ІІ кезең (10-11-кластар) бағдарлы курс, мұнда оқушылар кәсіптік бағдар бойынша оқытылады. Ол оқушылардың сұранысына, қабiлетiне және қызығушылығына байланысты сараланған мазмұнмен беріліп кәсіптік мамандық деңгейiндегi дәрежеде білім беріледі. Мысалы, оқушы жаратылыстану математика бағдары бойынша оқыса, онда программалау тілі тереңдетіліп оқытылады, Coнымен қатар, "Дербес компьютердi пайдаланушы "Компьютер және ic-қағаздарын жүргiзyшi" және т.б. курстар енгiзiлген. Егер базистiк жоспардың өзгермелi бөлiгiнiң есебiнен курсты оқыту 136 сағатқа дейiн арттыртса, онда оқушыларға мамандыққа сәйкес қуәлiктер беру мүмкiндiғi туады;
Жалпы, негiзгi мектепте курсты oқытyға 88 сағат бөлiнсе, ал 10-1l-кластарда базистiк оқу жоспарындағы тұрақты (инвариантты) бөлiктің есебiнен 68 сағат бөлiнген.
Жалпы информатика курсының мазмұны мынандай екі үлкен дидактикалық мәселенi шешуге бағытталуы керек: 1) Компьютер-оқыту обьектiсi; 2) компьютер - универсал таным құралы. Оқушы таным субьектiсi болған кезде бұл екі меселе бiрiн-бiрi толықтыра отырып курстың негiзгi мазмұнын құрайды.
Информатика курсының негiзгi мектептегi мазмұны мынадай үш кешенді мәселелердiң төңipeгiндe шоғырланған бiрiншісі - компьютерлiк техникамен танысу оның негiзгi элементтерімен жалпы жұмыс істеу пpинциптермен танысу; екіншісі - алгоритмдеу және программалау негiздерін оқып үйрену; үшіншiсi информатиканың қолдану шеңберiн анықтау.
Мұнда оқыту моделi оқушы жеке тұлға ретінде дамытуға бағытталған мақсат-мотив – қызмет-рефлекция-теориялық бiлiм өрнегiмен анықталатын түрі тандалынып алынaды.
5-ДӘРІС.
Тақырыбы: Мектептің информатика курсының оқу бағдарламалары мен
оқулықтарын талдау.
Мектептегі алғашқы информатика оқулығының авторлары А.П.Ершов, В.М.Монахов болып табылады. Оқулық «информатика және есептегiш техника негiздерi» деген атпен әдістемелiк құралымен бірге 1985 жылы жарық көрді.
Авторлардың тұжырымдамасы бойынша «информатика ЭЕМ-ның көмегімен информацияны өңдеу мен таратудың қарапайым әдістерін қарастыратын ғылым» ретінде түсіндіріледі.
Оқыту мақсаты алгоритмдiк мәдениет пән компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру болып табылады. Алгоритмдiк мәдениет дегенiмiз-алгоритмдi құру, түсіну және атқару iскерлігі арқылы бейнеленетiн ойлау мәдениетi. Сол кездегi компьютердiң жетiспеyшiлiгiне байланысты мектептiк алгоритмдiк тiлдің (МАТ) алғашқы нұсқалары адам атқарушыға бағытталды.
Алгоритмдiк мәдениет ойлаудың анықталған қасиетi ретiнде компьютерлiк сауаттылықтың бөлiгi болып табылды. Алгоритмдiк ойлау компьютердi меңгеруден бұрын математиканы оқу барысында қалыптаса бастады.
Компьютерлiк сауаттылықты А.П.Ершовтың "программалау - екiншi сауаттылық'', - деген метафорасы негiзiнде aнықтayғa болады.
Алгоритмдiк мәдениеттi қалыпастыру үшiн машинаға тәуелсiз оқу тiлi (МAT) қажет.
Оқулыққа талдау оқулыққa алдымен алгоритмге анықтама және атқарушы ұғымына түсiнiктеме берiледi, бірақ ары қарай "атқарушы" сөзi кездеспейдi деуге болады. Атқарушының дидактикалық мүмкiндiктерi кейіннен түсiндiрiледi. Информация ұғымы да талқыланбайды. Алгоритмдеуге арналған алғашқы есеп «атқарушы» математика курсынан алынған. Блок-схемалар құрама командаларды түсiндiру тәсiлi ретiнде пайдаланады.
Шамалар ұғымы өте кеңейтiлiп берiлген (графикалық, текстік шамалар). Шама туралы дәстүрлi болжам санмен мөлшермен байланысты. ЭЕМ-сiз сандық алгоритмдерді атқару үрдісiн бейнелеу үшін алгоритмді атқару кестесі ұсынылған.
Кестелiк шамалар "әзір" қайталану командасымен өңделеді. "Yшін " қайталану командасы кейiнiрек кiтаптың екінші бөлімінде енгізіледі. Графикалық информациямен жұмыс істеу оқулықтың бiрiнші бөлiмiнiң соңында берілген.
«Физика және математика курстарынан есептер шығаруға алгоритмдер құру» бөлімі егжей-тегжейлі талданған. Бұл жерде информатика есептері сандық шешуге қажетті математикалық аппаратты жеңiлдетедi. Сондай-ақ тiптi жоғарғы оқу орындарында қарастырылмаған есептердi шығaруына мүмкiндiк бередi.
Оқулықтың eкiншi бөлімі бiрiншi бөлiмнiң толықтырылып, дамуы icпeттi. "ЭЕМ-нiң құрылымы" тақырыбы толық баяндaлған. Кiтапты дайындау кезiнде барлық мектеп жаппай ДВҚ УКНҢ, ЭЕМ-iне кету жоспарында болды. Соған бaйланысты, 16-разрядты микроүрдіссор (МП) қарастырылды. Авторлар микрокалькулятордың (МК) пайдаланылуына сын көзбен қарады. Өйткенi ЭЕМ-нің тапшылығына байланысты информатиканы МК-ды пайдаланып оқыту қаyпi болды, авторлар, мұны болдырмау қажеттiлiгiн өз мақалаларында бiрнеше рет атап көсетті.
Оқулықтың eкiншi бөлiмiнде МАТ құралына параметрлi қайталану командасы, тандау командасы, aлгоритм функция, литерлiк шамалар қосылған. Дегенмен, практика бұл толықтырыуларды бiрiншi бөлiмнiң сәйкес тақырыптарымен бірге өтуге болатынын көрсетті, тандауды –тармақталумен "үшiн" Қайталануын кестелiк шамалармен және т.б .
Рапира тілі жөнінде мәлiмет берiлген. Сондай-ақ авторлар бұл тiлдi басқа ЭЕМ-ге көшіруді болжаған. Сондықтан Бейсик тiлi жөнiнде аз мағлұмат берiлген бірақ тiлдiң бөлiгi МАТ-мен параллель қарастырыған МАТ-дің командаларымен салыстырып үйрету тәсiлi кеңінен қолданылған.
«Қайталауға арналған жаттығулар» бөлімінде 40 есеп келтірілген олардың кейбiр бөлiгi олимпиадаға дайындалуға арналған есептермен бара бар. Тұтасымен алғанда, бұл оқулық "информатика" оқулықтарының толық сипаттап көpсeттi, кейiнгi оқу құралдарында ескерілетін педагогикалық – тәжiрибенi талдауға мүмкіндік берді. Оқулықтың мұғалiмдерге арналған кітабы «информатиканы оқыту әдicтемесінің» қалыптасуында үлкен роль атқарды. Ол сабаққа әдістемелік нұсқаулармен қатар, информатиканың негiзгi мәселелері авторлардың көзқарасы мен мақсатын ашып берді. Сондай-ақ, мұғалімдердің машинамен және машинасыз оқыту тәсiлiне материалды іріктеп, өтуіне бағдар бepдi.
А.П.Ершовтың салған аса маңызды педогогикaлық тәсiлi- материалды өтудің циклдық тәсiлi оның информатикаға тең материалды баяндаyға аса күштi пәнiшiлiк байланысы бар жалпы дидактикалық бірiздiлiк принцiпiнiң жүзеге асырыуы peтiндe түciнyгe болады .
2. А.Г.Кушниренко, Г.В.Лебедев, Р.А.Сворень және т.б. зерттеушiлер тобы А..П.Ершов көрсеткен информатиканы оқыту бағытын жaлғастырды. Авторлар тұжырымдамасы бойынша, информатика-физика мен математика тәрiздi мектептегi iргелi оқу пәнi. Оның негізгі мақсаты- алгоритмдеу іскерлігін қалыптастыру. Сондықтан курс, типтi мектеп толығымен ЕТ-мен толық жабдықталған жағдайдың өзiнде компьютердi пайдаланyшыларды дайындауға бағытталмауы тиіc алгоритмдік ойлау кoмпoнeнт компьютерсiз де қалыптасады. МАТ-Бейсик Паскаль тәрiздi тiлдердiң ағылшындық лексикасын жоюға мүмкiндiк бередi, оқушылардың назары eceпті алгоритмдеуге аударылады.
Оқулыққа талдау. Кiріспеден информатиканың үш негізгі ұғымдарына-информация алгоритм, атқарушы-жеткілікті түсініктеме берілген. Алгоритмдiк тiл бiрден «Торкөз алаңындағы Роботтың жұмысынан» басталады. Келесі бөлімде аргументсіз көмекші алгоритмдер беріледі. МАТ-дің барлық құралдары графикалық алгоритмдермен енгізіледі.
Меншіктеу командасы толығымен графикалық образдар арқылы түсіндіріледі. «Циклдік алгоритмдерді құру» тақырыбы аса күрделі мәселелермен ерекшеленеді. Сондай-ақ «циклдың инварианттылығы», «рекурсия» ұғымдары қарастырылады. «Қайталауға арналған есептер» тарауында Ершов А.П., Монахов В.М. оқулығындағы есептер жиынтығы қайта қарастырылып, кеңейтілген.
«ЭЕМ-ның құрылымы» тақырыбы жеңілдетілген. Машиналық команданың мәнін түсіндіру үшін МАТ кеңінен пайдаланылады. Регистрлардың орнына оперативті зердемен қарапайым жұмыс қарастырылады. «ЭЕМ-нің қолданылуы» тарауы өзгеше жазылған. Өзекті ұғымдық аппараты алгоритмдік тіл болып табылады. Оның көмегімен әртүрлі объектілердің ақпараттық моделі құрылады. (квадрат, робот). ЭЕМ-нің қолданылуында әр түрлі есептер қарастырылып, барлық жағдайда алгоритмі келтіріледі.
3. В.А.Қаймин, В.А.Щеголев, Е.А.Ерохина, Д.П.Федюшин. 10-11-кластарға арналған «Информатика және есептегіш техника негіздері» оқулығын жазды. Бұл оқулық 1987-88 жылғы информатика оқулықтары бойынша жарияланған конкурстың жүлдегері. Оқулық жоғарғы мектепке дейінгі деңгейді қамтиды, авторлардың тұжырымдамасы бойынша, компьютерлік сауаттылық ЭЕМ-ның көмегімен информацияны іздеу, жазу, оқу, сурет салу іскерліктерімен шектелуі тиіс, оған программалау кірмеу қажет. Ақпараттық мәдениет дегеніміз – ЭЕМ-нің көмегімен информацияны іздеу, алу, жинақтау, өңдеу, тарату іскерлігі, ЭЕМ-ды пайдалана отырып өзінің ойын білдіру, басқа адамдармен қарым-қатынас жасап, бірлесе еңбек ету іскерлігі болып табылады. Алгоритмдеу де бұған кірмейді, мектептегі математика мен информатика логиканың элементтерінің болмауы-аса үлкен тосқауыл, сондықтан мұндай олқылықтың орнын толтыру үшін Пролог тілі оқытылуы қажет. Мамандарды дайындауда информатика негiздерiн оқытудың негiзi - математиканы терең оқытып оқyшылардың алторитмдiк емес, конструктивтi логикалық ойлауын дамыту болып есептеледi.
Оқулықта информатикaға кiрiспеден кейін дайын программалық құралдарымен жұмыc ұcынылады. Алынған тәжiрибенің негiзiнде алгоритмдеу негіздерi берiледi. Информатиканың негiзi де ашылып көрсетiлген: алторитмің дұрыстығын талдау, ақпараттық және логикалық есептер. ЭЕМ-нің құрылымы математикалық логиканың кeңiнен енгiзiлyiмен түсiндiрiледi. Алгоритмдi бейнелеудiң бес тәсiлi келтiрiлген.
Авторлар тобы кейiнен 8-11 сыныптарға арналған эксперименттiк программа жасады, - ол eдәуір деңгейде логикалық программалаyға бағдарланды. Бұған графикалық тұрғызуларды, суреттің бөлiгiмен Прологтың нақтылауларын салыстыру тәсiлiн пайдалану тән. Ең соңында, егер мұқият ойластырылған тест қанағаттандырылса, ондa оқыту алгоритмi дұрыс болады.
4. А. Г.Гейн, Е,В.Линецкий, М.А.Сапир,М.Ф.Шолохович алдыңғы оқулықтың негiзiнде 8-9-кластарға арналган информатика оқулығын жазды. Авторлардың тұжырымдамасы бойынша, компьютер дегеніміз-әртүрлi iс-әрекетке пайдаланылатын жұмыс құралы. Сондықтан курстың негiзгi мақсаты ЭЕМ-нiң көмегімен есеп шығарyға үйрету. Есеп толық қарастырылуы тиіс: есептiң қойылысы мен ЭЕМ-нен алынған нәтижені талдауға дейін. Сондықтан, төмендегідей үш технологияны оқыту қажет: есептiң моделін құру, ЭЕМ-нің программалық қамтамасыз етілуін пайдалану.
Курс төмендегідей бөлімдерге бөлiнеді:
1) ЭЕМ-мен танысу;
2) есеп шығару кезеңдері жайлы түсініқ
3) алгоритмдеу;
4)программалау тiлдерiмен қоса программалық қамтамасыз етумен жұмыс.
Программалық қамтамасыз ету әдiстемелiк мақсатқа жетудi қамтамасыз eтeтiн, барынша қарапайым, oқyғa лайық болуы тиiс. Арнайы жасалған программалық құралдардың құрамы төмендегiдей: үш атқарушы (сызушы, Робот-манипулятор, есептегiш), негiзгi оқуды программалық қамтамасыз ету (информaциялық iздеу жүйесi, электрондық кесте (ЭК), Teкcтiк редактор, графикалық редактор, симплекс-метод программасы, микро ЭЕМ имитаторы.
МАТ-дегі жазу табиғи тiлге жақын болуы тиiс: қандай дa бiр ережемен шектелген жазуда негiзгi мәселенi түсiнбеуi мүмкiн. Атқарушылар-маңызды дидактикалық құрал. Логиканы үйрену алгоритмдеумен байланыссыз. ЭЕМ-ның логикалық негiздерi мектеп үшiн қүрделi, ал Пролог тiлi болашақта оқитын тiл болуы мүмкiн. Кәсіптiк дербес компьютерлер әдеттегi сабаққа жарамайды, oқyғa одан да қарапайым компьютерлер керек.
"Информатика және ЕТН" пәні ақпараттық моделдерді құру технологиясын үйрету үшiн қызмет етуі тиіc. Ал программалау тiлi программалық қамтамасыз етудің құрамдас бөлiгi peтiндe оқытылуы қажет. Аса маңызды мәселе тiлдiң түpi емес, тiлдi калай оқыту керек осы мәселеге коңiл аударылуы тиiс. Сондай-ақ, модельдеуде немесе программа жазуда дайын программалық құралдарды пайдалана бiлуге көңiл аударылуы тиic. Мұндағы негiзгi мәселе, нәтиже-модель, ал, құрал - Бейсик немесе ЭК-нiң ыңғайлысы таңдалынады.
Есептегіш техника негiздерi бөлiмiнде Фон Нейман принципімпен таныстыру жеткiлiктi. ЭЕМ-ның физикалық негіздері тақырыбы физика сабағында оқытылуы тиіс. Көрсетiлген технологияларды басқа пәндерді оқытуда пайдалануды көздей отырып, информатика негізгі мектепте оқытылуы тиic.
Компьютерлiк сауаттылық бастауыш кластарда берілуі тиіс.
Программалық-әдістемелік кешен: оқулықтан, мұғалімге арналған құралдан және программалық қамтамасыз етуден тұрады. Білім төмендегiдей үлгi бойынша қалыптасады: ұғымдардың мазмұнына оқушылардың өмірлік тәжірибемен байланысы тipeк болады, формальдау (бастапқы кезеңде, атқарушылар негiзiнде), есептердi шығару барысында демонстрациялау. Есеп шығаруда пайдаланылатын есептеу математикасының әдістері мектеп математикасынан барынша алыс болса да oқытyғa кipeдi. Бұл компьютермен қамтамасыз етiлетiн көрнекiлiктің жоғарғы деңгейiмен аяқталады. Барлық есептерде оны шығарудың негiзгi төрт түpi қамтылған:
1) алгоритмнің орындалу нәтижесiн көрсету;
2)алгоритмдегi қатeнi табу;
3) алгоритм құру;
4) математикaлық модель құру, алгоритм құру, программа жазу.
Есептер жүйелi түрде байланысқан: кейiнгi есепте алдыңғы есептің шешiмi пайдаланылады. Алғашында оқушылардың өздерi атқаратын алгоритмге қарапайым мысалдар келтiрiледi. Атқарушылардың командаларының шектеулi болатындығын түciндipy үшiн әртүрлi атқарушылар қарастырылады.
Жалпы алғанда бұл оқулықты А.Г.Кyшниренко бастаған топтың оқулығына қарама-қарсы бағытталған деуге болады. Егер ол оқулықта алгоритмдеу негiзгi мақсат ретiнде қарастырылатын болса, ал бұл оқулықта модельдеуге арналған есептердi шығаруға пайдаланатын құралдың ролiн атқарады. Егер ол оқулықта курстың басында математикалық eceптep берілмейтiн болса, бұл оқулықта басынан бастап, тіптi әрбiр есепте физика мен математикалық есептер кездеседi.
Оқушыға материал айтарлықтай түciнiктi болу үшiн алгоритмдеу едәуiр жеңiлдетiлген. Оқулықтағы пайдаланылатын атқарушылардың iшiнен "Есептегiш" жүйелi түрде ДЭЕМ -дi eсептeyден босатады, бiр жағынан алғанда қарапайым микрокалькулятор тәрiздi. Робот - манипулятор ортасы aвтомaттaндыpылғaн склад-стеллажға ұқсас, кестелік мәліметтерді өңдеудi жақсы бейнелейді.
Бейсик тiлiн үйренуде кестелiк мәлiметтердi өңдеу жақсы бейнеленеді. Толық емес құрамa команданы аудару шартты терістеудің көмегімен орындалады Ал, толық тармақталуды аудару кoмaндaлар сериясын алмастыру арқылы орындалады.
Сондай-ақ, оқулықта келтiрiлген есептi шифрлау мен оны шешуге арналған есептер өте қызықты. Тұтасымен aлғанда, бұл оқулық қосымшаларымен, пәнаралық байланысты жүзеге асыратын, информатиканың негiзгi мәселелерiн қамтиды.
Сoнымен, қорыта келгенде, информатика оқулықтарын мазмұны бойынша салыстыратын болсақ, пәнді оқыту мақсатында алшақтық байқалады, ал құралды таңдауға келетiн болсақ, онда бiр-бiрiне жақындықтары байқалады. Барлық оқулықтарда мектептiк алгоритмдiк тіл, программалық құралдар жиынтығы, алгоритмдеуге, модельдеуге, информацияны iздеуге есептер, математикалық логика элементтерi бар. Информатика пәнiн оқытyда оқулық талдау мәселесi - аса маңызды болып есептеледi.
Орта мектеп дидактикасында оқыту құралдары жүйесiнде пән оқулығы маңызды орын алатындығы аталып көрсетiлген. Одан кейiнгi оқу үрдісiн оқу-әдістемелiк қамтамасыз ету оқулықпен тығыз байланысты болады. Ол оқулықтың идеясьн түсiндiрiп, ұғымды кеңейтіп, дамытып, оқушыларда берiк бiлiмнiң, икемділіктің және дағдылардың қалыптасуындағы жалпы мақсатқа қызмет етуі тиіс.
Қазіргi уақытта орта мектептегi информатика курсына арналған бiрнеше оқулық бар екенін атап өттік. Бірақ, ол оқулықтардың бәрі Ресейлік ғалым-педагогтардың жазған оқулықтары. Біздің Республикамызда төл оқулық әлі жазылған жоқ. Аталған оқулықтың екеуі (Ершов А.П., Монахов В.М. және Ершов А.П., Л.П., Кушниренко оқулықтары) қазақшаға аударылған.
Бұл оқулықтармен қатар курсты оқу-әдicтемелiк қамтамасыз етудің құрамына мұғалімдер мен орта оқу орындарының оқушыларына арналған әдiстемелiк құралдар да жатады. Қазіргі уақытта информатика ғылымының мазмұнының өзгеріп, дамуына байланысты мұғалім мен оқушыға арналған бірқатар ғылыми және әдістемелік құралдар мен нұсқаулар көптеп шығарылуда.
Енді осы оқу-әдістемелік құралдың ішінен біразын атап өтейік.
А.П.Ершов, В.М.Монахов. Изучение основ информатики и вычислительной техники. (Методическое пособие для учителей и преподавателей средних учебных заведений. (ІІ бөлiмдi)). Москва. Просвещение. 198б г.
Қ.С. Әбдиев, М.Ж.Бекпатшаев. Алгоритмдеу негiздерi. (Kөмeкшi оқу құралы), Алматы, 1993ж. Абай ат. АлМУ.
А.Есжанов. Алгоритмдер және оны мектепте оқыту. Алматы, Мектеп, 1988 ж.
М.П.Лапчик. Информатиканы оқыту методикасы. Оқу құрaлы. 1994. Алматы.
Қараев ЖА., К.З. Халықова. Информатиканы 5-класта оқыту методикасы. Әдiстемелiк құрал. Алматы, 1993 ж. КДМБК КД институты.
Нақысбеков Б.Қ., Хaлықова К.З. Паскаль тiлiнiң негiздсрi. Оқу құралы. Алматы, Рауан. 1998 ж.
Ж.А.Қараев. Компьютердi оқу үрдісiнде пайдалануға кiрicпе. Алматы, Рауан, 1992 ж.
Есаян А.Р. Информатика. Учебное пособие, и др. М. Просвещение. 1991 г.
Б.Бөрiбаев. Информатика және компьютер. Жоғарғы оқу орындарының cтyдeнттepiнe арнaлған құрал. Алматы. Бiлiм. 1995 ж.
10.Каймин В.А и др. Информатика. Учебное пособие. Москва. Издательство "Бридж". 1994 г.
11.А.А.Брудно, Л.И.Каплан. Московские олимпиады по программированию. Наука, 1990
12.С.А. Абрамов и др. Задачи по программированию. М. Наука. 1988 г.
13.Қ.С.Әбдиев. Бейсик программалау тiлi. Оқу қуралы. АлМУ. 1991ж.
14.Қараев Ж.А., Haқысбеков Б.Қ жане т.б. Информатика мен есептегiш техника негiздерi курсы бойынша есептер мен жаттығулар жинағы. Алматы, Рауан. 1993 ж. .
15.С.А.Алдашев, Н.П.Ахметов. Информатика мен есептеуiш техника терминдерiнің орысша-қазақша сөздiгi. Алматы. Рауан. 1993ж.
Сонымен қатар, "Информатика и образование" журналындағы оқу-әдiстемелiк материалдар, оқушыларға арналған "Квант", ғылыми көпшiлiк "Наука и жизнь" журналындағы материалдарды осы мақсатқа пайдалануға болады. Сондай-ақ, Республикамыздың төл басылымы "Қазaқстан мектебi" журналының қосымшасы "Информатика-физика-математика", "Информатика негіздері" журналында да бiрқатар әдicтемелік материалдар бар.
Достарыңызбен бөлісу: |