Internet Стандартталған



жүктеу 235,16 Kb.
Pdf просмотр
бет5/7
Дата14.12.2017
өлшемі235,16 Kb.
#4272
1   2   3   4   5   6   7

 

19-сурет 

 

Хатқа файлдарды қалауыңызша қосуға болады. Ол үшін тіркелген файл 



атының  астында  орналасқан  «Тағы  да  файл  тірку»  (Прикрепить  еще  один 

файл) сілтемесін басасыз.  

Жеке  пошта  жəәшігі  –  қолданушының  алған  жəәне  жіберген  хаттарын 

сақтауға бөлінген пошта серверіндегі кеңістік. 

 

 

 



3-модуль.  World Wide Веб. Файлдарды жүктеу 

 

WWW құрылымы мен функциялары. Іздеу сайттарымен жұмыс жасау. 



Кеңейтілген  іздеу.  Графикалық  кескіндер  іздеу.  Сайттардың  түрлері. 

Браузерлердің  түрлері.    Веб-браузер  интерфейсімен  танысу.  Файл  жүктеуге 

арналған утилиталарды қолдану.  

 

Кіріспе 

 

Бүкілəәлемдік  тор  (ағылшынша  World  Wide  Веб)  —  Интернетке 



қосылған əәртүрлі компьютерлерде орналасқан өзара байланысқан құжаттарға 

қатынауды  қамтамасыз  ететін  үлестірілген  жүйе.  Бүкілəәлемдік  торды 

миллиондаған    веб-серверлер  құрайды.  Бүкілəәлемдік  торда  орналасқан 

гипермəәтіндік  құжаттар    веб-парақтар  деп  аталады.  Ортақ  тақырып,  дизайн, 

сонымен  қатар  өзара  сілтемелермен  біріктірілген  жəәне  бір    веб-серверде 

орналасқан  бірнеше    веб-парақтар  жиыны  —    веб-сайт  деп  аталады.    Веб  -

парақтарды  жүктеу  жəәне  қарау  үшін  арнайы  бағдарламалар  –  браузерлер 

қолданылады.  Бүкілəәлемдік  тор  ақпараттық  технологиялар  саласында  нағыз 

төңкеріс  тудырды  жəәне  Интернеттің  қарқынды  дамуына  жол  ашты.  Көп 

жағдайларда,  Интернет  туралы  сөз  болғанда  адамдар  өз  танымында  

Бүкілəәлемдік  торды  елестетеді.  Бірақ  олардың  əәртүрлі  нəәрселер  екендігін 



білген маңызды. Бүкілəәлемдік тор туралы айтқан адамдардың көпшілігі кезде  

веб (ағылшынша «веб») сөзін жəәне WWW  аббревиатурасын қолданады. 

 

World Wide Веб құрылымы мен функциялары 

 

Бүкілəәлемдік тор жер шарының түпкір түпкірінде орналасқан Интернет 



желісінің    веб-серверлерінен  құралады.    Веб-сервер  желіге  қосылған 

компьютерде  іске  қосылатын  бағдарлама  болып  табылады  жəәне  ол  ақпарат 

жөнелту  үшін  HTTP  протоколын  қолданады.  Қарапайым  түрде  ондай 

бағдарлама  желі  бойынша  нақты  бір  ресурсқа  HTTP-сұрау  алған  соң 

жергілікті қатқыл дисктен сəәйкес файлды табады да оны желі бойынша сұрау 

жіберген  компьютерге  жөнелтеді.    Веб-серверлердің  күрделі  түрлері  HTTP-

сұрауларға  жөнелтілетін  ресурстарды  динамикалық  түрде  үлестіруге 

қабілетті.  

Бүкілəәлемдік  желіде  ресурстардың  (көбінесе  файлдардың  немесе 

олардың  бөліктерінің)  идентификациясы  үшін  ресурстардың  біркелкі 

идентификатор  URI  (Uniform  Resource  Identifier)  қолданылады.  Желідегі 

ресурстардың  тұрған  жерін  анықтау  үшін  ресурстардың  біркелкі  локаторы 

URL (Uniform Resource Locator) қолданылады. Ондай URL-локаторлар өзінде 

URI  идентификациялау  технологиясын  жəәне  DNS  (Domain  Name  System) 

домендік  аттар  жүйесін  біріктіреді.  Домендік  аттар  жүйесі  мұнда  URL 

құрамына  керек    веб-сервердің  кодын  орындайтын  компьютерді  белгілеу 

үшін кіргізілген.  

 Веб-серверден  алынған  ақпаратты  клиенттік  компьютерде  қарау  үшін 

арнайы  бағдарлама  –    веб-браузер  қолданылады.    Веб-браузердің  негізгі 

қызметі  –  гипермəәтінді  көрсету  болып  табылады.  Бүкілəәлемдік  тор 

гипермəәтін  жəәне  гиперсілтеме  түсінігімен  тығыз  байланысты.    Вебтегі 

ақпараттың  үлкен  бөлігі  гипермəәтіннің  нақ  өзі  болып  табылады. 

Гипермəәтінді  құру,  сақтау  жəәне  көрсету  үшін  бүкілəәлемдік  торда  дəәстүрлі 

түрде  гипермəәтінді  белгілеу  тілі  HTML  (HyperText  Markup  Language) 

қолданылады.  Гипермəәтінді  белгілеу  жұмысын  беттеу,  белгілеумен 

айналысатын  маманды    Веб-шебер  деп  атайды.  HTML-белгілеуден  соң 

алынған  гипермəәтін  файлға  орналастырылады  да  ондай  файл  Бүкілəәлемдік 

тордың  негізгі  ресурсы  болып  табылады.  HTML-файл    веб-серверге 

қолжетімді  болғаннан  кейін  оны  «веб-парақ»  деп  атай  бастайды.    Веб-

парақтар  жиыны    веб-сайтты  құрайды.    Веб-парақ  мəәтініне  гиперсілтемелер 

қосылады.  Гиперсілтемелер  Бүкілəәлемдік  тор  қолданушыларына  ресурстар 

арасында,  олардың  жергілікті  компьютерде  немесе  қашықтықтағы  серверде 




орналасқанына  қарамастан  жеңіл    жылжуға  көмектеседі.    Вебтің 

гиперсілтемесі URL технологиясына негізделген.  

 

Іздеу сайттарымен жұмыс жасау 

 

Іздеу  жүйесі  –  Интернетте  ақпарат  іздеуге  мүмкіндік  беретін    веб-



интерфейсті  бағдарламалық-аппараттық  кешен.  ƏӘдетте  іздеу  жүйесі  деп 

жүйенің  интерфейсі  орналасқан  сайтты  түсінеді.  Іздеу  жүйесінің 

бағдарламалық  бөлігі  іздеу  машинасы  болып  табылады.  Іздеу  машинасы  —

іздеу жүйесінің функционалдығын қамтамасыз ететін бағдарламалар кешені. 

ƏӘдетте  іздеу  жүйесі  өңдеуші  компанияның    коммерциялық  құпиясы  болып 

табылады.  

Бүгінде  мыңдаған  іздеу  сайттары  бар.  Жарнамалар,  адамдар, 

графикалық  кескіндер,  фирмалар,  корпорациялар  сонымен  қатар  тіптен 

жұмыс  іздеуге  арналған  жекелеген  іздеу  сайттары  бар.  Ең  танымал 

іздеушілердің бірі Google болғандықтан, іздеу сайттарымен жұмыс жасауды 

Google мысалында қарастыратын боламыз.  

 

 



20-сурет 

 

Кеңейтілген іздеу 

Google  басқа  іздеу  сайттары  сияқты  жекелеген  сөз  тіркестері,  сөздер, 

сандар аралығы бойынша Интернетте кеңейтілген іздеу жүргізу функциясына 

ие.  Сонымен  қатар  сіз  тілді,  елді,  сайттың  соңғы  жаңалануының  датасын 

өзгерте  аласыз,  немесе  тіптен  іздеуді  бөлек  сайтта  бастауға  болады.  Мұның 

барлығы Google-дың парағындағы арнайы жолға мəәтін енгізу арқылы немесе 

іздеу  жолына  арнайы  символдық  операторларды  тікелей  енгізу  арқылы 

жүзеге асырылады.  

Google  интерфейсінде  іздеу  аумағын  жеке  домендермен,  тілдермен, 

файл типтерімен жəәне т.б. шектеуге мүмкіндік беретін күрделі сұрау тілі бар. 



жүктеу 235,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау