42
білім беру үдерісін ұйымдастыру жоғары сапалы ақпараттық-білім беру
ортасын қамтамасыз ету болып табылады (оқу үдерісін ақпараттық және оқу-
әдістемелік қамтамасыз ету).
5.6.1 Оқу үдерісін заманауи талаптарға сай қамтамасыз етудің негізгі
өлшемдері:
1) ақпараттың қолжетімділігі, ақпараттық ресурстардың көптүрлілігі
(сонымен қатар электрондық), алынатын ақпараттың толықтығы және
маңыздылығы;
2) сабақтарда заманауи ақпараттық технологияларды, электрондық
оқулықтарды, Интернеттің жергілікті жүйесін, лицензияланған заманауи
бағдарламаларды,
ақпараттық-анықтамалық
жүйелерді,
электрондық
кітапханаларды қолдану;
3) кітапхана қорын білім алушылар мен мұғалімдерге арналған
оқулықтармен, ғылыми және анықтамалық-ақпараттық, ғылыми-әдістемелік,
көркем әдебиеттермен, энциклопедиялармен, сөздіктермен, мерзімді баспасөз
құралдарымен қамтамасыз ету.
5.7 Кабинет білім беру оқу бағдарламаларына бойынша электрондық оқу-
әдістемелік кешендермен (ЭОӘК) толықтырылуы тиіс.
5.8 Заманауи талаптарға сай оқу кабинеттерінде білім беру үдерісін
ұйымдастыру ЭОӘК (смарт-сынып, сандық зертхана, автоматтандырылған оқу-
лабораториялық стенділері, мультимедиялық кабинет, ТВ-технологиялар)
арқылы жүзеге асады.
5.9 Кабинетте: бейне-лекциялар, теледидар лекциялары; радио-лекциялар;
мультимедиалық лекциялар; бейнеконференциялар; телеконференциялар,
виртуалдық зертханалық практикумдар (имитациялық модельдер), форумдар,
чат және электрондық пошта бойынша кеңестер, білім алушылардың өзіндік
жұмыстары; қолданылады: электрондық оқу басылымдары (электрондық
оқулықтар, мультимедиалық оқу бағдарламалары, тренажерлар, ақпараттық-
анықтамалық жүйелер) компьютерлік тестілеу жүйелері жүргізіледі.
5.10 Электрондық оқу-әдістемелік кешендерді дайындау үлгілік оқу
бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
5.11 Әрбір пән бойынша электрондық оқу-әдістемелік кешен (ЭОӘК)
міндетті және қосымша жиынтықтардан тұрады.
5.11.1 Міндетті жиынтыққа енгізіледі:
оқу жұмыс жоспары;
сабақ жоспары;
практикалық және семинарлық сабақтардың материалдары;
зертханалық жұмыстардың практикумы (тапсырмалар, әдістемелік
нұсқаулар және т.б.);
білім алушының өзіндік жұмысына және мұғалімнің басшылығымен
жүргізілетін жұмысына арналған тапсырмалар;
ағымдық бақылауды ұйымдастыру жөніндегі материалдар (бақылау
жұмыстары, тест тапсырмалары, өзіндік жұмыстар);
оқушылардың
білім
жетістіктерінің
нәтижелерін
бақылауды
43
ұйымдастыру жөніндегі материалдар (емтихандық тест тапсырмалары, емтихан
сұрақтары және
билеттер, емтихандық бақылау жұмыстары).
5.11.2 Қосымша жиынтыққа енгізіледі:
жұмыстарды орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар;
оқыту сипатындағы компьютерлік бағдарламалар;
тренажерлар;
анықтамалық-әдістемелік материалдар;
пәннің оқу материалдарын меңгеруге көмектесетін оқу және оқу-
әдістемелік
құралдар;
материалдарды орындаудың мультимедиалық нұсқалары.
5.12 Мектептегі оқу кабинеттерінде білім беру үдерісін ұйымдастырудың
қажетті шарттары:
білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және оқу-әкімшілік ақпараттарды
қамтитын білім беру Интернет-порталы;
телекоммуникациялық желіге шығу (Интернет, спутниктік теледидар)
жабдықтары;
түрлі терминалдар: мультимедиалық сыныптар, электрондық оқу
залдары және т.б.;
CD, DVD дискілеріне арналған оқу контенті;
желілік оқу мультимедиа контенті;
мультимедиалық лабораториялар;
желілік тестілеу кешендері;
оқытуды басқарудың желілік жүйелері.
5.13 Барлық оқу іс-әрекеті:
электрондық
байланыс
арқылы
мұғалімнің
білім
алушымен
педагогикалық қарым-қатынасын;
электрондық
құралды пайдалануды;
білім алушының оқыту құралдарымен бірге өзіндік жұмысын
талап етеді.
5.14 Оқытудың теледидарлық құралдарына кабельдік немесе спутниктік
теледидардың көмегімен ұжыммен немесе жеке қолданатын бейне лекциялар,
сондай-ақ интерактивтік режимдегі теледидар сабақтары жатады.
5.15 Оқытудың компьютерлік құралдарына электрондық оқулықтар,
мультимедиалық курстар, кері байланысы бар тренингтік бағдарламалар
(супертьюторлар),
кәсіптік
бағдарламалардағы
оқу
тапсырмалары
(профтьюторлар), желілік іскер ойындар жатады.
5.16 Оқытудың ойындық құралдарына іскер және операциялық ойындар
түріндегі
ұжымдық
сабақтардың
белсенді
әдістері,
дискуссиялар,
коммуникативтік сабақтар, сондай-ақ виртуалды білім беретін ортада оқылатын
проблемалық және пәнаралық лекциялар жатады.
5.17 Мектептегі оқу кабинеттерінде білім беру үдерісін жүргізу бойынша
ұйымдастыру іс-әрекеттері:
қамтамасыз етудің әдістемелік жағы;