«инновациялық технологияларды меңгеру негізінде мұҒалімдердің КӘсіби біліктілігін дамыту»



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет45/88
Дата17.01.2020
өлшемі6,12 Mb.
#26989
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   88

Оқушыларға «мақсат ағашы» бейнеленген қағаз тарқатылды. Осы суреттен өздерін сабақта қандай
дәрежеде  меңгергендерінді  білу  үшін  өздерінді  табыңдар  дедім.  Оқушылар өздерін  ағаштың орта
деңгейіне апарып қойыпты, бір-біріне көмектесу кездерін бейнелей біліпті. 
Қалыптастырушы бағалаудың бір түрі «Өзін-өзі бағалау және өзара бағалауды». Бұл бағалаудың түрін
«Қар үйіндісі» ойыны кезінде пайдаландым. Оқушыларға бағалаудың қалай жүзеге асыру ережесін
түсіндірдім.   Бірақ оқушылар бағалау түрін «Екі жұлдыз, бір тілек» айтып кетті. Мен оқушыларды
тоқтатып, қайта түсіндіру жұмысын жүргіздім. Өзгеріс көрінбеді. Барлық оқушы «Екі жұлдыз, бір
тілек» айттып кетті. Бұл бағалау түрі жүзеге аспағаны, мен бағалау қалай жүзеге асырылатындығын
көрсетпей, тек бағалау шартын айтып қана қойғаным.
Қорытынды, келешекте ақпараттық - коммуникациялық технологияларды сабақ барысында пайдалану
үшін Интернет желісі, кітапханадан материал жинау арқылы  өткен материалға топтық презентация
жасап жоба қорғауға тапсыруға қолдануға болады. Осы материалға жоба қорғау жұмыстарын жасау
кезінде   оқушылардың дүниетанымын  кеңейтіп  ізденімпаздыққа   тәрбиелеуге  болады.   АКТ  арқылы
биолгиялық     құбылыстарын   сандық   бейнеде   (видеода)   көру   арқылы   алған   ақпаратты   сақтауы   20
пайызға артады.
Сабақ   барысында   ақпараттық   -   коммуникациялық   технологияларды   пайдалану   мұғалім   жұмысын
өнімді,   нәтижелі,   сапалы.   Оқушылардың   жұмысы,   білім   алу   әрекетін   мәнді,   мағыналы,   қызықты,
пайдалы етеді.
«Ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі – АКТ) дамуы білімді бағалау және
пайдалану   жүйесін   де   уақтылы   өзгертіп   отыруды   талап   етеді.   Осыған   байланысты   оқытуда
қолданылатын   әдіс-тәсілдер,   әдістемелер,   технологиялар   жаңартылып   отырады.»   (МАН,   61   бет).
Осыған байланысты  заман  ағымына  сәйкес   әртүрлі   АКТ  құралдарын,   білім-білікке   байланыстыра
отырып оқушыларға сандық білім емес сапалық білім беруге талпыну. 
АКТ қолданылған  биология сабағының  нәтижелері  бойынша  мұғалім  де,  оқушы  да  ақпарат  пен
білімге  қолжетімділікте, шығармашылық  пен  идеялар  алмасудағы  әрекеттестіктегі АКТ ролін тани
жңне  бағалай білуі  тиіс. Олар сондайақ , өзгеріс  үстіндегі әлемде (жұмыс  орнында, демалу және
қарым-қатынас  жасау уақытында) АКТ-ның  ықпалын неғұрлым  көбірек  сезінуге  тиіс.(Қосымша
ресурстар)
Мен  осы  бағдарлама   бойынша   үш   айлық   курста   білім   алғаныма   қуанамын.   Алдағы  уақытта   осы
бағдарламаны басшылыққа ала отырып, оқушылармен жұмыс жасау маған тиімді әрі қызықты.
Яғни, осы бағдарлама бойынша біз бақылаушы, талдаушы, зерттеуші мұғалім болып қалыптасады
екенбіз. 
Осы сабақтар топтамасын   жасауда менің үйренгенім   сабақтар топтамасын   бір жүйеге келтіруді,
барлық оқушыларды сабақ үдерісіне тартуда   оқушылардың деңгейлеріне қарай әдістерді таңдауды,
жұптық, топтық жұмыстарда бірлдесіп жұмыс орындау үшін, формативті бағалау енгізу тиімділігін,
өз ойларын  ашық жеткізе білу үшін сабақтар топтамсын дұрыс құра білуді үйрендім. Орта мерзімді
жоспардың маған ұнағаны мұғалім мен оқушының сабақ үдерісінде  жасалатын іс-әрекеттері айқын
көрініп тұрады.
Сәтсіз   тұстарды   болдырмас   үшін   біз   үнемі   ізденісте   болып,   оқуды   жақсарту   үшін   өзіміздің
құзыреттілігімізді дамытып отыруымыз керек деп білемін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Мұғалімдерге арналған  нұсқаулық . Үшінші (негізгі) деңгей. 2012 ж.
2.  Қосымша ресурстар(таратпа).
 3. С.Мирсеитова «Оқыту ізденіс  ретінде және ізденіс оқыту ретінде».
4. Ғаламторлық ақпараттар www. cpm.kz сайтынан алынған материалдар.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ФИЗИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫНЫҢ ПӘНДІ 
ТЕРЕҢ ТҮСІНУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Бакуова Ж.Б.  (Қызылорда қаласы, 
Сырдария ауданы №210 орта мектебі)
Тәуелсіз еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан мектеп оқушыларының сапалы білім мен
саналы   тәрбие   алуы   ең   басты   мәселе.   Бүгінгі   ғылым   мен   техниканың   дамыған   ғасырында   жас
ұрпақты   ізденпаздыққа,білімділікке   және   шығармашылықпен   жұмыс   істеуге   дағдыландыру   үшін


заман талабына сай сапалы білім беру мұғалімнің ең басты міндеті. Қандай пәнді оқыса да оқушы
білімі   сапалы,   нәтижелі   болуы   керек.   Ендеше   оқушы   білімін   бүгінгі   күн   талабына   сай   дамыту,
тереңдету ғылыми түрде құзіреттілік деп түсіндіріледі.
Қазіргі   әлемдік   жаһандану   кезеңінде   білім   беру   идеялары   сәт   сайын   жаңара   түсуде.   Сондықтан
көштен қалмай ілгерілеудің негізгі тетігі мұғалім екенін естен шығармауымыз керек. Заман талабына
сай қазіргі білім беру үрдісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны белгілі.Әр мұғалімнің басты міндеті
– рухани бай, жан-жақты дамыған, дарынды, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.Оқу үрдісі уақыт
талабымен қаншама өзгермесін, тек ұстаз ғана оның мазмұнын оқушы санасына сіңіре алады.Қазіргі
кезде оқушылардың білімге деген зейіндерін арттыру үшін көптеген жұмыстар ұйымдастырылады.
Сыныптағы оқушының ойлау қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан физика сабағында әр сыныптағы
оқушының   жас   ерекшелігіне   қарай   және   білім   деңгейіне   сай   сабақтың   түрлерін   тауып,   сол
тақырыптарды игеруді мақсат ету керек. Мен физика сабақтарында оқушылардың білім деңгейлеріне
қарай деңгейлеп дамыта оқыту әдісін қолданғанды жөн көремін. Өйткені оқушы өзін қызықтыратын
нәрселерге   ғана   көңіл   аударады.   Физика   бұл   өте   күрделі   пән,   бұл   пән   математика,   тарих,
жаратылыстану   пәндерімен   тығыз   байланысты.   Оқушылардың   әр   тақырыпты   меңгеруі   әр   түрлі
деңгейде болады. Сол себепті жұптық, топтық жұмыс бұл пәнге сай келеді. Сабақта есепті шешудің
әр   түрлі   тәсілдерін   пайдаланғанда   жақсы   нәтижеге   қол   жеткізуге,   оқушының   пәнге   деген
қызығушылығын артыруға болады. Осындай жұмысты бағалағанда тек нәтижеге емес, оқушының
ынтасына да көңіл аударылады. Соңында жаңа материалды ғана емес, ненің ұнағандығын, қандай
тәсілдердің   қолайлығын   да   талқыға   салып   отыру   керек.   Кейбір   кездерде   ережелерді,   тіпті
терминдердің мағынасын үнемі талдап түсіндіріп отыру қажет, оның себебі физикалық терминдерді
оқушылар  үнемі   естіп  жүргенімен,   өз  ойларын  түсіндіру  кезінде   жеткізе   алмайды.   Оқу   үрдісінде
оқушыларға бұрын өткенді қайталай отыра, сол материалды үнемі жаңалап отырып, басқа қырынан
көрсете білу керек. Өйткені бір айтқанды қайталай берген оқушыларды жалықтырып жібереді. Әрине
оқушыны қызықтыру үшін, алдымен мұғалім өз пәнін сүюі қажет. Ал қызығушылық танытқаннан
кейін,   оны   өшіріп   алмаудың   келесідей   амалдарын   келтіруге   болады:   физикалық   практикум,
салыстырулар,   қарама-қайшылықтар,   оқытудың   әр   түрлі   тәсілдері,   қызықты   тәжірибелер,   көрнекі
түрде   ұйымдастырылған   жалпылама   зертханалық   зерттеулер,   ойындар   (ойын   элементтері
кірістірілген сабақтар), жарыстар т.б.
Мұғалім басты тұлға, шәкіртке бағыт – бағдар беруші бағдаршам десек, оқушы өздігінен еңбек етіп,
талпынып,   жеткен   жетістігінің   жемісін   көруші,   мұғалім   мен   оқушы   үнемі   бір   –   бірімен   тығыз
байланыста болуы қажет. Сапалы тиімді нәтижелі жүргізген әрбір сабақ – ұстаздардың тынымсыз
еңбегінің   нәтижесі   болмақ.   Мұғалім   шеберлігінің   көрсеткіші   әдістеме   саласындағы   ғылыми
жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгеру табиғат заңдарын күнделікті өмірмен байланыстыра
отырып физика пәнінен танымын арттыру. 
Физика   пәнін   оқытуда   интерактивті   әдістерді   пайдаланудың   тиімділігі   туралы   айтар   болсақ,
электрондық оқулық – бұл күнбе – күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны
әрбір   оқытушы   өз   педагогикалық   тәжірибесіндегі   материалдармен   толықтыра   отырып,   әрі   қарай
жетілдіре алады. Электрондық оқулық арқылы үй тапсырмасын, жаңа сабақты түсіндіруге және тест
тапсырмаларын   орындауға   болады.   Электрондық   оқулықтың   тиімділігі   зор.   Қазіргі   таңда   мен   өз
тәжірибемде оқушыларға физика сабағында электрондық оқулықты пайдаланып келемін.   Онда әр
тарауда тақырыптың мазмұны, заңдары мен анықтамалары,   кестелер, ғалымдардың өмірбаяндары, 
жаттығулар  мен  есептер,   бақылау  жұмыстары  қамтылған.   Тараудағы  оқу   материалдары  бойынша 
берілген   анимациялық   тәжірибелер   оқушыларға   физикалық   құбылыстарды   көрсете   отырып, 
түсіндіруге   ыңғайлы.   Интерактивті   тақтаны   пайдалану   сабақты   жаңаша   әдіспен   түсіндірумен
оқушылардың назарын аударады, жалпы физикаға қызығушылығын арттырады. Оқушылар сабаққа
дайындалуға белсенді түрде кіріседі, бұл олардың оқу – зерттеу жұмыстарын да шығармашылықпен
жұмыс   жасауға   дағдыларын   дамытады,   тек   физика   пәнін   оқытуда   ғана   емес,   информатика   және
мультимедиялық   білім   алуда   жоғары   жетістіктерге   жетуге   мүмкіндік   береді.Оқытудың   жаңа   әдіс-
тәсілдерін пайдалану, үйлесімді тәжірибе ғана мұғалімді табысқа жетелеп, теориялық білімін шыңдай
түседі. Ең қиыны оқытудың бүкіл әдіс-тәсілдерін белгілі ізге салып, сабақтың құрылысын қазіргі
заман талабына сай қайта құру. Адамгершілігі жетерлік сауатты, білімді мұғалім өзінің әрбір сөзіне,
сөйлеміне,   сырт   көрінісіне   талғаммен   қарап,   шәкірттерге   де   талап   қойып,   үйретуден   жалықпай,
түсінбей қалса, оларды кінәламай, сабырлықпен сөйлеп, оқумен бірге тәрбие беріп отыру негізінде
мақсатқа жете алады.
Оқушылардың білімге ықыласын, ынтасын,қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі саб
ақта ойындарды қолдану. Ойын, білім алу, еңбек етуадамның негізгі


жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   88




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау