«инновациялық технологияларды меңгеру негізінде мұҒалімдердің КӘсіби біліктілігін дамыту»



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет48/88
Дата17.01.2020
өлшемі6,12 Mb.
#26989
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   88

кеңейтуге,көркем   де   шебер   сөйлеуге,   біреуді   тыңдай   алуға,   сыни   ойлана   отырып,   ойланатын
тапсырмаларды өздігінен орындай  алуына ықпал етеді. 
Диалогтық   оқытудың   нәтижесінде     оқушылар   арасында   білім   игеруде   бірлескен   іс-әрекет
қалыптасады  және  жоғары деңгейде  ойлау қабілеттері  мен  зияткерлік  қабілеттері  дамиды.  Сосын
менің бір түсінгенім мұғалім оқушылардың сұраққа берген жауабын тек олардың білімдерін тексеріп,
оған баға қою үшін емес, сонымен қатар оқушылардың сол сұраққа деген оз ойларын білдіруге және
оны одан ары дамытуға қолданса, оқушылар сабаққа тек жаттап оқып баға алуға   бола емес, сол
қырық бес (45) минут ішінде өздеріне қажетті білім алып кетуге тырысады деген ойға  келдім. 
Александер   (2004)   Оқытудағы  әңгімелесу  –  қарым   -   қатынас   жасаудың   бірсарынды   үдерісі   емес,
керісінше, идеялар екі жақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға
жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері
де)   келісілген   нәтижеге   жету   үшін   күш-   жігерін   жинайтын   және   Мерсер   (2000)     сипаттағандай,
білімді   бірлесіп   алуда   пікір   алмасу   барысында   тең   құқылы     серіктестер   болып   табылады.   Пікір
алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске  асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу
барысында да анықтай алады. [МАН, 40- бет]. 
Осы   диалогтік   оқыту   моделі   менің   сабақтарымда   үнемі   көрініс   беріп   келеді.   Себебі,   «Жырдағы
кейіпкерлер әлемі» атты  тақырыпты өту барысында балалардың қызу пікірталасқа түсіп, диологтің
өрбіуі   пайда   болды.   Сабақтағы   диалогтің   жүру   барысында   осы   бағдарламаның   «Сыни   тұрғыдан
ойлау»   моделі   де   көрініс   тапты.   Оқушылар   өз   ойларын   айту   барысында   сыни   тұрғыдан   ойлады.
Балалар   Қыз   Жібек   пен   Төлегеннің   арасындағы   сөйлеу   барысындағы   қарым-қатынасты   және   де
Бекжан мен Төлегеннің, одан қалды Қыз Жібек пен Бегежанның арасындағы диалогті өз тілдерімен
айтуларында байқалды. ІІІ топ мүшелері өздерінің арасында Қыз Жібек пен Төлегеннің арасындағы
кездесу сәтінен болған оқиғаны көрініс көрсету арқылы диалогтік сипатта қойылым көрсете отырып,
басқа   топ   мүшелеріне   көрсете   білді.   Осы   сабақтағы   ситуациялық   жағдайдан   шыға   білген   І   топ
мүшелері болды. Олар екі түрлі диалог дайындаған екен. Бірін ІІІ топ мүшелері көрсеткеннен кейін
олара   екінші   сюжеттерін  ортаға   салды.   Бұл  да   болса   сыни  тұрғыдан   ойлаудың   бір  көрінісі   екені
даусыз. 
Сұрақты басқа оқушыларға  қайта бағыттау, Мысалы, «Көмектесе алатындар бар ма?» 
Диалогтік   тәсілін   дамытудағы   сұрақтардың   маңызын   қарастыратын   болсақ,   сұрақ   қою   арқылы
мұғалім:
Оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;
Оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;
Білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;
Оқушыларды білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі;
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді;
Оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі;
Оқушылардың бір- бірінен үйренуіне,  басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына
ықпал етеді.
Әңгімелесу   және   ой   елегінен   өткізу   көмегімен   ойын   жинақтауға   көмек   береді,   іс-   әрекеттерін
тереңдетеді және шоғырландырады;
Оқытудағы қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды. [МАН, 41- бет].
Өзімнің пайымдауымша диалогті  оқытуда үнемі пайдалану керек. Себебі оқушылардың білімге деген
қызығушылығы оянады.Сабақ  үдерісінде   диалогтің  жүргізілуі  білім  берудің сапасына   жақсы  әсер
етеді. Менің іс-тәжірибемде диалог көбіне топтық, жұптық  жұмыстарда көрініс тауып жүр. Топтық
жұмыс кезінде оқушылар бір-бірімен тығыз байланыста болып, талқылайтын әңгімелерін жүргізіп
отырды. Бір-бірінің ойларын, толықтырды.   
Қорыта айтқанда, сабақ барысында оқушылар арасында, оқушылармен жүргізілген диалогтің білім
беру үдерісінің алға жылжуына көп пайдасын келтіреді. Осыған орай оқушылардың тілдік қарым-
қатынасының, сөйлеу мәдениетінің жоғарылауына көп үлес қосқанына көзім жетіп отыр.
      Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей. 2012 жыл.
2. Дәріс материалдары бірінші бетпе- бет кезеңі
3.
Интернет ресурстары [http:// кк.wikipedia. org/ Дарындылық]
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
 Аймуратова  Замзегуль Аптихалыковна


Жалағаш  ауданы, Жаңаталап ауылы № 119 орта мектептің
 І  деңгей    бағдарламасы  бойынша  
сертификатталған    бастауыш  сынып мұғалімі
                                                     Әдістемелік  баяндама
Тақырыбы             Тәлімгерлік   -    мұғалімнің   кәсіби     өсуі   мен    инновациялық    ойлау   жүйесін
қалыптастырушы  жұмыс әдісі.   2013 – 2014   оқу жылы
                                   Баяндама  тақырыбы
   Тәлімгерлік -  мұғалімнің кәсіби  өсуі мен  инновациялық  ойлау жүйесін қалыптастырушы
жұмыс әдісі
                                       
                                  Баяндаманың  мазмұны   
Кіріспе бөлім
Мектеп  тәжірибесіне  өзгеріс енгізу тетіктері   - тәлімгерлік  үдерісі
Негізгі бөлім
Жеті ұстанымға негізделген жүйелі тәлімгерліктің  оқу үдерісіндегі маңыздылығы
    Тәлімгерлік циклі     
 А)  1- қадам  Бастапқы  бақылау
Ә) 2-қадам   Сабақ  үстінде
Б) 3-қадам   Бақылаудан  кейін
Қорытынды бөлім   Табысты оқыту мен құзырлы мұғалім
            Педагогикалық   шеберлік    орталығының   Кембридж  университетінің  бағдарламасы   бойынша
әзірленген   мұғалімдердің   біліктілігін   арттыру   курстарында     мұғалімдер   оқу   көшбасшылары   деп
саналады. Бұл ретте оқу көшбасшылары қолданатын тетіктер  мектептің оқыту мен оқу тәжірибесіне
өзгеріс   енгізуге  назар аударатын  болса,  екінші   деңгей бағдарламасы бойынша   оқыған  мұғалімдер
коучинг  пен тәлімгерліктің көмегімен өз мектептеріндегі әріптестерін оқытып, солардың тәжірибесін
өзгертуге   күш   салады.   Ал   Бірінші   деңгей   бағдарламасы   оқытуды   басқару   мен   көшбасшылық
мәселелерін көтеруге бағытталған. Білімнің дәрежесіне, кәсібилік деңгейіне қарамастан кім болмасын
өзінің үздік  нәтижесін өз бетімен үнемі ұстап тұра алмайды, осы ретте Бірінші  деңгей бағдарламасы
мұғалімдерге әріптестерімен бірге жаңа тәсілдерді  пәнге енгізу үшін коучинг пен тәлімгерлік арқылы
жұмыс  істеуге мүмкіндік беретін дағдыларды ұсынады.
     Тәлімгерлік  -(mentoring)  ұзақ  уақытқа созылатын , тәлімгер  мен тәлім алушы арасында сенімді,
жеке   тұлғаға   бағытталған   қарым-   қатынас   құру   үдерісі.   Ол   тәлім   алушының   педагог   ретінде
қалыптасуы мақсатында өзінің білімін, ойлауын, тәжірибелік іс-амалдарының тиімділігін жетілдіруде
айтарлықтай   қарқын   алуына   көмектеседі.   Тәлімгерлік   ету   барысында   тәлімгер   өзінің   білімімен,
тәжірибесімен бөліседі, ал тәлім алушы еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің
кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздейді. Тәлімгерліктегі басты ұстаным
қызмет емес, қарым- қатынас болып табылады, оның барысында тәлімгер объективті тыңдаушы  және
бағыттаушы   болады.   Тәлімгер   тәлімгерлік   үдерісіне   өзінің   тәжірибесін   үлес   етіп   қоса   отырып,
бірқатар міндеттерді орындайды:
18.
Тәлім  алушыларға мүмкіндіктер мен проблемаларды қарауға мүмкіндік береді:
19.
Стратегиялық деңгейде өзінің ноу- хоуымен алмасады;
20.
Тәлім алушыға шынайы мақсат қоюға және оған жету жолдарын жоспарлауға көмектеседі.
   Тәлімгерліктің өзіне тән негізгі   сипаттамасы екі адам арасындағы оқу қарым қатынасын құруға
негізделген     және   түйінді   дағдыларды:   белсенді   тыңдай   білу,   тәжірибені   дамыту   үшін   бірқатар
күрделі   сұрақтар   қоя   білу   дағдыларын   дамытуға     бағытталған.   Тәлімгер   тәлім   алушыға   күрделі
тапсырмалар   беріп,   колдау   көрсетуге;соның   ішінде   қажетті   түйінді   қасиеттерді:   сенімділік,
ортақтастық, шынайылық, адалдық танытуға дайын болады.  Тәлімгерлік аяқталған соң тәлімгер мен
тәлім   алушының   арасында   орнаған   қарым-қатынас   біліктілігі   төмендеу   мұғалімнің   өзіне-өзі
көмектесуіне мүмкіндік алып, проблемалардың шешуін өзінше табуға көмектеседі, себебі тәлімгерлік
түзету  қағидатына   емес,   даму  қағидатына   негізделген.       Бірінші   деңгей   бағдарламасы   тәжірибелі
мұғалімдерді   өз   мектептерінде   құзырлы   коуч   пен   тәлімгер   болуға   үйретуге   бағытталған.   Бірінші
деңгей   бағдарламасы   бойынша   курсты   аяқтаған   мұғалімдер   оқу   қоғамдастығын   құрып,   жаңа
идеяларды іске асыру үшін өз мектебінде тәжірибеге өзгеріс енгізуді және әріптестерімен жүргізілетін


жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   88




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау