Иновациялыќ білім берудіѕ маќсаты мен міндеті



жүктеу 467,57 Kb.
Pdf просмотр
бет1/2
Дата06.02.2022
өлшемі467,57 Kb.
#37369
  1   2
Инновациялы білім беруді ма саты мен міндеті



ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ  

 

Сейдуалиев М. 

№ 54 Орта мектебі, Тараз қ. 

 

 

Қазіргі қоғамның өзекті мәселелрінің бірі-әлеуметтік, экономикалық өзгермелі  



жағдайда  өмір  сүруге  дайын  болумен  ғана  қоймай,  оны  жақсартуға  ықпал  ететін    жеке 

тұлғаны да қалыптастыра білу.  

 

 Жеке  тұлғаға  қойылатын  нақты  талап-  шығармашылық,  белсенділік,  әлеуметтік, 



жауаптылық,  жоғары  интеллектілік,  терең  білімдік,  сауаттылық.  Жеке  тұлғаның  дамып, 

көзқарасының қалыптасып, ой-өрісінің  дамуына мектеп бағыт береді. 

 

Ел Президенті «Қазақстан-2030» бағдарламасындағы ХХІ ғасырда білімсіз өмір сүру 



мүмкін  емес,    халықты  салауатты  өмірге  бағыттауымыз  керек  деген  сөздері    бүгінгі  ұрпақ, 

ертеңгі ел азаматтарына  білім мен тәрбие берер  жолдарға  үлкен міндет ұстаз болғандықтан 

сабақ  оқытудың    сан-алуан  әдіс-  тәсілдерін  іздестіру  шыңдалу  керек.  [2;75  бет]  Заман 

талабына сай қазіргі  оқыту үрдісінде белсенді әрекет иесі болу керек.  

Қазіргі кезде әлемдегі  жүргізіп жатқан  ізгілендіру үрдістері білім беру мекемелеріне 

қойылатын  жаңа  талаптарды  да  анықтауда.  Техника  мен  ғылым  көлемінің  ұлғая  түсуі 

мектептегі  білім  беру  мазмұнын  қайта  құру  және  оқу  –  тәрбие  орындарының  іс  -  әрекет 

қағидаларын  қайта  қарауға,  әсіресе  мұғалімнің  кәсіби  біліктілігі  мен  тұлғасына,  бүкіл 

педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлауына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне 

алып  келді.  Бүгінгі  таңда  мектепің  оқу  үрдесін  жетілдіру  үшін  инновациялық  білім  беру 

технологияларын  пайдаланудың  тиімділігін  практиканың  өзі  дәлелдеп  отыр.  Мұның  өзі 

аталған  мәселенің  теориялық  негіздемесін  жасау  қажеттілігін  туындатады.  Сондықтан 

оқытудың  теориясы  мен  практикасында  зерттеліп  отырған  проблеманың  жағдайына  талдау 

жасауды  «инновациялық  білім  беру  технологиялары»  ұғымына  нақты  түсінік  беруден 

бастағанды  жөн  көрдім.  Зерттеуде  ең  алдымен  «инновация»,  «педагогикалық  технология» 

ұғымдары  жөнінде  анықтамалар  жүйеге  келтіріліп,  «инновациялық  білім  беру 

технологиялары» ұғымы мазмұндық жағынан қарастырылды.  

 

«Инновация»  термині  ғылымға  XIX  ғасырда  енді.  XX  ғасырдың  екінші  жартысында 



инновация  әлеуметтік  өзгерістердің  жалпы  үрдісінің  сатысы  ретінде  қаралып,  оның  негізгі 

элементтері  атап  көрсетілд:  «жаңашылдық»,  «жаңашыл»,  «бағалаушылар».  Үрдістің 

сындарлы, өзгермелі мерзімін қандай да бір жаңа енгізілімдерге сәйкес «бағалаушылардың» 

іс - әрекетіндегі өзгерістер құрайды. [2; 165 бет] 

 

Инновациялық динамика жаңа білімдердің техникалық немесе әлеуметтік шындыққа 



айналуының  логикалық  реттелген  технологиясын  танытып,  жаңа  білімнің  тауар  немесе 

қызмет  көрсету  үлгісіне  айналу  сатыларын  білдіреді.  Педагогикалық  инновациялардың 

феноменологиясы  «инновациялық  ағын»  ұғымын  енгізеді.  Бұл  ұғымға  педагогикалық 

жаңалықтарға деген дұрыс қатынасын білдіретін мұғалімдердің түрлі сипаттағы қызметтері 

енеді.  Жаңашыл  педагог  –  жаңа  педагогикалық  жүйенің  авторы,  яғни  өзара  байланысты 

идеялар мен тиісті технологиялардың жиынтығының авторы.  

 

Сонымен қатар зерттеушілер мұғалімдердің инновациялық  – педагогикалық үрдісіне 



деген қатынасына әсер ететін басқа да факторларды атап өтуде. Оларға мыналар жатады:  

-

 



жаңалықтың мақсаты,  

-

 



жаңалықты енгізу әдістемесі

-

 



жаңалықтың мотивациясы, 

-

 



мектепте жаңашылдықты бекіту

-

 



қоғам талаптарын қанағаттандыру, 

-

 



оның жұмыс нәтижесін арттыратынына көз жеткіздіру 

«Новация» ұғымы ( латынша NOVUS – жаңа) біздің тарапымыздан жаңа енгізілім деп 

түсіндіріледі.  Ғылыми  әдебиетте  «нововведение»  деген  орыс  сөзі  бір  жүйеден  екінші 



жағдайға  ауыстыру,  ендірілу  ортасына  жаңа  тұрақты  элементтер  (жаңалықтар)  әкелетін 

мақсатты  бағытталған  өзгеріс  ретінде  анықталады.  Әрине  бұл  жаңа  енгізілім  жаңарумен 

байланысты.  Алайда  барлық  жаңа  нәрсе  әр  кезде  дұрыс  нәтиже  бере  бермейді.  Оның 

себептері мынадай:  

Біріншіден,  жаңа  нәрсе  барлық  кезде  өзекті  мәселелерді  шешу  құралы  болып 

табылмайды. Шындығында, мұғалімдер мектеп атқаруы тиіс мәселелерді зерделемей, кейде 

оны бір жақты қарастырады.  

Екіншіден,  әрбір  жаңа  құрал  толық  бір  нақты  жағдайларда  туындап,  белгілі  бір 

педагогикалық  міндеттерді  шешуге  бағытталады.  Алайда  көптеген  ұстаздар  құралдарды 

таңдау  кезінде  нақты  жағдайға  талдау  жасауды  басшылыққа  алмастан,  өздеріне  ұнайтын 

нәрселерге ғана  назар аударады.  

Үшіншіден,  ғалымдар  жаңа  бір  нәрсені  пайдаланушылардың  санының  ұлғаюы,  оны 

меңгерудегі  жаңа  тәжірбиенің  пайда  болуы  жаңалықтың  нәтижелі  болатын  жағдайларын 

қатайта  түсетіндігін  бұрыннан  байқаған.  Сондықтан  біздер  өзгермелі  жағдайда  жаңа 

құралдарды пайдалану дұрыс нәтиже беретіндігіне деген ішкі сенімділігі болған жағдайдың 

өзінде, ұстаздар, психологтар, әлеуметтанушылар тарапынан бақыланбайтын эксперименттік 

бақылау жүргізу қажет деп есептедік.  

Ғылыми  әдебиеттерде  «жаңашылдық»  немесе  «жаңа  құрал»  ұғымдары  бір  –  біріне 

синоним болып табылады да, «инновация», «жаңа енгізілім» ұғымдары арқылы бір – бірінен 

ажыратылады.  

Жаңашылдық – нағыз құрал (жаңа әдіс, әдістеме, технология, бағдарлама және т.бт), 

ал  инновация  –  осы  құралды  меңгеру  үрдісі.  Сауатты  түрде  таңдап  алынған  жаңашылдық 

барынша  мүмкін  дәрежеде  жаңа  енгізілімнің  табысқа  кенелуіне  кепілдеме  беруі  тиіс.  Жаңа 

енгізілген,  жаңа  құрал  негізі  болып  қаланған  нәрсе  мектептің  даму  мәселелерін  шешуге 

мүмкіндік  берсе,  ол  сәтті  деп  саналады.  Жаңашылдықты  меңгерудегі  сәтсіздіктер  жаңа 

енгізілімнің бүкіл жақсы – жаман жақтарын қоса алғанда теріс тәжірбиені көрсетеді.  

Инновациялық  үрдіс  деп  жаңалықты  жасау  (тудыру,  әзірлеу),  меңгеру,  пайдалану 

және  тарату  бойынша  жүргізілетін  кешенді  іс  -  әрекет  ұғынылады.  Білім  беру  қызметінде 

орталық  орынды  иеленетін  оқу  –  тәрбиелік  үрдісін  инновациялық  тұрғыда  қарастыруға 

болады.Өйткені оның мақсаты – жастарға тұлғаның жаңа қасиеттерін қалыптастыруда жаңа 

білімдер  беру.  Тұлғаны  қалыптастырмен  байланысты  жағдайларды  зерттеуге  деген 

қызығушылық  оның  ішінде  инновацияға  деген  қызығушылық  мәселесі  соңғы  уақытта 

әлеуметтанушылардың да назарында тұр. 

Соңғы  жылдарда  жинақталған  білім,  оның  құрамындағы  іргелі  сипаттағы  білім  мен 

оны педагогикалық тәжірбиеге енгізу және пайдаланудың қиындығы арасындағы қайшылық 

ерекше  күшейн  түсуде.  Бүгінгі  жағдайда  жаңа  ғылыми,  тәжірбиелік  және  практикалық 

білімді  жасау  үрдісі  мен  педагогикалық  тәжірбиені  зерттеу  нәтижелерін  меңгеру  үрдісі 

арасында маңызды алшақтық пайда болды. Мұндай алшақтықтың бірі себебі педагогикалық 

білімді  дамыту  мен  оны  енгізудегі  кереғарлықта,  олардың  өзара  тұжырымдық  негіздерінен 

тыс әзірленуде. 

Педагогикалық  инновация  осындай  байланысты  іске  асырып,  педагогикада 

жаңалықтар  жасау,  оларды  меңгеру  мен  практика  жүзінде  қолдану  үрдістерін  біріктіретін 

инновациялық  үрдістерге  тән  қызмет  мөлшерлерін  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді. 

Аталған  қайшылық  инновациялық  білімнің  ерекше  сапасы  ретінде  педагогикалық 

инновацияны  әзірлеу  мәселесін  айқындауға  мәжбүр  етті.  Мұнда  жаңаны  құрумен  оны 

практикада  қалдану  үрдістерін  үйлесімді  біріктіру  жолдары  көрсетіледі.Бұл  талдау 

педагогикада  нииовациялық  үрдістер  теориясын,  инновациялық  үрдістерді  бейнелейтін 

жетекші  категориялар  мен  қағидаларды  және  қоғамдағы  инновациялық  үрдістердің  жалпы 

теориясының  ерекше  бөлімі  ретіндегі  педагогикалық  инновацияның  құрамдас    негіздеоін 

терең түрде әзірлеу қажеттігін көрсетіп берді.  

 

Жалпы айтқанда, инноватика ғылымының негізінде мына мәселелер айқындалады:  





жүктеу 467,57 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау