Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың



жүктеу 0,81 Mb.
бет7/11
Дата14.11.2018
өлшемі0,81 Mb.
#19634
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

АЛТЫНШЫ ТАРАУ
Қазақтың жалпыұлттық демократиялық

басылымдары және онда қызмет істеген ірі тұлғалар
«Кезінде ұлт қамын ойлап, шарқ ұрған «Сарыарқа» газеті әлі де болса толық зерттеліп, бағасын ала қойған жоқ. Бодан елдің санасына тәуелсіздік рухын сіңіріп, жұртты оятқан «Қазақ» үндес, бағыттас бұл басылым 1917-1918 жылдары Семей қаласында шығып тұрған. Газеттің жауапты шығарушысы – алаштың ардақты азаматы, соңынан кеңестік саясаттың құрбаны болған Халел Ғаббасов». [97]

Алаш қозғалысы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстанда орын алған әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өзгерістердің нәтижесінде дүниеге келді. Бұл қозғалыстың өзегі, орталық элементі өзінің бастау көздерін 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы әкелген өзгерістерден алған, ал саяси ұйым ретінде 1917 жылғы жазда құрылған тұңғыш жалпыұлттық Алаш партиясын құру үшін ұлттық-демократиялық қазақ интеллигенциясының жұрт таныған жетекшілері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқаев, Міржақып Дулатовтармен бірге Халел Ғаббасов секілді тағы басқа ондаған қайраткерлер 1905-1917 жылдар аралығында қажырлы еңбек етті. «Алаш» партиясы негізінен әлеуметтік табиғаты жөнінен әртекті ұлттық-демократиялық қазақ интеллигенциясының саяси ұйымы болды. «Алаш партиясы» деген атпен танылған ұлттық-демократиялық қазақ зиялыларының өтпелі кезеңдегі саяси ұйымы халық санасының қозғаушы күші міндетін, жалпы алғанда, заман талабына сай адал атқарды.

1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен бүкілхалықтық съезд Құрылтай жиналысында депутаттыққа кандидаттыққа ұсынылған 18 адамның ішінде Х.Ғаббасов та бар еді. Осы жылы жаңадан құрылған партия «Алаш» деген атқа ие болады. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов сияқты қазақтың либералды-демократиялық интеллигенциясының көсемдері басқарған Алаш партиясының құрамына қазақтың ғылыми және шығармашылық зиялыларының белгілі өкілдерінің бірі ретінде Х.Ғаббасов та кіреді.

Орынбор қаласында 1917 жылы желтоқсанның 5-13 күндері өткен екінші жалпы қазақ-қырғыз съезінде күн тәртібіндегі маңызды проблемалар бойынша Ә.Бөкейханов, Х.Ғаббасовтар баяндама жасап, жарыс сөздерге белсенді түрде араласады.

Съезд қазақ автономиясы мен милиция туралы Халел Ғаббасов жасаған баяндаманы тыңдап, осы мәселе бойынша саяси мәні терең қаулы қабылдайды. Бұл жөнінде «Сарыарқа» газетінің 1918 жылғы қаңтардың 25 күнгі 29 санында жарияланған. «Жалпы қазақ-қырғыз съезінің қаулысы» атты құжатта былай делінген:

«Автономия туралы Халелдің баяндамасын тексеріп съезд бір ауыздан қаулы қылады:



  1. Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқан облыстарындағы қазақ уездері Закаспий облысындағы және Алтай губерниясындағы іргелес болыстардың жері өз алдына ұлттық, жерлі автономия болсын;

  2. Қазақ-қырғыз автономиясы «Алаш» деп аталсын;

  3. Алаш автономиясының жер үстіндегі түгі – суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын;

  4. Қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халықтың хұқықтары теңгеріледі;

  5. Алаш облыстарын бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлттық кеңес құрылсын. Мұның аты «Алашорда» болсын.

«Сарыарқа» газетінің жоғарыда аталған санында жарияланған Х.Ғаббасовтың «Алаш автономиясы» атты мақаласында: «Қазақ-қырғыз үкіметі – «Алашорда» Алаш қаласына келіп автономиясын жариялағаннан кейін қазақ-қарғаз балалары бағынған үкіметіміз осы деп сеніп, ант беріп, басқа үкіметті танымай, өз үкіметінің әмірін екі қылмай орындау керек», – деп баса көрсетті.

Х.Ғаббасов 1917-1918 жылдары Семей қаласында шығып тұрған «Сарыарқа» газетінің редакторы болған. Оның жоғарыда айтқандардан басқа осы басылымға жарияланған «Мемлекет күйі» деген тарихи, ғылыми, публицистикалық мақаласынан күні бүгінге дейін «ақтаңдақтар» қатарына жатқызылып келген көптеген жайларды ұғынуға болады. Соның бірі – большевиктердің үкімет басына келуі туралы.

Оның «Большевиктер көсемі Лениннің екі әмірі – жер, су, өлі құрал мен тірі құрал жер комитеттері арқылы еңбек қуған жұрттарға бөлініп берілсін деген. Бұл үкіметіміздегі заманда өмір жүзіне орын таба алмайтын, әдемі ғана құр сөз. Жұрт бірімен бірі пышақтасар, бірақ бәрін ортаға салып, жөншілікпен бөлісіп алыспас. Түптің түбінде бұл іске асса асар, бірақ осы күнде емес: жер-судың әділдікпен жұртқа бөліп беру жағын біз де көздейміз һәм осы пікірге қызмет қылмақшымыз. Россияның неше жүз жылдардан бері бір көрген бостандығы биылғы 25 феуралдан бері болса, ол бостандық осы күні большевиктердің найзасында ілулі болса, біз қайтіп ілгерілемекпіз?!» [98] – деген ойын қазіргідей заманда қалай теріске шығармақпыз.

Бұл басылымға басқаларға қарағанда көбірек дүниелерін (өлең, әңгіме, мақалалар) бастырып, белсенді түрде қатысқан Ж.Аймауытов па деп қаласыз. Өйткені оның «Сарыарқаның» бірінші нөмірінде «Тұр, бұқара, жиыл кедей, ұмтыл жастар!», үшінші нөмірінде «Партия» деген мақалалары мен «Ғашықтық» (Абайша), «Жынды», «Айна» атты шағын әңгімелері мен оқшау сөздері жарық көрді.

Жалпы, Ж.Аймауытов әдебиетіміздегі аса ірі тұлғалардың бірі. Ол – ақын, прозашы, драмашы, сыншы, публицист, аудармашы. Әдебиеттің әр алуан жанрларында белсенді қызмет ете отырып, Жүсіпбек Қазан төңкерісіне дейін де, және одан кейін де туған қазақ әдебиетінің негізін салушылардың алғы легінде болды. Көптеген ірі шығармаларымен жаңа жанрлардағы ізденістерді орнықтырды.

Жоғарыда айтқанымыздай, Ж.Аймауытов тамаша ақын, талантты жазушылығымен қатар ойлы публицист те бола білген жан. Бұл туралы «Қазақ журналистикасының тарихында» былай деп жазылған: «... 1917 жылы ақпан төңкерісі болып, патша тақтан түскенде ол алғашқылардың бірі болып, «Сарыарқа» газетінің бетіне «Тұр, бүқара, жиыл кедей, ұмтыл жастар!» деген мақала жазып, «Жасыратын қылық жоқ – бостандық, теңдік күштіге, жемқорға келген теңдік емес, бұл өзі қара бұқараға, кедейге келген теңдік, қолы жете алмай жүргендерге берілген бостандық», – деп жар салған болатын. Бұл жерде Ж.Аймауытовтың да өз тұстастары сияқты ақпан төңкерісін нағыз азаттық төңкерісі деп түсінгені жасыратын жай емес. Әрине, алдында төңкерістер мектебі жоқ, ұлт-азаттық қозғалысынан тәжірибе жинақтай қоймаған қазақ жастары, қазақ зиялылары үшін солай көрінуі заңды да еді. Жалпы төңкеріс атаулы азаттықтан гөрі бір партияның, бір ұлттың үстемдігін әкелетінін әлі де жете түсінбей жүргеніміз аз емес.

Бұл жерде Ж.Аймауытұлының ұлтжанды, күрескер, алымды сөз шебері екендігін, ақпан төңкерісін ілгері айтылғандай түсінген Аймауытов жетекші, халықты соңына ертетін партия қандай болуы керек, қазақтың партиясы қандай болмақ керек дегенде зор сауаттылық танытқаның оның «Партия» деп аталатын мақаласынан толық сезінуге болады. Автор сөз басында «партия» деген ұғымға жан-жақты анықтама бере келіп, «басқа жұрттың партиясының негізгі мақсұды қай жолмен болсын, тұрмысын оңдауға тырысу», ал «біздің қазақтың партиясы бұл партияларға ұқсамайды, өйткені қазақ тұрмысын түзеуге партия болмайды, бұл – бір; байлар, күштілер бірыңғай, жұмысшы кедейлер бірыңғай одақтаса алмайды, бұл – екі; партияшылар көптің қамын ойламайды, өз басының билігін, атағын, мақтануы үшін таласады, бұл – үш. Ендеше қазақтың партиясы өзге жұрттай оғаш, мақсұды, шегі, тілеуі қиғаш, теріс партия», – деп тұжырым жасайды. [99]

Жүсіпбек бұл мақаласында қазақтардың іштей тоз-тоз болып партияға бөлінушіліктерінің соңы ешқашан да жақсылыққа апарып соқпағаны, қайта ел ішін бүлдіріп, сүттей ұйып отырған ағайындарды бас жарыстырып қоюын мынадай себептерден деп түсіндіреді:


  1. Ескі хүкімет партияны өсірмесе, өшіруге қарқ қылған жоқ; зәлім ұлықтарға құл керек болды; болысты сүйеді, болыс дәуірлі, ел ішінде шәкене «хан» сықылды болды. Мұндай зор дәрежеге бектік, атақ көксеген қазақ қызықпай тұрмады, малды төге берді.

  2. Халықтың надандығы себеп болды. Қара халық көзі жұмулы болып, ас бергенді «мырза» деп, мал шашқанның соңынан ерді де отырды. Кеше көрген қиянатты бүгін тойса ұмыту, өз пайдасын, келешегін болжамау – қазақтың ой-көзінің тарлығынан, надандығынан.

  3. Партияға көмек берген нәрсе – қазақтың тұрмысы, кәсіпсіз қолының бостығы. Сарнайын десе жыны жоқ; ыңқылдайын десе ауруы жоқ, жаны тыныш отырған қазаққа әңгіме керек; әңгіменің аяғы тамаққа соғады, партия болмай, мол тамақ қайда? … Бір күн де болса қожаңдап, «мырзаның» үйінде шіреніп, шалқиып отырып ішкен қымыз, жеген ет көкейден қайдан кетсін!?

Бұдан біздер автордың халық арасын былғаған партиядан бас тартып, бақытты болашақ үшін күресу қажет деген ниетін ұғамыз. Бұдан оның «Партия басыларға баяғыдан бергілері де жетер; енді партия шығарып елдің шырқын бұзбау, жақсылық заманның тілеуінде болып, елге береке келтірер деп сенеміз», – деген сөзі дәлел.

Ал, Мұстафа көтерген «Бірлік туы» деген жарияланымның алғы сөзінде: «Негізін Шоқайұлы Мұстафа қалаған бұл газет Ташкент шаһарында 1917 жылдың 24 маусымынан 1918 жылдың сәуір айының ортасына дейін жарық көріп тұрған. Мұны да кеңес өкіметі жапқан. «Бірлік туының» мәдениеті, танымдық, тез ақпар жеткізушілік деңгейі – жалпы сапасы өте жоғары. Салыстыра қарағанда, 1920-1925 жылдары шыққан басылымдардан көш ілгері. Газетке Шоқайұлы М., Болғанбайұлы Қ., Қожанұлы С., Дулатұлы М., Мәметұлы., Құлжанұлы С., Сарыбайұлы Ш., Құлетұлы Қ., Басығарұлы Ж., Шәрменұлы Е., Майлыұлы Б. сынды арыстар атсалысқан», – деп жазылыпты. [100]

Тағдыр тәлкегіне ұшырап, ел арасында мемлекет тарапынан өзіндік орын ала алмай жүрген жандар: билер, батырлар, қайраткерлер төл тарихнамада баршылық. Солардың бірі – тек қазақ қана емес, бүкіл түркі халықтарының ортақ қайраткері, саясаткер, публицист, журналист Мұстафа Шоқаев.

Қазіргі күнде біз Мұстафаның екі еңбегімен таныспыз. Оның бірі «Советтер қоластындағы Түркістан. Пролетариат диктатурасына сипаттама» деген кітабы. Ол 1928 жылы француз тілінде, ал 1935 жылы толықтырылып, орыс тілінде Парижде жарық көрді. Кітап 1985 жылы Оксфордта қайта басылуы арқылы қазақстандықтардың қолына тиді. [101]

М.Шоқаевтың бұл шағын еңбегінің үлкен халықаралық маңызы болғанын ерекше атап өтуіміз керек. Онда Кеңес дәуіріндегі Қазақстан мен Орта Азия халықтарының саяси, экономикалық, мәдени өмірі объективті түрде, сыни тұрғыдан айқын сипатталады және кеңес баспасөзі материалдарына сүйене отырып айтылады. Сондықтан да Түркістандағы кеңес үкіметінің отаршылық, шовинистік, тоталитарлық сипаты, пролетариат диктатурасының мұнда халықтар жүрегінен орын таппағаны ап-анық, үлкен шеберлікпен, отты тілімен дәлелденген. Кітаптың шет елдерде таралуы да осыдан. Ондағы ғалымдар да, эмигранттар да М.Шоқаевты нағыз демократ, адал публицист деп таныды.

М.Шоқаев сондай-ақ 1917 жылы Ташкентте жарияланған «Ұлуғ Түркістан» газетінің басты авторларының бірі. Ал, 1918 жылы басылған орыс тіліндегі «Свободный Туркестан» газеті де Мұстафа жинаған қаржымен жарияланған.

М.Шоқаев және «Бірлік туы» газеті туралы «Ана тілі» газеті былай деп жазды: «Бірлік туы» мен оны шығарысқан азаматтардың газет жабылғаннан кейінгі, большевизм тұсындағы тағдыры аса қайғылы. Мүстафа лажсыздан шет елге кетті. Қалғандарының бәріне кезінде «Бірлік туына» қатыстың деп айып тағылды. Не керек, баршасы да кеңестік тоталитарлық жүйенің құрбаны боп кете берді».

Әрине, бүгінгі газеттің бұлай деп жазылуына негізі бар еді. Себебі, өзіміз сөз қылып отырған «Бірлік туы» газетінде осы басылымды ұйымдастырушылардың бірі Мұстафа Шоқайдың қуғын-сүргінде жүріп, алаш азаматтарына арнап жазған хаты жарияланған.

Бұл хат туралы «Бірлік туының» редакция басқармасы: «Мұстафа хаты» [102] бізге күтілмеген жерден келіп тапсырылып отыр (Бұл хатты бізге бір жолаушы әкеп тапсырып кетті. Ол карандашпен жазылғандықтан біраз кірлеңкіреген екен. Бірақ Мұстафаның қолын танып, хатының анық екеніне көзіміз жеткен соң басып отырмыз). Осы хатты алған соң ғана біз оның амандығын біліп қуанып қалдық. Бұрын оның хақында неше түрлі алыпқашпа хабарлар естіп, көңіліміз қамығулы еді.

Мұстафа бұл хатты бізге жібергенде, оны газетке басып шығаруымызды өтінген екен. Соның үшін біз оны һешбір түрлі өзгертпестен төменде басып отырмыз», – деп жазған.

Ал Мұстафа Шоқайдың бұл ұзақ хаты былай аяқталған: «Бірлік туы» арқылы алаш азаматтарына сәлем Құдай тірлікте күліп-ойнап жолықтырсын. Жатқан жерім белгісіз, жария қылып болмайды», – деп жалғастырған да, соңына (4. ІІ фиурал), «Тау арасы» Мұстафа», – деп қол қойған.

Қазақ баспасөзінің тарихында өз кезеңі үшін орны зор, мәні үлкен ұлттық баспасөз органдары «Бірлік туы», «Ақ жол» газеттерінің редакторы болған, басқа да басылымдардың беттерінде ой-пікірлерін білдіріп отырған, қоғам тағдырына жіті үңіле білген ірі қайраткер Сұлтанбек Қожановтың еңбектерінсіз, оның есімінсіз қазақ тарихы мен қазақ баспасөзін көзге елестету мүмкін емес.

С.Қожановтың «Жалаң ұрандардан іске көшу керек», «Тағы да атқамінерлер пайдаланып кететін болды», «Ұлт мәселесі – іс мәселесі», «Көп жұмылса, іс бітеді», «Оқытушыларды ескеру керек», «Менің жауабым», «Тілмаш жайынан», «Бас пайдаңды көзде», «Съездер тақырыбы», «Жақындық па, жалақорлық па?», «Еңбек еткен алады», «Өзінен кеткендік», «Сайлау науқанында», «Егістік-шабындық жерді бөлу туралы» деген мақалалары және «Түркістан автономиясы қалай құрылды?» сияқты еңбектері түбегейлі зерттеуді қажет ететіні сөзсіз. Ол алдағы күннің міндеті десек, тап қазір кейінге қалдырмай мойындап, әділ бағасын беруге тиісті мәселеміз – Сұлтанбек Қожановтың халық қамын жеген зор қайраткерлік қызметімен қатар қазақ баспасөзінің негізін салып, алғаш туын тігіскендердің бірі болғандығы және алуан тақырыпта қалам тартып, жас буын журналистерді баулуға ұшан-теңіз еңбек сіңіргендігі.



Мәселен, С.Қожановтың «Бірлік туы» газетінде «Түркістанда орыс сиездері» [103] атты мақаласы жарияланды. Онда ұлтжанды азамат: «Өткен жылғы нойабр басынан бері қарай Түркістан аймағының билігін қолдарына алып, өз үкіметін жүргізіп, өз айтқанын қылдырып тұр. Кезінде ірілі-уақты мұсылман ұйымдары «Біз мұндай қорлықпен күш қылып, бостандыққа қарсы іс қылғандарды танымаймыз. Айтқанын тыңдап, айдағанына жүрмейміз», – деп қарап еді. Бұны елең қылған болшеуиктер жоқ. «Тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге енеді» деген осы дағы», – деп бір қиналса, «Сөйтіп, 18 ғинуардағы шақырған жалпы сиез жалғыз солдат пен жұмыскерлер Сиезі ғана болып, өздері жасаған істерін бүгін бұқара атынан шешіп отыр. Крестиандарды мүйіздеп айдап шығып, солдат, жұмыскер уәкілдері (он шақтысынан басқасының бәрі болшеуик) 74 адам сиез ашты. Халық комиссарларының докладтары тыңдалып болған соң, бірінші қаралатын мәселе автономия болды. Бұл туралы 23 ғинуарда сөз болып: «Автономия жоғалту тиіс. Мұсылмандар өздерін басқарып жүретін шекке жеткен жоқ. Әуелі өзіміз мұсылмандар басын қосып, соует ашып, солар керек десе ғана береміз», – деп қаулы жасады. Он миллионнан астам мұсылмандарды, оларға қоса көп крестиандарды елеусіз етіп, 5-6 болшеуик бүтін Түркістанды билеуге бел байлап отыр. Түркістан аймағының мұсылманы бар, басқа халықтары бар, бұларды қаңтардағы бурадай ауыздарынан көбіктерін ағызып, сақылдатып қоя ма, жоқ болмаса бір нәрсе дей ме, оны келешек көрсетер.

Мынау жүре бара түзеліп кетер деп ардақтаған автономиямыз еді. Халық, бұған қол көтерейін деп тұр, қарсы іс етілейін деп тұр. Мұсылмандар, басқа Түркістан қамын жеген балалары, қайдасың?! Айтарыңыз бар ма, болмаса жұмған ауыздарыңызды ашпай қала бересіз бе?» – деп қиналады.

Сұлтанбек Қожановтың публицистикасындағы ең көлемді орын алатын, тарихта өз ерекшелігі бар, қай кезде де өзінің өмірлік маңызын жоймайтын «Түркістан автономиясы қалай құрылды?» деген тезисі кеңестік Түркістан Автономиясының он жылдығына жазылған.

Автор бұл еңбегінде: «Қазан төңкерісіне жергілікті халықтан шыққан жұмысшылар да орыс пролетариатына қосылып, бірақ ұлттық жұмысшы тобы ретінде айқын мәнге ие бола алған жоқ, бұған саяси дайындығы да жетіңкіремейді. Міне, сондықтан да орыс пролетариаты мен жергілікті шаруалар арасында дәнекерлік рөл атқаруға икемсіз болды», – деп орыс пролетариатымен жергілікті халықтың тіл табыспау себептеріне тоқталады.

Одан әрі мақалада ел ішіндегі, партия мен халық арасындағы түсінбеушіліктерге талдау беріледі. Және Түркістанның Советтік автономия жариялауына дейінгі даму кезеңі төмендегідей екі түрлі себеппен айқындалғанын көрсетеді:


  1. Түземдік халық арасында советтік және партиялық тұрғыдан қоғамдасу біртіндеп туып, дамып жетілді;

  2. Партия мен совет үкіметінің жергілікті халық еңбекшілерінің саяси өмірін Орталық партия комитетінің және Совет үкіметі органдарының директивалары негізінде ұйымдастырып, басқаруға күш салды.

Ұлт мәселесін елемеу 1917 жылы Ленин қол қойған: «Бұдан былай сіздердің әдет-ғұрыптарыңыз, ұлттық және мәдени мекемелеріңіз еріктілік жағдайында деп жарияланады. Өз өмірлеріңізге қожа, өз елдеріңізді қалаған жолмен құруларыңыз керек. Сіздер бұған праволысыздар, сіздердің тағдырларыңыз өз қолдарыңызда» деген шақыруынан кейін бәсеңсіп, нәтижесінде 1918 жылдың 30 сәуірінде «Түркістан өлкесі – Федеративті кеңес республикасы» болып жарияланды.

Тарихымызды таразылай отырып, осы тезисті оқи отырып, Сұлтанбек Қожановты өз ұлты алдында, жалпы адамзат алдында айрықша жеке бір қырынан көргендей боламыз.

ХХ ғасырдың басындағы қазақ баспасөзін ілгері дамытуға өзіндік үлес қосқан ірі тұлғалардың бірі – Қошмұхамед Кемеңгеров. Ол 1896 жылы 15 шілдеде Омбы уезі, Теке болыстығында дүниеге келген. Ол алғаш проходская школаны, сосын ветеринарлық-фельдшерлік мектептің екі класын бітіреді. Өзге оқушылардан оқшауланып, өзінің алғырлығымен, елгезектігімен ерте көзге түседі. Мұны бітіріп, ол 1913 жылы тамыз айының бірінші жұлдызында Омбы ауылшаруашылық училищесінің ауылшаруашылық бөліміне түседі. Мұнда Қошке өзі сынды Смағұл Садуақасов, Асфандияр Шорманов және т.б. білімдарлармен бірге оқып, етене араласып, оның өмірге, ортақ қоғамға, жалпы саясатқа деген көзқарасы ашылып, айқындала түседі. Осы училище қабырғасында жүріп, ол 1915 жылы өзінің алғашқы өлеңдерін сол кездегі көпшілік көңілінен орын алатын басылымның бірі – «Айқапқа» беріп отырады. Солардың кейбіреуі «Бақ іздеген», «Жазғытұры», «Солғын гүл», «Пайғамбар» – Пушкиннен аударма, «Сәскелік көлдің жағасында» – Никитиннен аударма деп аталады.

1915 жылы Омбыда «Бірлік» атты қазақ жастарының ұйымы құрылады. Бұл ұйым ұлт тәуелсіздігіне аса мән беріп, қазақ жастарын бірлікке, елдікке, татулыққа шақырған. Осы ұйымнан таралып шығып тұрған «Балапан» қолжазба журналында Қ.Кемеңгеров редакторлық қызмет атқарған. «Журналда негізінен жастардың тәй-тәй басқан алғашқы жазбалары, өлеңдері, шағын әңгімелері жарық көріп тұрған» – дейді бүгінгі әдебиет зерттеушілері өз еңбектерінде. Себебі, бүгінгі күні «Бірлік» ұйымы туралы там-тұмдап аз ғана деректер жиналған, ал «Балапан» қолжазба журналы туралы көрдік-білдік деген мәліметтер мүлдем жоқ. Қошке ауылшаруашылық училищесін 1918 жылы бітіреді. Енді ол Омбы губерниялық халық ағарту бөлімінің нұсқаушы қызметін атқарады.

«Балапан» журналынан бастап қазақ баспасөзінің бәріне ат салысқан Қошке қоғамдық жұмыстарға белсене араласудан да ерекше көзге түседі. Осы кезде Омбы қаласында жас алаштардың құрған «Жас азамат» ұйымына мүше болып кіреді. Осы ұйымның Қызылжар қаласында шығып тұрған «Жас азамат» газетіне қаламгер Кемеңгеров редакторлық қызмет атқарады. Газеттің алғашқы саны 1918 жылы 30 шілде күні жарық көреді. Бұл басылым қазақ жастарының баспасөзі, жастар органы ретінде шыға бастады. Ал бұл органның төрағасы Байділдә Мырзаұлы болған еді. «Жас азамат» газеті негізінен қоғамдық-саяси мәселелерді кеңінен қамтыды, өз дәуірінің саясатына белсене араласып, ел басындағы қиыншылықтарды ашық жазып, сынап отырды. Жалпы, газет ұлт тәуелсіздігін, қазақ жастарының бірлігін, алаш мұңын жоқтады. Сол заманда өзі құралпы шығып тұрған «Сарыарқа», «Қазақ», «Бірлік туы» газеттері мен «Абай» атты журналмен мазмұны, көтерген идеясы жағынан үндес болды.

Бұдан соң Қошке 1924 жылы Ташкентте шығып тұрған «Сана» деп аталатын ғылыми-танымдық журналда жауапты хатшы қызметін атқарған. Тек Омбыда емес, Ташкенттегі САГУ-де М.Әуезовпен бірге аспирантураны бітірген. Қазақ тарихын зерттеуде «Езілген ұлттар» деген деректі кітап та жазған. Сонымен қатар «Жабропалықтар үшін оқу құралы» атты екі кітаптан тұратын, «Қазақ-орыс тілмашы» атты сөздік еңбектерінің де рөлі өте зор. Әсіресе, Омбыдан шыққан «Қазақ тарихынан» зерттеуі оның есімін көпке танымал етті.

Жазушы талантының тағы да бір ерекше атап өтетін құндылығы – Қошке Кемеңгеров қазақ халқының алғашқы драматургтерінің бірі. Осы күнге дейін әдебиет қойнауында алғашқы қойылым М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегімен» ашылды деп келсе, бұл күні жаңа зерттеу, соны деректерге сүйене отырып қазақ театрының алғашқы қойылымы 1923 жылы қаңтардың 13 күні Қ.Кемеңгеровтың «Алтын сақина» атты пьесасымен ашылғанына көз жеткізілді. Мұнда семья, отбасы, мәңгілік ескірмейтін тақырып – ене мен келін арасындағы қатынас суреттелген.

«Абай» журналын шығару жөніндегі алғашқы ұсыныс қазақ зиялыларының арасында 1914 жылдың өзінде-ақ қабыл алынып, ұлы ақынның қазасының он жылдығына байланысты Семей қаласында өткізілген үлкен жиылыс үстінде бекітілген болатын. Алайда, бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуына және патшалық Ресей тарапынан отарлау саясатының бұрынғыдан да күшейе түсуіне орай журнал шығару міндеті орындалмай қалды.

Бұл арманға қазақ зиялыларының қолы тек 1918 жылы ғана жетті. Осы жылдың 4-жұлдызынан бастап «Абай» атты ғылыми, әдеби, шаруашылық журнал белгілі қазақ жазушысы Ж.Аймауытовтың редакторлық етуімен Семей қаласында шыға бастады. Негізінен бұл басылымды шығарушылар «Екеу» деген лақап атпен қол қоюшылар болатын. Оның бірі журналдың ресми редакторы Ж.Аймауытов болса, екіншісі әдебиет майданына енді араласқан М.Әуезов еді. [104]

Осы «Абай» журналында М.Әуезовтің бірталай мақалалары жарияланды. Басылымның тұңғыш санында басылған «Ғылым» мақаласында ол адам баласының ұзақ сапар тарихынан көптеген мысалдар келтіріп, ғылым қалай пайда болғанын сөз етеді. Тәжірибеден, өмірлік қажеттіліктен туған нанымды дәлелдейді.

Рухани тіршілік үшін ғылым атқарар қызметті айрықша дәріптеп: «Шын ғылым жолын түсінсе, шын көздеген мақсаты адамдық, ақтық болар еді», – дейді. Бұл мақала лейтмотивті де адамшылық, ағартушылық. Білімнің жетістіктерін санай келіп, публицист мақаласын: «Мұншаны тапқан көркем ақыл, көсем ғалым осы араға келіп тоқтап қалмай, адамшылықтың иманжүзді жарық күннің астына апарып, бар адам баласын бұрынғы қаскүнемдік, қанішер, жауыздығын тастатып, бір сүйіспеншілік, бір туысқандық жүрекпен табыстырса керек деп білемін», – деген бауырмашылық ойлармен аяқтайды.

«Қайсысын қолданамыз?» (1917), «Ғылым тілі» (1918), «Оқу ісі» (1917) мақалалары – қазақ тілінде оқулықтар шығару туралы. «Қайсысын қолданамыз?» мақаласы педагогиканың жанды тармағы – оқулықтар жасау мәселесін сол уақыттың өзінде өте дұрыс көтерген құнды еңбек «Қазаққа келсек, мектепке арналған ретті бір кітап жоқ», – деп күйзелген автор кедергінің түп төркіні – терминдердің жөнге түспеуінде, мектептердегі бірізділіктің жоқтығында деп біледі. Бір нұсқалы оқу құралдарын жасау керек дейді Әуезов. Бұл ойлар «Ғылым тілі» мақаласында одан әрі таратылып, толықтырылып, тереңдей түседі, термин мәселесі айрықша сөз болып, автор өз байламын ұсынады.

М.Әуезов бұл жерде «түрікшілдікке» қарсы шығып отыр. Терминдер жасауда ең алдымен ана тілінің байырғы мүмкіндіктерін сарқа пайдалануды, қажет болғанда ғана басқа тілдерден жаңа сөздер, жаңа ұғымдар алуды жақтайды, бірақ қазақ тілін орынсыз шұбарлауға қарсы шығады.

Мұхтардың бұл кездегі ғылыми-мәдени саладағы ізденістері әр қиырда, әр салада. «Философия жайынан» (1918) мақаласында автор философияның басқа ғылымдарға қатысын, олардың қатарында алатын орнын, зерттейтін объектісін дұрыс түсіндіреді. Шәкірттік мінез, білімге құштарлықтан туған философияға таңдай қаға табыну да бар.

Олқылық, әлеуметтік-қоғамдық проблемаларға арнап жазылған «Мәдениетке қай кәсіп жуық?» (1918), «Мәдениет және ұлт», «Земство һәм кооператив қауымдары» сияқты мақалалары бар. Мәселен, негізінен экономиканы сөз ететін «Мәдениетке қай кәсіп жуық?» еңбегінде әртүрлі халықтардың белгілі бір шаруашылықпен айналысуына географиялық орта жасайтын ықпал дүние жүзіндегі көптеген елдер тарихынан алынған ұтымды мысалдармен сенімді дәлелденеді. Ғылымға, мәдениетке ең жуық кәсіп – егіншілік деген пікірді публицист ерекше қуаттайды.

Жан-Жак Руссоның «Цивилизация адамды бұзады» дейтін қате байламына М.Әуезов «Мәдениет һәм ұлт» мақаласында қарсы шығады, ондай концепцияның зияндығын, жалғандығын дәлелдейді.

Ағартушылық бағытта, педагогикалық жүйеде сапалы ойлар айта алған Әуезов қазақ қоғамындағы әлеуметтік қайшылықтарды анық көре алады, жалпы теңсіздік, жалпы бақсыздықтың қыр тіршілігіне қас нәрсе деп ұқты. Дала өміріне түскен сан қилы жарықшақтың себебін тап баса алмай, оны бас бірікпеушілікте, партияшылықта деп түсінген автор өзінше қамаудан шығар жол іздейді. «Ескеру керек» деген мақаласында былай деп жазады: «Жуан ауыл – қырдағы бұзық мінездің ұясы. Ел ішіне күшті, әділ үкімет орнатып, нашар мен жуанды теңестіріп, жуан зорлықшылды не қылса да елден айырып, әлсіретуге тырысу керек».

Бұл байламдардың реформашылдық екені көрініп тұр. Мұхтардың тапқаны бірінші, қара қылды қақ жаратын оқыған, білімді, әділ болыс, екінші, жұрттың тиын-тебенін жемейтін – тұтынушылар дүкендері, үшінші, өнімді еңбекке жұмылу. «Земство һәм кооператив қауымдары» мақаласында кооперативтің пайдалы, тиімді жақтарын жан-жақты сөз қылады. Тұрмысымды түзейін десең, дүниенің ебін біл, саудагерге алданба, өзара бірлескен серіктік құр дейді. Мұның бәрі де қоғамдық құбылыстардың заңдылықтарын білмеуден туған байламдар деді.

Мұхтардың сол кездегі педагогикалық ойларының қорытындысы – «Оқу ісі» мақаласы». Мұнда мектеп мұқтажын сынай сөз ету бар. Түпті олқылық мұғалімдер кадрларын даярлаудың сапасында жатқаны айтылады. Қазақ мектептерінің кінәратты қиыншылықтары – ортақ бағдарлама, ортақ оқулық жоқтығы, мұғалімдерді қызметке тұрақтандыру мәселелерінің шешілу жолдары қарастырылады.

М.Әуезов 1922-1923 жылдардың қысында Ташкентте оқып, одан кейін Ленинград университетіне ауысады. Оның кеңес үкіметін орнату жолындағы еңбегін көрсететін тарихи құжаттар ретінде губревком органы «Қазақ тілі» газетінде «Уәкілдер келді» (1921), «Төңкеріс комитеті сайланды» (1921) деген материалдарды атауға болады.

Кеңес мекемелерінде қоғамдық қызмет атқарып, ірі орындарда болу Әуезовті саяси жағынан шыңдап, ой-өрісін, дүниетанымын байытты, оның шығармаларының таптық, сапалық өткірлігі күшейеді. Семей губревкомының «Қазақ тілі» газетінде жарияланған «Қазақ оқығандарына ашық хат» (1920) мақаласының принципті маңызы бар. Өйткені, бұл мақала Әуезовтің идеялық жағынан жаңа биіктерге көтерілгендігін байқататын еңбек.

Оқығандарды Әуезов кеңес үкіметі үшін аянбай қызмет атқаруға шақырады. «Қазіргі заман қазақтың басына келіп тұрған әрі ең қиын,әрі ең пайдалы, жайлы заман» – деген пікірді интеллигенцияның көкірегіне құяды. Қарақан бастың тыныштық қамын ойлап, әлеуметтік істерден тысқары қалудан безіндіреді.

«Жалпы жарлық» (1921), «Бүгінгі зор міндет» (1920) мақалаларында кеңес өкіметінің жүргізіп отырған күнделікті маңызды шаралары түсіндіріледі. Сауатсыздықты жоюдың мемлекеттік маңызы айтылады.


жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау