«информатика»



жүктеу 10,94 Mb.
бет31/93
Дата21.11.2018
өлшемі10,94 Mb.
#22900
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   93

5. Салынған суреттерді форматтау

Бір автофигураны басқамен алмастыру мүмкіндігі бар. Алмастыратын фигураны белгілеп алған соң, Іс - әрекет >Автофигураны өзгерту командасын орындап, тізімнен қажетті фигураның түрін, одан кейін фигураның өзін таңдаймыз. Автофигураның көлемін өзгерту үшін, оны белгілегеннен кейін жан-жағында пайда болған маркерлердің қажеттісін тышқанның көмегімен жылжытамыз. Автофигураны өзгерту командасын орындаған соң, сол фигураға курсорды орналастырып, тышқанның оң батырмасын шертсек, түйіндерді қосу, өшіру өзгертуге байланысты жанама меню ашылады.

Кез келген суретті салғаннан кейін немесе автофигураны енгізгеннен кейін оларды форматтауға болады:

Сурет тақтасындағы Сызықтың түсі (Цвет заполнения) батырмасы көмегімен контурлық сызықтың тұтастығы мен түсін өзгерту;

• тұйық сызықпен қоршалған фигураның ішкі аумағын бояу үшін Ішкі
бояу түсі (Цвет заливки) батырмасын пайдалануға болады. Осы батырманы тышқанмен шерткенде түстерді тандауға мүмкіндік беретін
сұхбат терезесі ашылады, онда ұсынылған нұсқалар (шаблондар) арқылы
тұйық аймақты белгілі бір өрнекпен толтыру мүмкіндігі де бар.

Салынған суретті толық форматтау немесе форматын өзгерту әрекеті, оның жанама менюінің Сурет форматы (Формат рисунка) командасының көмегімен жүзеге асады.



Элементгер тобының құрылуы

Суретті салу барысында олардың түстерін бір мезгілде өзгерту үшін бірден бірнеше геометриялық элементтерді белгілеп алу қажет болуы ықтимал. Ол үшін, Сурет (Рисование) саймандар тақтасындағы (бағыттауыш бейнесі бар батырманы () басып, қажетті элементтерді камтитын тіктөртбұрыш салу керек. Элеменггерді біртіндеп те белгілеп шығуға болады. Ол үшін бірінші қажетті элементті тышқанмен шертіп, одан кейін Shift пернесін жібермей ұстап тұрып, келесі элементтердің де әрқайсысын тышқанмен шертіп отыру керек. Егер де таңдап алынғандардың ішінен бір элементті алып тастау қажет болса, Shift пернесін басып тұрып осы элементті тышқанмен тағы да бір рет шерту жеткілікті.



Кез келген сурет бір немесе бірнеше элементтерден тұрады. Осындай бірнеше элементтерді біріктіре отырып, оларды бір бүтін аймаққа кіретін етіп орналастырып алып түгелдей өңдеуге де болады.

Бірнеше элементтерден тұратын топты құру үшін, алдымен оларды белгілеп алып, жанама менюдегі немесе Іс-әрекет батырмасын шерткенде ашылған менюдің Топтау (Группировать) командасын орындау керек.



Топтан шығару

Қажетті бір әрекеттерді орындап болған соң, геометриялық элементтер тобын қайтадан бөлек-бөлек элементтерге жіктеуге болады. Бұл үшін сол біріктірілген топты таңдап алып, жанама менюдегі немесе Іс-әрекет батырмасын шерткенде ашылған менюдің Топты жіктеу (Разгруппировать) командасын орындау керек.



Мәтінге Суреттер коллекциясы программасының объектілерін енгізу

Кірістіру - Сурет Картинкалар (Вставка - Рисунок — Картинки) командасын орындағаннан кейін, экранның оң жағында әртүрлі графикалық объектілер қосуға мүмкіндік беретін Сурет енгізу (Вставка картинки) тақтасы ашылады. Бұл терезе Клипті іздеу, Мультимедиа файлдары, Cypemmep коллекциясы тәрізді мүмкіндіктері бар жолдардан тұрады. Cypemmep коллекциясы жолын таңдап, Microsoft коллекциясы ішінен Аңдар, Адамдар, Ғимараттар, т.с.с. суреттерді табуға болады (Сурет 3). Мысалы, Ғимараттар жолын таңдасақ, суреттегідей бейне шығады. Ішінен керектісін таңдап, оны мәтін ішіне орналастыра аламыз.



Сурет 3. Графикалық шаблондардың терезесі

Мұнда да қажетті бейнені ерекшелеп, ОК батырмасын шерту арқылы курсор тұрған жерге сол суретті енгіземіз де, керекті мәтінді тереміз. Бөлімге жаңа объект қосу үшін: Сол жақтағы тізімнен объект қосатын бөлімді белгілейміз. Клипті сыртқы ортадан aлy (импортировать клип) батырмасын шертеміз де, ашылған терезеде объект орналасқан буманы және файлды тауып Ашу батырмасын шертеміз. Түйінді сөз (ключевое слово) сұхбат терезесінде объектінін атын теріп жазамыз.

Құжатқа бейнелі мәтін енгізу үшін:

1. Тышқан курсорын мәтін қойылатын орынға орналастыру;



2. Меню қатарындағы Кірістіру =>Сурет => WordArt объекті (Вставка => Объект WordArt) командасын орындаймыз немесе Сурет салу құралдар тақтасындағы WordArt объектісін қосу батырмасында тышқанды шертеміз. Ашылған терезеде мәтінді жазу өзімізге ұнаған біреуін таңдап аламыз (Сурет 4) да, Ok батырмасын шертеміз.

3. WordArt мәтінін өзгерту терезесі ашылады (Сурет 5). Осы терезеде қажетті мәтінді, оның форматын көрсете отырып, теріп жазамыз да, Ok батырмасын шертеміз.





Сурет 4. «WordAr объектісінің коллекциясы» терезесі

WordArt объектісі енгізілгеннен кейін объектіні өңдеуге арналған барлық командаларды қолдануға болады. WordArt объектісі енгізілген соң экранға онымен жұмыс жасау мүмкіндігін беретін құралдар тақтасы шығады (Сурет 6). Бұл объектіні бұру, көлемін өзгерту тағы да басқа әрекеттерді орындауды жеңілдетеді. көлемін өзгерту үшін ерекшелегеннен кейін, пайда болған тіктөртбұрышты белгішелерді қажетті орынға тышқанның көмегімен жыллжытамыз. Объектіде тышқанды екі рет шертсек, Мәтінді өзгерту терезесі ашылады.





Сypem 5. WordArt мәтінін өзгерту терезесі


жүктеу 10,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау