес іс-сапардың нәтижесі бойынша есебін
жазып, жетекші орынбасарлар бекітеді.
4.9.8 Бес күннен кешіктірмей есеп-қисап бөлімінен толық есептесуі керек.
КЕЛІСІЛДІ
Достарыңызбен бөлісу: |