- Диссоциация кезінде металдар ионы және сутегі ионы үнемі оң зарядталған, ал қышқыл радикалы мен ОН тобы – теріс зарядталады
- Электролиттік диссоциация
- Электролитте иондар хаосты қозғалады, бірақ электр өрісін тудырғанда қозғалыс сипаты реттелген түрге ие болады: оң иондар (катиондар) катодқа, теріс иондар (аниондар) анодқа қозғалады
- Электролиттегі электр тогы оң және теріс иондардың реттелген қозғалысы есебінен жүреді
- Иондар электродқа жеткенде не болатынын қарастырайық (тотияйын тұзы- мыс купоросы)
- Мыстың оң ионы катодқа жақындап, жетпеген екі электронды алып, металл мысқа айналады.
- Электролит арқылы ток өткен кезде катодқа таза мыс қонады – мыс купоросы немесе электролиз тотияйын тұзының ерітіндісінде жүреді.
- Электролит арқылы ток өткен кезде электродтарда зат бөлініп шығу процесі электролиз деп аталады
- Сульфат - ионы SO42- , анодқа келеді де артық екі электронын береді
- Майкл Фарадей 1834 жылы осы құбылысты бақылап, екі заңын тұжырымдады
- Майкл Фарадей (1791 – 1867)
- электромагнитной индукция, электролиз заңдарын;
- Электр және магнит өрістерінің өзара әсері мен түрленуін ашты
- Электролиздің бірінші заңы
- Электролиз кезінде электродтарда бөлініп шыққан зат массасы электролит арқылы өткен зарядқа тура пропорционал.
- k – заттың электрохимиялық эквиваленті, кг/Кл
- Егер q = I t, екенін ескерсек онда
- Фарадейдің екінші заңы былай тұжырымдалады: Әр түрлі электролит ерітінділері арқылы бірдей мөлшерде электр тогы өткенде бөлінетін заттардыц химиялық эквиваленті бірдей, мұны басқаша айтқанда кез келген заттың бір моль эквиваленттік үлесін ерітіндіден бөліп алу үшін ерітінді арқылы 96487 (96500) Кулон электр тогын жіберу қажет. Бұл санды Фарадей саны дейді де оны F әрпімен белгілейді.
- 1 моль-эквивалент затты бөліп алу үшін ерітіндіден 1А токты 26,8 сағат бойына өткізу керек, ал ток күші 2А болса, онда 13,4 сағат т. с. с.
- Зергерлік бұйымдар жасауда
- Гальваностегия – электролиз көмегімен металдан жасалған заттарды ауада тотықпайтын басқа заттармен қаптау
- (Ni, Cr, Zn, Ag, Au, Cu …)
- Гальванопластика –электролиттік әдіспен дененің бетіне металды қондыру арқылы көшірме алу(мыс)
- Электролизді қолдану басқа салаларда да кездеседі:
- -оксидті қорған металл бетіне пленка қаптау (анодтау); -металл бетін электрохимиялық өңдеу; (полировка); -металмен электрохимиялық бояу (мыспен, латунмен, хромдау т.б.); -суды тазарту;
- -электрохимиялық қайрау (хирургиялық пышақ, қайшылар).
- №1 есеп
- Электролиттен 5 А электр тогы өткенде 15 минут ішінде электродта қанша күміс түзілетінін анықтаңыз.
-
- №3 есеп
- Электролиттен 300 мА электр тогы өткенде электродта 2 мг мыс пайда болды. Электр тогының электролиттен өту уақытын анықтаңыз.
- Электролиттен 5 А электр тогы өткенде 15 минут ішінде электродта қанша күміс түзілетінін анықтаңыз
Достарыңызбен бөлісу: |