УДК 002.001
«ИНФОРМАТИКА» ПӘНІ БОЙЫНША 8-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА
АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ДӘПТЕРІН ҚҰРАСТЫРУ
Балтабаева А.Ж.
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университет
Ғылыми жетекшісі - Икласова К.Е.
Информатика пәнін мектепте оқытудың басты үш мақсатының бірі - практикалық
мақсаты. Бұл оқушыларды практикалық қызметке, басқа пәндерді оқыту үрдісінде
практикалық есептерді шешуге және келешекте ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау
болып табылады. Осы орайда информатика пәнінен практикалық тұрғыда дидактикалық
материалдарды қолдану ерекшелігі жоғары.
Өзіндік бақылау және қосымша жұмыстардың мазмұны оқулықтағы теориялық
материалдар мен жаттығулардың мазмұнымен тығыз байланысты болуы шарт. Оқу
құралының мазмұнына енген материалдар оқушылардың дайындық деңгейін ескере
отырып, түрлендіріп беруге ыңғайланып жасалынады. Дидактикалық материалдарға
өзіндік жұмыс тек оқыту сипатында жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және
бекітуге арналып беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын
қалыптастыруға көмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталады.
Жұмыс дәптері деп оқушылардың білімділік және біліктілік дағдыларын жетілдіру
үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік
ұстанымдарының талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабаққа арналған жаңа
тұрпаттағы оқу құралын айтамыз.
Сонымен, жұмыс дәптерінің келесі негізгі қасиеттерін бөлуге болады:
тапсырмаларды қиындық деңгейлерінің жоғарлауы бойынша жүйелі іріктеу;
оқушылардың тапсырмаларды тікелей дәптердің бетінде орындау есебінен
уақытты үнемдеуі;
тапсырмалардың көп көлемін шешу мүмкіндігі.
Жұмыс дәптерінің құрылымы мен мазмұны төмендегідей сабақта қолданылатын
мысал түрінде көрсетілген:
Әрбір сабақ тақырыбы бойынша ақпараттық кешен: қысқаша теориялық мағлұмат
қолдану қажет, мысалы:
Қоғамның қазіргі кездегі дамуының ең басты - белгісі бұл өндірістің, тұтынудың және
адам әрекеттерінің барлық салаларында ақпарат жинаудың артуы болып табылады.
Адамның бар өмірі - қалай да болсын - ақпарат алу, жинау және өңдеумен байланысты.
Біз өмір сүріп отырған ғасырға автомобиль, электр, авиация, атом энергиясы,
космонавтика, электрондық техника ғылымының жылдам даму, кітап басып шығару мен
радиоқабылдағыштың арасы 440 жуық жыл болса, радио мен теледидар арнасында 30, ал
алғашқы транзистор мен интегралдық схеманың арасы 5 жыл болған.
Оқушылардың өздік жұмысына арналған тапсырмалар мен жаттығулар: типтік,
дамыту және шығармашылық тапсырмалар мен жаттығулар енгізіледі, мысалы:
Тапсырма №1. Төмендеегі сөздің анықтамасын жаз.
Ақпарат - ________________________________________________
Тапсырма №2. Берілген тесттік тапсырманы орында.
1. Ақпарат ұсыну қандай негізгі тәсілдермен туындайды?
А) техникалық, математикалық, бейнелік;
Ә) аналық тақша, жүйелі блок;
Б) символдық, мәтіндік, графикалық.
В) мақсат, міндет.
2. «Ақпарат» латынның ... деген ұ ғымдарды білдіреді.
А) инфо рматика, инфор матика;
Ә) аналық тақша, жүйелік блок;
Б) түсіндір у, баянда у, м әлімет
В) мақсат, міндет
Әрбір тақырып бойынша қорытынды: ескертулер, тұжырымдар, бақылау сұрақтар
беріледі, мысалы:
Бақылау сұрақтар:
1. Ақпарат деген не?___________________________________________
______________________________________________________________
2. Қандай ақпараттық процестерді білесіндер?_____________________
______________________________________________________________
3. Ақпарат қандай қасиеттерге ие болуы тиіс?_____________________
______________________________________________________________
4. Ақпарат мөлшерін қалай бағалауға болады?_____________________
______________________________________________________________
5. Ақпаратты өлшеудің қандай бірліктерін білесіңдер?______________
______________________________________________________________
Қорытындылайтын болсақ, өзіндік бақылау және қосымша жұмыстардың мазмұны
оқулықтағы теориялық материалдар мен жаттығулардың мазмұнымен тығыз байланысты
болады. Оқу құралының мазмұнына енген материалдар оқушылардың дайындық деңгейін
ескере отырып, түрлендіріп беруге ыңғайланып жасалынады. Дидактикалық
материалдарға өзіндік жұмыс тек оқыту сипатында жаңа өтілген материалдарды
пысықтауға және бекітуге арналып беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың
біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектесуге және олардың білімдерін
тексеруге бағытталады.
Әдебиеттер
1.
Ермеков Н.Т., Криворучко В.А., Кафтункина Л.Н. Информатика: Әдістемелік
нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 8-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. - А.:
«Мектеп», 2009. - 176 б.;
2.
Әбілқасымова А.Е. Қазіргі заманғы сабақ. - А.: Казправда», 2004. – Б.218-225.